Жеңешемнің жауабы


Қисық заң Заң дегеніміз – өрмекшінің торы: əлсіздер тұтылып, əлділер құтылып кете береді. Бір кем дүние. Жоғалған тіл



Pdf көрінісі
бет4/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Бір кем дүние

Қисық заң
Заң дегеніміз – өрмекшінің торы: əлсіздер тұтылып, əлділер құтылып
кете береді.
Бір кем дүние.
Жоғалған тіл
«Болашақ» деген шығып, бай балалары шет елде оқып, бірсыпырасы
сол жақта қалады. Бірсыпырасы елге қайтады. Білімі жақсы, істі біледі.
Бірақ тек орысша, иə ағылшынша сөйлейді.
Қазақшасы жоқ.
Бір кем дүние.
Ақсақ Темірдің аманаты
Жалған дүниеден өтер алдында жарты əлемді жаулаған Əмір Темір
жанындағыларға аманат айтты:
– Мен өлген соң жылап-сықтап, дауыс көтермеңдер. Оның түкке қажеті
жоқ. Ажалды біреу айқайлап,қорқытып қуады ма екен? Киімдеріңді
жыртып, жынды адамша жүгіргеннен гөрі Алладан «Аллаһу акбар» деп
маған мейірім тілеңдер. Жүрегімді жылыту үшін «Фатиханы» оқыңдар.
Жарты əлемді жаулаған Əмір Темір де мейірімге мұқтаж.
Бір кем дүние...
Құр алақан
Жарты əлемдi жаулаған тағы бiр жаһангер – Александр Македонский –
Ескендiр Зұлқарнайын өлген соң табыттан қолы шошаңдап шыға берiптi.
Бiр данышпан алақанына бiр шөкiм топырақ салған соң ғана қолы сылқ
етiп табытқа түсiптi.


Сөйтсе, Ескендiр тiрiлерге:
– Ей, жарандар, мен дүниенiң жартысын жаулап, алтыннан тау
тұрғызсам да, о дүниеге ештеңе алып бара жатқан жоқпын. Мiне, қараңдар,
– деп алақан ашып көрсеткенi екен.
Қайран дүние, тiршiлiкте кiм тойған...
Адамның ашқарақ көзi топыраққа ғана тояды.
Бiр кем дүние...
Мұрагерсіз патша
Баяғыда бір патша, өзі Құдай емес, Құдайдан былай емес бола тұрса да,
бір ұл балаға зар болыпты.
– Ұлым болса, мұрагерім болар еді-ау, – деп армандайды.
Сонда бір уəзірі ақыл айтады.
– Бұл өмірде армансыз əйел болса, сол əйелдің дамбалын өз
жұбайыңызға кигізсеңіз, Құдай бұйыртса, ұл бала табады, – дейді.
Содан соң патша жер-жерге шабармандар шаптырады.
Бірақ еш жерден армансыз əйел табылмайды. Бəрінің əйтеуір бір
арманы бар.
Шабармандар салдары суға кетіп, бастары салбырап қайтып келе жатса,
əріректе бір қатын отын арқалап бара жатыр екен. Шабармандар:
– Бұл байқұста арман жоқ деймісің, – деп бұрылғысы келмесе де, – кім
біледі, мүмкін, жолымыз болар, – деп əлгі əйелді атқа мінгестіріп ала
кетеді.
Патша алдына келгенде, патша сұрайды:
– Шыннан арманың жоқ па? – деп. Сонда əлгі отын арқалаған қатын:
– Е, арманым да жоқ, дамбалым да жоқ, қараң қалғыр! – деп қойып


қалыпты.
Бұл да бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет