Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндетттері және оның қоғамдық мәні
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол-адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі- адамның өзіндік сипат-белгілері, оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қанытас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі-осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын таныл білу иесіне (субъектіге) айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам болып саналады. Осындай ерекшелік-терімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекет-теріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның мінез-құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі жан дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа бөлініп тұрады. [12].
Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдаймен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер-темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді, Сондай-ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгертіп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерек-шелік бар. Оның бірі- әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл-адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі-сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор — адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор — адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының қоғамның тәлім-тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. [15].
Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі-оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі — Австрия ғалымы З. Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш-қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З. Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның-белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, «Эдип комплексі» дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың «Эдип патша» атты шығармасының сарынын уағыздайды. [18].
Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де, З. Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі-айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекеттің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ, А. Кординер, Е. Фромм, К. Хорни, З. Фрейд көзқарасының кемшілігін ашып көрсете алмаса да, өздерінше «жаңа фрейдизм» деген ағымды тудырды.
«Жаңа фрейдизм» ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. «Жаңа фрейдшілдердің» ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К. Хорни адам қоғамнан аулақ болып, ғашығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, «жаңа фрейдшілдер» адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң берді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми-материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекет-терімен ұштасады.
Жеке адам қазіргі социологияның, психологияның және этиканың басты назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу-оның іс-әрекетін тиімді басқарудың алғы шарты.
Жеке адамды зерттеу қоғамның саяси жағын да қатиды. Сондықтан жасалған теориялар, әлбетте олардың авторларының саналы немесе санасыз түрдегі идеологиялық бағдарына байланысты идеолисттік немесе материалистік сипатта болады. [16].
Буржуазиялық психологияда жеке адам жайындағы сан алуан түрлі, көп ретте қарама-қайшы және бірін-бірі жоқа шығаратын концепциялар орын алып келеді. Олардың ішінде әсіресе биологиялық, биоәлеуметтік және әлеуметтік концепциялар даралануда.
Биологизм, әсіресе З.Фрейдтің жеке адам жөніндегі түсініктемесінде айқын да оның көрініс тапқан. Фрейдтің ілімі бойынша жеке адам дегеніміз-үнемі қоғам ішінде болатын әрі оның өзіне ьқпалын сезінуші, сонымен бірге қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан иесі. Жеке адамның мінез-құлқы биологиялық әсермен немесе инстингтерімен, ең алдымен жыныстық елігумен бағытталып отырады. Фрейд сондай-ақ бейне бір адамның өлім және қирату инстингтерін қанағаттандыруы ретінде болатын соғыстардың сөзсіздігі де адамның елігуімен туындайды деп санайды. Фрейд концепциясы-жеке адамның тек қана биологиялық индивидуализмнің концепциясы.
Биоәлеуметтік концепциясының өкілдері адамды шартты түрде екі бөлікке бөледі де, жеке адамның бағытталуы әлеуметтік құбылыстармен анықталып отырған тұста, адамның психикалық процестерінде биологиялық табиғат бар деп санайды.
Буржуазиялық психологияда жеке адам жөніндегі әлеуметтік концепция да кең тараған. АҚШ-та, әсіресе әлеуметтендіру теориясы деп аталатын концепция талдап жасалынуда. Бұл теория бойынша, биологиялық тірі жан иесі ретінде өмірге келген адам өмірдің әлеуметтік жағдайларының әсері арқасында жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Бұл ретте өзара қарым-қатынасқа және психологиялық өзара ықпалға шешуші мән беріледі де, ол адамдардың экономикалық және саяси қатынастары мен олардың жеке адамға әсері есепке алынбайды. Осы концепцияның өкілдері конформизм құбылыстарын зерттеуге немесе әлеуметтік топтардың жеке адамға жасайтын ықпалына көп назар аударады. Буржуазиялық «группизм» психологтары топтардың талабына, басқа сөзбен айтқанда, буржуазиялық тәртіптер жеке адамның саналы немесе санасыз түрде бейімделуге ұмтылуын жалпыға бірдей заңдылық деп даурығады. Бұл ретте компормизмді универсал механизм деп санайды. [18].
Шындығында, топтың, коллективтің жеке адамға ықпалы әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Бұл жеке адамның ерекшеліктеріне, оның идеялың көзқарасына, мінез-құлқына да, сондай-ақ сыртқы ықпал ерекшіліктеріне де байланысты. Жолдастық ынтымақ және өзара көмек жағдайында коллектив пен жеке адам арасындағы өзара қатынас принципті, ал коллектив мүшесінің көпшілік мүддесі үшін істеген әрекеті-нағыз коллектившіл адамның ісі болып табылады. Мұндай әрекеттің еліктеу түрғысындағы мінез - құлыққа ешқандай қатысы жоқ.
Ендігі бір әлеуметтік - психологиялық концепция оқып - тоңу теориясы дегенге салды. Бұл теория бойынша, жеке адамның өмірі, оның қатынастары оқулық, бірқатар білімді меңгерудің нәтижесі. Әрине, оқу мен білімнің өмірлік, оның ігиінде, жеке адамды қалыптастыруда да үлкен маңызы бар. Алайда жеке адамның бүкіл дамуын тек оқудың ғана нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Оның қалыптастуына өмірдің өзі, еңбек, адамдар арасындағы қатынастар шешуші ықпал етеді.
Шетел психологиясында ролдер теориясы өте кең тараған. Бұл теория бойынша әр адам өмірінде өзіне ғана арналған белгілі бір ролъ орындаушы ғана. Орындайтын роліне байланысты жеке адамның мінез-құлық сипаты мен оның басқа адамдармен қатынасы анықталады.
Әрине, жеке адамның ролін зерттеу психологиялық теория үшін де, әлеуметтік практиканы түсіну үшін де маңызды. Алайда буржуазиялық психологияда ролъ тек психологиялық қатынастар жүйесінде ғана қарас-тырылып, онда жеке адамның ұстанатын позициясын да, оның қоғамдық өмірдегі орнын да анықтайтын материалдық, саяси және идеялогиялық қатынастар есепке алынбайды. Жеке адамның әлеуметтік ролін түсінуге таптық тұрғыдан келмеу-ролъ теориясын зерттеушілердің бәріне тән құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |