Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық


Қосымша ауаның берілуін реттегіш



бет73/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Лаб.жұмыс

Қосымша ауаның берілуін реттегіш


Реттегіш РХХ-60 қозғалғанда, моторды іске қосқанда, қыздырғанда, бос жүріс кезінде иінді біліктің айналыс санын тұрақты ұстап тұруға арналған.
Реттегіш енгізу түтігінде дроссельді қалақшадан кейін орнатылған. Қосымша ауаның берілуін реттегішінің электрлі сызбасы 11-суретте кӛрсетілген.

Сурет 10. Renault Logan автомобильдің қосымша ауаның берілуін реттегіш. 1 – клапан; 2 – реттергіш табаны; 3 – статор орамасы; 4 – жүру винтті; 5 – статор орамасының штекрлі жалғаны; 6 – шарикоподшипник; 7
статор орамасының табаны; 8 – ротор; 9 – серіппе.

Сурет 11. Қосымша ауаның берілуін реттегіштің электрлі сызбасы
Реттегіш енгізу жүйесіндегі ауаның енгізілуін реттейтін клапаннан тұрады.
Қалақшаның жабылуын екі орамды электрқозғалтқыш айналмалы магнит және қозғалмалы орамның (якор) кӛмегімен қозғалысқа келтіреді. Сезгіден келген дабыл басқару блогын ӛңдеп, реттегіш орамында электр импульсін тудырып, қалақшаны қозғалту арқылы ауа ӛтудің қуыстылығын анықтайды. Реттегіштің ақауын оның орамына 12 В кернеу беру арқылы тексереміз.
Әрбір орамның кедергісі 10-14 Ом арасында болу керек. Реттегіштің ақауын DST-2 аспабымен тексереміз. Ақауы бар реттегішті ауыстыру қажет.
    1. Температура сезгісі


Температура сезгісі жартылай ӛткізгіш элемент арқылы қоршаған орта температурасына байланысты электр ӛткізгіштігін ӛзгертіп отырады. Моторда екі температура сезгісі орнатылған. Бірінші сезгі термостат түтігінде орынталған, ол мотордағы сұйықтықтың температурасын анықтауға арналған. Екінші сезгі енгізу жүйесінде орнатылған, ол мотор цилиндріне енгізілген ауаның температурасын анықтауға арналған. Екі сезгі басқару блогының электр сызбасына жалғанған. Сезгі тізбегіндегі кернеудің ӛзгеруі салдарынан басқару блогы жанармай берілісін және оталудың озу бұрышын түзетіп, реттеп отырады. Сезгіде немесе сезгі тізбегінде ақау пайда болса, басқару блогы бақылау шамын жағып жүргізушіге белгі береді. Сезгі ақауын DST-2 аспабымен тексереміз. DST-2 аспабы жоқ болса, әр температурада сезгі желісінде пайда болатын кернеу арқылы тексереміз. Ол үшін тӛмендегі сызбаны пайдаланамыз (12-сурет). Вольтметр (4) +250С температурада 2,957-3,022 В кернеуді кӛрсетуі керек.

Сурет 12. Температура сезгісін тексеретін электр сызбасы. 1 – айналмалы кедергі – 10 кОм; 2 – аккумуляторлыбатарея; 3 – вольтметр; 4 – миллиамперметр; 5 – сезгі.

Қоршаған ортаның температурасының ӛзгеруін вольтметр (4) кернеуінің шамасына қарай анықтаймыз. Кернеу тӛмендегідей аралықта


болу керек:
-400С – 2,287-2,392 В
+900С – 3,642-3,737 В
Ақауы бар сезгіні ауыстыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет