әрине футбол. Бірақ одан беделі кем емес басқа да спорт түрлері бар. Солардың бірі
–
хоккей. Неге бұлай? Осының себебі хоккейдің спортшының жан-жақтылығын
қажет ететіндігінен шығар! Оның тағы бір артықшылығы жанкүйерлерінің жүрегін
олардың барлық ынтасын өзіне баурап алуында. Хоккей чемпионаттары өткен
күндері спорт сарайларының шарасы лықа толады, жанкүйерлер уақытпен
санаспай түн ұйқыларын төрт бөліп теледидар алдында сағаттап тапжылмай
отырады.
Бірақ хоккейші болу оңай емес. Елдің алдында жүретін шебер ойыншы болу
үшін ұзақ жылдар бойы жалықпай жаттығып тамшылатып тер төгу керек. Тек
осылайша жанқиярлықпен ауыр еңбек арқылы ғана үздік хоккейші атануға болады.
Хоккейдің үш түрі бар:
Допты хоккей (бенди)
Шайбалы хоккей
Көгалдағы хоккей.
Допты хоккей ХІХ ғасырда Англияда пайда болған, кейін Скандинавиялық,
Еуропа мемлекеттеріне тараған мұз айдынында өтетін командалық ойын.Өзінің
шайбамен ойнайтын әріптесіне ұқсас, бірақ негізгі айырмашылығы допты хоккейде
мұз алаңында әр командада 11 ойншыдан болады және ойын қақпаның сыртында
өтпейді, ойын өтетін айдынның да көлемі үлкен, ұзындығы – 110 м, ені – 45-65 м.
Айдын доп тірелетін аласа тосқауылмен қоршалған. Ойын арасында 10 минуттық
үзілісі бар әрқайсысы 45 минуттық 2 таймнан тұрады.
Қазақстандағы допты хоккей ХХ ғасырдың 50-ші жылдары Оралда, Сібірде,
Қиыр Шығыста және Қазақстанда хоккей клубтары пайда болды. Көптеген
қалалардың командалары КСРО чемпионатында өнер көрсету құқығына ие болып,
солардың арасында Алматының «Динамосы» бірнеше рет КСРО-ның чемпионы
атанды. Допты хоккейдің дамуына байланысты ойынның әдістері мен тәсілі
өзгерді, дами түсті. Мұз айдынында Л.Алешин, П.Марков, Х.Абузаров, Г.Петров,
Г.Батырбаев, Н.Васин, Қ.Байболов, В.Болотов, М.Кузнецов, Ш.Хасанов сияқты
және т.б. талантты жастар көрінді. 1956 жылы Алматының «Буревестник» хоккей
командасы КСРО-ның чемпионатының жоғарғы тобында ойнайтын болды. Кейін
«Буревестник» Алматының «Динамо» командасына айналды. Олар 20 жыл бойы
КСРО-дағы күшті ұйымдардың біріне айналды. Э.Айрих пен Қ.Байболов сынды
білікті мамандар 1977 жылы оларды КСРО чемпионы атағына дейін көтерді. Бұған
қоса олар КСРО чемпионаттарының 6 рет күміс, 5 рет қола медальдарына ие болды.
1977-
78 жылдары «Динамо» Еуропа чемпиондарының кубогін иеленді.
Әр кезде «Динамоның» сапында В.Бочков, Я.Апельганец, А.Ионкин,
Ю.Барзин, А.Алешин, В.Илбин, Е.Агуреев, М.Жексенбеков сияқты белгілі
хоккейшілер өнер көрсетті. «Динамоның» В.Бочков, Л.Лобачев, В.Панев сынды
ойыншылары КСРО құрамасының сапында Әлем чемпионы атанды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР-ның допты хоккейшілері халықаралық
жарыстарда өнер көрсете бастады. 2004 жылы республиканың құрама командасы
Норвегияда өткен Әлем чемпионатында төртінші орынға ие болды.
Допты хоккейде алаң төртбұрышты 60-110 және 45-65 м. Қақпаның биіктігі
210 см, ені 360 см. Салмағы 58-62 грамм. Домалақ доптың шеңбері 6 см. Ойын
кезінде 10 хоккейші айдында, қақпашы қақпада тұрады. Хоккейшілер допты
57
таяқпен де аяғымен де тоқтата алады. Бірақ допты аяқпен немесе конькимен теуіп
қақпаға соғуға болмайды.
Ойын өте тез жоғары шапшаңдықта өтеді. Сондықтан да допты хоккеймен
айналысқан спортшы сырғану әдістерін жақсы меңгерген, шапшаң, күшті, жан-
жақты дайындығы мол болуға тиісті.
Ойын кезінде айдында екі (кейбір маңызды кездесулерде үш) төреші болады.
Сонымен қатар 1 уақытты өлшеуші, 2 қақпаны бақылаушы, хатшы-төреші қызмет
жасайды. Команда құрамында 14 ойыншы, 2 қақпашы, айдынға 11 ойыншы
шығады. Ойынның барысында ойнышыларды үш рет алмастыруға болады, бірақ
алаңға шығатын ойыншы, алмастыратын ойыншыдан айдынға бұрын шығады. Доп
түрлі-түсті пластмассадан немесе оны алмастыра алатын басқа заттан жасалады.
Жерге түскенде ол айдынның бетінен 15-20 см серпіліп кететін болуы керек.
Салмағы 58-62 грамм.
Таяқ мықты ағаштан немесе басқа заттан жасалып басының имек тұсы
қайыспен оралады. Ұзындығы – 120, ені – 6 см.
Киім барлық ойыншылар бастарына иек тұсы да қорғалған дулыға, қолғап,
тізеқап киеді. Қақпашының киімі басқа ойыншыларға қарағанда түсі бөлек
болады. Қақпашылар иегін қорғайтын қаптама, қолдарына қолғап киеді.
Достарыңызбен бөлісу: