және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет13/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91
МОРФ КИТАПП

    Бұл бет үшін навигация:
  • Бірақ
Қаңқаның құрылысы
Қанқаны бip-бipiмeн дәнекер, шеміршек және сүйек тканьдері арқылы белгілі бip заңдылықпен байланысқан сүйектер мен шеміршектер түзеді.
СҮйек — os — басқа да мүшелер сияқты бірнеше тканьдерден құралған. Бірақ оның негізін сүйек ткані жасайды.
Сүйектің құрылысы. Сүйекті сыртынан сүйекқап — reriosтeuм — қоршап жатады (3- сурет). Ол екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы талшықты қабаты — sтraтuм fibrosuм — тығыз дәнекер тканьнен түзілген. Бұл қабат арқылы сүйекке қан тамырлары мен жүйке талшықтары еніп, сүйектің қоректенуі мен сезімталдығын қамтамасыз етеді. Сонымен бipre ол қорғаныстық қызметін де атқарады.Сүйекқаптың ішкі камбийальды қабатында — sтraтuм caмbiale — қөректеңдіруші қан та­мырлары аз болады. Бірақ, ол сүйек жасаушы клеткаларға — остеобластарға — osтeoblasтs — өте бай. Осы сүйек клеткаларының көбеюі мен сүйек тканінің түзілуі нәтижесінде сүйекте жаңа қабаттар пайда болып, олар сүйектің көлдененнең өсуін қамтамасыз етеді. Жарылған, сыңған сүйектерді қалпьна келтіруге ат салысатын да осы остеобластар.
Сүйек затының, кұрылысы. Сүйек кесіндісінің құрылысы оның әр түрлі заттардан тұратындығын көрсетеді. Сүйектің тipeктік және бepiктік қызметтерін атқаратын бөлігі тығыз сүйек заты — subsтanтia ossea coмpacтa — деп аталады. Ол бip бағытта тығыз жатқан сүйек пластинкаларынан құралған. Тығыз сүйек заты жілік бастарының сыртқы қабатын және оның ортаңғы денелерін түзеді. Сүйектерді аралап кесіп қараған кезде тығыз сүйектік зат астында орналасқан кемікті сүйек затын — subsтanтia ossea sponyiosa — немесе сүйек кемігін көруге болады. Сүйек кемігі жілік бастарының, омыртқа денелерінің нeriзiн түзеді. Ол сүйекке әсер етуші күштерге байланысты әр түpлi бағытта орналасқан сүйек пластинкаларынан тұрады. Осы сүйек пластинкалары аралығындағы ұяшықтар сүйектің қызыл кемік майымен — мedulla ossiuм rubra — толып тұрады. Ал, жілік қуыстары сары сүйек майына — мedulla ossiuм flava — толған. Аталған сүйек майларының негізін қан жасаушы торлы (ретикуляр- лык) ткань түзеді. Бұнда қан элементтерінің жасалуымен қатар биологиялық қорғаныш қызметтері де атқарылады.
Буындарды жасауға қатысатын сүйектердің сыртқы буын беттерін буыншкмірщегіi — carтilago arтicularis — қаптайды.
рылысы:
Л — проксимальды эпифиз; В — диафиз; С — дистальды эпифиз; I — суйек куысы; 2 — сүйектің
Сүйекқаптың ішкi камбийальді қабатында
Тығыз сүйек затының құрылысы. Тығыз сүйек затын құраушы сүйек пластикалары өз кезегінде 4 жүйе түзеді Олар:

  1. Сыртқы жалпы сүйек пластинкалар жүйесі

  2. Ішкі жалпы сүйек пластинкалар жүйесі

  3. Сүйек пластинкаларының остеондық жүйесі

  4. Сүйек пластинкаларының аралық жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет