Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары


В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын тірек және сызба белгілері арқылы табысты оқыту



бет3/3
Дата17.04.2024
өлшемі52.5 Kb.
#498955
1   2   3
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары әдістемелік баяндамасы

В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын тірек және сызба белгілері арқылы табысты оқыту. Материал ірі мөлшерде енгізілді және блоктарға бөлінген. Оқу материалы тірек схема-конспектілер түрінде беріледі. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:
- білім, білік дағдыны қалыптастырады;
- барлық баланы оқыту;
- оқытуды жеделдету.
С.Н. Лысенкова «Оза оқыту технологиясы». Оза оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал. Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.
Н.П. Гузик «Сынып ішілік деңгейлік саралау» . Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар бес типтен құралады:
- тақырыпты жалпы талдау сабақтары (дәрістер);
- қиыстырылған семинар сабақтар (оқушылардың оқу үрдісінде оқу материалдарын тереңдей талдауы);
- қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынықтар);
- материалды пәнаралық қортындылау сабақтары;
- тақырыпты тапсырмаларды қорғау сабақтары, практикум сабақтар.
Г.К.Селевко: Мұндай технологияның ең негізгі құндылығы - оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді.
В.В.Сериков:
1. Жеке тұлға дегеніміз - адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория.
2. Адам "жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу тәжірибесін меңгеруі тиіс.
3. Процесс тұлғалық тәжірибенің бастауы болып шығады.
4. Оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі.
5. Мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлға аралық, субьект аралық қарым-қатынас сипатын алады.
С.В.Кульневич: Білім беру процесін тұлғаға бағдарлау гуманистік педагогикалық мәдениет құндылықтарына ықпал етеді, бұл дегеніміз-білім алу емес, бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық мәні; жекелеген білік-дағдылар емес, жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері, өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі; педагогикалық талаптар қою емес, педагогикалық қолдау мен қамқарлық көрсету және мұғалім мен оқушының сұхбаттасуы; білім көлемі емес, меңгерілген ақпарат мөлшері емес, оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамытуы.
Оқытуда құзіреттілік әдістерді қолдану. Құзіреттілік – оқушының іс - әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Білім беру нәтижелері ретіндегі түйінді құзіреттілігі әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:

  • проблеманың шешімін табу құзіреттілігі;

  • ақпараттық құзіреттілік;

  • коммуникативтік құзіреттілік;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет