Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық


Әдебиет Негізгі әдебиет: 1,3,5 Қосымша әдебиет: 1,3,6 Зертханалық жұмыс 13



бет51/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74
Лаб.жұмыс

Әдебиет


Негізгі әдебиет: 1,3,5
Қосымша әдебиет: 1,3,6

Зертханалық жұмыс 13.


Тақырып: «Көлік техникасын электр құрал-жабдықтарының техникалық күйін диагностикалау және оларға техникалық қызмет көрсету»


Жұмыс мақсаты: автотрактор электр құрал-жабдықтары (ЭҚЖ) бӛлшектеріне техникалық кызмет кӛрсету (ТҚК) және опарға диагностикалау жұмыстарын жүргізу.

Жұмыс мазмұны.


Жұмыс орнының жабдықтарымен танысу, автотрактор ЭҚЖ-на ТҚК технологиясын оқып үйрену, аккумулятор батареясының (АКБ) техникалық күйін тексеру, генератордың (Г) және генераторлық қондырғының (ГҚ), электр стартерінің (СТ), реттегіш-реленің (РР) техникалық күйлерін КИ-1093 қол вольтамперметрі және КИ-968 ГОСНИТИ әмбебап тексеру стендісін майдалану арқылы анықтау.

Жұмыс орнының құрал-жабдықтары


Т-40М тракторы; КИ-968 - стендісі; КИ-1093 - аспабы; ПИМ- 4624 электролит деңгейін тексеретін құралы (диаметрі З...5мм ұзындығы 100...180 мм бӛліктерге бӛлінген шыны түтікше); КИ- 13917 аккумуляторлық денсиметр (ареометр) және КИ-13951 тығыздық ӛлшеуіші; ЛЭ-2 жүктеу ашасы; №5 сүңгілер жиынтығы; ДПУ-0,01 серіппелі динамометр (18 Н-га дейін), термометр (0...100°С); 12 В-тық АП- 1 белгі беру электр шамы (қысқышы және сүңгісі бар); аккумулятор ңехы (ВСА-5 зарядтау қондырғысы, КИ- 2258 аккумуляторларды зарядтау және сақтау шкафы; 5106.000 акқумуляторшы жұмыс сӛресі; электр дистилляңиялаушы, электролит дайындайтын арнайы ыдыс; сұйықтар құюға арналған ыдыстар; аккумуляторды тасымалдау құралы).
Көрнекі кұралдар: ЭҚЖ-ның құрылысы мен оларға техникалық қызмет кӛрсетуге арналған плакаттар.
Әдістемелік құралдар: тапсырмаларды орындауға және кланшеттермен жұмыс істеуге арналған нұсқаулар; ЭҚЖ бӛлшектерінің құрылысы мен ж.ұмыс істеу схемаларының сипаттамалары; жұмыс орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
    1. Тексеру-диагностикалық құралдары


КИ-1093 қол вольтамперметрі - ЭҚЖ агрегаттарын машинадан алмай токтық және кернеулік параметрлеріне байланысты техникалық күйін тексеретін прибор (1-сурет). Бұл аспаптагы амперметрдің ӛлшеу мүмкіндігі 30 А-ға дейін, ал шунт қолданғанда - 300 және 1500 А-ге дейін. Вольтметрдің ӛлшеу шегі - 3 В және 20 В. Мұндағы жүктеу реостатының толық электр кедергісі - 6 Ом және оның электр тізбегіндегі ток құшін шамасы (5 минут уақыт аралыгында) 25 А-ден аспауы керек.
Аспапта электрлік-импульстік тахометр қолданылады (оның ӛлшеу шегі - 5000 мин1). Тахометрдің бұл түрі 12-вольттік тұтандыру жүйесі
қолданылатын моторлардың иінді білігінің айналу жиілігін анықтауға арналған. Оның жұмыс істеу принңипі, үзгіш-таратқыш арқылы берілетін тоқтың импульсін есептеуге негізделген.
Сурет 1. КИ-1093 тасымалданатын кол вольтамперметрі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет