Құралдар мен жабдықтар: Т-150К тракторы, сызғыш, штангерциркуль тереңдікті ӛлшегішімен, секундомер, бақылаушы манометр, кілттер жиынтығы.
Пневматикалық жүйе трактор мен прицептің пневматикалық тежегіш жетектерінің жұмыс істеуін қамтамасыздандырады, біржетекті жүйеленген пневматикалық жетекпен жабдықталған, әйнек тазалағыш пен муфта ілінісін ажыратқыш механизм және қысылған ауа шинаны үру үшін қолданылады.
Қауіпсіздік шаралары (жалпы талаптардан қараңыз)
Жұмыс жасап тұрған қозғалтқыштың астында болуға, жүйені шешуге және жинауға тыйым салынады.
Пневматикалық жүйенің құрылғылар мен жұмыс принциптер
Пневматикалық жүйеге компрессор қысым ӛлшегіші, ауа баллоны сақтандырғыш клапандарымен, ауа тергіш крандарымен және жібергіш крандары, тежегіш кран, тежегіш камералары, жалғағыш бастар (головка), ажыратқыш кран, екімеңзерлі манометр, әйнектазалағыштар, краниктар және құбырлар арматурасымен кіреді.
Тежегіш педаліне басқан кезде компрессорда ауалы баллонда күшейтілген ауа тежегіш кран арқылы трактордың тежегіш камераларына түседі. Тежегіш камераның штогының қозғалысы кезінде тежегіш дӛңгелектің ашқыш білікшелерін бұрап және тежегіш колодкаларды барабанға қысады. Жалғағыш магистральды тіркегіштен тежегіш кран арқылы сығылған ауаны бір мезетте шығарады және тіркегіштің ауа баллондарынан сығылған ауа тежегіш камераларына барады.
Педальға басқан кезде манометрдің тӛменгі меңзері ауа қысымын кӛрсетеді трактордың тежегіг камераларына келетіндігін. Жоғарғы меңзер әр дайым пневматикалық жүйенің қысымын кӛрсетіп тұрады. Теджегіш камерадағы және тежегіш ырғақтығының қысымы тежегіш педалінің жүрісіне байланысты болып келеді.
Тежегіш педальді бастапқы қалпына келтірген кезде трактордың тежегіш камерадан тежегіш кран арқылы сығылған ауаны босатылу жүреді. Тіркегішті басқаратын тәуелсіз тұтқа тек қана тіркегіштің
дӛңгелекті тежегішін іске қосады. Оларды тек жайлап тежеуге, трактормен тіркегіштің түйісуін алдын алу, бұрылыстарда, таудан түскенде, тез тежеу үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |