«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет79/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

 
Бақылау сұрақтары 
1. Не  себептен  желімдеуші  материалдардың  мөлшерін  сынамалы  түрде 
анықтайды? 
2. Сынамалы  желімдеуді  бір  және  екі  желімдеуіш  заттармен  қалай 
жүргізеді? 
3. Сынамалы  желімдеудің  нәтижелері  бойынша  шараптың  берілген 
көлеміне керекті желімдеуіш затты қалай есептейді? 
 
7 - зертханалық жұмыс. 
Тақырып:  «Шарапты  бентонитпен  өңдеу  кезіндегі  флокулянттың 
оптимальді мөлшерін  анықтау» 
Жұмыстың  мақсаты:  Шарапты  бентонитпен  өңдеу  кезіндегі 
флокулянттың оптимальді мөлшерін  анықтау  тәсілдерін үйреніп білу. 


91 
 
Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар 
Өлшеуіш  колбасы  200мл,  белгісі  бар  шыны  200мл  цилиндр,  пипетка 
(тамшылатқыш) 10мл, техникалық таразы. 
Жұмысты орындау әдістемесі 
Шарапты  бентонитпен  өңдеу  кезінде  белокты  заттарды  бентонит 
бөлшектерімен  сіңіріп  байланыстыру  өте  жылдам  жүреді.  Сондықтан 
шарапты  коагуляциялау  үшін  бентонитпен  өңдеу  уақыты  мөлдірлену 
нәтижесіне әсерін тигізбейтіндігінен, өңдеудің уақытын азайтуға болады. Ол 
ұшын шарапқа бентонитпен бірге арнайы заттар (флокулянттар) қосылады. 
Шарапты мөлдірлеудің осы фазасын жылдамдату  үшін флокулянттар  - 
жоғары  молекулярлы  полиэлектролит  қолданады,  ол  бентониттің  тұнбаға 
түсуін  агрегаттайды.  Шарап  дайындау  өндірісінде  бентонит  бөліктерін 
тұндыруын жылдамдату үшін полиакриламид қолданады (ПАА). Қосылатын 
ПАА мөлшері шарапқа қосылатын бентонит мөлшерінің орта есеппен  0,1  – 
0,9%-ын құрайды. Қосу мөлшері дұрыс болса флокулянттың әсері толығымен 
іске  асырылады.  Флокулянттың  жетіспеуі    бентонит  бөліктерінің  толық 
агрегатталуын қамтамасыз етпейді. Флокулянттың шектен тыс болуы лайлы 
бөлшектердің іріленуіне, ірі агрегаттардың түзілуіне кедергі жасап, олардың 
коагуляциалануын қиындатады. 
Шарап  дайындау  өндірісінде  ПАА  (полиакриламид)  полимер 
концентрациясы  8-10%    гель  түрінде  ұсынылады.  Сақтау  кезінде  ПАА 
гидролизденуінің  әсерінен  концентрациясының    өзгеруі  мүмкін.  Сондықтан 
ПАА  оптимальді  мөлшерін    әр  кезде    сынақтық    өңдеу  арқылы  анықталып 
отырады. 
Флокулянттың 0,5%-қ ерітіндісін дайындау үшін гель құрамында ПАА-
ның    мөлшеріне  байланысты  өлшем  алынады.  Мысалы,  гельдегі  ПАА-ның 
мөлшері 10% болған жағдайда 200 мл ерітінді дайындау үшін 1г гель өлшеп 
алады. Алынған өлшемді өлшеуіш колбаға салып, 120-150мл дистелденген су 
құйып, 60ºС қыздырады және полимер  толық ерігенге дейін араластырады. 
Қоспаны 20ºС дейін салқындатып, белгіге дейін су қосып жеткізеді. Ертіндіні 
температура 20ºС төмен жағдайда 3 күн сақтауға болады. Қолданар алдында 
10 есе  су қосып концентрациясын 0,05%  дейін жеткізеді. 
Бұл  жұмысты  орындау  үшін    нөмірленген    цилиндрлерге  (5-10  дана 
алып) 200 мл шарап құяды, бентонит суспензиясының алдын ала  анықталған 
мөлшерін  қосып    араластырады.  Содан  кейін  ПАА-ның  0,05%-ік  ерітіндісін 
әр  цилиндрге  (біріншіден  басқасына)  мөлшерін  0,5мг/л  арттыра  отырып  
қосады. Бірінші цилиндр бақылау цилиндрі болады. 
ПАА-ның  қажетті  мөлшерін    цилиндірдегі  шараптың    мөлдірлену 
жылдамдағына және толықтығына байланысты анықтайды.                                                           
1  тапсырма.  Студент  шарапты  бентонитпен  өңдеу  кезіндегі  ПАА-ның 
оптимальді  мөлшерін  анықтайды.  Ал  бентонит  мөлшерін  №6-ші  жұмысты 
орындағанда анықтайды. 


92 
 
2  тапсырма.  ПАА-ның  қажетті  мөлшерін  анықтағаннан  кейін,  студент 
зерттеліп  жатқан  шарапты  екі  түрлі  нұсқада  өңдейді:  бентонитпен  және 
бентонитті  ПАА  мен  қосып.  Сонымен  қатар  екі  түрлі  нұсқада  шараптың 
мөлдірлену уақытын анықтайды. 
3  тапсырма.  Жасалған  жұмыстың  есебіне  әдістеменің  қысқаша 
сипаттамасы,  анықтау  нәтижелері  және  өңделетін  шараптың  ұсынылған 
көлеміне ПАА-ның мөлшерін есептеуі кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет