«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы


  Табиғат  жағдайы  және  жүзім  сорттары



Pdf көрінісі
бет42/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

2.  Табиғат  жағдайы  және  жүзім  сорттары.  Ақ  құрғақ  шараптар 
вегетациялық  кезеңінің  активті  температура  жиынтығы  2800-3200
0
С,  ең 
жылы  айдың  орташа  температурасы  18-26
0
С  және  жылдық  жауын  шашын 
мөлшері 400мм кем емес, яғни жылы климат жағдайында алынады. Механи-


45 
 
калық құрамы жеңіл, карбонаттарға бай қара топырақтар, қышқыл реакциялы 
сарғылт  топырақтар  және  саз-балшықты  топырақтар  ең  қолайлы  болып 
саналады.  Мұндай  топырақ  жағдайы  Рейн  және  Мозель  алқабында  
(Германия), Бургундия мен Эльзаста (Франция), Австрияда, Италияның сол-
түстігінде, Венгрияның көптеген аймақтарында, ТМД елдерінде – Молдавия-
ның  орталығында,  Закартапье,  Украинаның  оңтүстік  таулы  аймақтарында, 
Краснодар  өлкесінің  Қаратеңіз  жағалауында,  Солтүстік  Кавказда,  теңіз 
деңгейінен  400-500м  биіктікте  орналасқан  Грузияның  таулы  аймақтарында 
және тағы басқа жерлерде бар. 
Ақ асханалық құрғақ шарапты бір немесе бірнеше ақ техникалық жүзім 
сорттарынан  дайындайды.  Олар  Алиготе,  Рислинг  рейнский,  Савиньон, 
Фетяска,  Траминер,  Кокур  белый,  Сильванер,  Ркацители,  Шардоне,  Пино 
белый  және  т.б,  сонымен  қатар  боялмайтын  шырынды  қызыл  сорттардан  - 
Пино  черный,  Каберне-Савиньон  т.б  ақ  әдіс  бойынша  өңдеу  жолымен 
жасайды.  Жүзімнің  қанттылығы  17%  кем  емес  және  титрленетін  қышқыл 
мөлшері 6-10г/л болу керек. 
Ақ құрғақ шараптар үшін жүзімнің оптималды кондициясы: қанттылы-
ғы 18-20%, титрленетін қышқылдылығы 7-9г/л, бұл спирттілік 11-12% шарап 
алуға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  шараптар  микробты  ауруларға  төзімді, 
толық  және  жұмсақ  дәм  беретін  глицерин  мен  янтарлы  қышқылының 
мөлшері  жеткілікті  және  күшті,  жақсы  хош  иісті  болады.  Сұр  шірікпен 
зақымдалған жидектер мен жүзім шоғы өңделуге жіберілмейді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет