Жеңешемнің жауабы


Балақтан кірген аш биттер



Pdf көрінісі
бет59/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69
Бір кем дүние

Балақтан кірген аш биттер
Қайран Алматы. Сонау Верный атанған кезеңде Колпаковский есімді
генерал-губернатор осы шаһардың бас архитекторы сияқты болған екен.
Көшелері түп-түзу, Тəңіртаудан аңқылдап соғатын самал желге бөгет
жоқ. Қаланың табиғи желпуіші.
Арықтары түп-түзу. Салқын су күндіз-түні сылқ-сылқ күліп ағып
жатады. Жаныңды жадыратады. Арықтардың жағасында алма, алқоры,
алша ағаштары жамиғатқа жеміс сыйлап, құт-береке бесігіндей жайнап
тұрады.
1950 жылы мен Алматыға оқу іздеп келгенімде осындай астананы көріп
едім. Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтіп кетіпті. Қала халқы
миллионнан асып жығылды. Қала келбеті өзгерді. Үйлер көбейді.
Көшелердің бастары тұйықталды. Енді самал жел қаланы аңқылдап
желпімейді. Арықтарда су сылдырап ақпайды. Арықтар бойында жалпы
жұрттың несібесіндей болған жеміс те өспейді.
Самал жел орнына — көк түтін.


Сылдыр орнына — шексіз машина ағыны.
Тау бөктерінде қалың қарағай орнына — шыңға өрмелеп бара жатқан
коттедждер...
Балақтан кіріп, басқа өрмелеп бара жатқан аш биттер сияқты.
Бір кем дүние.
Тамшы
Қарның ашса — қайғырасың. Тамақ іздей бастайсың.
Ұйқы басса — қалғисың. Ұйықтап аласың.
Шаршасаң — демаласың. Тынығасың.
Ауырсаң — емделесің. Сауығасың.
Осының бəрін сезінесің де, əрекет жасайсың. Əйтеуір, өлмеудің амалы.
Ал енді көзге көрінбейтін, тіпті еш уақытта еленбейтін бір нəрсе бар.
Бірақ онсыз өмір жоқ. Сөйте тұра, елеңсіз, ескерусіз.
Əйтпесе, бір минут дем алмай шыдап көрші!
Жүрегің бір-екі минут тоқтап қалсыншы. Не болар екенсің!
Мені емханаға жатқызып қойды. «Система» дегенді салып жатыр. Ол
бір-екі жүз грамдай сұйық дəрі. Білегіңе ине шаншып, сол ине арқылы
тамырыңа əлгі дəріні тамшылайды.
Тамшының жиілігі медбикенің қалауына қарай: кейде жылдам, кейде
баяу.
Тамшылаған дəрі жүрекке шипа дейді. Тамырлар арқылы осы тамшы
жүрекке де жететін көрінеді. Нəр беретін көрінеді. Ондай шипадан айналып
кетсең болмай ма! Ондай емнің зекеті болғың келеді. Жасасын тамшылар!
Бірақ сол тамшылар да таусыла бастайды. Өлшеулі ғой. Бұл ғұмырда
бəрі де өлшеулі.


Əне, соңғы тамшы! Жеке жылжып барады. Соңғы тамшы! Шынымен
бəрі біте ме?! Жеке жылжып барады. Жылжиды. Соңғы... Жоқ! Тоқтап
қалды. Жылжымайды. Орта жолда тоқтады.
Ол менің ойым. Менің қиялым. Əйтпесе, соңғы тамшы тоқтаушы ма
еді?! Тоқтамайды. Өтеді. Бəрі де өткінші.
Бір Алладан басқаның бəрі өзгермек! (Абай)
Солай.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет