Жеке тұлға қалыптастырудағы ұжымның ролі
Ұжымдағы жеке тұлғаның қалыптасуы қоғамдық мәселелерді шешу барысында қарым-қатынас жолымен қалыптасады, яғни қарым-қатынас процесінде адамдар бір-біріне әсер етіп жеке тұлға бойындағы белгілі қасиеттердің туындауына септігін тигізеді. Жеке тұлғаға әсер етумен бірге қоғамдық ой-пікірлермен ұжымның өзі де үлкен ықпал жасайды. Сонымен бірге ұжымдағы жеке тұлғаның ролі де төмен емес.
Ұдым дамып жатқан кезде ғана жеке тұлғаны қалыптасуына мүмкіндік болады. А. С . Макаренко өзінің педагогикалқ тәжірибелерінде тұлға мен ұжымның дамуындағы ұқсастықты көрсеткен. Ұжымның даму кезеңін анықтай отырып, ең жоғары кезеңі тұлға дамуының жоғары кезеңімен сәйкес келді деп есептеген. Бұл кезеңде жеке тұлға қоғам мүддесі үшін ұжым талаптарына сәйкес өзін белсенді тәрбиелейді. [19].
Кеңестер Одағы кезінде «ұжым» ұғымы кеңінен қолданылды. Сол кезеңде қоғамның өзін ұжымға бірігуге шақыратын үгіт-насихаттар жүргізілді.
Ұжым дегеніміз белгілі бір мақсаттар мен әрекеттер арқылы біріккен адамдар тобын айтамыз. Ұжымның мақсатын ұжым ішінде тағайындалуы мүмкін. Ұжым қоғамның бөлініп өмір сүретін бөлігі емес. Ұжымның ішіндегі бір тұлғаның әрекеті, екінші тұлғамен тығыз байланыста болғанда ғана ұжым атағына лайықты болады. Осындай жағдайдан ұжым ішіндегі бір-біріне деген байланыс пен жауапкершілік сезімі туындайды.
Ұжымды ұйымдастыруда алыс және жақын мақсаттарды анықтап ұжым өмірінің болашағын болжай алу керек. Ұжымды құрастырудағы тағы бір қажетті жайт-бұл тәртіп. Ұжым-бұл бағынышты жауапкершіліктің жүйесі болса, ал ұжымда өмір сүру-ұжымның талаптарын орындау болып табылады. Осындай тәртіп жекелеген тұлғалармен әрбір жеке адамды барынша қорғалған және еркін өмір сүруге мүмкіндік береді.
Ұжымдағы тәртіп дегеніміз-әрбір жеке тұлғаның өзіндік құқығын белгілеу мақсатындағы белгіленген толық қорғаныштық. Ұжымның және тәрбиелеушінің талабы-ұжым ішіндегі тәртіпті орнатудың негізгі жолдарымен тұлғаны ұжым тәртібіне бағындыру.
Жоғарыда аталған талап негізінде қоғамдық ой-пікір қалыптасады және ұжым мүшелерінің мінез-құлқын қадағалап отыратын механизм ролін ойнайды.
Қоғамдық пікір ұжымдағы жеке тұлғаның әлеуметтік нормаларының қалыптасуна ықпал етеді. Оқушы осы талаптар негізінде өз тәртібін түзетіп, ұжым мүшелерінің пікірімен санасуға мәжбүр болады.
Қоғамдық пікір қалыптастыруда бағалаудың объективтілігіне және оның дұрыс дамуын (педагогтың немесе оқушы ұжымдары пікірлерінің бірлігі, микротоптың немесе ұжымдағы бір ғана адамның ойымен санаспауын қадағалау) дамуын анықтау керек.
Оқушылардың ұжымдағы өмірі мен әрекеті борыштық сезіммен ғана шектелмей, бірте-бірте әрбір жеке тұлға ұжым үшін жұмыс істеуге, ұжымның мүшесі болуға қуанады. [23].
Шетел психологиясында жеке адам жөніндегі әлеуметтік концепция да кең тараған. АҚШ-та, әсіресе әлеуметтендіру теориясы деп аталатын концепция талдап жасалынуда. Бұл теория бойынша, биологиялық тірі жан иесі ретінде өмірге келген адам өмірдің әлеуметтік жағдайларының әсері арқасында жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Бұл ретте өзара қарым-қатынасқа және психологиялық өзара ықпалға шешуші мән беріледі де, ол адамдардың экономикалық және саяси қатынастары мен олардың жеке адамға әсері есепке алынбайды. Бұл концепцияның өкілдері конформизм құбылыстарын зерттеуге немесе әлеуметтік топтардың жеке адамға жасайтын ықпалына көп назар аударады. «Группизм» психологтары топтардың талабына, басқа сөзбен айтқанда, буржуазиялық тәртіптер жеке адамның саналы немесе санасыз түрде бейімделуге ұмтылуын жалпыға бірдей заңдылық деп даурығады. Шындығында, топтың, коллективтің жеке адамға ықпалы әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Бұл жеке адамның ерекшеліктеріне, оның идеялың көзқарасына, мінез-құлқына да, сондай-ақ сыртқы ықпал ерекшіліктеріне де байланысты. Жолдастық ынтымақ және өзара көмек жағдайында ұжым мен жеке адам арасындағы өзара қатынас принципті, ал ұжым мүшесінің көпшілік мүддесі үшін істеген әрекеті-нағыз ұжымшыл адамның ісі болып табылады. Мұндай әрекеттің еліктеу тұрғысындағы мінез - құлыққа ешқандай қатысы жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, адам дегеніміз биологиялық, психикалық және әлеуметтік сапалардыың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеуметтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жасай арфиметикалық қосындысы емес, олардың табиғи бірлігі екенін білу керек.
Қоғамдық ғылымдардың да,сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке адам», «даралық» түсініктері кеңінеп қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір.
Адам туралы түсінік түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам-бұл, ең алдымен, Нomo Sapuens түріндегі сүтқоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі. Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар, яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.Адам биологияльқ тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын.
Айрырықша дене бітімімен сипатталады: денесін тік ұстап жүру, тану мен еңбекке бейімделген екі қолының болуы, әлеуметтік жағдайларда өмірді өз танымында бейнелеп және оны өз қажеттігіне, мүддесі мен мұраттарына қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының барлығы.
Адам, сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі әрі бұл оның ең елеулі белгісі. Қоғамдық өмір мен еңбек адамның табиғи құрылымын жетілдіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ оны өз еркіне бағындырды да. Адам - өзінен-өзі қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананың таратушысы. Тек қоғамда және қоғамның игі әсері арқасында ғана адам танып-білуге және еңбек етуге қабілетті болып қоймайды, сонымен қатар өзінің ішкі процестерін сезінуге, тілегі мен жағдайын сыртқы өмір жағдайларымен үйлестіре білуге, парасатты түрде іс-әрекет жасауға бейімделеді. Өзіндік сана-сезім адам санасы дамуының филогенездегі (тектің тарихы) де, сондай-ақ онтогенездегі (индивидтің өмір тарихы) де шыңы болып табылады.
Адам алуан қырлы міне, сондықтан да, ол жаратылыстану ғылымдарының да, қоғамдық ғылымдардың да зерттеу обьектісі болып табылады. Әрбір жеке адамның қоғам өміріндегі ролі мен мәні қоғамдық қатынастардың дамуына қарай арта түсіп отырады. Қоғамдық дамудың шапшаңдауына қарай жұртшылықтың адам құқығы үшін күресі де етек алып кеңейеді. Бұл күрес жеке адамды қызықтырып қана қоймайды, сондай-ақ оны қалыптастырады.
Жеке адам қазіргі әлеуметтанудың, психологияның және этиканың басты назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу-оның іс-әрекетін тиімді басқарудың алғы шарты.
Жеке адамды зерттеу қоғамның саяси жағын да қатиды. Сондықтан жасалған теориялар, әлбетте олардың авторларының саналы немесе санасыз түрдегі идеологиялық бағдарына байланысты идеолисттік немесе материалистік сипатта болады. Буржуазиялық психологияда жеке адам жайындағы сан алуан түрлі, көп ретте қарама-қайшы және бірін-бірі жоқа шығаратын комцепциялар орын алып келеді. Олардың ішінде әсіресе биологиялық, биоәлеуметтік және әлеуметтік концепциялар даралануда. Биологизм, әсіресе З.Фрейдтің жеке адам жөніндегі түсініктемесінде айқын да оның көрініс тапқан . Фрейдтің ілімі бойынша жеке адам дегеніміз-үнемі қоғам ішінде болатын әрі оның өзіне ьқпалын сезінуші, сонымен бірге қарсы турушы биологиялық түйық жан иесі. Жеке адамның мінез-құлқы биологиялық әсермен немесе инстингтерімен, ең алдымен жыныстық елігумен бағытталып отырады. Фрейд сондай-ақ бейне бір адамның өлім және қирату инстингтерін қанағаттандыруы ретінде болатын соғыстардың сөзсіздігі де адамның елігуімен туындайды деп санайды. Фрейд концепциясы-жеке адамның тек қана биологиялық индивидуализмнің концепциясы.
Биоәлеуметтік концепциясының өкілдері адамды шартты түрде екі бөлікке бәлінеді де, жеке адамның бағытталуы әлеуметтік құбылыстармен анықталып отырған түста, адамның психикалық процестерінде биологиялық табиғат бар деп санайды.
Буржуазиялық психологияда жеке адам жөніндегі әлеуметтік концепция да кең тараған. АҚШ-та, әсіресе әлеуметтендіру теориясы деп аталатын концепция талдап жасалынуда. Бұл теория бойынша, биологиялық тірі жан иесі ретінде өмірге келген адам өмірдіц әлеуметтік жағдайларының әсері арқасында жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Бұл ретте өз ара қарым-қатынасқа және психологиялық өз ара ықпалға шешуші мән беріледі де, ол адамдардың экономикалық және саяси қатыпастары мен олардың жеке адамға әсері есепке алынбайды.
Бұл концепцияның өкілдері конформизм құбылыстарын зерттеуге немесе әлеуметтік топтардың жеке адамға жасайтын ықпалына көп назар аударады. Буржуазиялық «группизм» психологтары топтардың талабына, басқа сөзбен айтқанда, буржуазиялық тәртіптер жеке адамның саналы немесе санасыз түрде бейімделуге ұмтылуын жалпыға бірдей заңдылық деп даурығады. Бұл ретте компормизмді универсал механизм деп санайды.
Шындығында, топтың, коллективтің жеке адамға ықпалы әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Бұл жеке адамның ерекшеліктеріне, оның идеялың көзқарасына, мінез-құлқына да, сондай-ақ сыртқы ықпал ерекшіліктеріне де байланысты. Жолдастық ынтымақ және өзара көмек жағдайында коллектив пен жеке адам арасындағы өзара қатынас принципті, ал коллектив мүшесінің көпшілік мүддесі үгнін істеген әрекеті-нағыз коллектившіл адамның ісі болып табылады. Мұндай әрекеттің еліктеу түрғысындағы мінез - құлықа ешқандай қатысы жоқ.
Ендігі бір әлеуметтік - психологиялық концепция оқып - тоңу теориясы дегенге салды. Бұл теория бойынша, жеке адамның өмірі, оның қатынастары оқудық, бірқатар білімді меңгерудің нәтижесі. Әрине, оқу мен білімнің өмірлік, оның ігиінде, жеке адамды қалыптастыруда да үлкен маңызы бар. Алайда жеке адамның бүкіл дамуын тек оқудың ғана нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Оның қалыптастуына өмірдің өзі, еңбек, адамдар арасындағы қатынастар шешуші ықпал етеді.
Шетел психологиясында ролдер теориясы өте кең тараған. Бұл теория бойынша әр адам өмірінде өзіне ғана арналған белгілі бір ролъ орындаушы ғана. Орындайтын роліне байланысты жеке адамның міне-құлқ сипаты мен оныц басқа адамдармен қатынасы анықталады.
Әрине, жеке адамның ролін зерттеу психологиялық теория үшін де, әлеуметтік практиканы түсіну үшін де мацызды. Алайда буржуазиялық психологияда ролъ тек психологиялық қатынастар жүйесінде ғана қарастырылып, онда жеке адамның ұстанатын позициясын да, оның қоғамдық өмірдегі орнын да анықтайтын материалдық, саяси және идеялогиялық қатынастар есепке алынбайды. Жеке адамның әлеуметггік ролін түсінуге таптық тұрғыдан келмеу-ролъ теориясын зерттеушілердің бәріне тән құбылыс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
А.С. Григорева. «Психология и личность»., М., 1980 гг
В.Ф. Ряхов. «Отбасы суреті»., М., 1990 гг
А. М. Эткинд. От свойств к взаимодействиям: становление системной ориентации в психологии личности // Системные исследования. М., 1982
Жалпы психология. Алматы: Білім, - 1996, - 224 б.
Жарықбаев Қ. Психология. Оқулық: - 3 - ші басылым. - Алматы: Білім, 1993 ж.
Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: Оқулық. -Алматы, 2002 ж.
Педагогикалық ізденіс. Алматы, «Рауан», 1990 ж.
Елеусізов С. Қарым-қатынас психолоогиясы. Алматы, «Рауан», 1995ж.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии В 2т-Т. I –М., 1989
Выготский Л.С. Баланың жас ерекшеліктеріктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектертері.Алматы, 1999ж.
11. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
12. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
13. Мухина В.З. «Детская психология» М. 2001г.
14. Люблинская Т.С. «Детская психология» М. 1996г.
15. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
16. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
17. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
18. Айсмонтас Б.Б. Общая психология. Схемы. Москва Владос. 2003.
19. Намазбаева Ж.Ы., Сангилбаев О.С. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. Алматы. 2005.
20. Стоялеренко Л.Д. Основы психологии. Феникс. Ростов-на-Дону.2001.
21. Якобсон П.М. Психология чувств и мотивация. М.,1998.
22. Рубинштейін С.Л. «Основы общей психиологии», Москва, 1989год.
23. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
24. Теплов Б. М. Психология. Орта мектептерге арналган оқулық. ОПБ,А,1953.
25. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. Пединституттар мен университет студенттеріне арналған. Алматы: «Мектеп», 1966.
Достарыңызбен бөлісу: |