Жедел панкреатит және жүктілік


Жеңіл түрінде ауырсыну эпигастрий аймағында, белбеу тәрізді, арқаға беріледі. Көп науқастарда жүрегі айнуы, құсуы сирек байқалады. Гемодинамика қалыпты, іш пердесінің тітіркену белгісі жоқ



бет4/9
Дата02.04.2024
өлшемі2.4 Mb.
#497363
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жеңіл түрінде ауырсыну эпигастрий аймағында, белбеу тәрізді, арқаға беріледі. Көп науқастарда жүрегі айнуы, құсуы сирек байқалады. Гемодинамика қалыпты, іш пердесінің тітіркену белгісі жоқ.

  • Жеңіл түрінде ауырсыну эпигастрий аймағында, белбеу тәрізді, арқаға беріледі. Көп науқастарда жүрегі айнуы, құсуы сирек байқалады. Гемодинамика қалыпты, іш пердесінің тітіркену белгісі жоқ.
  • Жедел панкреатиттің орташа ауырлығында ауырсыну қаттырақ болады, тіпті кейде науқас еңкейіп шынтағын тізесіне дейін жеткізеді; жеңілдік бермейтін көп құсу байқалады. Тері жабындысы ақшыл түсті, ps-90-120, қан қысымы 100/60-90/50с.б.б. Тілі құрғақ, іші кепкен, басқанда ұйқы безі маңайы қатты ауырсынады. Ішек перистальтикасы естілмейді. Іш пердесінің тітіркену белгісі оң. Панкреатиттің осы түрінде дененің әр жерінде ақшыл-көк дақтар пайда болады; Олигоурия байқалады, зәр тәулігіне 1000мл-ден аз; 3-4 ші тәулікте эпигастрий аймағында инфильтрат байқалады, сарғаю пайда болуы мүмкін.

Жедел панкреатиттің ауыр түрі тез, аздаған уақыт ішінде байқалады:

  • Жедел панкреатиттің ауыр түрі тез, аздаған уақыт ішінде байқалады:
  • Науқастың жағдайы ауыр болады;
  • Ауырсыну күші қатты болғандығы сондай, тіпті наркотикалық аналгетиктер қысқа уақытқа ғана көмек береді;
  • Гемодинамика: қ/қ-90/50с.б.б., ps-120 және одан жоғары, тұрақсыз;
  • Тілі құрғақ, іші кепкен, іштің барлық аймақтарында қатты ауырсыну байқалады, іш пердесінің тітіркену белгісі анық оң;
  • Олигурия: зәр тәулігіне 500-600мл және одан кем болуы мүмкін; Жедел панкреатиттің клиникалық ағымының ауыр түрі тұтас панкреонекроздың болуына байланысты болады.
  • Жедел панкреатиттің клиникалық ағымында 3 сатыны ажыратады:
  • ауырсыну шогі (гемодинамикалық өзгерістер)
  • динамикалық илеус,
  • жедел ішек өтімсіздігі перитонит

Панкреатит диагностикасындағы маңызды сынамалар:

  • Панкреатит диагностикасындағы маңызды сынамалар:
  • Мондора белгісі — денеде және бетте күлгін (фиолетовый) түсті дақтар пайда болуы;
  • Грея-Турнера белгісі — іштің шеткі аймақтарында цианоз байқалуы: — бұл белгілер ферменттердің әсері және гемодинамиканың бұзылуынан деп түсіндіріледі.
  • Хольстед (1901 ж.) – іш терісінің цианозы Керте белгісі— кіндіктен 6-7см жоғары эпигастрий аймағында көлденең сызық болып ауырсыну.
  • Воскресенский белгісі – эпигастрий аймағының пальпация кезінде қолқа тамырының пульсациясының әлсіреуі немесе анықталмауы.
  • Мейо-Робсон – сол жақ омыртқа-қабырға бұрышын саусақтың үшімен басқанда ауырсыну.
  • Махов белгісі – кіндіктің жоғары жағында тері гиперэстезиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет