Жалпы нұсқаулар.
Пневматикалық жүйе әр ай сайын құрылғылар мен тиімді тежегіш кӛмегімен бақыланады.
Тежегіштің техникалық жай-күйінің бірінші құрама тобына тежегіш накладколардың қалыңдығы жатады, ал екінші тобына тежегіштің тиімділігі. Тежегіш накладкалардың қалыңдығын бағалайтын қосымша параметрлер бар, ол тежегіш тұтқаның толық жүрісінің ӛлшемі болып табылады. Тежегіштің тиімділігі тежегіштің педальдің толық және еркін жүрісіне тәуелді және тежегіш тұтқаның үдеуіне. Тежегіштің тиімділік сапасының белгілері тілекей функционалды және тежегіштердің бір мезетте жұмыс істеуі болып табылады.
Кесте 1.
Пневматикалық жүйенің сипаттамалары
Трактор
|
Номиналды қысым, кПа
|
Қосулы компрессордың қысымы, кПа
|
Айырулы компрессордың қысымы, кПа
|
Сақтандырғыш клапандарының ашылу кезіндегі
қысым, кПа
|
К-700
|
530-750
|
530-550
|
730-750
|
900-950
|
Т-150К
|
660-765
|
600-650
|
730-760
|
900-1050
|
МТЗ-80
|
650-750
|
650-670
|
730-750
|
850-900
|
ЗИЛ-130
|
600-770
|
600-640
|
730-770
|
900-950
|
Кесте 2.
Еркін жүріспен шток жүрісінің номиналды мәні
Трактор
|
Шток жүрісі, мм
|
Педальдің еркін жүрісі,
мм
|
К-700
|
25-35
|
10-25
|
Т-150К
|
15-20
|
10-25
|
МТЗ-80
|
15-20
|
10-25
|
ЗИЛ-130
|
15-25
|
40-60
|
Трактор қозғалысының қауіпсіздігі оның сақтандырғыш клапандарының техникалық жағдайына, педальдің еркін жүріс ӛлшеміне, тежегіш кранның және ажыратқыш крандардың жұмыстарының дәлдігіне тәуелді және барлық жүйенің тұмшаланғадығына тәуелді болып келеді.
Трактор және автомобильдердің пневматикалық жүйесінің кейбір элементтерінің пайдалану барысындағы номиналды реттеу параметрлері кесте 18 және 19 кӛрсетілген.
Пневможүйені тексеру
Ауа жинағыш кранға басқарушы манометрді қосу. Басқарушы және жұмысшы манометрмен жүйедегі қысымды тексеру. Кӛрсеткіштің айырмашылығы 20 кПа-дан (0,2 кгс/см2) аспау қажет. Қажет жағдайда манометрді ауыстырыңыз.
Пневматикалық жүйесінің жібергіш баллон крандарын ашып және жиналған коденсатты кетіру. Егер кондесаторда май құрамы жоғары болса, онда компрессорды толық тексеруден (және керек жӛндеу) ӛткізу қажет.
Компрессордың техникалық қамтамасыздандыруын және техникалық жағдайын тексеріп, қажетті реттеу үшін келесі жұмыстарды істеңіз.
Арнайы құрылғының кӛмегі арқылы комперсордың тартқыш жетегін тексеру. Т-150К тракторында компрессордың шкив пен ветви және иінді біліктің бұралуы 60 – 70 Н күш түскенде 10 – 15 мм-ден аспау керек. Реттегіш прокладканы ауыстыру арқылы шкив пен шкив щеткасы арасында орналасқан және сырт жағындағы щеткамен щетка аралықта орналасқан реттегішті реттейміз.
Жүйеден толық ауаны кетіремізде, қозғалтықышты іске қосамыз және иінді біліктің максималды айналу жиілігіне орнатамыз, секундомерді қосып және жүйенің максималды ауа қысымымен толтыру уақытын белгілеп манометр меңзерінің тоқтағанына дейін бақылаймыз. Реттелген қысы мен компрессорді ауа 2 минут ішінде 600-700 кПа (6-7 кгс/см2) қысыммен толады. Компрессор мен реттегіштің ақаулары болған жағдайда оны тауып реттеу керек.
Комперссорда орнатылған қысым реттегішін комперссордағы түсірілген контргайканы 730 – 760 кПа (73-7,6 кгс/см2) қысымына жеткенде айырылатын жағдайған жеткенше реттегіш колпакпен қысым реттегішті реттейміз. Тежегіш педальді басып және жіберген сайын қысыммен ауаны кетіру арқылы компрессорды іске қосамыз (манометр меңзері қысымның кӛтерілуін кӛрсете бастайды). Қосылу қысымы 600-650 кПа (6,0-6,5 кгс/ см2) болуы тиіс. Егер қысым кӛрсетілген мәннен ауытқыса, онда реттегіш прокладканың санын ауыстырамыз (қысым тӛмендеген жағдайда прокладка санын кӛбейтеміз немес азайтамыз). Сонда соң қысымды кері тексеру керек, компрессор айырылып қалатын кезін, қажет болған жағдайда калпакпен реттеу керек. Реттеудің соңында контргайканы мықты етіп бекітіңіз.
Егер реттегіш істемеген де немесе тоқтаулармен жұмыс істесе оны шешіп, бұзып, бензинде жуу және клапандар блогын, шариктерді, ертоқымын (седло) және сүзгішті кептіру керек. Жиналғаннан кейін және шайған соң реттегішті қосып және айырып қарау қажет, оған қоса толық тұмшаланғандығын тексеру қажет.
Реттелген реттегіш жағдайында, егер жүйедегі қысым 2 мин ішінде
кӛтерілмесе, онда компрессордегі ақауларды жӛндеу қажет.
Пневматикалық жүйенің тежегіш жетектерінің техникалық жағдайын тексер. Бұл үшін келесі жұмыстарды атқарасыз.
Түйіндер мен қосылған жүйені ластардан тазартыңыз. Орталық және дӛңгелекті тежегіштерді реттеу. Қозғалтқышты іске қосып жүйені 600 кПа (6 кгс/см2) жеткенше ауамен толтыр. Қозғалтқышты ӛшіріп, секундомерді қос және 30 мин соң жүйедегі қысымды тексер (манометрдің жоғарғы меңзері кӛрсетеді). Егер де 30 мин ішінде қысым тӛмендеу мӛлшері 100 кПа (1 кгс/ см2) асып тұрса, ауаның шығып кететін жерін тауып және тығыздыққа тексер.
Тежегіш педальді соңына дейін басыңыз. Сол кезде манометрдің жоғарғы меңзері тӛмен түседі, ал тӛменгі меңзер жүйедегі қысыммен теңеседі. Педальді сол жағдайда сақтап және манометрді бақылап отырыңыз. Егер 30 мин ішінде қысым 150 кПа (1,5 кгс/см2) тӛмендесе, алып келетін жүйедегі ағып кету және тығыздалмаған жерлерді жӛндеңіз. Ақау сақтандырғыш клапанның кесірінен болса, онда оны ұяшығында (ауа баллонның сол жағында орналасқан) қоршап таста, оның үстінен жайлап ұрып. Ал ақау жүргізгіш құбырдан болса, онда қосқыш муфтаның гайкаларын мықты етіп бұрау. Зақымдалған майысқыш шлангты және жүргізілген құбырды ауыстыр. Жұмыс ертоқымның белдемшелерінің клапандары мен шариктің беткі қабатында зақымдар болмауы керек. Құрастырып реттелген клапандардың қысымын 900 – 950 кПа (9,0 – 9,5 кгс/см2) келтір.
Ауа температурасы 00С тӛмен болса, онда сақтандырғыш клапандар әрсмена сайын тексеріп тұру керек. Егер жабық ӛзекше кезінде ауа клапан арқылы шықса, ал ӛзекше жабықта шықпайтын болса, онда клапан жӛнделген.
Пневматикалық тежегіш жүйенің ішінде сығылған ауа болса, тежегіштің еркін жүріс педалін тексеріп және реттеу. Ол 10 – 25 мм болу керек. Бұл кезде педальдің резеңкесі бастапқы жағдайда кабина еденіне тиіп тұрып қажет. Тарту педалінің еркін жүрісін ұлғайту үшін оны ұзартып және кері істеу керек.
Тежегіш кранның жұмысын тексер, ол үшін тежегіш педаліне тез мезетте бас.
Тежегіш камерға бара жатқан магистралдағы қысым тез 0-ден келтірілетін ауа қысымына дейін ӛседі, ал тіркегіштің магистралындағы қысым 480-530 кПа (4,8-5,3 кгс/см2)-нан 0-ге дейін түсу қажет. Педальді басып тұрған кезде ауаның шығып кету мүмкін емес. Тексергеннен кейін педальді тез мезетте жіберу қажет. Келтірілген магистралдағы қысым 0-ге тез түсу керек, тіркегіш магистралдағы қысым 480-530 кПа (4,8-5,3 кгс/см2) кӛтеріледі. Сынақты 3 реттен асырмай ӛткізу қажет. Егер де тежегіштің магистралдағы қысымы жоғарыдағы кӛрсетілген мәнге сәйкес келмесе, қысымды тежегіш крандағы бағыттағыш штокты айналдыру
арқылы реттеу қажет.
Енгізгіш клапандардың жұмыс жүрісін реттеп және тексер, ол үшін тежегіш крнадағы қосқыш штуцер мен тройникті пробкаларын бұрап аламыз. Тежегіш кранның үлкен тұтқасын тірелгенше кӛтеру, ал енгізгіш клапанның жүрісін пробкадағы тесіктегі тереңдік ӛлшегішпен ӛлшейміз, ол 2,5 – 3,0 мм тең болуы керек. Қажет кезде клапанның жұмыс жүрісін реттегіш прокладкалармен реттеңіз, ол енгізгіш клапанның тӛсемішінің астында орналастырылған.
Тежегіш кранның үлкен тұтқасының еркін жүрісін тексер (ауа апармай), егер мәні 1 – 2 мм келмесе, реттегіш болтпен реттеу қажет. Дәл осыған сәйкес іс-әрекет қолмен басқарылатын жетек тұтқасына қолданылады, оның еркін жүрісін (1 – 2 мм) қолмен басқарылатын жетек тұтқасының болтымен реттеледі.
Тіркегіштің айналсындағы штоктың жұмыс жүрісін шетегіш-болт штогынның жүрісімен реттейді. Ауа қысымының кіруі 680-700 кПа (6,8 – 7 кгс/см2) болғанда жүріс 5 мм-ге тең болу қажет.
Ажыратқыш кран мен біріктіргіш бас (головка) арқылы тіркегіш магистралга келетін ауаның барын тексер, ол артқы аспалы кронштейннің сол жағында орналасқан. Ол үшін біріктіргіш басының қақпағын бұраймыз, содан соң кері қайтарғыш клапанға бас және ажыртақыш кранның тұтқасын бұр.
Трактор кабинасында орналасқан манометрдің ішкі шкаласы арқылы тіркегіш магистральдің ауа қысымын бақылайды.
Егер меңзер қысымның тӛмендегенін кӛрсетіп тұрса, (жүйедегі) ауаның шығып кететін жолы барын білдіреді, оны тауып және зақымданған жерді жӛндеу керек.
Тежегіш педалін тез мезетте жібергеннен кейін камерадағы қысымның түсуі 2 с аспауы тиіс. Тежегіш педалін толық басқан кезде оның тӛменгі бӛлігі кабинаның еденіне 10 – 30 мм жетпеу тиіс.
Тежегіш камераның шток осінің тесіктерінен оның корпусына дейінгі арақашықтықты ӛлшеу. Біреуі 74 – 75 мм (Т-150К-да) болуы міндет. Бұл операциялар: тежегіш камерасын шешкеннен кейін, оны тазартқаннан кейін, серіппелер мен диафрагмаларының жағдайын тексергеннен және шашқаннан кейін, камераны құрастырып орнатқаннан кейін жасалады.
Тежегіш камераларының жүріс штогын тежегіш педальді басып тексер ( кесте 19). Т-150К тракторында 15 – 20 мм болады, ал шток жүрісінің әр түрлігіне қарай оң және сол камерасы 20% аспайды. Тежегіш тұтқасының червяктің осін айналдыру арқылы реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |