5. Шартты жер үлесі. Жалпы сипаттамасы
Шартты жер үлесі дегеніміз – колхоз бен совхоздарға және қайта ұйымдастырылған ауылшаруашылық ұйымдарында жұмыс істеген немесе сол мекемелерде тұратын зейнеткерлер, әлеуметтік салада жұмыс істейтін мұғалімдер, дәрігерлер басқа да адамдардың сол ұйымдар жерінен бөлініп берілген үлесі болып табылады.
Шартты жер үлесіне құқықты растайтын құжат куәлік деп аталады. Жер бөлінген кезде көп жағдайда қағаз жүзінде беріледі. Себебі, жекешелендіру кезінде көп адамдар басқа мекемелерге кетіп ауылшаруашылығы қызметімен айналысқысы келмейді.
2003 жылғы жер кодексі қабылданған уақытта мынадай шешім қабылданды. 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін мүдделі тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердің мекемелерінің әкімшілігіне барып, мынадай әрекеттер жасауға құқылы:
куәлігін көрсетіп, өзіне тиесілі жерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке сатып алу;
өзінің үлесін мемлекеттен жалға алып, өз шаруашылығын немесе қожалығын жүзеге асыруға;
өз үлесін сатып лаып, акционерлік қоғамның, шаруашылық серіктестіктің, өндірістік коопертивтің жарғылық капиталына жарна немесе пай ретінде енгізу;
6. Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.
Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасы ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемi мен олардың сапасын қалпына келтiру арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң деңгейiн сақтау мақсатында республикалық бюджет кiрiсiне өтелуге тиіс.
Бұл шығасы Жер Кодекстiң 166-бабында көрсетiлген шығынның орнын толтырудан тыс өтеледi.
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерiн және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жердi қоспағанда, ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес қажеттер үшiн жердiң барлық санаттарының құрамынан ауыл шаруашылығы алқаптары берiлетiн тұлғалар, сондай-ақ күзет, санитарлық және қорғау аймақтары белгiленетiн тұлғалар ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтейдi
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасы жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылданған немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсаты өзгерген кезден бастап алты ай мерзiмде өтелуге тиiс.
Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерi:
1) елдi мекендер шекарасында жеке тұрғын үй салу, мектептер, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, емдеу орындарын және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер салу;
2)мелиорациялық жүйелер салу;
3) тоғандағы және көлдегi балық шаруашылықтарын, балық питомниктерiн, уылдырықты балық шаруашылықтары мен балық өсiретiн зауыттар салу;
4) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн, iргелес жатқан жер алқаптарының жағдайын нашарлатпайтын объектiлер салу;
5) тозған алқаптарға, химиялық және радиоактивтi заттармен ластанған жерге орман мелиорациясы үшiн берiлгенде олар шығасыны өтеуден босатылады.
Сонымен бірге, жер учаскелерiн қорықтарға, ұлттық, зоологиялық және дендрологиялық парктерге, ботаникалық бақтарға, тарихи-мәдени мақсаттағы объектiлерге беру кезiнде де шығасы өтелмейдi.
Өтелуге тиiстi шығасының мөлшерi жаңа жердi игерудi немесе алқаптарды ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру деңгейiне дейiн жақсартуды қамтамасыз ететiн нормативтердi негiзге ала отырып, алып қойылатын алқаптардан алынатын өнiмнен немесе олардың сапасы төмендегенге дейiн бұрын алынған өнiмнен кем түспейтiн көлемiнде анықталады.
Ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу нормативтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Әдебиеттер
Бақылау сұрақтары
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құқықтық жағдайының түciнiгi және құрамы.
2. Ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге меншік құқығы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері.
3. Арнайы жер қорының түсінігі және құрамы.
4. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі
5. Шартты жер үлесі. Жалпы сипаттамасы
6. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылық емес мақсаттарға пайдаланумен және оларды алып қоюмен келтірген шығынды өтеу тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: |