Қорық режимінде кез келген қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаны жай күйіне зиянды ықпал жасайтын барлық қызмет түрлеріне тыйым салынады.
Заказник режимі шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір маусымда, белгілі бір мерзімде, белгілі бір арнаулы жерде ғана қоршаған ортаға зиян келтірмейтін қызметтерге рұқсат етілген. Мысалы, ағаш кесуге, аң және балық аулауға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат етіледі тек қана белгілі бір маусымда, мерзімде.
Шаруашылық қызмет режимі, табиғи кешенмен шектеулі түрде пайдалануға, сонымен қатар, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың табиғи кешендерге және мемлекеттік табиғи қорық қорын азиян тигізбейтін әдістермен тәсілдерді қолдана отырып, шаруашылық қызметтің әдеттегеі түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді.
2. Қорық жерлерiнiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi.
Мемлекеттік дендрологиялық парк — ағаш және бұтақ тектес өсімдіктерді қорғау, пайдалану және өсімін молайту үшін арналған, қорғаудың ерекше режиміне ие болатын табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады.
Мемлекеттік дендрологиялық парктің қызметіне әлемдік маңыздылығы бар Қазақстанның ағаш өсімдіктерін сақтаудың, қорғаудың және өсімін молайтудың ғылыми негіздерін дайындау жатады.
Мемлекеттік зоологиялық парк — сирек кездесетін немесе құрып кету қаупіндегі жануарларды жасанды ортада сақтап тұрумен айналысатын мәдени-ағарту, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметі үшін арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады
3. Ботаникалық бақтарға және табиғи ескерткiштерге берiлген жерлердiң құқықтық жағдайы.
Мемлекеттік ботаникалық бақ — сирек кездесетін немесе құрып кету қаупіндегі өсімдіктерді сақтаудың, қорғаудың және өсімін молайтудың ғылыми негіздерін дайындау мен зерттеулерді жүргізуге арналған, табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады.
Мемлекеттік ботаникалық бақтар аумағында келесідей белдеулер белгіленген:
1) экспозициялық — өсімдіктерді өсіру мен келушілер үшін қол жетімді болып табылады;
2) ғылыми — ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін және генофон коллекциясын сақтау үшін;
3) қоғамдық — келушілерге қызмет көрсету үшін;
4) әкімшілік және өндірістік-шаруашылық.
Ботаникалық бақ аумағында өсіріліп жатқан өсімдіктердің құрып кетуіне әкеп соғатын кез-келген қызмет түріне тиым салынады.
Мемлекеттік табиғи ескерткіш дегеніміз – мемлекеттік табиғи қорықтық қор объектілеріне жатқызылған табиғи және жасанды түрде пайда болған, экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық жағынан орны толмас деп танылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |