«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы


 Шарап  өндірісінің  қысқаша  тарихы,  қазіргі  жағдайы



Pdf көрінісі
бет7/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

2. Шарап  өндірісінің  қысқаша  тарихы,  қазіргі  жағдайы.  Шарап 
дайындау  технологиясын  адам  осыдан  5-6  мың  жыл  бұрын  білген.  Мысыр 
елі, Рим империясы, Греция, Кавказ елдерінде шарап дайындау ерте дамыған. 
Орта азия елдері арабтар мұсылман дінін алып келуге дейін жүзім өсірумен 
айналысқан.  Қазақстанда  шарап  дайындау  технологиясы  20  ғасырдың  50 
жылдарынан  бастап  дамыды.  Осы  кезде  мамандандырылған  жүзім  өсіретін 
совхоздар  және  шарап  зауыттары  салына  бастады.  50-90  жылдары  шарап 
өндірісі  Қазақстанда  көп  жетістіктерге  жетті.  Атақты  шараптар,  зауыттар 
пайда болды. 
Жүзім  шаруашылығы  негізінен  шарап  өндіру  сұранысына  байланысты 
дамиды.  Дүние  жүзіндегі  өндірілетін  жүзімнің  10%  ғана  жасаң  күйінде 
пайдаланылады,  6%  кептіріледі  (изюм,  киш-миш),  ал  84%  жүзім  өңдеуге 
жіберіледі.  Бүкіл  дүние  жүзіндегі  мемлекеттер  мен  континеттердегі 
жүзімдіктер көлемі 10 млн гектарға жетіп қалды. 
Қазіргі кезде шарап өндіру саласы қарқынды даму жолында, бірақ сонда 
–  да  көп  жағдайларды  іске  асыру  қажет.  Бұл  сала  Кеңес  Одағы  құлдырау 
кезінде қиын кезеңдерден өтті, бірақ сонда – да жалғасуда.  
Қазақстандағы шарап өндіру саласы жаңадан басталып келе жатқанына 
қарамастан  көптеген  жетістіктерге  жетті.  Бұған  дәлел  ретінде  халықаралық 
байқауларда  жүлделі  орындарға  ие  болған  Қазақстандық  шараптар  – 
«Рислинг»,  «Иссык»,  «Целинное»,  «Ақбұлақ»  және  т.б.  Алжир,  Франция, 
Италия  және  басқа  да  елдердегі  жүзімдіктер  көлемінің  қысқаруына 
қарамастан,  соңғы  жылдары  әлемдегі  жүзімдік  көлемі  тұрақты,  оны  АҚШ, 
Аргентина,  Австралия  және  Жаңа  Зеландиядағы  жүзімдіктер  көлемінің 
ұлғаюы қалпына келтіреді. 
Жүзім  шаруашылығы  және  одан  өндірілетін  өнім,  өнеркәсіптің  өте 
тиімді саласының бірі болып табылады. Жүзім шаруашылығына өте қолайлы 


11 
 
аудандарда  (Оңтүстік  Қазақстан  ауданында),  жүзімнің  1  гектарынан 
алынатын өнім, мақта өнімінен 6-7 есе артық.  
Мәдени  жүзім  түрі  Витис  Винифера  өте  ертеден  келе  жатыр,  ал  жүзім 
шарабы адамзаттың дамуымен басталды. Бұған дәлел  клинопистті жазулар, 
иероглифтер,  египет  қамалдарындағы  суреттер,  сансыз  әңгімелер  мен 
Византия  папирустарының  жазбаша  қалдырған  еңбектері,  Геродоттың, 
Ксенофонттың еңбектері, Катонның еңбектері жүзімдіктермен жүзім шарабы 
әрдайым түсінушілікпен үйлесімде болған. Ерте заманнан жүзімді шарап алу 
үшін өсірген. Ғасырлар бойы жүзім адамзаттың ортақ дақылы болған, тағам 
ретінде  және  ем  мақсатында  қолданған.  Шараптың  бұл  қасиеті  Ежелгі 
Грецияда және Римде белгілі болған.  
Қазіргі  кездегі  медицина  зерттеулерінің  және  көп  жылдық 
тәжірибелердің арқасында табиғи жүзім шарабы, гигиеналық, диеталық және 
терапевтикалық бағасы барын айтады. Шарап іше отырып адам организміне 
таза  биологиялық,  гигиеналық  жидек  шырынын  және  минералды  заттарды 
қоса алады.  
Жүзім  шарабы  дәмді  сусын,  оны  ет,  балық,  көкөніс,  ірімшік  артынан 
ішуге  болады.  Шарап  дәмдеуіш  өнімдер  (тұз,  сірке,  бұрыш)  сияқты  тамақ 
үстінде  де  қолдануға  болады.  Әртүрлі  дәміне  байланысты  қолданушылар 
белгілі  тамақтарды  таңдауына  болады.  Ақ,  табиғи  құрғақ,  жартылай  құрғақ 
және  ерекше  құрғақ  шараптарды  10-12ºС  суытылған  күйде  балықпен,  суық 
және  ыстық  тамақтармен  қосып  қолдануға  болады.  Дубилді  заты,  әсіресе 
танин  бар,  қышқылдығы  жоғары  қызыл  шарапты  15-20ºС  температурада  ет 
өнімдерімен, әсіресе майлы және сұйық тағамдармен қолданған жөн.  
Тәбет ашу үшін тамақ алдында херес, мадера, вермут шараптарын ішкен 
жөн.  Шампанды  6-8ºС  температурада  әртүрлі  тағамдармен  және  белгілі 
ретпен: брют, ең құрғақ түскі ас алдында, бітер кезде десертпен бірге қызыл 
шымырлайтын  шарап,  цимлянское  және  шымырлайтын  мускат  ішу  керек. 
Көкөніспен  құрғақ,  ерекше  құрғақ  және  жартылай  тәтті  шарап  жақсы 
келіседі.  Арнайы  десертті  және  ликерлі  шараптарға  тәтті  тағамдар,  торттар, 
печенье және жеміс-жидек жақсы сәйкес келеді. 
Шарапты  Персия,  Ежелгі  Греция  және  Рим  дәрігерлері  ем  ретінде 
қолданған.  Шараппен  емдеу  латын  мәдениетімен  бірге  Батыс  Европаға  да 
келген.  Медицина,  Фармокапея  шарапты  алкоголді,  гигиеналық  таза  сусын 
ретінде,  емдік  қасиеті  бар  деп  есептейді.  Адам  үшін  емдік  қасиеті  көп.  Бұл 
шешім  Гиппократ  еңбектерінде,  Салернский  денсаулық  кодексінде,  Луи 
Пастердің  зерттеулерінде,  қазіргі  заманғы  Франция,  Италия,  Россия, 
Румыния,  Венгрия,  АҚШ  және  т.б  елдердің  медицинасында  дәлелденіп, 
дамуда. 
Шараптың  бактерицидтілігі  кең  жайылған.  Үштен  бірі  қатынаста  суға 
езілген  табиғи  құрғақ  шарапта  бірнеше  минут  ішінде  тифозды  бактериялар, 
ішек  таяқшалары  және  холера  вибриондары  өледі,  ал  араластырылмағанда 
бірнеше  секундта.  Ақ  және  қызыл  шараптарды  (белгілі  мөлшерде) 


12 
 
профилактикалық  және  ем  ретінде  асқазан  ауруларына  қарсы,  зат  алмасу 
бұзылғанда, анемияда, астенияда және де психикалық, физикалық ауруларда 
ішуге болады, асқазан секрециясын дұрыстайды, тәбет ашады. 
Шарап құрамындағы натрий, калий бүйрек және жүрек жүйесіне жақсы 
әсер  етеді.  Организмдегі  темірдің  жетіспеуінен  болатын  анемияға,  әсіресе 
жас әйелдерде болатын анемияға қарсы қан құрамындағы темірді көбейтеді.  
Ақ  шарап  пен  қызыл  шараптарды  салыстырсақ,  қызыл  шараптың 
бактерецидтік  қасиеті  басымырақ,  өйткені  оның  құрамында  сүт  қышқылы, 
полифенол  (лигнин,  меланин,  дубилді  заттар)  және  агликондар  (дельфи-
нидин, мальвидин, пеопидин, пеларгонидин, цианидин) бар. Тұмау, бронхит, 
өкпе  ауруларына  глинтвейн,  яғни  ыстық  қантты  қызыл  шарап  ішкен  жақсы 
көмектеседі. 
Кагор және басқа қызыл десерт шараптары және табиғи құрғақ шараптар 
емдік  қоспаларға  кіреді,  алоэ  жапырағы,  балмен  және  басқа  компонент-
термен. Оларды асқазан, ішек, тамақ кейде өкпе ауруларына қолданады.  
 Шараптағы эфир майлары, күрделі эфирлер, альдегидтер, ацеталдар қан 
қысымын  түсіреді  және  жүйке  жүйесін  дем  алдырады.  Суытылған  шампан 
жүрек  айныған  кезде  көмектеседі.  Жүзім  шарабы  құрамында  дубилді  және 
галлилі  қышқылдар  болғандықтан  антивирусты  да  болып  саналады.  Бұл 
айтылғандар  адам  ағзасына  пайдалы  жағы,  кері  жағын  да  білу  керек.  Бұл 
адамдардың көп мөлшерде ішуінен болады. 
«Шарап және денсаулық» I – халықаралық симпозиумында (Аргентина, 
1987)  профессор  Жак  Маскелье:  «Шарап  биологиялық  жол  тоғысы,  онда 
тағамдық өнім, токсикалық заттар және ем кездеседі. Біз ләззәт алу үшін ақ 
шарапты, денсаулық үшін қызыл шарапты таңдай аламыз» деп айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет