3. Қазақстан әскери полигондар жерін Ресей Федерациясының жалға алу мәселелері
Полигондар туралы Келісім Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 25 мамыр 1992 жылғы достық, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Келісім-шарт ережелеріне негізделген. Аталмыш құжатта тараптар "сынақ полигондарын", "қару-жарақтар мен әскери техникаларды жасап, сынауға, сондай-ақ тараптардың қарулы күштерінің бөлімдері мен бірлестіктерінің тиісті әскери дайындығын қолдау жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған Қазақстан Республикасы аумағындағы жер учаскелерінде орналасқан әскери объектілер, өнеркәсіп өкілдерінің объектілері мен ұрыс алаңдары" деп айқындады.
Полигондар туралы Келісім Қазақстан Республикасының өз аумағында орналасқан сынақ полигондарына меншік құқығын нығайтады. Сынақ полигондарының жылжитын және жылжымайтын мүліктерін, сондай-ақ тиісті жер учаскелерін пайдалану және иелену құқығы Ресей Федерациясы Қарулы күштері мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне осы Келісімнің әрекет ету мерзіміне беріледі.
Әр полигон бойынша 20 қаңтар 1995 ж. Мәскеуде Келісім жасалды (Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында Ембі полигонын пайдалану және жалға алу шарттары туралы Келісім), Ресей мен Қазақстан ратификациялаған (әрі қарай – Ембі полигоны туралы Келісім) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің 4 Мемлекеттік орталық полигонын (Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери алаңдар мен объектілер) пайдалану туралы Келісім (әрі қарай 4 полигонды жалға алу туралы Келісім), Ресей мен Қазақстан ратификациялаған; Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Сары-Шаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға алу шарты және Приозерск қаласының тіршілігін қамтамасыз ету туралы Келісім, Ресей /102 Закон РК от 05.07.2000 г. N 74-II /// мен Қазақстан ратификациялаған (әрі қарай Сары Шаған полигонын жалға алу туралы Келісім).
Келісімдерде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясына уақытша пайдалануға полигондардың жер учаскелерін, жылжымайтын және жылжитын мүліктерін жалға алу шартымен беру тәртібінің, Ресей Федерациясының мүддесі үшін жалға алу кезеңінде полигондардың пайдаланған жерлері үшін Ресей Федерациясының төлем жүргізуінің қағидалы мәселелері, сондай-ақ полигондардың жұмыс істеуінің өзекті аспектілері айқындалды.
10.12.94 жалға алу келісім-шартының 6.1 тармағы 1991 жылдың 31 тамызына "Байқоңыр" кешені аумағында тұрған объектілер мен мүліктерге меншік құқығын Қазақстан Республикасына бекітіп берді. 1991 жылдың 31 тамызынан кейін жылжымайтын және жылжитын мүліктерге, құрылатын, алынатын және әкелінетін мүліктерге меншік құқығы осыны жасауды, алуды және әкелуді қаржыландырған тарапқа тиісті болды. Оның үстіне Ресей жағы жалға берушінің жазбаша келісімі арқылы жалға алынған мүліктерге ажырағысыз жақсартулар енгізуге құқылы. Мұндай жағдайларда Ресей Федерациясы келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін оларға тиісінше меншік құқын немесе осы жақсартулардың қалдық құнының орнын толтыру құқығын сақтайды.
Басқаша айтқанда, Ресей Федерациясының жерді жалға алуы жалға алу мерзімі аяқталуына қарамастан ұзартыла алуы мүмкін. Және бұл 1991 жылдан кейін жалға алушы іс жүзінде "Байқоңыр" кешенінің көптеген объектілерін жаңадан қалпына келтіргені және салғанына да байланысты. Осыған орай сұрақ туады: жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін барлық мүлік және сонымен бірге жылжымайтын мүлік орналасқан жер учаскелері бір мерзімде біздің еліміздің меншігіне қалай көше алады?
Бұл араны 10.12.1994 ж. жалға алу Келісім-шартының 8-бабы 8.4- тармағының б) тармақшасы реттейді, онда жалгер (Ресей жағы) "аталмыш келісім-шарттың әрекет ету мерзімі өткеннен кейін жалға берушінің келісімі бойынша жүргізілген жақсартулардың, сондай-ақ жаңадан салынған объектілердің қалдық құнын, егер осы жақсартулар мен объектілер жалға берушінің меншігіне берілсе, орнын толтыртуға" құқысы барлығы көрсетілген, сонымен бірге осы баптың е) тармақшасы "жалға алу мерзімі ішінде немесе оның мерзімі аяқталғаннан кейін "Байқоңыр" кешені объектілерін толық немесе ішінара өз меншігіне сатып алу туралы ұсыныс енгізу" құқығын қарастырады, бұл Ресейге қазақстандық космодромда іс жүзінде шексіз мерзімге қалуға мүмкіндік береді, бұның өзі екі еуразиялық елдің стратегиялық әріптестігінің шынайы айғағы мен кепілі болып табылады.
2004 жылдың қаңтарында Ресей мен Қазақстан Байқоңыр космодромын жалға алу мерзімін 36 жылға – 2050 жылға дейін ұзарту туралы келісімге қол қойды. Ресей баспасөзінде көрсетілгендей, Ресей мен Қазақстан одақтастар. 2004 жылы қаңтарда РФ Президенті В.Путин Астанаға келген сапарында әріптестік қатынастар нақты экономикалық жобалармен нығайтылды. 11 құжатқа қол қойылды. "Байқоңыр" космодромын екі ел ең аз дегенде 2050 жылға дейін бірлесіп пайдаланатын болады. Әрі Қазақстан үшін ең өткір проблемалардың бірі – экологиялық проблема шешімін табады. Бұрын улы ракета отыны Қазақстан жерін ластады. Енді жаңа экологиялық таза ракета "Ангара" үшін старт алаңын бірге салуға шешім жасалды. Қазақстан бүгінгі таңда космос технологияларына неғұрлым нақты араласуға мүдделі. Осыған байланысты Қазақстан бірнеше жобаларға қатыса отырып, едәуір қаржылық жүктеме арқалайды, бұл оны Ресей үшін Байқоңыр потенциалын пайдалануда тиімді әріптес етеді.
10.12.1994 ж. жалға алу туралы Келісім-шартта Ресей келісім-шарттық негізде Қазақстанға ғарыштық жобаларды жүргізуге, ең алдымен, спутниктік байланыс пен Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу саласында, бірлескен құрылымдар құруда, оның ішінде ғылыми-зерттеу, жобалық, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық мекемелер мен ұйымдар, ғарыш техникасы бойынша Қазақстан Республикасы мамандарын және ғарышкерлерді даярлауда жәрдем беретіні көрсетілген. "Байқоңыр" жөнінде келісімдер пакетін құрайтын аса маңызды құжаттар қатарына Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, қалыптастыру тәртібі мен оның атқарушы билік органдарының статусы туралы Мәскеуде 1995 жылы 23 желтоқсанда қол қойылған Келісім жатады. Осы құжатта Байқоңыр қаласының мәртебесі "Қазақстан Республикасының жалға алу шартымен жұмыс атқаратын әкімшілік-аумақтық бірлігі" деп танылды, ол "Байқоңыр" кешенін жалға алу кезеңінде Байқоңыр қаласы Ресей Федерациясына қатысты алғанда объектілері, кәсіпорындары мен ұйымдары және азаматтарының өмір сүруі үшін ерекше режимде қауіпсіз қызмет атқаратын Ресей Федерациясының федералдық маңызына сай қала мәртебесін иеленеді. Оның үстіне қала шегіндегі барлық жерлер жерге меншік қүқығын қадағалау арқылы қала әкімшілігінің қол астында болады. Қайсы бір санатқа жатқызылған жерлерді нақты пайдалану, Байқоңыр қаласының бас жоспарына сай жүргізіледі. Қаланың әскери және азаматтық ведомостволарға бағынатын ерекше статусын ескере отырып, қалалық жерлердің жекелеген учаскелеріне ерекше пайдалану режимі белгіленеді.
1. Шетелдік субъектілермен жер қатынастарын құқықтық реттеу ерекшеліктер.
2. Жер құқық қатынастарының шетелдік субъектілерінің құқықтық жағдайы.
3. Қазақстан әскери полигондар жерін Ресей Федерациясының жалға алу мәселелері
4. Жер қатынастарын жекелеген мемлекеттерде құқықтық реттеу ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |