Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жер құқық қатынастарының шетелдік субъектілерінің құқықтық жағдайы



бет78/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   96
treatise203 (2)

2. Жер құқық қатынастарының шетелдік субъектілерінің құқықтық жағдайы.
Шетелдік жер пайдаланушыларды мұқият талдап қарастырайық.

  • Шетелдік заңды тұлғалар.

Заңды тұлғаның белгілі бір мемлекетке тиесілілігі жеке тұлғаларының мемлекеттік құқықтың институты ретінде нақты мемлекеттің жеке тұлғаларының қатынастарына ғана қолданылатын азаматтығынан ажыратылады.
Жеке тұлға, жұмыс орны мен болу орны қандай болғандығына қарамастан, тәртіп бойынша, бір ғана мемлекетпен байланысты. Ол бір мезгілде екі жерде болуы мүмкін емес.
Заңды тұлға болса халықаралық құқық субьектіліктің күшіне байланысты бірнеше елдермен байланыста болуы мүмкін.
Халықаралық жеке құқықтың теориясында “заңды тұлғаның мәртебесі” және «заңды тұлғаның ұлттылығы» деген ұғымдар бар және аталған ұғымдар мүлдем ұқсас емес түсініктер.
Заңды тұлғаның жеке мәртебесі нақты ұйымның заңды тұлға қатарына жататындығы, оның құқық қабілеттігінің көлемі және органдарымен мәміле жасасу тәртібі, әрекет ететіндігі қандай жағдайда пайда болады және тоқтатылады және қандай заңға сәйкес, қызметін тоқтатады деген сұрақтарға жауап береді. Сондықтан жеке мәртебесі нақты заңды тұлғаның құқықтық жағдайын сипаттайды, бірақ оның қызметі барысында туындайтын құқықтық сұрақтардың барлығын қамтымайды.
Өз кезегінде «заңды тұлғаның ұлттылығы» деген ұғым ұлттық және өзге шетелдік заңды тұлғаларды ажырату үшін және мүлдем басқа сұрақтарды шешу үшін қолданылады. Заңды тұлғаның ұлттылығы тұрғысынан белгілі бір мемлекеттің аумағында шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жіберуге болатындығы, салық салу режимі, валюталық операцияларды жүзеге асыру шарттары анықталады.
Яғни, заңды тұлғаның ұлттылығы дегеніміз - заңды тұлғаның белгілі бір мемлекетке тиесілі екендігін анықтайтын ұғым. Әлемде заңды тұлғаның ұлттылығын анықтаудың үш критериі бар:

  1. инкорпорация қағидасы - құрылған орны, жарғысы мен ережесін бекіткен орын – (АҚШ, Англияда);

  2. орналасқан жері, яғни, басқармасының орналасқан жері, әкімшілік орталығы – (еуропа континенталдық елдерінде, Францияда, Австрияда, Швейцарияда);

  3. қызмет ету орны – (мысалы, Италияда).
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет