54
төменгі 7 ниппелдерден, гидравликалық пакерден 6, башмакты
қаушақтан(воронкадан) 8 тұрады. (3.6-сурет).
3.5-сурет. Газлифті ұңғыманың жер үсті жабдықтары.
1-салмақ өлшегіші бар ролик; 2-кілт; 3-мачтаны бекітуге арналған
шынжыр; 4-алмастырғыш; 5-превентор; 6-телескопиялық мачта; 7-жер
асты жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған үш секциялы лубрикатор;
8-қысқыш; 9-полиспаст; 10-лубрикатор; 11- жетекші агрегат.
Кейбір жағдайларда 100-150 м тереңдікке шекті өнімділікке жеткен
уақытта қысымның түсіп кетуі кезінде қосылатын тереңдік сақтандырғыш
клапан-ажыратқыштар орнатылуы мүмкін.
Газлифті клапандар микроавтобусқа орнатылған гидравликалық
лебедканың көмегімен алынып орнатылады. Агрегат 4600 метр тереңдікте
орналасқан
газлифтілі клапандарды, диаметрі 2,5 мм арқанмен алып,
орналастыруға жəне ұңғыманы зерттеу үшін арнайы өлшегіш
қондырғыларды 1,8 мм арқанмен 7000 метр тереңдікке түсіруге арналған.
Қондырғыны көтеру жылдамдығы 0,2-ден 16 м/с дейін реттеледі.
55
Гидроқозғалтқыш лебедкасының номинальды қуаты – 27,2 кВт. Берілісі
0,0025 м
3
/с (150л/мин)
болған кезде, гидросораптың қысымы 13 МПа-ға
дейін жетеді.
Плашкалы превентор - 76 мм-лік тік
өткізгіші бар қораптан 1, қақпақтан 3, плашкадан
2, винттен 4 жəне өткізу клапанынан 5 тұрады.
Төменгі жағында арматураның ысырмасын
бағанмен
жалғастыруға
арналған
фланец
орнатылған. Шпонка 6 плашканың бұралуына
кедергі жасайды. Плашканың сыртқы жағында
канал
орналасады, ол саға бітеліп қалғанда
немесе трос желісі қысылып қалғанда қысымды
реттеуге арналған.
3.6-сурет. Газлифті ұңғыманың жер асты жабдықтары.
3.7 – сурет. Плашкалы превентор.
Достарыңызбен бөлісу: