Бағалы жүзім сорттарының сорғылтылған езіндісін өңдеу. Өңделіп
жатқан жүзім сорттары мен сапасының құрылымында ауданы мен ауа
райының жағдайына қарай Рислинг, Совиньон, Траминер, Педро, Мускат,
Каберне-Совиньон, Саперави және т.б жоғары сапалы техникалық сортта-
рының бөлігі 30-50% құрайды. Қалған өнім технологиялық қант қорының,
экстрактивті, бояғыш, ароматтағыш заттарының жетімсіздігімен және құра-
мында қышқылдың көптігімен сипатталады. Бағалы сорттардың сорғытылған
езіндісін сусломен экстрагирлеу принципін қолдану арқылы әртүрлі сапалы
жүзімдерді ақ және қызыл әдіс бойынша қосып өңдеу қанттың, экстрактивті
және ароматты заттарынның едәуір қосылуын береді.
Концентрациялардың тегістелу динамикасынан көрінгендей бағалы
заттарың экстрагирленуі мен бағасыз жүзімдердегі қышқылдануының тұрақ-
тануы 2-4 сағатта аяқталады. Сондықтан сорғылтылған мезганы қарқынды
араластыратын аппараттарда өңдейді. Экстрация модулі, былай айтқанда
сұйық және қатты фазалардың ара қатынасы 4,3-6,0 дейінгі мөлшерде
ұсталуы керек. Бұл сорғылтылған мезгаға суслоны 1:1 қатынаста немесе
мезганы 3:1, 5:1 мөлшерде қосылуымен қамтамасыз етіледі. Осыған орай,
жүзімді әртүрлі вариантты схемалар бойынша және оның күйіне, міндет-
теріне байланысты өңдейді, сондықтан жүзімді өңдеуде технологиялық
жұмсақ схемалар қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |