Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


ТАҚЫРЫП. ЖЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ



бет77/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   96
treatise203 (2)

15 ТАҚЫРЫП. ЖЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ
Сұрақтары:

    1. Шетелдік субъектілермен жер қатынастарын құқықтық реттеу ерекшеліктер.

    2. Жер құқық қатынастарының шетелдік субъектілерінің құқықтық жағдайы.

    3. Қазақстан әскери полигондар жерін Ресей Федерациясының жалға алу мәселелері

    4. Жер қатынастарын жекелеген мемлекеттерде құқықтық реттеу ерекшеліктері.



1. Шетелдік субъектілермен жер қатынастарын құқықтық реттеу ерекшеліктері.
Шетелдік субьектілер мен Қазақстан Республикасының жер қатынастарының ерекшеліктерінің бірі ол осы қатынастардың обьектісі болын нақты анықталған жер учаскелерінің болатындығы.
Шетелдік субьектілермен Қазақстан Республикасының жер қатынастарының обьектілерін екі түрге жіктеуге болады:

  1. Шетел азаматтарының жеке меншік құқығы обьектілері

  2. Шетелдік субьектілердің жерпайдалану құқығы обьектілері.

Осылайша, шетелдік азаматтардың жеке меншік құқығының обьектісі болып құрылыс салуға берілетін немесе өндірістік және өндірістік емес құрылыстар салынған, соның ішінде тұрғын құрылыстар, (құрылыстар, құрылғылар) және олардың кешендері, сонымен қатар ғимараттарға (құрылыстар, құрылығылар) қызмет көрсетуге арналған жерлер беріледі.
Шетелдіктерге мынадай жер учаскелеріне ортақ тиым қолданылады:

  1. қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік меншіктегі қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік – техникалық құрылыстар, коммунмкациялар орналасқан; кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері;

  2. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

  3. орман қорының жері;

  4. су қорының жері;

  5. магистралдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;

  6. жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда , елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола амайды.

Шетелдік субьектілер жер пайдалану құқығында басқа да жер учаскелерін иеленуі мүмкін, бірақ кейбір жағдайларда оларды пайдалану мерзімі ҚР азаматтарына қарағанда азырақ. Осылайша, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 97-бап 3-тармағына сәйкес шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жалға беру жағдайында уақытша жер пайдалану мерзімі 10 жыл.
Біздің пікіріміз бойынша, заң шығарушы объективті және құзырлы шешім қабылдады деп танимыз. жер нарығы әлі қалыптаспаған жағдайда, ал жердің нақты меншік иелері мен жер пайдаланушылар жер учаскелерін сатып алу құқықтарын ақшалай қаражатының жоқтығына байланысты жүзеге асыра алмаған жағдайда ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шетелдік субъектілерге жеке меншік құқығымен беруге тиым салынғаны экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өте орынды болып табылады.
Шетелдік азаматтарға қарағанда шетелдік мемлекеттерге тәртіп қаталдау. Бұл жерде жер учаскелері тек жер пайдаланудың обьектісі болып қана табылады.
Қазақстан Республикасында шетелдік тұлғалардың қатысуымен туындайтын жер қатынастарына бірқатар ерекшеліктер тән.
Біріншіден, ең маңызды ерекшелігі субъектілік құрамында болып табылады. Зерттеліп отырған жер қатынастарының субъектілері ретінде шетелдік тұлғалар танылады. Шетелдік тұлғалар қатарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар жатады. Сонымен бірге, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар оның ішінде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер де шетелдік тұлғалар болып табылады.
Келесі ерекшелігі зерттеп отырған қатынастардың объектісінде, яғни бұл қатынастар белгілі бір жер учаскелеріне байланысты туындайды.
Шетелдік тұлғалар барлық жер учаскелеріне емес, тек қана құрылыстар мен ғимараттар салынған немесе салынуға арналған жерлерде ғана меншік құқығын жүзеге асыра алады. Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерін салу үшін берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік (мемлекеттік емес) заңды тұлғалардың жеке меншігінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, олар тұрақты жер пайдалану құқығына ие бола алмайды. Жер учаскелерін пайдалану құқығы шетелдік тұлғаларға тек қана уақытша өтеулі негізде беріледі.
Зерттеп отырған жер қатынастарының келесі ерекшелігі - бұл қатынастардың мазмұнында. Егер міндеттер барлық шетелдік тұлғаларға меншік иелері немесе жер пайдаланушылар ретінде бірдей болса, құқықтары мүлдем өзге. Шетелдік тұлғаларға да мынандай жер учаскелеріне байланысты ортақ тиым қолданылады:
- қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік меншіктегі қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне; Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
- орман және су қорының жерлері;
- магистралдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;
- жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.
Шетелдік тұлғалар уақытша жер пайдалану құқығында басқа да жер учаскелерін иеленуі мүмкін, бірақ бірқатар жағдайларда оларды пайдалану мерзімі Қазақстан Республикасының азаматтарына қарағанда шектеулі сипатта болады. Мәселен, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 97-бап 3-тармағына сәйкес, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жалға беру жағдайында уақытша жер пайдалану мерзімі 10 жыл, ал оның 34-бабына сәйкес, тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі болмайды.
Шетелдік тұлғалармен жер қатынастары тек ұлттық жер заңдарының негізінде ғана емес, сонымен қатар халықаралық келісім шарттар негізінде туындайды. Яғни шетелдік тұлғалардың жер құқықтары мен міндеттері ұлттық заңдармен қатар, халықаралық келісім шарттар нормаларында көрініс табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет