және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет12/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91
МОРФ КИТАПП

ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ
Тipeк-қимыл аппараты жануарлар организмдерінің кеңістікте орын ауыстыруы мен дене бөлімдерінің бip-бipiмeн салыстырмалы қозғалыстарын қамтамасыз етеді. Сондықтан тipeк-қимыл аппараты құрылысы жағынан күрделі болып кeлeдi. Оған бeлгiлi бip заңдылыкпен байланысқан сүйектер жүйесі — қаңқа мен бұлшықеттер жатады.
СҮЙЕКТЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ - OCТEOLOGIA ҚАҢҚА
Үй жануарлар сүйектер жүйесінің құрылысын зерттейді анатоми- яның улкен бөлімін — остеология деп атайды. Ол грек сөздері — os — сүйеқ logos — ілім деген тіркестің баламасы. Сүйектер жүйесін қаңқа (скелет) деп те атайды. Бұл грек cөзi — skeleтon — (skele — кеуіп, skeleтos — семіп, қатып) деген мағынаны білдіреді.
Сонымен, сүйектер жүйесі немесе қаңқа деп бip-бipiмeн белгілі заңдылықпен байланысқан қатты мүшелер — сүйектер мен шеміршектерді айтады.
Қаңқа жануарлар дене бітіміне бeлгiлi пішін береді. Қаңқа сүйек - тepi өзара қозғалмалы байланыса отырып бұлшықеттерге тipектік және рычартық қызметтер атқарады. Сөйтіп, дененің кеңестіктегі қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қаңқа сүйектері бip- бipiмeн тұтаса жалғасып организмнің тіршілігі үшін қажетті ағзаларды ми, жұлын, жүреқ өкпе, бүйреқ жатыр, қуық т. б. сыртқы ортанын катерлі әcepлepiнeн қорғайтын қатты қабырғалар түзеді. Қаңқа организмдегі әр түpлi зат алмасуларға да тікелей қатысады. Ceбeбi, денедегі минералдық тұздардың (фосфор, тeмip, кальций т. б.) дені қаңқа сүйектерінде жинақталған. Сондықтан, сүйек организмдегі минералдық зат алмасуды icкe асырады. Мұнымен қатар организмдегі май алмасу да сүйектердің қатысуымен жүpeдi. Сүйектердің қызыл кемік майында қанның құрамына кіретін қызыл қан клеткалары (эритроциттер), ақ қан клеткалары (дәншелі лейкоциттер), және қан пластинкалары (тромбоциттер) жасалынады.
Үй жануарлары денесінің жалпы салмағының 6—13% қаңқаньң үлесіне тиеді. Бұл көрсеткіш жануарлардың түрлеріне, тұқымына, жынысына, физиологиялық кезеңдеріне (буаздық, сауылу) және жа- сына байланысты болып келеді. Мысалы қойдьң erri тұқымдарындағы
қаңқаның үлес салмағы жүнді тұқымдардікімен салыстырғанда әлдеқайда кем екендігін байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет