Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі



бет71/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96
treatise203 (2)

13 ТАҚЫРЫП. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ AУМАҚ ЖЕРЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Сұрақтары:
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерiнiң түciнiгi. Пайдалану ерекшелiктерi.
2. Қорық жерлерiнiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi.
3. Ботаникалық бақтарға және табиғи ескерткiштерге берiлген жерлердiң құқықтық жағдайы.
4. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердiң түciнiгi. Осы жерлердi пайдаланудың тәртiбi және жағдайы
5. Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердiң түciнiгi, құрамы, олардың құқықтық жағдайы.


1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерiнiң түciнiгi. Пайдалану ерекшелiктерi
Ерекше ќорғалатын табиғи аумаќтардың жерлерінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының 07 шілде 2006 жылы қабылданған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңмен және Жер кодексімен реттеледі. Ерекше ќорғалатын табиғи аумаќтардың жерiне биосфералыќ, мемлекеттiк ұлттыќ табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк ќорыќ аймаќтарының, мемлекеттiк табиғи ќорыќшалардың, мемлекеттiк зоологиялыќ парктердiң, мемлекеттiк ботаникалыќ баќтардың, мемлекеттiк дендрологиялыќ парктердiң, мемлекеттiк табиғи ќорыќ-сепортерлердiң жерiн ќосќанда, мемлекеттiк табиғи ќорыќтардың жерi жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің өзіне тән бірнеше белгілері бар:

  1. Бұл жерлер ерекше қорғалатын табиғи, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық, сауықтыру немесе өзге құндылығы болуы қажет.

  2. Бұл жерлер мемлекет меншiгiнде болады және жекешелендiруге жатпайды.

  3. Ерекше ќорғалатын табиғи аумаќтардың жерiн өзге ќажеттерге алып ќоюға жол берiлмейдi. Яғни шаруашылық айналымнан толығымен немесе ішінара алынып тасталған.

  4. Бұл жерлерде қорғаудың ерекше режимі белгіленген.

ҚР қазіргі кезде 9 мемлекеттік табиғи қорық бар. Ең бірінші 1926ж құрылған Ақсу жабағылы қорының Оңтүстік Қазақстанда құрылған оның көлемі 85,6мың га жер. Екіншіден, 1931ж Наурызым қорығы, бұл қорық Қостанай облысында орналасқан оның көлемі 87,7мың га жер. Үшіншіден, 1960ж Алматы қорығы. Төртіншіден, Барса келмес қорығы олардың көлемі 79,7мың га жер. Бесіншіден, 1968ж құрылған қорғалатын қор бұл қорық Ақмола облысында орналасқан көлемі 252,3мың га жер. Алтыншыдан, 1984ж Маңғыстау облысы Үстүрт қорығы 223,3мың га жер. Жетіншіден, 1992ж Батыс Алтай қорығы Шығыс Қазақстан облысында құрылған көлемі 56,1мың га жер. Сегізіншіден, 1998ж Алакөл қорығы бұл Алматы облысы орналасқан көлемі 12,5мың га жер. Тоғызыншыдан, 1976ж Шығыс Қазақстан орналасқан Марқакөл қорының көлемі 75мың га жер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет