Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


бөлімше. Шахта сулары, ауыз сумен қамсыздандыру, ассенизация



бет25/25
Дата24.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#14056
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

3 бөлімше. Шахта сулары, ауыз сумен қамсыздандыру, ассенизация
1679. Жер асты кен орындарында тамшылардан қорғау жөніндегі шаралар қабылданады.

Тамшылардың алдын алу үшін шахта бағандарының баған маңындағы аулаларында және адамдарды көтеруге және түсіруге арналған клеттерде құрылғы орнатылады.

1680. Адамдар қозғалуына арналған кен орындары қоқыстардан тазартылып, шахта суларын ағызатын арналары болады.

1681. Шахтадан жер үстіне шығарылатын сулар жылына екі реттен кем емес сапалы және санды химия - бактериологиялық талдауға жатады. Талдау нәтижелерін шахта басшылығы санитарлық қадағалау органдарына жібереді.

Егер шахта суында қиянды қоспалар болса, онда шахта басшылығы санитарлық органдармен келісе отырып, шахта суын зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдайды. Шахта суларын жіберу орындары санитарлық және экологиялық қадағалау органдарымен келісіледі.

Жер астында және бетінде жұмыс істейтін барлық жұмыскерлерді жұмыс орындарына жақындатылған ортақ ауыз су нүктелерін ұйымдастыру немесе жеке флягалар қолдану арқылы ауыз сумен ұйым қамтамасыз етеді. Фляганың сыйымдылығы оны алып жүру үшін 0,75 л – ден кем емес, ол ауыз су станциясында орталықтандырылған түрде толтырылады. Шыны флягаларды қолдануға жол берілмейді.

Жер астында теріс температурада жұмыс істейтін жұмыскерлерге термостар беріледі.

Ауыз су көзіндегі суды су сапасын және ішуге жарамдылығын анықтау үшін санитарлық қадағалау органдарымен келісілген мерзімде химия - бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

1682. Ауыз суға арналған ыдыстар санитарлық қадағалау органдарының келісімі бойынша жеңіл тазартылатын және дезинфекцияланған материалдардан жасалады. Ағаш ыдыстарды қолдануға болмайды.

Ауыз су құюға арналған ыдыстар ластанудан қақпақ арқылы қорғалады, ауызбен бұрандаға тиісуге кедергі келтіретін қоршауы бар фонтан типтегі бұрандасы болады және жұмысшыларды аз орналасқан орындарға орналастырылады.

Суды жеткізу кезінде .судың ластануына жол берілмейді. Ауыз суға арналған ыдыстар аптасына бір рет ыстық сумен жуылады немесе дезинфицирленеді.

1683. Ауыз сумен жабдықтайтын жұмыскерлер санитарлық қадағалау органдары белгілеген мерзімде медициналық тексеруден өтеді.

1684. Жер асты кен орындарында және жер бетінде санитарлық қадағалау органдарымен келісілген орындарда әжетханалар орнатылады.

Жер асты стационарлық әжетхана орындары қуысқа қарай есік еніне байланысты тереңдетілген жабылатын есігі бар арнайы камера – қуыстарда орнатылады. Қуыс әжетханада 50 адамға бір саңылау есебінен вагонетка - қабылдаулары орнатылады. Қалдықтарды қабылдауыштары сұйықтарды өткізбейді және толық және ыңғайлы жууға ыңғайланған. Ағызуға арналған құрылғы төменде орналасады және герметикалық қақпағы болады.

Стационарлық әжетханалардан алыста орналасқан жұмысшылар саны 3 - 5 адамнан тұратын учаскелер үшін жылжымалы жер асты әжетханалары қолданылады.

Әжетханалар күн сайын дезинфекцияланады және жүйелі тазаланады.



4 бөлімше. Санитарлық - тұрмыстық ғимараттар
1685. Әрбір шахтада құрылысы жобалау нормаларына және санитарлық нормаларға сәйкес санитарлық - тұрмыстық ғимараттары бар әкімшілік - тұрмыстық комбинат болады. Тұрмыстық комбинаттар шахта үстіндегі ғимарттарға жақын орналасады және олармен жылытылған жабық өтулермен қосылады.

Шахта құрылысы жұмыстарының басталуы кезінде монша және шешінетін орындар салынады.

Шахта суын санитарлық қадағалау органдарының келісімі бойынша жууға пайдалануға болады.

Шахта жұмыскерлерін жабдықталған көлікпен тасымалдау шартында жақын орналасқан кішкентай шахта топтарына бір тұрмыстық комбинаттан қызмет көрсетуге болады.

1686. Санитарлық - тұрмыстық ғимарттарда ауыз үй, үй көйлектерін сақтауға арналған бөлігі бар шешінетін орын, арнайы жұмыс киімін сақтау орыны бар шешінетін орын, әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлме, механикалық кір жуу, арнайы жұмыс киімдерді мен аяқ киімдерді жөндеуге арналған шеберхана, дымқыл арнайы жұмыс киімдерін кептіруге арналған орын, дезинфекциялық камера, арнайы жұмыс киімдерінің шаңын қағуға, аяқ киімдерді тазарту және жууға арналған құрылғысы бар ғимарат, жылы әжетханалар, үй жинауға арналған және шағылысу комнатасын тазалауға арналған заттарды сақтайтын қойма болады. Арнайы жұмыс киімдерін сақтауға арналған бөлімшелердегі орын жер асты және кір жұмыстардағы барлық жұмыскерлердің тізімдік құрамына сәйкес келеді; ал үй көйлегіне арналған бөлімшедегі орын саны барынша көп ауысымда жұмыс істейтін жұмыскерлер санына сәйкес келеді.

Шешінетін орындар мен моншаларда бір ауысымда жуыну киінуге

45 минуттан артық емес уақыт жіберілетін максимальды жұмыскерлер санын қамтамасыз етеді.

1687. Барлық санитарлық - тұрмыстық ғимараттарда қолданыстағы нормаға сәйкес желдеткіштер болады.

Арнайы жұмыс киімін сақтау үшін монша мен шешінетін орындардың қабырғалары, едендері мен төбелері су өтпейтін материалдан жасалады. Бұл бөлмелерде еден мен қабырғаны жууға арналған бұрандалар орнатылады.

1688. Барлық шахталарды қажеттілігіне қарай жұмыс киімдері мен аяқ - киімдерді жөндеу жүргізіледі.

Санитарлық - тұрмыстық ғимарттарды (әрі қарай СТҒ) базалық құрылыс алаңында орналастыруға болады. Бұл жағдайда жұмыскерлердің базалық шахтадан 1 км – ден артық алыс орналасқан кезінде оларды құрылыс объектілеріне жеткізу қамтамасыз етіледі.

1689. Уақытша тұрмыстық ғимарттардың құрамы мен аумағы объектідегі жұмыстың толық айналуы кезінде жұмыс істеушілердің санын орналастыруды ескере отырып, қолданыстағы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес келеді.

1690. СТҒ ішкі құрылысы жұмыс істеушілер ағынының күнделікті және арнайы жұмыс киімдерінде араласуына жол бермейді.

1691. Уақытша тұрмыстық ғимараттар қолданыстағы санитарлық нормаларға және құрылыс нормаларына сәйкес суық және жылы сумен және үрмелі соратын желдеткішпен, жылыту мен кәріздермен қамтамасыз етіледі.

1692. СТҒ едендері, қабырғалары мен бөлмелерді бөліп тұратын қабырғалар ылғалға шыдамды, жеңіл жуылатын материалдармен жабылған. Шешінетін орындар мен моншалар химиялық дезинфекциялауға және термикалық өңдеуге жарамды аяқ асты кілемшелермен жабдықталады. Жұмысшылар сабын және сүлгімен қамтамасыз етіледі.

1693. Арнайы жұмыс киімдері мен аяқ киімдерді кептіру жұмыстағы ауысым аралық үзілісте максимальды жүктеу кезінде сенімді кептіруді қамтамасыз етеді.

1694. Ұйым әкімшілігі арнайы жұмыс киімдерін зарарсыздандыру, химиялық тазарту, жуу, кептіру және шаңнан тазартуды қамтамасыз етеді.

Арнайы жұмыс киімдерін кептіру және шаңнан тазарту әрбір ауысымнан кейін, жуу және химиялық тазарту - қажеттілігіне қарай, бірақ айына екі реттен кем емес.

1695. Арнайы жұмыс киімдерін және күнделікті киімдерді сақтауға арналған ғимараттар бас киімдерге, киімдерге, гигиеналық заттар қоюға арналған жеке шкафтармен жабдықталады. Жекелеген жағдайларда арнайы жұмыс киімдерді бір киім ілгіште топтап сақтауға болады.

5 бөлімше. Медициналық көмек
1696. Жұмыс орындары алғашқы медициналық көмек көрсететін аптечкалармен жинақталады. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда жер астындағы жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер өздерімен бірге су өткізбейтін қабықтағы жеке байлау пакеттерін алып жүреді. Бақылау тұлғалары, бригадирлер (топ жетекшілері) жұмыс уақытында өзімен бірге екіден кем емес жеке байлау пакеттерін алады.

Жер астындағы жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер мен бақылау тұлғалары дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек беруге оқытылады.

1697. Барлық шахталарда алғашқы көмек көрсету аптечкалары жұмыс жүргізілетін орындарға жақын орналасқан жер бетінде цехтарда, үй көйлектеріне арналған шешінетін орындарда, шахта үстіндегі ғимараттарда, баған маңындағы аулада (жер асты медициналық пункт болмаған жағдайда) және камераларда болады.

Аптечканың шахта бағанында орналасқан жағдайда оның кілті баған кезекшісінде, ал камерада болғанда - камера бойынша кезекшіде болады.

Жер асты медициналық пункті жоқ баған маңындағы ауласында жедел жәрдем машинасына орналастыруға болатын тасығыштар болады.

1698. Әрбір шахтада санитарлық нормаларға және денсаулық сақтау органдарының нұсқаулығына сәйкес денсаулық сақтау пунктерімен жабдықталады.

Жер бетінде шахта бағанына жақын жерде алғашқы медициналық көмек көрсету пункті ұйымдастырылады. Пункт ұйымдары денсаулық сақтау органдарымен келісіледі.

Алғашқы медициналық көмек көрсету пунктері жалпы байланыс құралдарымен жабдықталады.

1699. Зардап шеккендер мен жұмыста ауырып қалғандарды алғашқы медициналық көмек көрсету пунктінен емдеу мекемесіне апаруға әрбір шахтада басқа мақсатқа пайдалануға болмайтын санитарлық автомобиль болады.

Зардап шеккендерді қысқа мерзімде тасымалдау үшін автомобиль жылы киіммен және жылы көрпемен жабдықталады.

Шахтадағы жұмыскерлер саны 1000 адамға дейін болған жағдайда бір санитарлық автомобиль, ал 2000 дейін екі машина және әрбір қосымша 2000 жұмыскерге бір машина қарастыру ұсынылады.

13 бөлім. Жер асты тау - кен жұмыстарын маркшейдерлік қамтамасыз ету
1700. Шахталар құрылысы, реконструкциясы және пайдалану кезінде маркшейдерлік құжаттардың барлық түрімен қамтамасыз ету және тау - кен жұмыстарының сапалы және қауіпсіз жұмысына және барлық шахталардың жер қойнауын пайдалануына бақылау жасау үшін маркшейдерлік қызмет құрылады.

1701. Шахталардағы барлық маркшейдерлік жұмыстар «Маркшейдерлік жұмыстарды өндіру жөніндегі талабына сәйкес орындалады.

1702. Әрбір шахтада маркшейдерлік құжаттаманың (алғашқы, есептеу, және графикалық) жиынтығы жүргізіледі. Маркшейдерлік құжаттаманы жасау, толтыру мерзімі, мазмұны, есепке алу, сақтау және негізгі жиынтығын стандарттау маркшейдерлік жұмыстарды өндіру жөніндегі Талапқа сәйкес реттеледі.

1703. Маркшейдерлік қызмет келесі негізгі функцияларды іске асырады:

1) шахталар, жер асты кен орындары құрылысы кезінде жобаларды табиғилыққа көшіреді, тау - кен орындарына бағып беріп, жобаға сәйкес олардың бұрғылануын маркшейдерлік қамтамасыз етеді, шахталық көтеру құралдарының геометриялық элементтерін, олардың дұрыс орнатылуын және шахта бағандарының армировкасын тексереді, шахтаны пайдалануына қажетті жер асты объектілерінің маркшейдерлік құжаттамасын әзірлейді;

2) кен орындарын пайдалану кезінде жер бетінің және тау - кен орындарының суретін түсіреді, шахталарға қажетті жоспарлы - графикалық материалды жасайды, тау - кен орындарына бағыт беріп, оларды жүргізу кезінде жобалық бағыттардың, көлденең қималар мен еңкіштердің орындалуын бақылайды; геологиялық қызметпен бірлесе отырып, су басып қалу, улы және жанатын газдардың қауіпті аумақтарының шекарасын белгілеу жобаларын жасайды. Осыған сәйкес қауіпті аумақтарды анықтайды, ескереді және графикалық маркшейдерлік құжаттамаға салады, қауіпті аумақтарда тау - кен жұмыстарын жүргізу кезінде су және газ басып қалудың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылауға алады; тау жыныстарының қозғалысына және тау қысымының пайда болуына бақылау жасайды, тау - кен жұмыстарының зиянды әсерінен ғимарттарды, табиғат объектілерін және тау - кен орындарын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылауға алады; тау - кен жұмыстарын жоспарлау және кен орындарын барлаудың негізгі мәселелерін шешуге қатысады;

3) тау жыныстарының қозғалу процессіне, кен орындарының сонымен қатар жер бетіндегі ғимарттар мен имараттардың деформациялануына, құралдармен бақылау жасау және «Күндізгі жер бетіндегі ғимарттар мен жер асты имараттарының деформациялануын бақылауды есепке алу журналына» жазбалар жүргізу (29 қосымша).

1704. Арнайы әдістерді, құралдар мен техникалық құралдарды пайдалануды талап ететін маркшейдерлік жұмыстарды өкілетті органмен аттестацияланған ұйымдар орындайды.

1705. Баған құрылысы жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйым «Маркшейдерлік және геологиялық қызмет нұсқамалары журналын» жүргізеді. Бұл журналға маркшейдерлік және геологиялық қызметтің лауазымды тұлғалары анықталған жобадан ауытқулары, сондай - ақ қауіпті аумақтардың болуын және олардың құзыретіне енетін басқа нұсқамаларды жазады.

1706. Жобада көрсетілген кен орынын бұрғылау кезінде анықталған геологиялық бұзушылықтар, сондай - ақ жыныстардың көп құлаған орындары, аққыш массаларды шығару және жер асты суларының ағыны орындары маркшейдерлік жоспарға (разрездер) саны мен күні көрсетіле отырып, салынады.

Бас және учаскелік маркшейдерлер техникалық жетекші мен участок бастығына (жұмыс өндірушіге) қауіпті аумаққа оған дейін 20 м - ден алшақ келу, сонымен қатар белгіленген шекараларды қиып өту және олардан шығу туралы жазбаша хабарлама береді.

Қауіпті аумаққа дейін 7 м қалғанда діңгектің мөлшері туралы өлшемдер мен хабарлауларды учаскелік маркшейдер әрбір кірістен кейін жасап отыру керек.

1707. Маркшейдерлік жұмыстарды геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар өндірісінің жобасына сәйкес жасалады.

Жұмыс алдында орындаушы жұмыс аумағын мұқият қарап, оны өндіруге қауіп жоқ екеніне көз жеткізіп, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдайды.

Геодезиялық маркшейдерлік жұмыстарды екі адамнан кем емес бригада атқарады. Жер асты полигонометрия салу кезінде маркшейдерлік жұмыстар тау - кен орындары бойынша технологиялық көлік қозғалысы тоқтатылғаннан кейін жүргізіледі.

1708. Жер асты кен орындарындағы забойларға жақын орналасқан барлық бөлу және маркшейдерлік жұмыстар осы жұмыстарды орындауға қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ететін тау - кен шеберінің рұқсаты арқылы жүргізіледі.

1709. Жер асты кен орындарында лазерлі приборлармен жұмыс істеу келесі талаптар орындалған жағдайда орындалады:

1) бұзу жұмыстарына қауіптілігі бірінші класты лазерлер қолданылады;

2) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды факторлар деңгейі қолданыстағы санитарлық ережелермен белгіленген шамалардан аспайды;

3) лазерлік шағылысу аумағында лазерлік қауіптілік белгісі қойылады. Визуалды көрудің оптикалық приборларымен жұмыс жасауға және осы аумақта персоналды табуға жол берілмейді.

1710. Жер бетінде қауіпті аумақ шегінде және көліктің тынымсыз қозғаласы орындарында, тиеу - түсіру жұмыстары жүргізілетін орындарда, материалдар, конструкциялар жинау орындарында, электр берілуінің жоғары вольтты желілері аумағында және осыған ұқсас жерлерде геодезиялық желінің тіреуіш пунктін салуға болмайды.

1711. Кабельдер, газқұбырлары және басқа да жер асты коммуникациясына жақын жерде геодезиялық белгілерді орнату ұйымның өкілі - коммуникация иесінің қатысуымен жүргізіледі.

1712. Ғимараттар қабырғасында орнатылған дефорамациялық реперлер қалдығын өлшеу жүргізуді бастауға дейін төбеден және қабырғалардан оларға жиналған қарлардың, мұздың және басқа да заттардың түсуінен қорғау жөніндегі шаралар қабылданады.

1713. Шахта бағандарындағы тіктеуіштерді қолдана отырып, жұмыс жасау жоғары және төмен горизонттарда жұмыс істеу үшін құрылған екі бригадалардың осы бағандарда басқа жұмыстарын тоқтатқаннан кейін жүргізіледі. Бұл жағдайда жоғары горизонт бригадасының жетекшісі басшы болып табылады. Бригадалар арасында сенімді байланыс болады.

1714. Тарақтар мен фурнельдерде маркшейдерлік жұмыстарын жүргізу кезінде осы кен орындарындағы барлық жұмыстар тоқтатылады.

1715. Шахта бағандарының көтеру кешенін тексеру кезінде көтеру машинасының машинисті мен түсіру жүргізушілер арасында тұрақты телефон немесе радио байланыс қамтамасыз етіледі.

1716. Шахта бағанының қабырғалары мен оның ішіндегі өткізгіштерінің орналасуын кәсіпорындардың немесе мамандандырылған ұйымның маркшейдерлік қызметі тексереді (профилирлейді).

Профилирлеу мерзімі мен әдістері әрбір баған үшін ұйымның техникалық жетекшісі анықтайды, бірақта үш жылда бір реттен жиі емес. Профилирлеу нәтижесі маркшейдерлік құжаттамада көрсетіледі.

1717. Шахта бағанының қабырғалары мен оның ішіндегі өткізгіштерінің орналасуын шахтаның бас маркшейдері немесе мамандандырылған бригада тексереді (профилирлейді). Профилирлеу мерзімі мен әдістері әрбір баған үшін ұйымның техникалық жетекшісі анықтайды, бірақта үш жылда бір реттен жиі емес. Профилирлеу нәтижесі маркшейдерлік құжаттамада тіке разрездерде және шахта бағаны қимасының жоспарында көрсетіледі және анықталған жобадан ауытқуларды жою жөніндегі қажетті шаралар қабылдау туралы өз нұсқауларын тіке разрездерде жазатын ұйымның техникалық басшысына баяндалады.

_____________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет