47
2500-6000 дал резервуарларда, таза ашытқы культурасы мен сүт қышқылы
бактерияларының қоспасында 20
0
С температурада ашытады.
ТМД елдерінде шампан шарапматериалын өндіру үшін, 20 жүзім
сорттарын қолдануға рұқсат берілген. Олар Пино черный, Пино серый,
Шардоне, Рислинг, Сильванер, Савиньон, Каберне-Совиньон және т.б.
Жүзімді шампандық пісіп-жетілу кезеңінде жинайды. Жеміс шоғын міндетті
түрде таңдайды. Периодтты престерден немесе аққыштан (стекательден)
алынатын шырынның мөлшері 1т жүзімнен 50 далдан артық болмауы керек.
Оны SO
2
–мен 60 мг/л мөлшеріне дейін тұндыру арқылы сульфиттеп, таза
арнайы ашытқы расасы культурасында, 16-18
0
С температура жағдайында
ашытады. Дайын шарапматериалы мына талаптарға сай болу керек спирт –
10-12% ад, жалпы SO
2
– 100 мг/л артық емес, темір – 20 мг/л артық емес,
титрленетін қышқыл – 6-10 г/л. Дегустациялық бағасы 10 балдық шкала
бойынша 7-8 балдан төмен емес.
Коньяк шарапматериалы – коньяк спиртін алуға арналған шикізат. Оны
қызғылт Фольбланш, Алый терский және ақ Алиготе, Плавай, Ркацители,
Тербаш, т.б сорттардан алады. Жүзімді сірке қышқылын қолданусыз, ақ
құрғақ шарапматериалын дайындау схемасы бойынша өңдейді. Тұндыру
алдында шырынды 10-12
0
С температураға дейін салқындатады. Шарапма-
териалында 2% дейін ашытқының болуы жіберіледі.
Херес шарапматериалы – херес шараптарына арналған жартылай
фабрикат. Оларды нейтралды ақ жүзім сорттарынан немесе олардың қоспа-
сынан дайындайды. Қанттылығы 18-20% кем емес. Херес шарапматериалын
ақ асханалық шарап дайындау технологиясымен жасайды. Шырынның рН
3,5 немесе одан көп болғанда 1кг-ға 1,5-2 г кальций сульфаты есебінен жүзім
немесе езіндіні гипстейді. Гипсті қосу активті қышқылдылықты төмендетеді.
Шарапматериалын сүт қышқылды ашудан сақтайды және шарапқа өзіне тән
дәм береді. Шырынның ашуы таза ашытқы Херес 20-С немесе Херес 96-К
расасының культурасында жүргізіледі. Алынған ашық боялған шарапмате-
риалын негізінен асханалық Херес және кейбір күшті Херес маркаларын
өндіруге қолданады. Ең жақсы херес шарапматериалын толық пісіп-жетілген
жүзімді корзиналы престе баяу нығыздау әдісімен немесе кәдімгі схема
бойынша, бірақ шырынды езіндіде 5-6 сағат ұстау тәсілімен алады. Бұл
алтын түсті экстрактивті құрғақ шарап материалын алуға мүмкіндік береді.
Келтірілген экстракт 19г/л кем болмау керек. Алынған шарап материалын
16,5% дейін спирттеп, ірі резервуарларда херестеуге дейін сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: