Бақылау сұрақтары
1. Жүзімді алғашқы өңдеудің мақсаты?
2. Суслоны фракциялау дегеніміз не?
3. Шырынды бөлу әдістері және оларға сипаттама.
7-дәріс.
Тақырып: «Жүзімді ақ әдісімен өңдеу».
Мақсаты мен міндеттері: Жүзімді ақ әдісімен өңдеу технологиясымен
танысу және сипаттама беру.
Дәріс жоспары
1. Ақ әдісімен шырынды бөлу сұлбалары.
2. Шырынды мөлдірлеу.
3. Суслоның қышқылдылығын реттеу.
Дәрістің қысқаша тезисі
1. Ақ тәсіл бойынша өңдеу. Жүзімді ақ тәсіл бойынша өңдеу
технологиясында, ақ шараптардың сапасын нашарлататын, қабығындағы
экстрактивті заттардың суслоға көптеп өтуін жібермейтін бірнеше әдістер
қолданылады.
ТМД елдерінде жүзімді ақ тәсіл бойынша өңдеу көбіне ВПЛ ағымды
желілерде орындалады. Оның жүзімді өңдеу өнімділігі 20-50 т/сағ. Бұл
желілерде шампан және хересті шарап материалдарына, жоғары сапалы ақ
асханалық шараптарына арналған шырындар (сусло) алынады.
Кейбір шетелдерде (Франция, Венгрия) осындай желілерде шнекті
сорғылтқыштары мен престердің орнына 3-5-тен біріктірілген, камералы
сорғылтқыштары және 1-2 мерзімді престер орнатылады. Жүзімді осындай
схема бойынша өңдеу шырын өндіру мен шараптарды шығаруға әмбебап
болып саналады. Жеке жағдайларда жүзімді жекешеленген технологиялық
схемалар бойынша өңдейді, мысалы сағақтарынан ажыратпай немесе
тұтастай.
|