Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

Ойын тәсілі, шабуылдағы және қорғаныстағы ойын техникасы екі топтағы 

тәсілдерден тұрады: шабуылшылардың жылжу техникасы және допқа ие болу 

техникасы, қорғаушылардың жылжу  техникасы және қарсыласу  әрекеттерінің 

техникасы. 

Допсыз орындалатын ойын тәсілдері: бастапқы тұрыс, жүру, жүгіру, секіру, 

тоқтау және бұрылу. Бұл топтағы тәсілдердің міндеті ойыншылардың  қажетті 

бағытта жоғары жылдамдықта сенімді жылжуы болып табылады. Ойыншының 

бастапқы қалыпта нық тұрысы шабуылда және қорғаныста жылдам және уақытылы 

қимылдауына  мүмкіндік  береді.  Қорғаушылардың  жылжуының  ерекшеліктері 

арқамен алға және жанымен жылжу болып табылады, ал шабуылшылар жылжуды 

бетпен алға орындайды. 

Шабуылшының допқа ие болу техникасы допты беруден, тосудан, допты алып 

жүруден және лақтырудан тұрады. 

Қорғаушы қарсы тұру әрекеттерін қолданады; допты алып кету, ойыншыға 

тосқауыл қою және лақтыру кезінде допқа тосқауыл қою, қағып жіберу және допты 

алып жүру кезінде тартып алу, лақтыру кезінде допты қолдан алып қою әрекеттері 

болып табылады. Қорғаныстағы ойын техникасына қақпашының ойыны кіреді, ол 

тұрыстан, қолмен және аяқпен  ойнаудан, лақтырудан және құлаудан,  қақпада 

жылжудан және лақтыруға қарсы шығудан тұрады. 

Барлық  техника  тәсілдерінің  орындалуының  негізгі  әрекеттердің 

рационалдылығы және үнемділігі жылдамдылық және дәлдік болып табылады. 

Теннис (лауан-теннис, ағылшынша Lawn – көгал және tennis, мүмкін француз 

тілінде – tenes – міне сізге, алыңыз) спорты доп және ракеткамен ортасынан тормен 

бөлінген арнаулы алаңдағы (корт) ойын. Ойынның мән-мазмұны – ракеткамен 

допты соғып, тордың үстінен қарсыласының ойын алаңына жеткізіп, ол кейін 

дұрыс  қайтара  алмайтындай  (ұшқан  сәтте  кейін  немесе  алаңға  бір  рет  түсіп 

секіргенде)  қайтара  соғу.  Алңның  көлемі  36х18  метрден  кем  емес,  тордың 

ортасындағы  биіктігі  91  сантиметр,  ракетка  ағаштан,  жеңіл  металдан,  әлде 

пластмассадан жасалған, сопақ шеңберлі. Тор табиғи немесе синтетикалық шектен 

жасалған, салмағы 300-400 грамм (12-14 унций) және одан үлкен. Добы резинкадан 

жасалып түкті матамен жабыстырылған, салмағы 56-72 грамм, диаметрі 6,35-6,57 

сантиметр. Бүгінгі теннис Ұлыбританияда ХІХ ғасырда пайда болған. Теннистің 

халықаралық (федерациясы)  ИТФ  1912  жылы  бекітілген.  КСРО  1956  жылдан 

құрамына кірген. Кең етек алып дамыған елдер – АҚШ, Австралия, Франция, 

50 



Ұлыбритания,  Италия,  Германия,  Швеция,  Испания,  Индия,  Мексика.  Әлем 

біріншілігі  ресми  түрде  өткізілмейді.  Ресми  емес  чемпионаттар:  жеке  (ерлер, 

әйелдер) – Уимблдон турнирі (Лондонда 1877 жылдан), ерлер командалары үшін 

Девис  кубогі  (1900  жылдан),  әуесқойлар,  кәсібилер  қатысатын  жарыстар. 

Әуесқойлар үшін  Еуропа  чемпионаты  1968 жылдан  бастап  өткізіледі.  Теннис 

олимпиадалық  ойындар  бағдарламасына  1896-1924  ж.  (1896  жылдан  ерлер 

арасындағы біріншілік, 1900 жылдан әйелдер арасында) енді. Теннис сөзінің атауы 

белгісіз. Бір ұсыныс – гректің «тенниа» сөзінен, лента немесе тоқыма бау мағынада. 

Тордың орнына оның үстінен доп асыра лақтырылған. Ойын кішкентай резеңке 

допты – ақ жүн мата және жасанды талшықпен аралас оралған, доптың салмағы 

56,7-

58,5 грамм, диаметрі 6,35-6,67 сантиметр. Ойынға 2  ойыншы (жеке ойын), 



немесе  4 ойыншы (жұптасып ойнау) қатысады. Ойнайтын жер тегіс алаң,  ақ 

сызықпен белгіленіп, тепе-тең тормен екіге бөлінген. Теннис ойынын доппен ойлап 

тапқандар ерте орта ғасырдағы Италияда пайда болған. Бұл ойында тордың үстінен 

допты алақанымен соғып ойнаған. ХІV ғасырдың ортасында бұл ойын Англияға 

ауысқан, олар ең бірінші «Теннис» деп атаған. ХІХ ғасырдың 70-жылдарында 

Англияда осы ойынның түр-сипаты бүгінгідей болған. Сөйтіп, лаун-теннис деп 

аталған. «Лаун»- ағылшын тілінде «көгал» деген сөз. Осыдан «лаун-теннис» - 

көгалды  алаңдағы  ойын  деген  атау  пайда  болған.  Теннис  ойынымен  әртүрлі 

жастағылар  әуестенді.  Теннис  жүрек  тамырлары  және  тыныс  жүйесін 

шынықтырады, жылдамдық, ептілік, төзімділікті дамытады. Теннисшінің жылдам, 

сонымен қоса еркін және ырғақты қозғалыстарына қатысты бұлшық еттер тобына 

әсер етеді. Осы ойынның эмоционалды және сауықтандыру бағыты тенниске 

қызығушылықтың үнемі артуына байланысты. 

Теннистің әдіс-амалы ракеткамен допты соғу, бұл көбінесе доптың кеңістікте 

айналуына қарай жалпақ, үйірмелі және қиғаштап соғу деп аталады. Жалпағынан 

соғудың сипаты бұл ракетканың тартылған шектерімен соққанда доптың үдемелі 

қозғалысын жылдамдатып, айналусыз немесе болмашы айналғанымен доптың 

ауада ұшуын және кейін серпілуі төмен және жылдам болады. Үйіріп соққанда 

қатты  тартылған  шек  допқа  қосымша  жылдамдықпен  қатар  горизонтальды 

айналмалы  қозғалысты  немесе  доптың  көлденең  бағыттағы  осімен  ұшу 

жылдамдығы. Осындай соққыдан соң  доп соншалықты доғаша иілген  қисық 

бағытта тордың үстінен жоғары ұшып жерге қатты соғылып жоғары секіреді. 

Допты қиғашынан соққанда оған қосымша  жылдамдық беріледі, бірақ доп кейінгі 

жылдамдық, айналмалы бағытта ұшатын болады. Осындай соққыдан соң доп 

төменірек секіре қайтып ұшқанымен, жылдамдығы әлсірейді. Теннисте мынадай 

соққы түрлері қолданылады: кейін серпілген допты оң және сол жағынан соғу, беру, 

басынан асыра соғу (смэш), лақтырып соғу (свеча) жартылай ұшқанда соғу, қысқа 

соққы. Ракетканы  ұстаудың негізгі  екі тәсілі  бар. Екі  тәсілге ортақ  ракетканы 

қолына алғанда оның сабынан саусақтарын шамалы түрде соза қысып ұстайды. 

Бірінші әдісте  ракетканы  биіктігі V-бұрышы  тәріздес  болып бармақ  және  сұқ 

саусақтарымен  ұстағанда  сабының  жоғарғы  сол  қырының  үстінде  жатады 

(ойыншының өзіне қарағанда). Ракетканы осындай әдіспен ұстаудың нәтижесінде, 

барлық соққыларды орындауға мүмкіндік пайда болады, осы уақытта қолдың 

саусақтары ракетканың сабында болуы шартты. Екінші әдісті орындағанда V-

51 



бұрышы  тәріздестің  жоғарғы  тұсы  сабының  жоғарғы  қыры  үстінде  болады. 

Осындай әдіспен барлық соққыларды орындауға болады. Сол жағынан соққы 

жасаудан басқалары, өйткені ракетканы қолдан-қолға ауыстыруға мәжбүр боласың 

(бірінші әдісте ауысу қажет), көбінесе белгілі теннисшілер, ерлер мен әйелдер де, 

ракетканы қолымен ұстаудың екінші әдісін қолданады. 

Теннистің әдіс-тәсілдеріне көптеген өзгерістер енгізілді. Жүйелі ойынның ең 

жақсы  тәсілі  (әдіс-амалы)  –  теннисшіге  толық  мүмкіндік  беретін  шабуылды 

қорғаныс пен ұйымдастыратын қосымша құрама тәсілі. Осы әдісті әлемнің ең күшті 

теннисшілерінің  барлығы  бірдей  қолданады.  Осындай  жүйедегі  теннис 

ойыншысының басты мақсаты сақадай сай дайындықпен ойынға шығып, келесі 

ойынды  сәтті  түрде  аяқтап,  әр  шабуыл  сайын  ұпай  жинап  жеңіске  жету. 

Теннисшінің  алдына  қойған  жоспары  қарсыласының  тәсілдік  ерекшеліктері 

негізіне қарай салыстырмалы талдауы арқылы әдісін, дене дайындығын, қайратты 

күші мен сапасына қатысты ойынның сыртқы жағдайларын ескере отырып, өз 

мақсатына  жете  білуі.  Жұптасып  ойнау  –  төңірегіндегі  жағдайға  байланысты 

үйреншікті меңгере білу тәсілі. Осыған орай әсіресе, жұптасқан ойында допты 

берудің және бірден соғудың маңызы ерекше. 

Жұптасып ойнаудың үш түрі бар: ер адамдар жұбы, әйелдер жұбы, аралас жұп 

(ерлер  мен  әйелдер).  Жұптасып  ойын  командалық  болып  есептелінеді,  бұл 

ойыншылардан үлкен жауапкершілікті, келісімді іс-әрекетті, өзара түсінкті қажет 

етеді. Допты берудің негізгі тәсілі допты қатты соғып шабуылға шығу және тордың 

төңірегіндегі ұтымды жағдайға ие болып ұпай жинау. Доп беруші ойыншының 

әріптесі өз алаңының жартысын қорғап, қатты соққымен қарсыласының допты 

қабылдауын  қиындату  –  допты  тордан  қағып  алып,  кейін  қайтару.  Допты 

қабылдаушының негізгі тәсілінің мақсаты мынадай – қатты соққымен шабуылды 

тойтарып, содан кейінгі кезекте торға жақындап допты қатты соғу. 

Корт,  үстіңгі  қабаты  шөпті,  топырақты  жер  немесе  асфальтті,  ағаштан 

жасалған,  кеуек  бетон  немесе  басқа  да  материалдар  болуы  мүмкін.  Корт  ақ 

сызықтармен  белгіленеді.  Сызықтың  жалпақтығы  корттың  жалпылай  аумағы 

көлеміне кіреді. 

Тор, екі діңгек аралығында тартылған сым арқан тор ілінеді, үстіңгі жағы ақ 

матамен көмкерілген. Тордың орта тұсы тігінен белбеумен тартылып байланады. 

Оның шет жағы  тиянақты түрде  жерге мықтап бекітіледі.  Тордың биіктігі  екі 

діңгектің биіктігіне сәйкес келеді.  

Ойыншылар,  әдетте  ерлер  ерлермен,  әйелдер  әйелдермен  (араласқан 

жұптарды  қоспағанда)  өзара  ойнайды.  Жарысқа  қатысқан  командалардың 

құрамында бір ер адам бір әйел адам болғанында ол аралас жұп командасы болып 

есептелінеді. Ойыншылардың дәстүрлі спорт киімдері еркек адамдарда – тенниска 

және шолақ шалбар болса, әйелдерде  - юбка, блузка және ақ көйлек, дегенмен де 

барлық  кәсіби  сайыстарда  басқа  көйлектерді,  Уимблдон  турнирінен  басқа 

жарыстарда, киюге болады. Аяғына ақ шұлық киеді. Табаны каучуктен жасалған 

арнайы аяқ киім болады.  

Ұзақтығы – ер адамдар жарыстарының уақыты үлкен ұзақтығы 5 сет (3 сәтті 

ұтқанға дейін), әйелдер жарыстарының ұзақтығы 3 сет (2 сәтті ұтқанға дейін) ойын 

үзіліссіз  жүргізіледі.  Кейбір  белгілі  бір  жағдайларда,  мысалы,  басқа  елдерде 

52 



ойыншыларға – ерлерге 3 сеттен кейін 10 минут, әйелдерге 2 сеттен кейін дем 

алуларына рұқсат беріледі.  Экваториялық елдерде осындай  үзіліс 45  минутқа 

созылуы  мүмкін.  Ойыншылардың  күш-қуатын  көтеру  немесе  кеңес  беру 

мақсатында ойын ешқашанда тоқтатылмайды. Төреші ойынды тек саналы уақытқа 

тоқтата алады, егер ойынға сыртқы бір факторлар, мысалы, жанкүйерлер желігіп 

ойынға кедергі болғанында ойын аз уақытқа тоқтатылып, қайтадан жалғасады. 

Төрешілік. Төрешілер бригадасында – 1 ойын төрешісі, сонымен бірге оның 2 

тор көмекшісі, сызық бойындағы төрешілер болады, барлық саны 3 төрешілер. 

Ойынның басталуы допты бірінші болып беру немесе ойын алаңын таңдау 

құқығы тиынды жоғары лақтыру арқылы белгіленеді. 

Ұпайды есептеу. Ойын ұпайы гейм және сетпен есептеледі. Әрбір гейм 0 саны 

есебінен басталады. Бірінші – ұтыстан соң есеп 15 тепе-теңдігінде, екінші – есеп 30-

ға дейін, үшіншісі – 40-қа дейін жалғасады. Төртінші ұпай саны геймде жеңіске 

жеткізеді., егер ойын «тең» жағдайы 40 ұпай есебінде жарияланғанда анықталмаған 

жағдайда, «тең ойыннан»  кейін, келесі ойыншы тағы бір ұпай әкелсе, геймде 

жеңіске жетеді. Егер оның қарсыласы ұпай санын теңестірсе, сет қайтадан «тең»  

болады. Осыдан кейін бәрі гейм біткене қайыра қайталанады. Алты геймді бірінші 

болып ұтқан сетте жеңіске жетеді, басқа бір тосын жағдайды қоспағанда, әрбір 

ойыншылар 5 геймнен кейін ұтқандарында. Бұл жағдайда ойыншылардың біреуінің 

ұтқан гейм ұпайының саны екіге жеткенше ойын жалғаса береді. 

Тай-брейк. Соншалықты ұзақ уақытқа созылған сеттен құтылу мақсатында, 

кейбір  турнирлерде  жеңімпаздарды  анықтау  жүйесінде,  бұл  «тай-брейк»  деп 

аталады. Сөйтіп, сол іс-әрекетке кіріседі. Бұл сеттегі әрбір қарсыластарының ұтқан 

ұпай саны 6-дан тең болған жағдайда. 

7 ұпайды бірінші ұтқан ойыншы геймде және сетте жеңіске жеткен болып 

есептелінеді,  егер  ол  соңғы  геймде  екі  ұпай  айырмашылығымен  алда  болған 

жағдайда. Егер ұпайларының есебі 6-дан болғанында, қарсыластарының біреуі 

ұпай жағынан алға шыққанша ойын жалғаса береді. Ұпайдың санын есептеу бүкіл 

гейм бойы одан әрі қарай жүргізіліп, тай-брейк ойынымен аяқталады. Көптеген 

турнирлердің қорытынды сетінде тай-брейк қолданылмайды – бұл сет әдеттегідей 

ойын ұпайы есебімен аяқталады. 

Қазақстанның теннисі. Бұл 1944-47 жылдардан бастап таратылды. Қазақстан 

теннсшілері арасында есімдері белгілі ойыншылар – М.Крошина мен М.Ткаченко 

– 

Еуропа чемпиондары (1972), Л.Максимова – КСРО-ның қыздар арасындағы 



чемпионы (1978). 

ИЛТФ  теннистің  халықаралық  бірлестігі  1912  жылы  Парижде  құрылған. 

Мақсаты мен міндеті:  теннистің дамуына жағдай  жасап, ойындарды  өткізудің 

халықаралық жарғысын қатал қадағалау. Бірлестіктің жоғарғы ұйымы бүкіл ұлттар 

өкілеттігі ассоциациясы, әліде ИЛТФ кеңесі болып саналады, күнделікті жұмысын 

комитет басшылары басқарады. ҚР ИЛТФ-ға 1993 жылдан мүше болды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет