Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет31/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67
BURXANOVUH

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Мұнай өндіру саласында негізінен қандай түрдегі терең сорапты
қондырғылар кеңінен қолданылады? 
2.Өндіру ұңғымалары өнім бергіштігіне байланысты қандай топтарға
бөлінеді? 
3. Сұйықты көтеру биіктігі бойынша ұңғымалар қандай топтарға
бөлінеді? 
4.Техника-экономикалық есептеулер қалай жүргізіледі? 
5. Сұйықтардың көтерілу биіктігі қалай анықталады ? 
6. Терең ұңғымалар дегеніміз не ? 
7. Орташа терейдіктег ұңғымаларды қалай айырамыз ? 
8. Терең емес ұңғымаладрдан өнім алудың ерекшелігі неде ? 
9. Ұңғымалардан сұйықтың көтерілу биіктігі немен өлшенеді ?
10. Өнімділігі төмен ұңғымалардан сұйық өндірудің айырмашылығы
қандай ? 
 
 
4.3. Терең сорапты қондырғының жұмыс істеу принципі 
 
Қондырғы поршенді сораптан, тербелмелі-қондырғыдан, поршенді 
тербелмелі қондырғымен байланыстырып тұратын штангілер тізбегінен 
жəне ұңғыма ішіне құйылған сұйықты жоғары көтеретін (сорапты 
компрессорлық құбырдан) құбырлар тізбегінен тұрады (4.2 - сурет).


66 
1. сору клапаны 
2. айдау клапаны 
3. штангалы скрап 
4. сағалық үшжақты құбыр 
5. сағалық сальник 
6. шток 
7. арқанды алқа 
8. теңгергіш 
9. шатун 
10. жүк 
11. кривошип 
12. редуктор 
13. электрқозғалтқыш 
4.2- сурет. Штангалы терең сорапты қондырғының жалпы схемасы 


67 
Электрқозғалтқыш іске қосылып ременді беріліс арқылы 
редуктордың осіне орналасқан трансмиссиялық шкивтің айналуы арқылы 
тісті беріліспен кривошиптің айналуына қызмет етеді. Одан əрі 
кривошипке бекітілген шатунның көмегімен теңгергіш жоғары-төмен 
қозғалыс жасап, теңгергіш басына орнатылған арқанды алқа арқылы штанг 
тізбегі ілгері-кері тік қозғалыс жасайды [4, 10]. 
Штангалы сорапты қондырғы жер асты жəне жер үсті 
жабдықтарынан тұрады. Жер асты жабдықтары: цилиндрдің астында 
орналасқан сору клапанынан 1 (жылжымайтын) жəне плунжерлі-
поршеннің жоғары жағында орналасқан айдау клапанынан 2 
(жылжымалы), штангалы сораптан 3 жəне құбырлардан тұрады.
Сонымен бірге, жер асты жабдықтарына штангалы ұңғымалық 
сораптардың түтікшелерінің қабылдау бөліміне жалғанған жəне қиын 
жағдайда (құм, газ пайда болғанда) оның жұмысын жақсарту үшін 
арналған əртүрлі сақтандырғыш қондырғыларды (газды бөлу жəне құмнан 
қорғау якорлары, хвостовик) жатқызуға болады.
Жер үсті жабдықтары тербелмелі-қондырғыдан (СК), электр 
қозғалтқыштан - 13, редуктордан - 12, кривошиптен - 11, жүктерден - 10, 
шатуннан - 9, теңгергіштен - 8, арқанды алқадан - 7, жылтыратылған 
штоктан - 6, сағалық сальниктен - 5 жəне сағалық үш жақты құбырдан - 4 
тұрады. 
Тербелмелі қондырғының барлық элементтері - пирамида, редуктор, 
электрқозғалтқыш - бетонды іргетасқа бекітілген рамаға орнатылады. Одан 
бөлек, барлық тербелмелі қондырғыларда, теңгергіш пен кривошипті кез-
келген уақытта, берілген деңгейде тоқтату үшін тежегіш қарастырылған. 
Сонымен қатар, кривошипте шатунның қосылатын айналыс нүктесінде 
штанганың жүріс ұзындығын өзгертуге болатын бірнеше тесіктер 
орнатылған. Қондырғының тербеліс санын өзгерту үшін редуктор ішіндегі
трансмиссиялық беріліс санын жəне электрқозғалтқыш білігіндегі 
шкифтің диаметрін (кіші немесе үлкен) ауыстыруға болады. 
Тербелмелі қондырғының түрлері мен өлшемдері, негізгі 
параметрлері 
мемлекеттік 
стандартпен 
шығарылады. 
Штангалы 
ұңғымалық сорап ұзындығы 2÷4 метр болатын цилиндрден тұрады. 
Цилиндрдің төменгі бөлігінде қозғалмайтын сору клапаны бекітілген, ол 
жоғары көтерілгенде ашылады. Цилиндр құбырға ілінеді. Цилиндрдің 
ішімен ұзындығы 1÷1,5 метр болатын тегіс өңделген, жоғары қарай 
ашылатын, айдау клапанының қызметін атқаратын поршень-плунжер 
қозғалады. Плунжер штангіге ілініп бекітіледі. Плунжер жоғары 
көтерілген кезде, қысымның əсерімен сораптың қабылдауындағы сұйық 
сору клапаны арқылы ішкі бетін толтырады. Плунжер төмен түскен кезде 
сору клапаны жабылады да, плунжер астындағы сұйық сығылып, айдау 
клапаны ашылады. Осылай клапанның ашық болуымен плунжер сұйыққа 
толады. Келесі кезекте, плунжер жоғары көтерілгенде сұйықтың 
қысымымен айдау клапаны жабылады. Осыдан кейін плунжер поршенге 
айналады да, жүріс ұзындығы 0,6÷6 метр болатын биіктікке сұйықты 
көтереді. Плунжердің үстінде орналасқан сұйық ұңғыма сағасына жетіп
үшжақты құбырмен мұнай жинау жүйесіне қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет