«Жеміс шаруашылығы» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж


Дәріс-2: Негізгі жеміс тектерінің және аудандастырылған сұрыптардың өндірістік сипаттамалары



бет4/49
Дата27.01.2022
өлшемі293.91 Kb.
#454887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
4 дәріс

Дәріс-2: Негізгі жеміс тектерінің және аудандастырылған сұрыптардың өндірістік сипаттамалары.

1. Шекілдеуік тектестер

2. Сүйекті тектестер

3. Жидек дақылдары



Шекілдеуік тектестер. Алма – Malus Mill. Туыстық Солтүстік жарты шардың қоңыржай климатында тараған 50 жуық түрлерді біріктіреді. Алма бақтары әлемнің 65-ке жуық елінде бар. Алманың әлемдік түсімінің 1/3 бөлігі Еуропа елдеріне келеді: Францияға, Германияға, Италияға, Польшаға, Венгрияға. Ресейдің отырғызылған алма ағаштарының басым бөлігі Еуропалық бөлікте (Санкт-Петерборға дейін), Сібірдің оңтүстік 15 аудандарында және Қиыр Шығыста. Жер шарының қоңыржай ендіктерде алма 5 млн. га жерді алып жатыр, жеміс түсімі 27 млн. т.

Қазақстанда алма жеміс дақылдарының ішінде басымдылыққа ие. Өндірістік бағытта өсірілуі оңтүстік және оңтүстік шығыста. Қазақстанның солтүстігінде табиғаттың қатаңдығына байланысты жамылғысыз, тек орал және сібір селекциясының сұрыптары өсірілуі мүмкін. Соған қарамай бұл жерде де алма қысқа төзімділігінің жоғарлылығына және өнімділігіне, сондай-ақ дәмінің сүйкімділігіне, тасымалданғыштығына, сақтауға шыдамдылығына байланысты жемісті тектердің ішінде бірінші орында.

Бұл өңірде алманың үйлік (М.Domenstica Borkh.) түрі өсіріледі. Бұл атау, жаралуында жабайы алманың көптеген түрлерін, айталық, ормандық, дусен, шығыстық және т.б. мәдени түрлерін біріктіреді.

Үй алмасы – жапырағы түсетін, биіктігі 3 метрден 14 м-ге, діңінің диаметрі 90 см-ге дейін болатын ағаш. Жеміс салуы сұрпына, телітушісіне, өсіру аймағына және агротехникаға байланысты 2-8 жылдары басталады; шаруашылық пайдалану кезеңі 10-30 жылға дейін жалғасады; тіршілігінің ұзақтығы 20-дан 50 жылға дейін құбылады (жекелеген жағдайларда – 70-100 жыл). Бір ағаштың өнімі 300-400 кг дейін (орташа есеппен 5-20 т/га, қарқынды бақтарда – 50 т/га және одан да жоғары).

Алма жемісін балаң, кептірген немесе пісірілген күйінде пайдаланады. Олардан консерві, повидло, пастила, желе дайындалады; оларды кондитер өнеркәсібінде кеңінен қолданады.

Алмұрт – Pyrus L. Бұл туыс Солтүстік жарты шарда тараған (негізінен Еуразияда) 60-қа жуық түрді біріктіреді. Өнеркәсіптік дақыл ретінде оны 50-ден астам әлем елдері өсіреді. Оны Италияда, Испанияда, Германияда, Францияда көбірек өндіреді. Ресейде бұл дақыл негізінен еуропалық бөліктің оңтүстік аудандарында шоғырланған. Алмұртты Молдовада, Украинаның оңтүстігінде (әсіресе Қырымда), Солтүстік Қап тауында, Қап тауының сыртында, Беларуссияда өсіреді. Орта Азияда алмұрт аз тараған, себебі ол дақылдың еуропалық бағалы сұрыптары ауа құрғақшылығына және жазғы ыстыққа шыдамайды. Қазақстанда алмұртты оңтүстік және солтүстік шығыстың тау етектерінде және таулы аймақтарда өсіреді. Қазақстанның солтүстігінде алмұртты шамалы көлемде, негізінен әуесқой-бағбандар өсіреді және тек қысқа төзімді, «лукашовкалар» (Тема, Виучка, Оля, Поля, Лида, Масляная) деп аталынатын жемістерінің дәмі қанағаттанарлық деңгейдегі сұрыптарды. 2001 жылдан бастап Краснояр бақ шаруашылығы тәжірибе стансасының шығарған Красноярская крупноплодная сұрпы өсірілуге аудандастырылды.

Өндірісте, екі түрдің – кәдімгі алмұрт немесе орман және қарлы негізінде шығарылған үй алмұрты (Р.Domestica Medik) өсіріледі. Мұның біріншісі Еуропада өссе, екіншісі – Еуропада және Жерорта теңізі маңайында. Осылардың әрқайсысы жеке және олардың табиғи будандары алмұрттың еуропалық мәдени сұрыптарын шығаруда үйлесімдік тапқан. Әртүрлі елдердегі, сондай-ақ ТМД елдеріндегі алмұрттың қазіргі кездердегі әр алуан сұрыптарын қалыптастыруда көптеген басқа да жабайы өскен түрлері – уссурий алмұрты, құм немесе қытай алмұрты қатысқан.

Алмадан кейін алмұрт қоңыржай ендіктің ең кең тараған – белгілі жеміс ағашы (әлемдік өндірісі алма өндірісінің ½ жуық).

Үй алмұрты – жапырағы түсетін, биіктігі 15-20 м жететін ағаш. Жеміс салуына алмадан кеш кіріседі, 6-10 жылдары. Шаруашылық пайдалануы 15-20 жылдай. Ағаштың өміршеңдігі 25-50 жыл. Бір ағаштың өнімділігі – 160 кг дейін. Орташа өнімділігі – 10-15 т/га, әдебиетте 100-160 т/га өнім алынатыны сипатталынған.

Алмұрт жемісі жақсы тасымалданады, дәмділігі өте жоғары, қоректік заттарға бай, оның ішінде фруктозаға, глюкозаға және сахарозаға. Алмұр қанттың мөлшері бойынша алмаға жол бергенімен, қышқылтымдығы шамалы болғандықтан тәттірек келеді. Алмұр жемісі балаң күйінде пайдаланылады. Одан құрғақ жеміс, компот, цукат дайындалады.

Арония – Aronia Pers. Туысқа, Солтүстік Американың шығыс бөлігінде өсетін 15-ке жуық түрді біріктіреді. ТМД елдерінде 3 түрі жерсіндірілген, оның ішінде қара жемісті арония немесе қара жемісті шетен көбірек өсіріледі. И.В.Мичурин жемісті дақыл ретінде қолдан өсіруге енгізген. Егістікте өткен ғасырдың 50-ші жылдары, оның жемісінің емдік қасиеттері белгілі болғанда, өсіріле бастады. Өндірістік егістігінің көлемі шамалы (500 гектардай), бірақ ол үй маңайындағы телімдерде кең тараған. Қысқа төзімділігі жоғары болуы бұны Қазақстанның солтүстігінде өсіруге мүмкіндік береді.

Жапырағы түсетін, биіктігі 2-2,5 жететін бұта. Жеміс салуы 3-5 жасында басталады және өнімі кейіннен жылда, әрі мол болады. Өнімділігі – 5,6-12,8 т/га. Жемісін балаң күйінде пайдаланады, шырын алынады; азықтық бояғыш ретінде кеңінен қолданыс тапқан. Пісіп жетілген балаң жемісі, ашымаған шырыны, сондай-ақ арония негізінде дайындалған дәрілер қан қысымын емдеуге және Р – дәрмек тапшылығының алдын алуға қолданылады.

Шетен – Sorbus L. Туыс Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдігінде өсетін 84 түрді біріктіреді. ТМД елдерінде 35 түрі өсіріледі; 14 түрі қолдан өсіріледі. Жемістік өсімдік ретінде кәдімгі шетенннің (S. aucuparia L.) және үй шетенінің (S. domestiса L.) түрлері, сұрыптары және будандары кең тараған.

Кәдімгі шетен жабайы түрінде бүкіл Еуропада, Кіші Азияда және Кап тауында өседі. Биіктігі 6-15 м ағаш, кейде ірі бұта. Қысқа төзімді (-40оС және одан да төмен аязға шыдайды) өсімдік. Қазақстанның солтүстігінде әуесқой бағбандар өсіреді.

И.В.Мичурин кәдімгі шетенге, аязға төзімді өсімдік ретінде ерекше көңіл бөлген. Оның бірқатар туысаралық будандары бақ шаруашылығында қолданыс тапқан – Ликерная (арониямен будандасқан), Рубиновая және Красавица (алмұртпен), Гранатовая (доланамен), Бурка (алып-альпы шетенімен).

Жеміс салуы отырғызғаннан 4 жыл өткен соң басталады. Ересек өсімдігінің өнімділігі 600 кг дейін жетеді. Ағашының өміршеңдігі 100 жыл және одан да ұзақ. Жемісінің құрамында қанттар, органикалық қышқылдар (алма, жүзім, лимон және т.б.), пектин заттары бар. Жемістерінің аса құндылығы С (2000 мг %), Р дәрумендеріне және каротинге (180 %) байланысты. Бұл шетенді аурудың алдын алу және емдік зат есебінде қолдануға мүмкіндік береді. Жемістерін аздап балаң күйінде (бозқыраудан кейін, олар тәттіленеді), негізгі массасы кондитер өнеркәсібінде шикізат ретінде қолданылады.

Үй шетені ТМД елдерінің оңтүстік аудандарында, әсіресе Қырымда, жабайы түрде орманды және орманды дала бөлігінде тараған, сондай-ақ қолдан өсіріледі. Ағашы сыртынан кәдімгі шетенге ұқсас, бірақ одан ірі (3,5 см-ге дейін) домалақ немесе алмұрт пішіндес жемісімен ерекшеленеді. Жинар алдындағы түсі жасыл сарғылт, қызыл немесе бурыл қызыл, өте ұнтақты, тіл үйірлік дәмді; шамалы уақыт сақталғаннан кейін дәмі және иісі сүйкімді болады. Тұқыммен көбейтілгенде жеміс салуға 8-10 жасында кіріседі, өркенінен көбейтілгенде – 6-8 жасында. Бұл өсімдіктердің түрлерін тек оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарда өсіруге болады, себебі олар ұзақ уақыттық үскіріктерге шыдамайды.

Ирга – Amelanchier Medic. Туыс Солтүстік жарты шарды, негізінен Солтүстік Америкада жабай түрде тараған 25 түрді біріктіреді; ТМД елдерінде жабай өсетін бір түр – А. rotundifolia Lam (домалақ жапырақты, кәдімгі, шомпольник, шәшке тәрізді ағашты ирга) белгілі.

Жеміс дақылы ретінде домалақ жапырақты, канада және масақты ирга қолданыс тапқан. Бұлар кішігірім ағаштар немесе бұталар. Жеміс салуы отырғызғаннан 2-4 жыл өткеннен соң басталады. Жылдағы өнімі мол – 4-8 т/га. Жемісінде қанттар, қышқылдар, иілік заттар, С дәрумені және каротин бар. Жемістері балаң және кептірілген күйінде пайдаланылады; олардан компот, тосап, желе, пастил (әдетте басқа жемістермен араластырып) дайындалады. Балаң жемістің жаңа шырыны емдік сусын ретінде қолданылады. Өсімдігі бал беретіндігімен ерекшеленеді. ТМД елдерінің солтүстігінде ергежейлі алмұрттың, алманың шыдамды телітуші ретінде де маңызды. Қысқа төзімділігіне және баптауды аса қажет етпейтіндігіне байланысты ирганы соңғы жылдары әуесқой бағбандар Қазақстанның солтүстігінде өсіре бастады.

Долана – Crataegus L. Туыс 1250 түрді біріктіреді, оның 1125-і Солтүстік Америкадан тарағандар. Барлық түрлері Солтүстік жарты шардың қоңыржай және аздап субтропикалық облыстарында өседі. ТМД елдерінде 47 түрі жабайы өседі, 31 қолдан өсіріледі. Қанды қызыл долана (С. sangvinca Pall) көбірек тараған. Табиғатта бұталардың арасында, орман шеттерінде, ағашы кесілген жерлерде және алаңқайларда өседі. Доланаға әсемдік тән болғандықтан, жиі жеміс бақтарына жасыл қоршау ретінде және орман шеттеріне отырғызылады. Долана қысқа және құрғақшылыққа төзімді жеміс ағашы саналады. Қолдан өсіргенде жоғары талап қоймайды. Қазақстанның солтүстігінде таралған.

Жапырағы түсетін, биіктігі 3-5 метрден 10-12 м дейін болатын ағаштар, кейде бұталар. Жеміс салуға 10-15 жасында кіріседі. Өміршеңдігі 200-300 жылға дейін. Жемісінде қанттар, қышқылдар, С дәрумені, каротин бар. Жемістері балаң күйінде және тосап, повидло, жендек, желе, мармелад, компот, кисель және т.т. дайындауға қолданылады.

Беже – Cydonia Mill. Туысы бір түрден – ұзынша немесе кәдімгі бежеден (С.oblonga) тұрады. Жабайы түрде ол Иранда, Орта Азияда, Қап тауы сыртында және Қап тауында тараған. Беженің жабайы бұталары әдетте долана, мушмула, қызыл, итмұрын және тағы басқа бұталармен бірге тау беткейлерінде, сондай-ақ өзен және тау аңғарларында (800 м биіктікке дейін) кездеседі. Қолдан өсірілетін беже – жабайы түрден жақсы сұрыпталынған және өсірілетін жеріне бейімделінген жергілікті сұрыптар. Жабайы бежені қолдан өсіруді Қап тауында бастаған және алдымен Кіші Азияға және Ресейдің оңтүстігіне жеткен деп есептейді; Орта Азияға ол Солтүстік Ираннан әкелінген. Қазіргі кезде оны Жерорта теңізі маңайында, Батыс Еуропада, Солтүстік Америкада және Жапонияда өсіреді. ТМД-да Орта Азияда Кап тауында және Еділдің төменгі сағасында өсіреді.

Қазақстанда бежені Оңтүстік Қазақстан облысының тау етектерінде және оңтүстік аймақтарында өсіреді.

Кәдімгі беже – жапырағы түсетін, биіктігі 8 м-ге жететін ағаш немесе ірі бұта. Толық жеміс салуы 8-12 жасында басталады. Өнімін (өндірістік) 30-35 жыл береді; тіршілігінің ұзақтығы 50 жылдай. Жемісінде қанттар, қышқылдар, пектиндер, иілік заттар бар. Беже С дәрумені бойынша алмадан, алмұрттан, шиеден көп ілгері. Жемістері ұзақ сақталады. Тұқымдарында майдан басқа, ликер және лимонад дайындағанда қолданылатын пісте иісті эфир майы бар.

Оның жемістері – консервілеу және кондитер өнеркәсібінің маңызды шикізаты (тосап, компот, мармелад, цукаттар, т.т.). Беженің құнды ерекшелігі – жылда және мол жеміс салуы. Ең жақсы сұрыптың ағашынан 100-150 кг жеміс жиналады. Беже – балды өсімдік.

Мушмула – Mespilus L. Туыста жабайы түрде Солтүстік Иранда, Кіші Азияда, Балқан тауларында және Грекияда өсетін кәдімгі немесе герман (M. germanica) түрі ғана бар; ТМД-да Қап тауында және Қырымның оңтүстік жағалауында; 600 метрден 2000 метрге дейінгі биіктікте, бұталар арасында, ормандарда және орман шеттерінде өседі. Әр алуан түрлілік Талыш деген жерде (Әзірбайжан) байқалған. Ол жерде мушмула анармен және эфедрамен бірге өседі.

Жерорта теңізі маңайында және солтүстік Иранда өсіріледі. ТМД-да - Қап тауында және Украинада.

Кәдімгі мушмула – биіктігі 3-6 м ағаш немесе бұта; діңінің диаметрі 20 см-ге дейін. Өсімдігі 80-100 жыл тіршілік етеді. Жемістерінде қанттар (негізінен фруктоза мен глюкоза), алма қышқылы бар. Жемістері балаң күйінде жеуге үскіріктен немесе ашығаннан кейін жарамды. Мұндайда қатты, қышқылтым мәйегі жұмсарады, шырындалады, тәттіленеді және хош иістеленеді. Өңдеу өнеркәсібінің өңделген өнімдері – повидло, пастил, мармеладтар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет