балақайларын
шегіртке, шыбын-шіркейлерді ұстауға баулып жүрген шұбар
тауық байқамай қалып, бір балапанын құладын іліп алып кетеді. Шұбар
тауық байқұс бар даусымен ойбай салып, əлгі құладынды қуып жетпекші
болып,
аспанға атылып барып, қайтадан қара жерге топ ете түскен.
Қанаттары қысқа, ұшуға жаратылмаған. Əттең, қанаттың келтесі-ай...
Бір кем дүние.
Мұндайда:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер, –
деген мұңды өлең еске түседі.
Бұл да бір кем дүние.
Шыңғыс ханның моласы қайда
Жарты əлемді жаулаған Шыңғыс хан Таңғұт елінде əлдеқандай
жұмбақ
ажалдан кеткен дейді тарих.
Ең жақын адамдары Шыңғыс ханның денесін қара жерге көміп, үстінен
мың жылқы айдатып, таптап тастаған дейді. Оны көміскен адамдардан тірі
куə
қалдырмай, бəрін өлтіріп тастаған.
Бұл, сірə, Бұрхан тауының бір сілемі көрінеді.
Енді бір аңызда Орхон өзенін басқа арнаға бұрып жіберіп, соның
табанына терең қазып, Шыңғыс ханның сүйегін тоғыз қабат табытқа
салып, Орхонды қайтадан өз арнасына бұрып жіберген.
Шыңғыс ханның сүйегі өзеннің табанында жатыр деседі.
Таяуда бір «көріпкел» қазақ Шыңғыс ханның
қай жерде жатқанын мен
білемін деп, баспасөз арқылы бөсіп еді. Əлі ештеңе жоқ.
Шыңғыс хан бұл фəниден өткелі мың жыл болайын деп қалды.
Жаңа техникамен қаруланған жапондар да іздеп жүр. Нəтиже жоқ.
Бір кем дүние деген осы.
Достарыңызбен бөлісу: