ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫНА ТҮСІНІК
Тәрбиелеу-тұлға қалыптасуының негізгі жолы. Жанұялық тәрбие
Тәрбиелеу дегеніміз тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамдардың арнайы әрекеті. Тәрбиелейдің негізгі мақсаты-жеке адамды қоғамдағы белгілі бір функцияны орындауға, қоғамдық өмірдегі белсенді роль ойнауға дайындау.
Жеке тұлға қалыптасуындағы тәрбиелеудің орны ерекше. Бұл әдістің тамыры тереңге жайылған және көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді. Тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін білімді әрі білікті адамдар арнайы дайындықтан өтеді. Сондықтан да тәрбиелеу тұлға қалыптастыруда шешуші роль мен үлкен ықпалға ие.
Тәрбиелеу сөзщінің кең мағынасына тоқталатын болсақ: тәрбиелеу-өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тікелей және жанама әсер ету, оқыту мақсатында белгілі бір өмір салтын, ұжымдағы өмірді, жеке мысалдар арқылы ықпал етуді айтамыз.
Тәрбиелеу сөзінің тар мағынасына-оқытушының талап қою жүйесін айтамыз.
А.С. Макаренко тұлғаның ұжымдағы тәрбиеленуін «талап етудің дамуы» деп қарастырды. А.С. Макаренконың тәжірибесі мен теориясына сүйене отырып А.А. Бодолев 1952-1953 жылдары оқытушы талаптарын тәрбиелеушілердің мойынсыну процессін анықтады. Бұл процесс бірнеше кезеңдерден құралған. Алғашында оқышының басқа мүмкіндігінің жоқтығынан өзі қойылатын талаптарды орындайды. Екінші кезеңде тәрбиеленуші қойылатын талаптарды өз еркімен мойындап, қойылған жүкметелерді орындайды. Ең соңғы кезеңде ғана тәрбиеленуші өзіне өзі нақты талап қоя бастайды.
А. А. Бодалев талаптар біртекті ретпен кездеспейтіндігін анықтады: индивидте де, ұжымда да өз-өзіне қойылатын талаптар мен талап қоюшылық әр-түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Бір талаптар бірінші кезеңде болса, екіншілері екінші кезеңде, ал кейбіреулері нық орнығып жеке тұлғаның ішкі қажеттілігіне айналуы да мүмкін. Өз-өзіне талап қою мектеп оқушыларында, бір ұжым ішінде де әр-түрлі дәрежеде қарқындауы мүмкін.
Жанұялық тәрбие. Жанұялық тәрбиенің маңыздылығы өте зор. Жанұяда өскен бала, әсіресе мектеп жасына дейін және бастауыш сынып жасындағы бала көп қарым-қатынас жасайтын ата-анасына қарап әр-түрлі қылықтарын, сөйлеу әдептерін, мінез-құлқын өзіне қабылдауға тырысады. Жанұялық ұжымының жалпы мінездемесін, өмір-салтын өмірде ұстанады. [17].
Балаға үлгілі жанұялық тәрбие беру үшін ата-ананың өзі ұстанымды, үлгі тұтарлықтай өмір сүруі тиіс. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жанұялық тәрбие фундаментальды роль атқарады. Бала не ойнап отыр?, Кіммен ойнап жүр? осы сұрақтардың барлығы қарым-қатынастар мен ұстанымдардың қалыптасуына әсері бар. Баланы күнделікті үй тұрмыстарына жүйелі түрде араластыру еңбек сүйгіштік, жұмысқа қабілеттілік қасиеттерін қалыптастырады. Күнделікті сабақтар (әңгімелер, кітап оқу, сурет салу, мүсін жасау) білім алудың бастамасы ғана емес, сонымен қатар жеке адам бойында шығармашылыққа, білімге деген сүйіспеншілікпен құрмет сезімін тудырады.
А. С. Макаренкомен көптеген педагог-зерттеушілердің бақылауларына сүйене отырып жанұялық тәрбиенің ең көп кездесетін үш типін ажыратамыз.
Тәрбиенің бірінші типі. Жанұяда бала мақтаныш пен сүйіспеншілік объектісі болып табылады. Бұл баламен ата-анасы тек жылы сөйлеседі.
Баланың барлық қалаған ойыншықтарын, кітаптарын, суреттері сатып алынып беріледі, аз ғана уақыттан кейін бұл ойыншықтар керек емес халде лақтырылады. Көптеген мұражайларға, кино, балалар театрларына алынып барылады.
Еңбек сүйгіштікке, өзіне-өз қызмет жасауға және ата-анаға жәрдемдесуге тәрбиеленбейді. 6 жасқа дейін ата-анасы киіндірсе, 7 жасқа дейін қасықпен тамақтандырады. Киіндірер алдында бала қырсығады. Бұл бала мектепке барғанда барлық жағдайлар жасалынады. Ата-анасы баласының әрбір қадамын мақтаныш тұтады. Үй тапсырмасын орындамаса да «баланы жаршатпайық» деп ешкім балаға талап қоймайды. Осылардың барлығы жеке тұлғада аффективті немесе импульсивті мінез типтерінің қалыптасуына септігін тигізеді. Жаңадан мектеп жағдайына тап болған бұл типтегі балаларда өз құрдастарымен, педагогтарымен түсінбеушіліктер туындайды.
Бұл типтегі балаларды тәрбиелеп, қоғамның қажетті мүшесін жасай үшін мұғалім-педагогтар көптеп еңбектену керек.
Тәрбиелеудің екінші типі. Баланы кішкентайынан тыныш, басыңқы, тәртіпті етіп тәрбелеуге тырысады. Осындай тәрбие беру мақсатында ата-ана баласына айқаймен, бұйрықпен бағындырады, бұл баланың белсенділігін төмендетеді.
Үйде қатаң тәртіп, бұл баланың бойында ұқыптылық пен бірізділік қасиеттерін қалыптастырғанымен ойнау, уақытты қызықты өткізу үшін мүмкіндіктер болмайды.
Оқу, білім алу процестері (музыка жазу және оқу) өте ерте басталады, баланың өзі түсінбеседе айналасындағыларды жаттап алуға тиісті болады. Осы жағдай көбінесе мектептегі оқуға деген қызығушылықты түп-тамырымен жояды.
Бұл балалар мектепке барғанда әрдайымғы қадағалауға іштей қарсылықтар білдіре бастайды. Ата-аналар баласының ішкі әлемінде болып жатқан жайттармен қызықпайды, олар тек қана сырттай тәрбиені, яғни ілім-білімді, өзін-өзі ұстауын қадағалайды. Осылай тәрбиелеу әдісіндегі балалар бөтен адамдамен қарым-қатынаста қатты қысылады.
Ата-аналары балаларын сыртқы ортадағы құрдастарынан шеттетеді, ауладағы, мектептегі құрдастарымен достық орнатуға барынша қарсылық танытады. Бала жалғыз қалып, өмірге қызығушылық дәрежесі төмендейді. Өзіндік өмірінде ғана тіршілік ететін бұл типтегі балалар пассивтік өмір салтын ұстанады. [14].
Тәрбиелеудің үшінші типі. Ең көп таралған тип. Бұл әдісте ата-аналар балаларының белсенділігін қолдайды, керекті ағымға бағыттайды. Бірқалыптылық ұстанымдары басты принципке алынады.
Күн тәртібінде балаларымен түрлі ойындарға «бос уақыт» ажыратады. Мұндай ата-аналардың балалары көбіне балалар бақшасына барады. Ерте балалық шақтан баланы өзінше киінуге, өз ойыншықтарын жинауға, үй жұмыстарына көмектесуге үйретіледі.
Жанұядағы жеке тұлғаны тәрбиелеу мектеп тәрбиесімен сәйкес жүруі тиіс. Ата-анамен мектеп бүткіл оқыту барысында тығыз байланыс жасап, жеке адамды қалыптастырады.
Жеке тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбие беру. Адамгершілік- мақсатқа негізделген көзқарасты сенімді, парасатты мінез- құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиесі- ізгілікке, инабатталыққа баулудың жолы.
Рухани- адамгершілік тәрбие- бұл дұрыс дағдылар мен өзін- өзі ұстаудың дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым- қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз- оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін- өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез- келген затқа, жан- жануарға және экологияға жақсылық тілеп, жасауы. Сондықтан рухани- адамгершілік жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Негізгі көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін- өзі дамытып жетілдіру. Бала мен мұғалім арасындағы қарым- қатынастағы рухани- адамгершілік байланысын орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуге Ш.Аманошвилидің мұғалімдерге берген мына кеңесін ұсынғым келеді. «Педагогикалық үрдісте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегесін айтуға рұқсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым- қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен ынтымақтастық тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Яғни, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұласып кетеді. Мұғалім мен оқушы арасында рухани тұтастық пайда болады»,- деп рухани- адамгершілік тәрбиенің қай кезде орнығатынын атап көрсетеді.
Оқушылардың рухани-адамгершілік жеке басының даралық ерекшелік-теріне мінез-құлық көрсеткіштері жатады. Мінез ол- адамның өзіндік бағыт- бағдардың, жан дүниесінің ерекшеліктерінің тұрлаулы белгісі. Тәрбиелі мінез адам бойында ибалық қасиеттердің бар екенің көрсетеді. Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой- өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның адамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, оқушыларды рухани адамгершілік тәрбиесі арқылы толық қанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани тәрбие білім беру адам дамуының рухани үйлесімділіктерін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбиенің адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл- ой мен іс-әрекеттерін ізгілік мұраттарға бағыттап, рухани көзқарастарын қалыптастыратындығын естен шығаруға болмайтын сияқты.
Рухани адамгершілік тәрбиесінде тәрбиеші оқушыны тұлға ретінде тани біліп қана қоймай, үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет:
-бұрынғысы;
-қазіргісі;
-болашағы;
Рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі аса маңызды шарттардың бірі- мұға-лімнің өзінің әрбір ісі, жүріс-тұрысы, мінез- құлқы, сөйлеген сөзінің басқаларға ықпалы мен әсері, одан шығатын нәтижеге жауапкершілігі. Бала ықпал ететін объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |