Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Су қоры жерлерiнiң түciнiгi, түрлерi, олардың құқықтық жағдайы. Жағалаудағы жерлердiң құқықтық жағдайы



бет76/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   96
treatise203 (2)

2. Су қоры жерлерiнiң түciнiгi, түрлерi, олардың құқықтық жағдайы. Жағалаудағы жерлердiң құқықтық жағдайы.
Су айдындары (өзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, көлдер, су ќоймалары, тоғандар мен басќа да iшкi су айдындары, аумаќтыќ сулар), мұздыќтар, батпаќтар, су көздерiнде орналасќан, ағысты реттейтiн су шаруашылығы ќұрылыстары алып жатќан жер, сондай-аќ осы ќұрылыстардың су күзет аймаќтары мен белдеулерiне және ауыз сумен ќамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлыќ күзет аймаќтарына бөлiнген жер су ќорының жерi деп танылады. Су айдындары (өзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, көлдер, су ќоймалары, iшкi су айдындары, аумаќтыќ сулар), мұздыќтар, батпаќтар, мемлекетаралыќ және республикалыќ маңызы бар су шаруашылығы ќұрылыстары алып жатќан су ќорының жерi, сондай-аќ осы ќұрылыстардың су ќорғау белдеулерiне және ауыз сумен ќамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлыќ күзет аймаќтарына бөлiнген жер мемлекет меншiгiнде болады.
Ауданаралыќ (облыстыќ) және шаруашылыќаралыќ (аудандыќ) маңызы бар су шаруашылығы ќұрылыстары (cуapу және кәрiз жүйелерi) алып жатќан су ќоры жерiнiң ќұрамындағы жер учаскелерi, сондай-аќ шаруашылыќ жүргiзушi бiр субъектiнiң жер учаскесiне ќызмет ететiн ирригациялыќ ќұрылыстары, аталған ќұрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, Ќазаќстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк eмec заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
Осы баптың 2-тармағында санамаланған, жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға ќызмет көрсететiн су шаруашылығы ќұрылыстарының жер учаскелерi оларға ортаќ меншiк немесе ортаќ жер пайдалану ќұќығымен берiледi
3. Босалқы жерлердің түсінігі, жалпы сипаттамасы. Босалқы жерлерді беру және пайдалану тәртібі.
Меншiкке немесе жер пайдалануға берiлмеген, аудандыќ атќарушы органдардың ќарамағындағы барлыќ жер босалќы жер болып табылады.
Ядролыќ ќару сынаќтары жүргiзiлген жер учаскелерi Ќазаќстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен босалќы жер ќұрамына ауыстырылады. Аталған жердiң ќұќыќтыќ режимi осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айќындалады.
Босалќы жер оны басќа санаттарға ауыстырғаннан кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң ќажеттерi үшiн және өзге де маќсаттар үшiн меншiкке немесе жер пайдалануға берiледi.

Әдебиеттер


Бақылау сұрақтары

    1. Орман қоры жерлерiнiң түciнiгi, құрамы.

    2. Су қоры жерлерiнiң түciнiгi, түрлерi, олардың құқықтық жағдайы.

    3. Жағалаудағы жерлердiң құқықтық жағдайы.

    4. Босалқы жерлердің түсінігі, жалпы сипаттамасы. Босалқы жерлерді беру және пайдалану тәртібі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет