4. Кеңестiк кезеңдегi жер қатынастары. «Жер туралы» декрет. «Жерді социализациялау туралы»
Үшінші кезең. Социалистік кезең 1917-1990 ж.
- билік тек халыққа берілуі тиіс.
- жер тек халықтікі болуы тиіс және пайдалануы тегін болуы тиіс.
1917 ж. Ленин декреті шығарылды. Жер туралы декрет келесіні жариялады:
«1) Жерге помещиктік меншік ешбір өтеусіз тегін түрде ауыстырылады.
2) помещиктердің жерлері, үлестік, шіркеулік, монастрьлық жерлер секілді, барлық жанды және жансыз құралдарымен, усадьбалық құрылыстармен Болыстық Жер комитеттерінің, Шаруалық Депутаттардың Уездік Кеңестерінің қол астына Құрылтайшы Жиналыс жер туралы мәселені шешкенге дейін өтеді.
5) Қарапайым шаруалар мен қарапайым казактардың жерлері тәркіленбейді.
Ары қарай, Жер туралы Шаруалар бұйрығында, одан тереңірек қарастырғандай:
1) Жерге жеке меншік құқығы мәңгі жойылады; жер сатылмайды, сатып алынбайды, жалға беру, кепілге қойылмайды немесе кез-келген басқа әдіспен оқшауланбайды. Барлық жер... ақысыз оқшауланып, бүкіл халықтық игілікке айналады және онда еңбек ететін барлық адамдардың пайдалануына өтеді.
5) Жерді пайдалану құқығын Ресей мемлекетінің жерді отбасының көмегімен немесе серіктестік арқылы өз еңбегімен өңдеуге ниет білдірген барлық азаматтары (жынысына қарамастан) өңдеуге күші бар мерзімге ала алады. Жалдамалы еңбекке жол берілмейді.
7) Жер пайдалану теңестіруші болу керек, яғни жер еңбектік немесе тұтыну нормасы бойынша жергілікті жағдайларға қарай еңбекшілердің арасында бөлінеді».
1919 ж. Жерді социализациялау заңы шықты. «Жердің социализациялау туралы» Декрет, әрине, Жер туралы декретпен үндес болды. Онда және де жарияланғандай:
1-ші бап. РСФСР шегіндегі жерге, қойнауға, су, ормандарға және табиғаттың барлық жанды күштеріне кез келген меншік жойылады.
2-ші бап. Жер ешбір (анық және жасырын) өтемақысыз еңбекші халықтың пайдалануына өтеді.
3-ші бап. Осы заңмен ерекше қарастырылған жағдайларды қоспағанда, жерді пайдалану құқығы оны өз еңбегімен өңдеушілерге ғана тиесілі.
4-ші бап. Жерді пайдалану құқығы жынысына, діни көзқарастарына, ұлты, бодандығына қарай шектелмейді.
35-ші бап. РФСФР, социализмге тезірек жету мақсатында, жердің жалпы өңделуіне біртұлғалыдан көрі еңбектік коммунистік, артельдік және кооперативтік шаруашылықтарға артықшылық бере отырып, барлық көмегін (мәдени және материалдық көмек) көрсетеді.
45-ші бап. Өзінде бар жерге пайдалану құқығын ешкім басқа адамға бере алмайды.
46-шы бап. Жерді пайдалану құқығы осы заңда белгіленген тәртіптермен алынып, ешбір жағдайда бір тұлғадан екінші тұлғаға өте алмайды.
Сол кезеңдегі ең маңызды мәселе – жерге меншік құқығы мәселесі болды. «Жердің социалдануы туралы» Декреттің 1-ші бабында жерге кез келген меншік мәңгіге жойылады деп бекітілген. Ол шынымен сондай болды ма? Әрине, жоқ. Жерге тек жеке меншік қана тәжірибелік жойылды. Ал жерге мемлекеттік меншік жойылған жоқ, керісінше, дамып, кеңейіп, жалғыз өзі мүмкін болды, яғни жерге мемлекеттің монополиясы орнатылды.
1921-28 ж.ж. арасында жер су реформасы жүзеге асырылды. Ќазаќстанда ж‰ргізілген реформалардыњ негізгілерініњ бірі ол 1921-1922 жылдары ж‰ргізілген жер-су реформасы. Б±л реформа Т‰ркістан кењестік республикасы ‰кіметініњ ынталыѓымен Оњт‰стік Ќазаќстанда ж‰ргізілді. Оныњ ж‰ргізілуінде басты, шешуші мањыз атќарѓан 1920 жылѓы 14 желтоќсандаѓы ТурКЦИК декреті болды, ол бойынша 1861 жылѓы кµтерілістен кейін тартып алынѓан жерлерге ќоныстанѓан жергілікті халыќтардыњ ауылдарын жойып, олардыњ орнына уаќытында ќуылып жіберілген халыќтарды орналастыру жєне олардыњ суѓармалы жерлерді пайдалану ќ±ќыѓын ќайтару ќаралды.
1920 жылы желтоќсанда жер органымен Республикадаѓы жер-су реформасын ж‰зеге асыру ‰шін 1921 жылѓы жер ќатынастарын жасау ж±мыстарыныњ жоспары дайындалды.
1921 жылдыњ 26 наурызында жер-су реформаларын ж‰зеге асыруда басшылыќќа алынатын Т‰ркістан Наркомземініњ жер жєне су ќатынастарын ќайта жасау наказы ќабылданды. Реформа негізінен суармалы жерлерде ж‰ргізілгендіктен Наказ суды пайдалануды реттеу шараларын ќарады. Сонымен жергілікті жердегі су шаруашылыѓы органдарына, 1921 жылдыњ 20 сєуірінен ќалдырмай жања жерлерге орналастырылѓан халыќты сумен ќамтамасыз ету шараларын дайындау тапсырылды.
Жер-су реформасыныњ нєтижесінде 1921 жылдыњ алѓашќы 8-9 айында Т‰ркістан республикасында ењбекші жерсіз халыќты жєне аз жер бµліктері бар халыќты орналастыру ‰шін 336927 десятина (1-десятина 1,09 гектарѓа тењ) жер ќоры ќалыптастырылды.
1920 ж. Қазақ социалистік совет Республикасы құрылды. Оған дейін ол автономиялық Республика болып табылады. 1936 жылы Қазақ ССР-ның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1969 ж. тұңғыш рет совет одағының жер заңдарының негіздері қабылданды. Осының арқасында әр бір республикда өзіндік жер заңдарын қабылдауға әрекет жасай бастайды.
1917-1971 ж. дейін Қазақстанның жерін пайдалану тәртібін Ресейлік заңдар реттеп отырды. Бұл кезеңде басшылыққа партия шешімдері ерекше орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |