Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі



бет64/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   96
treatise203 (2)

11 ТAҚЫPЫП. ЕЛДI-МЕКЕН ЖЕРЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Сұрақтары:

  1. Елді-мекенді жерінің түсінігі және құрамы.

  2. Қала және басқа да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі.

  3. Қала маңындағы аймақтардың түсінігі.



1. Елді-мекенді жерінің түсінігі және құрамы.
1993 жылы қабылданған ҚР-ң әкімшілік-құрылымдық бірліктер туралы заңына сәйкес, Елді-мекен дегеніміз – жергілікті атқарушы органдар ресми түрде тіркелген адам саны 50-ден кем емес адамдардың тұрақты тұратын мекен.
Белгілері:

  • Міндетті түрде ресми тіркелуі тиіс;

  • Тұрақты түрде тұратын адамдардың саны 50-ден кем болмауы тиіс.

ҚР-да заң бойынша елді-мекендердің екі түрі қарастырылған:

  • Қалалық;

  • Ауылдық;

Қалалыққа – қала, кенттер жатады, ал басқа елді-мекендер ауылдық жерлерге жатады. Қалалар өз кезегінде 3 топқа бөлінеді:

  • республикалық маңызы бар қалалар;

  • облыстық маңызы бар қалалар;

  • аудандық маңызы бар қалалар;

Республикалық маңызы бар қалалар дегеніміз – адам саны 1 млн. кем емес және ерекше саяси экономикалық, әлеуметтік маңызы бар қалалар. Алматы және Астана қаласы.
Облыстық маңызы бар қалалар дегеніміз – ірі экономикалық және әлеуметтік орталық болып табылатын, халық саны 50 мыңнан кем емес елді-мекен.
Аудандық маңызы бар қалалар дегеніміз – завод, фабрика, басқа да өндірістік объектілері бар әртүрлі оқу орындары орналасқан адам саны 10 мыңнан кем емес қалалар жатады.
Жер кодексіне сәйкес, елді-мекендер жеріне келесі жерлер жатады:
1) құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй iргесiндегi жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер;
2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектiлерi, сондай-ақ жалпы бiлiм беру, арнаулы орта және жоғары бiлiм беру мекемелерi, әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу мекемелерi, ғибадат үйлерi мен өзге де iскерлiк үйлерi, құрылыстар мен ғимараттар салынған және соларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын жер;
3) өнеркәсiп, коммуналдық және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қойма объектiлерi, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерi салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы объектiлердiң санитарлық-қорғау аймақтарын белгiлеуге арналған өндiрiстiк құрылыс салатын жер;
4) темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетiн және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
6) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындары мен акваториялар жерi;
7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;
8) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлiк жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;
9) қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және өзiндiк үй (қосалқы) шаруашылығын дамытуға арналған резервтегi және өзге де жер;
10) крематорийлердi, мал қорымы, тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын және арнаулы нормативтер мен ережелер белгiленбейiнше пайдалануға болмайтын өзге де объектiлердi орналастыру үшiн бөлiнетiн арнайы мақсаттағы жер;
11) қорғаныс қажеттерi үшiн берiлген және өзге де пайдалану режимiндегi жер кiруi мүмкiн.
Бұл жерлер құрамына көптеген жерлер кіретін болғандықтан аталған жерлерді пайдаланудың бірқатар ерекшеліктері бар:

  • бұл жерлер мемлекеттің және жеке меншік құқығының объектісі болады.

  • Мемлекеттік ұйымдарға жер тұрақты тегін пайдалануға беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет