Жеке адамды қалыптастырудағы орта мен тұқым қуалаушылықтың ролі мен маңызы
Ғылымда «Мәңгілік мәселе» атты термин көптеп кездеседі. Бұл термин бірнеше жүздеген жылдар бойы шешімін таппаған ғылыми мәселелерге арналған. Бірнеше жүздеген жылдар бойы зерттеушілер бір сұрақты қайта-қайта қойып оны шешуге жауап таппаса, бұл мәселе дұрыс қойылған ба? деген пікірлер туындайды. Осындай мәңгілік сұрақтардың қатарына адамдағы биологиялық және әлеуметтік қатынастардың мәселелелері жатады.
Осы мәселе психология ілімінде мынадай атауларға ие:
-орта және тұқымқуалаушылықтың қатынасы;
-тұлғадағы «хайуанаттық» дәреже және «адамшылдық» дәрежесі;
-тұлға дамуындағы ішкі және сыртқы детерминация;
-тұлға дамуындағы объективті және субъективті факторлар;
-тұлға қалыптасуындағы қоғам мен даралықтың қатынасы.
Орта, қоғам, объективтілік және тұлға детерминациясының сыртқы факторларын жақтаушылары «адам сыртқы табиғи күштердің негізінде тұлға ретінде қалыптасады» деген ұстанымды қолдайды. Осы ұстанымдардан тұлға өмірінің жалпы заңдылықтары қалыптасады. Тұлғаның ұстанымдары кейінрек бала-бақшада, мектепте, спорт алаңдарында және жанұяда өзгере бастайтындығын (яғни ортада) ешкім жоққа шығара алмайды. Басқа адамдардың қылықтарын, қоғамдағы ұстанымын және мінезін көрген бала сол ұстанымдардан өзіне үлгі ретінде көшірмелер жасайды. Әр-түрлі мәдениет өкілдері адамдарының өзіндік дәстүрлері мен ұстаным стереотиптері әр-түрлі болады. Осы «сыртқы» факторларды ескермей тұлғаның қалыптасуын болжай алу мүмкін емес. Жоғарыда аталған фактілерден «орта» теориясының жақтаушылар көптеген тұжырымдар ұсынады. Мысалы, «эмпиризм» позициясы, ол бойынша бұл әлемге келген адамдардың барлығы «таза, мөлдір тақтай» іспеттес, кейінрек «орта» бұл тақтай бетіне өз өрнектерін салады (В. Мишель). Бұл түсінік 1970 жылдары пайда болды. Осы концепция бойынша адамдар туыла салып шыншыл-шыншыл емес, ашушаң-бірқалыпты болып бөлінбейді, кейіннен «ортаның» ықпалымен өзгереді деп тұжырымдайды. [19].
Бірақ ХХ ғасырдың басында атақты психолог В. Штерн шыншыл мәліметтерге сүйене отырып «тұқымқуалаушылық» концепциясының негізін қалады. Бұл концепция бойынша адам конституциясы мен генотипі тума қалыптасады делінді. «Тұқымқуалаушылық» теориясының өкілдері орта қандай болмасын жеке адамның мінезін, қасиеттерін, өмірге деген құызығушылықтары мен көзқарастары тек қана қанмен, яғни генетиппен келеді дегенді қазірге дейін жариялауда. Адам көптеген тірі организмдер ұстанымдарына ұқсас өмір салтын сүретінін ешкім жоққа шығара алмайды (тамақтанады, ұйықтайды, көбейеді және т.б.). Психоанализдің негізін қалаушы Э. Фрейд А. Эйнштейнге жазған хатында «адамға табиғатынан ашушаңдылық тән» деген болатын. Осыдан әрбір адамға тән даралық қасиеттерін ажыратуға турады келеді. Тұлғаның ұстандарын зерттеушілердің бірі Х. Хекхаузен тұлғаның даралық шекараларын үшке бөлді.
Бірінші шекара-адам әрекетінің басқа адамдар әрекетімен бірдей дәрежесі. Әрдайымғы әрекеттерден ауытқыған сайын оның артында тұлғаның «ішкі» факторлары тұр деп түсіну керек. Кітапхана залында барлық адамдар өз орындықтарында отыр, тек қана бір адам айналасындағы теріс көзқарастарына қарамай үстелге тізерлеп еңкейіп жазып отыр. Бұл адамда өзіндік тұлғалық ерекшелік-айналадағыларға бағынбау қасиеті тән.
Екінші шекара-өз әрекеттерінің бұрынғы немесе кейінгі әрекеттеріне, айналасындағылардың ұстанымдарына сәйкес келуін айтамыз.
Үшінші шекара-уақытқа бағынбайтын тұрақты әрекеттердің тұлғалық қасиеттерін айтамыз. Адам өмірінде бір жағдайдың (оқиғаның) қайталанған жағдайында адам өзін алдыңғыдан қарағанда басқаша ұстанса, бұл өзгерісті «орта» әсерімен емес, «ішкі», «тұлғалық» өзгерістермен сипаттауға болады.
Орта мен тұқымқуалаушылықтың айғақтарын саралай отырып көптеген қайшылықтарға тап боламыз. Тұқымқуалаушылықты жақтаушылардың өкілдері И.С.Бахтың тұқымқуалаушылық генетикасын мысал ретінде көрсетеді. Мысалы Бахтар жанұясында И.С.Бахтан өзге бірнеше ондаған музыканттар өмір сүрген. Бұл дегеніміз музыкалық мүмкіндіктердің «тұқымқуалауы» немесе атадан балаға мұра ретінде қанмен өтуі дегенді білдіреді.
Тағы бір мысал, ХХ ғасырдың 80 – жылдарында генетиканың енді даму кезеңінде хромосомалық норма түсініктері қалыптасты. Зерттеулер бойынша ХYY-хромосомалы ер адам, яғни бір Y-хромосомасы артық ер адамдардың көбісі бұрынғы түрмеде болғандар екен. Бұл «қылмыскердің» гені атты аңызды қайта жаңғыртты, бірақ кейіннен өз дәлелденбеді. Өйткені хромосоманың ХYY- ретінде түзілуі есі дұрыс адамға тән емес. Бұл талас қазірге дейін жалғасын табуда. Әрбір зерттеуші өзіндік пікірге ие болғандай бұл талас қазірге дейін шешімін табар емес. [12].
Еңбектену арқылы пайда болган тіл-ойлау мен сөйлеуді тудырады. Ал тілдің негізінде сөз жасалады. Сөз арқылы, сөйлесудің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы қалыптасып, жоғары тиімділікке қол жеткізеді. Адамдар тіл арқылы өздерінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсіндіруге ұмтылады. Адам жаратылысынан іс-әрекет етуші тұлға, оның барлық ерекше қасиеттері еңбектің нәтижесінде,тарихи даму арқылы қалыптасқан. Жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде бойына жинақтайтын сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсапалы қатынастарын анықтайды. Даңқ, ақыл, байлық, тартымдылық және дарын-бәрі де адамның сапасы. Бұлардың әрқайсысы шын мәнісінде мазмұнды,себебі бір адамның мақсат-мүддесі адаммен қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Жеке адамның осы қасиеттері қоғамнан ажыратылса, оның жеке басының сапасы затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалады.
Даралық- жеке адамның өзіне ғана тән белгілі бір сипаттамасы. Мұны әр адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген жөн. Даралық-адамды басқадан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі. Әрбір адам айналадағы дүниені өзгеше түсініп, өзгеше қабылдайды,оның ақыл есінің, ойының, зейінінің өзіне гана тән ерекшеліктері бар құштарлығы мен өзімдік қиялы,өз қызығуы мен ұғатып, жаратпайтыны; көңіл-күйінің ерекшеліктері, азды-көпті эмоциялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік-жігері, түрлі мінез-бетістері,т.б болады. Адамның ішкі жан дүниесі, яғни қалыптаса келе қол жеткізген «мені» - ең тереңде жататын барынша нәзік те бағдарланатын өлшем. Жеке адамның ішкі жан дүниесі сол адаммен бірге туып, дамып жетілетін соның өзіне ғана тән нәрсе. Жеке адамның белгілі дәрежедегі психикалық және әлеуметтік тұрғыда даму деңгейі сол адамның өз алдына маңызды мақсаттар қойып,оларды орындай алуына мүмкіндік тудырады, оның бойында дербес көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасып, өзіндік адамгершілік талаптар қойюмен іс-әрекетіп бағалауларна түрткі болады.
Адамның биологиялық қасиеттері оның организмнің морфологиялъқ, генетикалық құбылыстарынан және сондай-ақ, ми-жүйкелік, электрохимиялық, т.б. кейбір процестерден көрінеді. Ал психикалық жағына адамның ішкі рухани дүниесі-саналы және санасыз іс-әрекеттері еркі, көңіл күйі, есі, мінез құлқы, темпраменті т.б жатады. Алайда адам қасиеттерінің ешқайсысы жеке-дара адам құбылысының біртұтастығын бере алмайды. Жеке адам ақыл ойы бар жан дейміз. Сонда оның ақыл ойы дегеніміз не, ол тек биологиялъқ заңдылықтарға болғаны ма, әлде әлеуметтік заңдылықтарға ғана бағына ма? Адамның ақыл-ойы аса күрделі ұйымдасқан биопсихоәлеуметтік құбылыс; оның материалдық негізі әрине биологиялық құбылыс болып табылады, ал мазмұны психикалық құбылыстар мен әлеуметтік құбылыстардың өзара араласуы екені сөзсіз: мұнда әлеуметтік құбылыс сезімдік-ақыл-ой, ерік процестері арқылы психикалық процесс түрінде көрініс табады. Жеке адам бойында айырығысыз бірлікте болатын әлеуметтік және биологиялық жақтары адамның алуан түрлі қасиеттері мен іс-әрекеттерінің тек екі жағын ғана абстрактілі ұғым ретінде бейнелендіреді. Мәселен, егер жеке адамның биологиялық қасиеттерін ғана талдау жолына түссек, онда оның тірі организмдік заңдыльқтарын ғана мойындау дәрежесіне түсеміз. Бұл тұрғыдан қарағанда, адам материя қозғалысының тек биологиялық формасының ғана иесі болып көрінеді. Алайда жеке адам тек тірі организм ғана, биологиялық түр ғана емес, ол ең алдымен қоғамдық қатынастардың субъектісі. Ал егер адамның морфологиялық және психофизиялогиялық және рухани құрылымын талдауға көшсек, онда оның әлеуметтік психологиялық жан, яғни адамдың тұлға екенін ұғынамыз.
Жеке адамның әлеуметтік табиғатын талдап, оның тұлға екендігі жайында сөз еткенде, біз оның биологиялық жан екендігін естен шығармаймыз, тек антропологиялық ерекшеліктеріне ғана-дене құрылысы, қарапайым инстинктері сияқты психикалық процестері мен қасиеттерін зерттеу жағына т.б көңіл аудармаймыз. Біз, тірі организімнің бойында жүріп жатқан химиялық реакцияларының жаратылыстану-ғылыми мәніне көңіл бөлмейміз. Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оның тұлға ретінде түсіндірудің психологиялық ұғымына жатады. Адамның биологиялық жағы негізінен тұқым құалаушылық механізіміне байланысты болады. Ал адам тұлғасының әлеуметтік жағы қоғамның мәдени-тарихи мазмұнымен анықталады. Адамның биологиялық жағы да, әлеуметтік жағы да жеке алғанда оның ішкі мәнін анықтап бере алмайды. Адамның мәнін анықтайтын — биологиялық жағы мен әлеуметтік жағын табиғи бірлігі. Бірақ түрліше дүниетанымдық және практикалық мақсатта адамның биологиялық немесе әлеуметтік-психологиялық жағы басымрақ қарастырылуы мүмкін. Дегенмен қорытындысында адамның бұл екі жағы міндетті түрде бірлікте қаратырылуы тиіс. Мысалы, қоғамдық жағынан жетілуге, дамуға оның биологиялық, табиғи мәнінің қандай әсері бар немесе керісінше, адамның табиғи дамуына әлеуметтік-психологиялық жағдайлардың әсері қандай деген мәселелерді зерттегенде бір жағының басымырақ қаралуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |