Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет9/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69
Бір кем дүние

Оспанханның «ңөңі»
Баяғыда Оспанхан марқұмның бір əңгімесін жариялап едік. Ұмытпасам,
əңгіменің аты «Ңөң» болатын.
Содан, енді ойлаймын жарықтық Осекем əулие екен-ау деп.
Қазіргі мына заманда «ң»-ға тілі келмейтіндер көбейді. Теледидарды
тыңдап, қарап отырсаң, «жанағы, жанағы» деп сөз арасына «арам» сөз
қосып сөйлейтіндер жиіледі.
Басқаны былай қойғанда, осы замандағы қоғадай көп партиялардың
дөкейі «ң» -ға тілі келмейді екен. «Жанағы, жанағы» дейді. Жəне екі сөзінің
бірі «жанағы».
Ерте-ерте большевиктер көсемі Ленин жарықтықтың «р»-ға тілі


келіңкіремеуші еді. Бірақ оған бұл сақаулық біртүрлі жарасып тұратын.
Енді қазіргі көсемдердің бірі: «Жанағы женістен женіске жете берейік!»
– деп соғады.
Бір кем дүние деген осы.
Жамбылдың жолбарысы
Жарықтық Жамбыл – Жəкеміздің жолбарысы бар екені рас-ау. Оны бұл
дүниеден өтерінде өзі де айтқан ғой. Үлкен баласына:
– Тезекбай, қамдана бер, менің жолбарысым маған қарамай, тау жаққа
кетіп қалды. Кешікпей мен де кететін шығармын, – деп еді-ау.
Тоқсан асқанда Сталинді мақтау керек болды. Жағдай солай еді.
Тапсырма солай еді.
Мақтауын мақтады. Шын түсінген адамға ол мақтау емес еді. «Күндіз
бар да, түнде жоқ» күн де орнында. «Түнде бар да, күндіз жоқ» ай да
баяғыдай.
Ал Сталин баяғыда өлген. Лениннің қасына қатар жатқызып еді.
Хрущев оны сүйретіп алғызып тастады.
Бір кем емес, орасан кем дүние.
Итаяқтың кесірі
Шiлденiң шықылдаған ыстығында күншығыстан қарасаң, күнбатыс
жақта Келiншектау ағып жатқан асау алтын өзен сияқты.
Күннiң аптабы қайтып, кешкi салқын түсе Келiншектау анық көрiне
бастайды.
Сонда Келiншектау туралы ерте-ерте ертедегi аңыз еске түседi.
Отыз күн ойын, қырық күн тойы болып, байдың қызы ұзатылады.
Қырық түйеге артылған жасаудың бəрi алтын, күмiс, гауһардан екен дейдi.
Ұзыннан ұзақ созылған дəулетжар көштiң алдында келе жатқан қыз


əкесi қызынан:
– Қалай қызым, жасауыңа көңiлiң тола ма? – деп сұрапты.
Сонда ұзатылып бара жатқан қыз:
– Ризамын, əке, тек итаяғым алтыннан болмады-ау, – дептi.
Мұндай тойымсыздыққа не айтарын бiлмеген əке байғұс қос қолын
терiс қарата жайып жiберiп:
– О, қанағатсыз мұндар, қаратас болып қатып қал! – деп, қатты
қарғапты. Қарғыс Құдайдың құлағына шалынып, бүкiл асыл көш лезде
қаратас болып қатыпты да қалыпты.
Қанағатсыздыққа, тойымсыздыққа Құдайдың қаһары осылай тиiптi.
Қарап тұрсаң, мына қазiргi заманда да, сол бейшара қыздың абайсызда
айтып қалған айып сөзiн кешпеген Жаратқан ие мына қазiргi заманда
түйенi түгiмен, кеменi жүгiмен жұтып жатқандарды қалай көрмейдi –
ғажап!
Бiрақ Құдай асықпайды: бұл дүние болмаса, о дүние бар; зауал əйтеуiр
бiр соғар.
Бұл тек бiр кем дүние емес, екi дүниеде де кешiрiлмес мол кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет