Ары-бері ағылып өтіп жатқан адамдар. Ескерткішті айнала қойылған
скамейкаларда отырғандар.
Көбісі хан Кененің өз басы əлі табылмағанын білмейді.
Бұл да бір кем дүние.
Өкінішті дүние.
Соғыс жетімі
1998 жыл. 9 май еді. Жеңіс күні. Алматы. Панфилов паркіндеміз.
Мереке күнімен бір-бірімізді құттықтап жатырмыз. Өзі бір «кампанбыз».
Қалың қарағай түбіне шағын дастархан жайылды.
Əсіресе жазушы Бек (Совхозбек) Тоғысбаев көңілділеу. Мен сөз
кезегінде Бекке қарата:
– Əкең сенің осындай азамат, жақсы жазушы болғаныңды көрмей,
–
Майданда қаза тапты, əттең... – деп едім, Бек кенет еңкілдеп жылады.
Алпыстан асты ғой. Əлі бала. Əке үшін. Ес білмей, жастай қалған жетім,
соғыс жетімі жылады. Міне, бұл ұлы сезім, жүрегі жібіп, елжіреді. Жүрегі
елжіремейтіндерден қорқу керек. Ондайлар жазушы бола алмайды.
Алпыс жылдан кейін əкесі есіне түсіп жылаған жетім.
Соғыстан қалған жетім.
Бұл да бір кем дүние...
Ауыл иттері
Ахмет Байтұрсынов:
– Қинамайды абақтыға жапқаны,
қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бəрiнен өз ауылымның иттерi үрiп, қапқаны, – деп
едi-ау.
Əттең, дүние-ай, 1937 жылы бiздiң əкейдi де өз ауылымыздың шолақ
белсендiлерi нақақтан жала жауып, ұстатып жiбердi де, жоқ қылды ғой.
Обалы кiмге? Қорлықты көп көрдiк қой.
1937 жылы "халық жауы" деп ұсталып, атылған, айдалған,
асылғандардың бəрi кейiн ақталды.
Бiрақ жазықсыз жапа шеккендер қайта тiрiлген жоқ.
Бiр кем ғана дүние ме екен? Орны толмас орасан обал дүние.
Достарыңызбен бөлісу: