Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар Мазмұны



бет2/8
Дата19.05.2022
өлшемі103.92 Kb.
#457953
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-53396

Жұмыстың мақсаты. Жеке адам түсінігіне сипаттама жасай отырып, жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды, қозғаушы күштерін, жолдары мен құралдарын ашып көрсету.
Жұмыстың міндеттері:
-Жеке адам туралы жалпы түсініктерді салыстыра зерттеу.
-Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері мен қоғамдық мәнін зерттеу.
-Жеке адамның қалыптастыру жолдары мен құралдарын жеке-жеке зерттеу.
-Жеке адам дамуының қозғаушы күштері мен факторлары зерттеу.
Зерттеу пәні. Жеке адамның қалыптастыру жолдары мен құралдары.
Зерттеу объектісі. Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізі. Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларын зерттеу мәселесісіне Л.С. Выготскийдің, В.Н. Мясищев, В.Т. Ананьев, А.А. Бодалев іс-әрекеттік ықпалын тигізді. Сонымен қатар шетел психологтары Зигмунд Фрейд, Джордж Герберт, Гарольд Гарфинкельд өз концепциядары мен теориялары зерттеу жұмысына негіз болды. Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер - Г.С. Абрамова, А.А. Бодалев, Ганс Айзенк, Л. Первин, О. Джон, В.С. Мухина, В.Н. Куницына, Б.Д. Парыгин т.б. жұмыстары болды.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруде бірін-бірі толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылды. Л.С. Григореваның «Психология и личность» атты еңбегінде жеке адамның қалыптасуындағы әсер ететін қозғаушы күштер мен құралдар кеңінен көрсетілген. В.Ф. Ряховтың «Жеке адамның қарым-
қатынас деңгейін» анықтайтын тест, Стюзен Деллингердің жеке адамның ерекшеліктерін анықтайтын «Психогеометриялық» тест қолданылды. Сонымен қатар жас ерекшелігіне байланысты бастауыш мектеп
жасындағы баланың қалыптасуына қозғаушы күштерді анықтауға арналған «Отбасы суреті» тесті қолданылды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезең - ізденіс кезеңінде зерттеу мәселесі бойынша психологиялық -педагогикалық әдебиеттерді жинақтау және оларды оқып-үйрену, зерттеу мәселесінің қазіргі кездегі хал-ақуалын анықтау істері жүргізілді. Осының негізінде зерттеу параметрлері, әдіснамасы, зерттеу объектісі, пәні, болжамдары, әдістері анықталды.
Екінші кезеңінде жинақталған материалдарға жүйелі - құрылымдық талдау жүргізілді. Жас ерекшелігіне байланысты жеке адамның даму ерекшеліктері ашылып, қарым-қатынас даму динамикасын зерттеуге арналған экспериментті-эмпирикалық жұмыстар жүргізілді.
Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі — Австрия ғалымы З. Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді.
Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш-қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З. Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның-белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, «Эдип комплексі» дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың «Эдип патша» атты шығармасының сарынын уағыздайды.
Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де, З. Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі-айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекеттің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ, А. Кординер, Е. Фромм, К. Хорни, З. Фрейд көзқарасының кемшілігін ашып көрсете алмаса да, өздерінше «жаңа фрейдизм» деген ағымды тудырды.
«Жаңа фрейдизм» ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. «Жаңа фрейдшілдердің» ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады.
К. Хорни адам қоғамнан аулақ болып, ғашығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, «жаңа фрейдшілдер» адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң берді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми-материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын.
Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекет-терімен ұштасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет