және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет3/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
МОРФ КИТАПП

Тұқымдық анатомия — организм мүшелерінің құрылысын мал тұқымына байланысты қарастырады. Мысалы, ipi қара малдың eттi, cүттi; қойдьң eттi-жүнді, ети-жущн т. б. мал тұқымдары организмдеріндегі құрылыс ерекшеліктерін анықтайды.

  • Жыныстық анатомия — жануарлардың дене құрылысын олардың жынысына байланысты эерттейді.

  • Функциональдық анатомия — жануар организмі мүшелері мен мүшелер жүйелерінің құрылыс ерекшеліктерін атқаратын қызметтеріне байланысты қарастырады. Бұл анатомия биоморфологияның бip саласы болып есептеледі

  • Мүсіндік анатомия — жануарлар денесінің сыртқы кұрылысын және оның мүшелерімен мүшелер жүйелерінің аралық қатынастарын зерттейді. Бұл анатомияның суретшілер мен мүсіншілер үшін маңызы өте зор.

    АНАТОМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
    Анатомия ғылымының дамуы адамзат тарихымен тікелей байла­нысты. Көне замандағы алғашқы адамдар аңшылық кәсібімен шұғылданған. Олардың ауланған аңдарды сою кезінде, денедегі әр түрлі мүшелердің құрылысына, орналасу орнына, пішініне назар аудармауы мүмкін емес. Сол кезден бастап анатомия ғылымына тән әр түрлі мәліметтер жинакталған, бірақ ғылыми тұжырымдар жаса- лынбаған. Жануарлардың қолға үйретілуіне байланысты бұл мәліметтердің тереңдей түскеніне күмән келтіруге болмайды.
    Көне заманда анатомиялык мәліметтер жинақталып, ғылыми тұжырым ретінде қалыптаса бастаған елдерге Мысырды, Үндістанды, Қытайды жатқызуға болады. Бұлардың ішінде, әcipece, Мысырда өлген адамның денесін бальзамдау әдісі кең тараған еді. Бұл әдісті тек анатомиялық білімі бар адам ғана ic жүзіне асыра алатыны белгілі.
    Анатомия ғылымының дамуына, оның атауларының (терминоло- гиясынын) калыптасуына субелі үлес қосқан көне грек ғалымдары бо­лып саналады. Олар (Алкмеон, Демокрит, Гиппократ т. б.) өздеріне дейінгі жинақталған анатомиялық мәліметтерді жүйелі ғылыми еңбектерге айналдырған. Бұлардың ішінде атақты дәрігер және фило­соф Гиппократтын (б. э. д. 460—377 жж.) енбектерін жеке атап кеткен жөн. Ол өзінен кейін жануарлар қаңқасы мен iшкі ағзалар құрылысы туралы дәйекті деректер қалдырған.
    Басқа ғылымдармен қатар анатомияның дамуына зор енбек сіңірген ғалым, философия ғылымынынң бipiншi ұстазы Аристотель (б. э. д. 384—322 жж.). Ол сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан та- мырларының байланысын дұрыс түсінген, жүйкені (нервті) басқа мүшелерден ажырата білген.
    Аристотельден сәл кейінірек өмip сүрген дәрігер Герофил өкпе ар- териясын, жүректің, көз алмасының құрылысын анықтап, артерия
    мен вена қан тамырларыньң аралығында арнасы жіңішке, алдьңғы ipi тамырларды байланыстыратын қан тамырлары бар деген болжам жасаған.
    Анатомия ғылымы мен оның атауларының одан әpi қарай дамуына қомакты үлес қосқан ертедегі Рим ғалымдары. Бұлардың iшіндe, әcipece, А. К. Цельс пен К. Гален енбектері айрықша атаған жөн. А. К. Цельс өзіне дейінгі жинақталған анатомиялық мәліметтерді бip жүйеге келтіріп, латынша ғылыми атауларды енгізуге ат салысты. К. Гален анатомия ғылымының салалары: бұлшықеттер мен жүйке жүйелерін зерттеуде бipaз еңбек етті. Ол ез тәжірибелерін маймыл, ит, шошқа т. б. жануарларға жасаған.
    Анатомия ғылымын өркендетуге шығыс ғалымдарының ішінде зор үлес қоскан Әбу-Әли-Ибн-Сина (980—1037 ж. ж.). Онын "Дәрігер ғылымының каноны" деген атақты 5 томдық енбек дүние жүзінің әр түрлі елдерінде 40 рет басылып шыққан. Соның бipiншi томы анато­мия және физиология ғылымдарына арналған.
    Бұдан кейшін анатомияның дамуына ат салыскан "Қайта өрлеу" дәуірінің ғалымдары. Бұлардың ішінде өз еңбектерімен танылған ғалымдарға Леонардо да Винчи (1452—1519) мен Андреас Везалий (1514—1564) жатады.
    Атақты ойшыл ғалым, итальян cypeтшici Леонардо да Винчи адам мен әр турлі жануарлар денелері құрылыстарын зерттеп, олардын су- ретші салған. Ол ұшу аппаратын жасау мақсатымен кұстардың ұшу, кимыл мушелерін жете тексерген. Леонардо да Винчи өз зерттеулерін суретке сала отырып, мүсіндік анатомияның негізін қалаған.
    А. Везалий — анатомиялық зерттеу әдістері мен номенклатурасын жаңа бағытта қалыптастыруда айрықша еңбектенген ғалым. Ол өз зерттеулері непзінде К. Галеншн қалыптаскан көзқарастарына түбегейлі өзгерістер енгізді..
    Осы дәуірде морфология ғылымының дамуына алдыңғы аталған ғалымдармен катар еселі үлес қоскан В. Евстахий, Г. Фаллопий, В. Койтер, И. Фабриций т. б. болды.
    Ағылшын ғалымы В. Гарвей (1578—1657) қан айналымының үлкен шеңберін тәжірибе жүзінде дәлелдеді Г. Азелли, Ж. Пеке, Ван Горн сынды ғалымдар лимфа жүйесі жұмысын тексерді.
    Микроскоптың жасалуы микроскопиялық анатомияның жедел өркендеуіне септігін тигізді. Анатомиялық зерттеулерде микроскопты бірінші болып пайдаланған М. Мальпиги (1628—1794). Осы салада жемісті еңбек еткен ғалымдар қатарына А. Левенгуқ Р. Рейша, Ф. Биша т. б. жатады.
    К. Линней (1707—1778) жасаған жануарлар дүниесінің жаңа жүйесі салыстырмалы анатомияның қалыптасуына септігін тигізді. Бұл салада жемісті еңбек еткен ғалым Л. Добонтон және онын шәкірттері
    Морфология ғылымынын қарыштап дамуына Ж. Б. Ламарк (1774—1828) және Ч. Дарвин (1809—1882) непзін салған "эволюциялык даму теориясы" мен Т. Шван (1810—1882) және М. Шлейден (1804—1881) ашқан "клетка теориясы" үлкен әсерін тигізді. Жаратылыстану ғылымының осы аталған эволюциялық даму және клетка теорияларының одан әpi қалыптасуына орыс ғалымдары
    М. В. Ломоносов, А. Н. Радищев, П. Ф. Горяниновтың және т. б. енбектері елеулі үлес қосты.
    Эволюциялық ілімдi Россияда дамытушы ғалымдарға А. О. Кова­левский, В. О. Ковалевский, И. И. Мечников, А. Н. Северцов жатады. Олар өз еңбектерімен эволюциялық эмбриология, палеонтология, морфология негіздерін қалыптастырды.
    Россиядағы анатомиялық мектептің непзін салушы П. А. Загор­ский (1764—1846) адам анатомиясы туралы оқулыкты орыс -тілінде бірінші жазып шыққан (1802). Анатомияны дамытуға ат салысқан ғалымдарға И. В. Буяльскищц (1789—1866), Н. И. Пироговты (1810—1881), П. Ф. Лесгафты (1837—1909), Д. Н. Зерновты (1843— 1917), В. М. Бехтеревті (1857—1927) т. б. жаткызуга болады. Н. И. Пирогов топографиялык анатомиянын салған.
    Бұлардан кейін өз енбектерімен анатомияны дамытуға үлес қосқан ғалымдарға П. И. Карузищті, Г. М. Иосифовты, В. П. Воробьевті, В. Н. Шевкуненконы, В. Н. Тонковты, М. Ф. Иваницкийді, Д. А. Ждановты т. б. жатқызуга болады. Бұлардың ішінде лимфа жуйесінің анатомиясын зерттеуде Г. М. Иосифов пен Д. А. Жданов енбектерін атап кеткен жөн.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет