Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жерге жеке меншік құқығы. Объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері



бет24/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96
treatise203 (2)

3. Жерге жеке меншік құқығы. Объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері
Жерге жеке меншік құқығы – жеке тұлғаның немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсетілген шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып танылады.
Қазақстанда жерге жеке меншік құқығы шектеулі нысанда жүзеге асырылады:
1. Қазақстанның азаматтарына алты жағдайда ғана беріледі. Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер келесi жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн:

  • Шаруа \фермер\ қожалығын жүргiзу үшiн;

  • Өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн;

  • Орман өсiру үшiн;

  • Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн;

  • Саяжай құрылысы үшiн;

  • Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi;

2. Қазақстанның заңды тұлғаларына үш жағдайда беріледі.

  • Ауыл шаруашылық тауарлы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлуi мүмкiн

  • Орман өсiру үшiн;

  • Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi.

3. Шетелдік тұлғаларға бір ғана жағдайда. Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi.
Жерге жеке меншік құқығының объектілері болып Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген тәртіпке сәйкес елді мекендер, ауыл шаруашылық мақсатындағы, орман және су қорларының жерлері табылады. Жерге жеке меншік құқығын орнатпастан бұрын, жер учаскелерін, жер пайдалану құқығын және жер үлестерін жер айналымына енгізудің заңды түрде қамтамасыз етілген мүмкіндігін анықтау қажет. Яғни жеке меншік құқығының объектісі болып табылатын жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы шаруашылық және азаматтық айналымнан алынбаған, жер заңдарымен жеке меншікте болу мүмкіндігі анықталған, жер учаскесінің шекаралары айқындалған және ол жер учаскесіне құқықтарды куәландыратын құжаттарында көрініс тапқан жер учаскесі болуы тиіс.
Жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет