Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет5/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Бір кем дүние

Ай мен Күн туралы
Бұлар туралы ақын Гете жазып кеткен. Ол да біреуден естіген.
Біз де елден естігенімізді, оқығанымызды жазамыз.
Аспанда Ай мен Күн бір-бірінен ажырап, адасып қалғанда, жердегі
пенделерге не жорық?!
Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Лəйлі – Мəжнүн,
Жүсіп – Зылиха, Сейпілмəлік – Жамал – қайсы бірін айтасың, бір-біріне
қосыла алмай кеткен, шын ғашықтар ғой.
Дүние жаралғалы бері Ай Күнге жете алмай келеді. Олар о басында
ерлі-зайыпты екен, екеуінен жұлдыздар туған. Əзəзіл ажыратқан.
Бір-біріне шын ғашық болып, қосыла алмау дүниедегі кемдіктің ең
ұлысы.
Қанағат қарын тойдырады...
Араны ашылған, ашқарақ тойымсыздар – адалдықтың қазығынан
ажырап қалғандар.
Адалдықтың қазығы – қанағат.
Бір кем дүние – зор кем дүние.
Жекеннің орманы
Журналшылар да түйе сияқты: арқалағаны – алтын, жегені тікен.
Газетте істеп жүргенде ЦК-дан талай таяқ жедік.
«СҚ» - да Жекен Жұмақанов деген жазушының қарамағында біраз
болдым.


Жарықтық, газеттің келесі нөміріне кезекші болғанда, бетті оқып
отырып:
– Шіркін, бір асыранды ақ тышқан болса, газеттің бетіне жүгіртіп
жібергенде иіскеп-иіскеп, қатесі бар жерде екі аяғын көтеріп, шыңғырып-
шыңғырып жіберсе, қатені түзетіп, редактордан сөгіс алмас едік, – деп
армандап отырар еді. Əлі күнге дейін ақ тышқан жоқ.
Бір кем дүние.
Жарық астау
Араб нəсілді Александр Пушкиинің Алтын балық туралы інжу-
маржандай əдемі ертегі бар. Балықшының ауына Алтын балық түспей ме.
сөйтсе, Алтын балыққа тіл бітіп, балықшы шалға:
– Мені босат, не тілейсің, соның бəрін орындаймын, – дейді ғой.
Балықшы:
– Кемпірімнің кір жуатын ағаш астауы жарылып қалып еді... – дейді.
Алтын балық:
– Үйіңе қайта бер, тілегін орындалады, – дейді ғой.
Кемпір шалына риза болудың орнына, бас салып ұрсады. Араны
ашылып кетеді. Жердің бетін қойып, су астының патшасы болғысы келеді.
Ең соңында баяғы жарық астаудың қасында қалады.
Тойымсыздық.
Бұл да бір кем дүние.
Шөлдеген жұлдыз
Шілде айында Қазан шаһарда да күн ысиды. Сондай бір кезде атақты
ақын Ғабдолла Тоқай қатты шөлдесе керек. Сыраханаға кіріп, бір кружка
сыра сұраса, сатушы:
Отыз бес тиын, – депті.


– Сонда Тоқай қалтасын қағып, тиын санап тұрып:
– Пиво тура отыз бес тиын, қалғаны тура бес тиын, и-и, дүние-ай... –
деп қиналса керек.
Өзін Пушкин, Лермонтов сияқты алыптардың қатарына қосып:
«Три звезды в небе – Пушкин, Лермонтов и Токай», – деп жүрген
Тоқайдың қалтасы тесік екен.
Бір кем дүние...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет