7 тарау. Қорғаныс жерге қосу кедергісін қарау және өлшеу
1515. Әрбір ауысымның басында қызмет көрсететін персонал барлық жерге қосу құрылығыларын сырттай қарап шығады. Бұл кезде жерге қосу тізбектері мен өткізгіштердің тұтастылығы, контактілердің жағдайы және тағы басқалары тексеріледі.
Электрқұрылғыларын олардың жерге қосу құрылғысы тексерілгеннен кейін ғана қосуға болады. Электрқондырғылардың кішкентай жөндеуі болса да, әрбір жөндеуден кейін олардың жерге қосуы дұрыстығы тексеріледі.
1516. 3 айдан жиі емес шахтаның барлық жерге қосу желісін сырттай тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар осы уақытта әрбір жерге қосушының жалпы жерге қосу кедергісі өлшенеді.
Жерге қосу кедергісі жаңа жөнделген немесе ауыстырылған құрылғаны қосу алдында өлшенеді.
Қарау және өлшеу нәтижелері «Жерге қосуды тексеру және өлшеу журналына» жазылады (26 - қосымша).
1517. Жерге қосу кезінде жерге қосу тізбегінің үздіксіздігіне және контактілердің жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Контактілердің әлсізденуі және қышқылдануы кезінде контактілі бетті жарқырағанға дейін тазартып, болтпен қосуларды тартып, контактілердің механикалық мықтылығы тексеріледі.
Контактілердің механикалық мықтылығы жерге қосу кедергісін өлшегенге дейін тексеріледі.
1518. Зумпфа мен су жинағышта орналасқан бас жерге қосулар 6 айда бір реттен жиі емес тексеру мен жөндеуге жатады.
1519. Жерге қосатын желінің кедергісін өлшеу үшін тексерілетін жерге қосушыдан 15 м – ден кем емес қашықтықта орналасқан екі қосымша жерге қосушы орналастырылады. Қосымша жерге қосушалардың арақашықтығы 15 м – ден кем емес.
Қосымша жерге қосушылар ретінде ұштары үшкірленген, 0,8 м дейінгі ылғалды тереңдікке салынатын болат (луженные болғаны дұрыс) стерженьдер қолданылады.
1520. Жерге қосу кедергісін М416 / 1, М1103 және басқа да завод нұсқаулығына сәйкес аспаптармен өлшеуге болады.
1521. Бір жергілікті жерге қосушы машиналар мен механизмдер топтарына орнатылған жағдайда әр аппараттың жерге қосу кедергісі, жергілікті дерге қосудан ажыратылмай жеке өлшенеді. Ол үшін прибордың сымы жерге қосушыға қосылады, бұл жағдайда жерге қосудың жалпы кедергісі өлшенеді. Прибордың сымы әрбір аппараттың жерге қосушы қысқышына кезек бойынша қосылады. Өлшеу нәтижелерінің айырмашылығы болған жағдайда жерге қосушы өткізгіштердің қосылу сенімділігі тағы бір рет тексеріледі.
10 бөлімше. Өндірісітік бақылау
1522. Электрқондырғыларды ашу және жөндеуге тиісті біліктілігі және осындай жұмыстарға құқығы бар тұлғалар жіберіледі.
1523. Барлық электр машиналары, аппараттар, трансформаторлар мен басқа да электрқондырғылар, олардың жарылғыш қауіпсіз қабықшалары, кабельдер, жерге қосуларды мерзімді тексеріп отырады:
1) машиналар мен механизмдерде жұмыс істейтін тұлғалар, сонымен қатар участок электрслесарлар – ауысым сайын;
2) участок механиктері немесе оларды алмастырушы адамдар – апта сайын;
3) шахтаның бас энергетигі (бас механигі) немесе тағайындалған адамдар – 3 айда бір реттен кем емес.
1524. Ток кемуінен қорғау аппаратын бақылау учаскесінің адамы немесе оның тапсырмасы бойынша электрослесарь әрбір ауысым алдында жұмыс істеуін тексереді.
Тексеріс нәтижесі, қорғау аппараты орнатылған орындарда арнайы тақтаға жазылады.
Ток кемуінен қорғау аппаратының әсерінен желінің ажыратылуының жалпы уақыты 6 айда бір реттен кем емес тексеріледі. Аппаратты тексеру нәтижесі хаттамамен рәсімделеді немесе арнайы кітапқа жазылады.
1525. Жекелеген электрқондырғылары мен кабельдердің оқшаулану кедергісін өлшеу монтаждау және ауыстырудан кейін, қорғаныстың авариялық ажыратылуынан кейін, көп уақыт жұмыс істемегеннен кейін, қосу алдында, бірақ 3 айда бір реттен жиі емес.
Нормаларға сәйкес келмейтін оқшаулау кедергісі зақымданған электр қондырғылары мен кабельдер, оқшаулау кедергісін арттыру жөнінде шаралар қабылдау немесе жөндеу үшін желіден ажыратылады.
Номинальді кернеулігі 1000 Вольтқа дейінгі электр қондырғылары мен кабельдердің оқшаулау кедергісін өлшеу 500 – 1000 Вольт кернеулікке арналған мегометр, ал 1000 Вольттан жоғары электрқондырғылар кернеулігі 2500 Вольтқа арналған мегометр арқылы өлшенеді.
Шахтада жұмыс істейтін ауыспалы токтың 127 – 1140 Вольт номинальді кернеуіне арналған электр қондырғылары мен кабельдердің жерге қатысты оқшаулау кедергісі келесі нормалардан төмен емес қамтамасыз етіледі:
1) қазу және бұрғылау машиналарының электродвигательдері – 0,5 МОм;
2) басқа да шахталық машиналар электродвигателдері, жарықтандырушы трансформаторлар, іске қосу агрегаттары және қолмен жұмыс істейтін электробұрғы - 1 МОм;
3) іске қосушы жән таратушы аппаратуралар, кез - келген ұзындықтағы брондалған және иілгіш кабельдер – бір фазаға 1 МOм.
1526. Аппараттарды шахтаға түсіру алдында барлық аппараттардың автоматты қорғаулары (жаңа, жөндеуден шыққан) тексеріледі. Келесі тексерісі жылына 1 реттен жиі емес жүргізіледі.
1527. Зақымдалған кабель ажыратылады. Электрқұрылғыларына қызмет көрсетуші адамдар ауысым бойында күштік және жарықтандырушы иілгіш кабельдерді тексереді. Счалкалары вулканизирленбеген иілгіш кабельдерді қолдануға болмайды. Кабельдерге лампалар, инструменттер және басқа да заттарды ілуге болмайды.
1528. Тау өндірулерін жөндеу кезінде шахтаның электрослесарлары немесе оқытылған жұмыскерлері кабельдерді алып, іліп қояды.
1529. Электрқондырғыларда жұмыс істейтін жұмыскер ауысым сайын сыртқы қорғаныс жерге қосуларды тексереді. Жерге қосу дұрыс болмаған жағдайда құрылғы жерге қосу дұрыс қалыпқа келтірілгенге дейін сөндіріледі.
1530. Жер асты өндірулерінде орнатылған аппараттарда қолданылатын трансформаторлық майлардың 12 - кестеде келтірілген мерзімге сәйкес электрлік мықтылығы мен физико - химиялық қасиеттері тексеріледі.
12 - кесте
Қондырғы атауы
|
Сынама сынағы, айлар
|
Физико - химиялық талдау, айлар
|
Ескерту
|
Трансформаторлар мен ажыратқыштар
|
6
|
12
|
Бұдан басқа майлы ажыратқыштан алынған майлар
|
Бақылаушылар, реверсорлар,
Автотрансформа
торлар
|
3
|
-
|
Үш айқас тұйықталу өшірілгеннен кейін сынақтан өткізіледі немесе ауыстырылады
|
Майды аппаратқа құйар алдында, оның диэлектрикалық мықтылығы сынақтан өткізіледі және оның физико - химиялық қасиетіне талдау жүргізіледі.
Зертханалар жүргізген сынақтар хаттамалары шахтаның бас механигінде (энергетик) сақталады.
Егер талдау арқылы майдың жарамсыздығы анықталса, онда ол ауыстырылады.
10 бөлім. Кен орындарындағы өрттердің алдын алу және сөндіру
1 бөлімше. Жалпы талаптар
1531. Шахталар жобаларында «Өртке қарсы қорғаныс» бөлімдері әзірленеді және орындалады.
Шахталардың «Өртке қарсы қорғаныс» бөлімдері өтрттің алдын алу, барлық технологиялық процесстер барысында, тау - кен шахталары қондырғыларын пайдалану, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде және авариялық жағдайда оның пайда болу сатысының басында өртті оқшаулау және сөндіру жөніндегі ұйымдастыру және техникалық шараларды көздейді.
Өртке қарсы шаралар толық орындалмаған жаңа шахталарды, горизонттарды, учаскелер мен блоктарды пайдалануға қабылдауға болмайды.
1532. Барлық жұмыскерлер мен инженерлі - техникалық қызметкерлер өрт туралы хабар беру, тау - кен құтқару қызметтерін шақыру әдістерімен танысады, және өрт кезінде іс - қимыл, өзін - өзі құтқару және өртке қарсы қолда бар құралдармен өрт сөндіруші, құм, су және басқа да қолда бар құралдар) өртті сөндіру ережелеріне оқытылады.
1533. Өрттің пайда болғанын немесе оның белгілерін, өрт пайда болуы мүмкін қауіпсіздік ережелерінің бұзылуын байқаған адамдар ол туралы жақын орналасқан бақылау тұлғасына, телефоншыға, немесе өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаға жер асты өндірулерінде жұмысшылардың жұмыс істеуіне қауіпті екені туралы хабарлайды, қауіп төнген орындардан адамдарды шығару және қолда бар барлық құралдармен өртті жою жөнінде шаралар қабылдайды.
1534. Жер үстіндегі ғимараттар құрылысын бастау алдында аузынан бастап тонельге дейінгі 50 радиустағы барлық аумақ ағаштан, тал шыбықтары, торф, және басқа да өсімдіктерден, жанатын материалдардан тазартылады.
1535. Шахталық көтергіш құрылғылардың мұнаралық копрлары сыртқы жағынан копрдың әрбір белгісінен шахтаның бетіне адамдардың қауіпсіз шығуын қамтамасыз ететін металл сатылармен жабдықталады.
1536. Баған, штолен, шурф маңындағы копрлар мен шахта үстіндегі ғимараттар, таза ауа өтетін көтергіш машинаның камерасы бар соқыр бағанның копрлы бөлігі жанбайтын материалдардан жасалынады.
Жанбайтын материалдар:
1) барлық тіке және еңкіш ауызы, штолен және шурфтар жер бетінен 10 м кем емес қашықтықта;
2) көлденең және еңкіш өндірулермен қиылысатын жанасушы қабарғалардан әр жаққа 10 м – ден кем емес қашықтықта тіке және еңкіш бағандар сопряжениесі, штолен және шурфтар горизонттар мен баған маңындағы ауламен және шахта бағандары бойынша – баған маңындағы ауланың бөлігімен;
3) негізгі ауыздың, арбалар мен еңкіштер сопряжениесі қиылысатын өндірулердің жанасушы қабарғаларынан әр жаққа 10 м – ден кем емес қашықтықта тасып шығару және желдеткіш штректермен бекітіледі.
1537. Шахта бағандарының таза ауа беретін ауыздары мен шурфтарының металл лядалары, ал штолен ауызынды металл есіктер болады. Бұл құрылғылар өндірулер қимасын жеңіл және тығыз жабады және дұрыс жағдайда болады.
Металл лядаларды басқару екі жерден іске асырылады: копрдан тікелей және шахта үстіндегі ғимараттың сыртынан.
1538. Бас желдеткіш құрылғылары мен ұлғайтуға жұмыс істейтін қосымша желдеткіш құрылғылардың барлық ғимараттары мен желдеткіш арналары, барлық калориферлі арналар мен олардың 10 м қашықтықтағы өндірулермен сопряжениесі жанбайтын материалдардан жасалады. Желдеткіш арналарда шахтаға сырттан ауа келуін жабу кезінде кедергі келтіретін өзіндік сымдары бар екі металл клапан орнатылады.
Шахталардың таза ауа беруге арналған көтергіш бағандары, терезесіне тор орнатылған және ішіне қарай оңай ашылатын, металл есіктері бар жанбайтын материалдан жасалған аузы жеке ғимаратқа шығатын желдеткіш арнамен жабдықталады. Шахта бағандарында саты бөлігі болған жағдайда желдеткіш жолы сонымен қосылады. Бұл ғимарат басқа ғимараттар мен имараттардан жобада көрсетілген қашықтықта орналастырылады.
Шахта бағанының саты бөлігі бар желдеткіш арнасының (жол) сопряжениесі шахта аузынан желдеткіш арнасының төбесіне дейін 4 м – ден кем емес тереңдікте болады.
Желдеткіш жол қосымша жол болып табылады және мөлшері биіктігі бойынша 1,8 м – ден кем емес, ені 1,4 м – ден кем емес.
1539. Майлау және сүрту материалдары бар шахта үстіндегі ғимараттар мен имараттарда, электрмашина камераларында, электр кіші станциялары мен оларды тіреуіш түріне қарамастан электровоз деполарында темекі шегуге және ашық от қолдануға болмайды және ол туралы көрінетін орында хабарландыру ілінеді.
1540. Жол берілмейді:
1) шахта үстіндегі ғимараттар мен имараттардан 100 м жақын жерге орман, көмір қоймаларын, ЖЖМ қоймаларын, жанатын және өзінше жанатын жыныстар мен рудалар қалдықтарын қазандық күл қалдықтарын орналастыруға, олар шахтаға сорылуы мүмкін жану өнімдерін болдырмау үшін мүмкіндік беретін желдерді ескере отырып, орналастырылады;
2) жер асты өндірулерінде орман және жанатын материалдарды жинауға, оларды ластауға және өтетін жерлерге орман қалдықтарымен бөгет жасауға. Тау өндірулерінде жұмыс орнына тікелей жақын орындарда шахтаның техникалық жетекшісі бекіткен мөлшерде тек орман материалдарының қорын жинауға болады;
3) жер асты өндірулерінде көміртегі, ацетилені және басқа да жанатын газдары бар баллондар, сақтауға. Өндірулерге әкелінетін көміртегі, ацетилені және басқа да жанатын газдары бар баллондар саны бір жұмыс ауысымына жететін қажеттілік санынан артық болмауы керек.
1541. Жанатын сұйықтарды (әрі қарай - ЖС) сақтау және тасымалдауға арналған барлық ыдыс металдан жасалады және металл резбалы тығыны және тығыз қақпағы болады. Резервуарлардағы ЖС деңгейін өлшеуге арналған люктер қақпағының оларды жабу кезінде ұшқын шығармайтынына кепілдік беретін төсемі болады. Резервуарлар қабырғаларына өлшеуіш әйнектер мен сынақты крандар орнатуға болмайды. ЖС толтырылған және бос ыдысы тұрақты түрде жабық сақталады.
Жанатын сұйықтарға - отын, жанар - жағар материалдар және машиналарды пайдалану кезінде қолданылатын тежеуіш сұйық жатады.
1542. Ұшқын шығуды болдырмау үшін ЖС ыдыстарын тасымалдау және ашу кенінде темір сүймен лом және қандай - да бір ұратын құралдар қолдануға болмайды. Бұл мақсатта қоймада ұшқын шығармайтын материалдардан арнайы құралдар жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
ЖС тасымалдау, қайта тарту және сақтау кезінде статикалық электрден (цистерналарды, трубақұбырларын және тағы басқа жерге қосу), өрт шығу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар сақталады.
1543. Шахтаның жер асты қоймасында сақталатын отын мөлшері алты тәулікті, ал майлаушы материалдар екі апталық қордан аспайды.
Шахта құрылысы кезінде (немесе жұмыс істейтін шахтада жаңа горизонтты ашуда) ЖЖМ қоймасын жабдықтағанға дейін ЖС өндірулерге (горизонтқа) жұмыс істейтін машиналарды бір рет толтыруға қажетті мөлшерден артпайды. Сонымен қатар ЖС толықтыруға жедел қолданылады.
1544. ЖС резервуарларда сақтау және ыдыстарда тасымалдау үшін оның ішіндегі ЖС маркасы көрсетілген жазулар жазылады.
1545. ЖС төгілген орындарда және одан 10 м қашықтықта оны толық жинап алғанға және жойғанға дейін жұмыс тоқтатылады.
1546. Жер асты тау өндірулерде көзделген орыннан басқа, ЖС сақтау және тасымалдау ыдыстарын (оның ішінде бостарын), отынмен толтырылған ІЖД қондырғыларын, ЖС қаныққан сүрту және басқа да материалдарды қалдыруға болмайды.
Забойдағы аз қозғалатын машиналар (экскаваторлар, төбе бүрмелеріне арналған кареткалар), забойда пайдаланылмаған уақытта қауіпсіз орында болады.
1547. ЖС шахтаға түсіру және оларды қоймаға дейін тасымалдау белгіленген уақытта жүргізіледі және жер асты жағдайында ЖС жұмыс істеу ережелерімен танысқан осы жұмыстарға бөлінген адамдар іске асырады.
1548. ЖС электровоздармен тасымалдау кезінде ЖС бар электровоз және вагондар арасында 3м – ден кем емес арақашықтық сақталады.
1549. ЖС рельсті емес жолдармен тасымалдау кезінде арнайы жабдықталған машиналарға (автоцистерна) орнатылған цистерналармен немесе төңкерілмейтін кузовта орнатылған бөшкелер мен канистраларды автоприцеп арқылы тасымалдауға болады.
Екінші жағында үшкірленген металл стерженмен (өндіру түбіне түсірілген) жабдықталған, цистерна корпусына металл жерге қосу тізбегі мықты бекітіледі. ЖС төгі және оны ІЖД толтыру кезінде цистерна корпусы жерге қосылады.
Пайдаланылған газды шығаратын трубадан оттың түсуінен өрт пайда болу мүмкіндігін жою үшін ЖС тасымалдайтын машиналардың шығарған газдары, осылайша шығарылады.
1550. Тиісті өртке қарсы шараларды орындаған жағдайда дизельді отынды және майлаушы материалдарды жер үстінен қоймаға трубақұбырлары арқылы беруге болады. Осындай құрылғының жобалары шахтаға қызмет көрсететін АСС және өрт күзетімен келісіледі.
Жер астындағы өндірулерде салынған трубақұбырлары арқылы диезельді отын мен майлаушы материалдарды АСС келісілген жоба бойынша беруге болады.
1551. ЖС орналасқан орындарда және одан 20 м аралықта темекі шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды.
Көрсетілгент орындарда «Темекі шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салынады» деген жазуы бар плакат ілінеді.
1552. Жанар – жағар материалдар (әрі қарай – ЖЖМ) қоймасынан және гараждан шахта бағанына, баған маңындағы өндірулерге және басқа камераларға (электр кіші станциялары, жарылғыш материалдар қоймасы және тағы басқа.) дейінгі, жарылыстардан шахтаға таза ауа ағынын немесе оның едәуір бөлігін тоқтатуы мүмкін, желдеткіш есіктерге дейінгі арақашықтық 100 м – ден кем емес. Дизельді машиналарға қызмет көрсететін басқа да пункттер көрсетілген өндірулер мен құрылғылардан 50 м – ден кем емес қашықтықта орналасады.
1553. ЖС детальдарын жуу пункттерін оны ерекше желдету жағдайында, олардың арасында жыныстық тұтастықтың болуы немесе 1 м- ден кем емес жанбайтын бекітушінің және бір – бірінен 10 м – ден кем емес қашықтықта болатын тәуелсіз шығыстардың болу шартында гараж маңында орнатуға болады.
1554. Гараждар, ЖЖМ қоймалары, детальдар жуу пунктері, оларға бару жолдары тіреуіштері мен қабырғалары 25 м ұзындықта жабатын материалдардан жасалады.
1555. Машиналарға қызмет көрсету пункттері өрт сөндіру құралдарымен, материалдарымен және инвентарьлармен келесі мөлшерде жинақталады: бес көмірқышқыл (ұнтақ) өрт сөндіруші; 0,4 м құм; екі күрек; екі шелек және лом; жанбайтын құраммен қаныққан мөлшері 2 х 2 м брезент; өртке қарсы гайкасы бар өртке қарсы су магистраль және ұзындығы 20 м брондспойты бар өрт шлангісі: Осының барлығы қуыстағы таза ағын жағынан пунктке кіре - берістен 10 – 15 м қашықтықта орналасады.
ЖЖМ қоймаларында өрт сөндіретін автоматты қондырғы, апатты жою жоспарында анықталған орындарға сигнал беретін өрт пайда болғаны туралы хабарлайтын автоматты сигнализациясы орнатылады.
1556. ЖЖМ қоймалары мен гараждардың жанасқан өндірулерге екі шығу жолы болады. Әрбір шығу жолы екі металл есігі бар өртке қарсы белдікпен жабдықталады.
Шығу жолдары өндірудің бір - бірінен барынша алыс орналасқан бөліктерінде орналасады.
1557. ЖЖМ қоймаларымен ЖМ детальдарын жуу пункттерінде жерді тереңдету немесе ЖС оның сыртына ағу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғы валы көзделеді.
1558. ЖЖМ қоймалары мен гараждар телефонмен жабдықталады. Қоймада телефон ЖС бар резервуарлар тұратын камерадан тыс орнатылады, бірақ қоймадан 20 м алыс емес.
1559. ЖЖМ қоймаларына және ЖС детальдарын жуу пункттеріне қызмет көрсететін персоналдың өздерімен бірге жеке оқшаулаушы өзіндік құтқарушы болу керек.
1560. Жанар - жағар майларды машиналардың құю ыдыстарындағыдан (бөлімше) басқа, гараждарда сақтауға болмайды.
1561. ЖЖМ қоймасында және осыған апаратын өндірулерден 5 м қашықтықта қандай да бір электротехникалық (кабельдер, троллей) жарықтандырушы және телефон желісінен, сонымен қатар қоймада ЖС құюға қызмет көрсеттін насосқа электр қуатын беретін кабельден (брондалған немесе бензинге берік оқшауланған) кабельден басқа қондырғылар орнатуға болмайды.
1562. ЖЖМ қоймаларын және оларға баратын жолдарды 20 м қашықтықта жарылғыш қауіпсіз электрмен жарықтандыруға болады. Ажыратқыштар мен щиток сақтандырғыштары ЖС сақтайтын камералардан тыс және одан 10 м жақын емес (камераға кіретін ауа ағыны) орналастырылады.
1563. ЖС бар камерадағы резервуарлар, трубақұбырлар және аппаратуралар жерге қосылады.
1564. ЖЖМ қоймасынан 30 м қашықтықта аттыру жұмыстарын жүргізуге болмайды. 100 м – ден кем қашықтықта біруақытта аттырылатын зарядтардың максимальды салмағы 20 кг – нан аспайды.
1565. ЖС машиналарды толтыру (май құю машиналары болмаған жағдайда машина бөлімшелеріндегі майларды ауыстыру) құю колонкалары мен машиналар, насостар,шлангілер мен жабық құю ыдыстары (канистр) арқылы осы мақсатқа арналған орындарда жүргізіледі.
Тікелей ЖЖМ қоймасынан ЖС құю тек құю колонкасы арқылы ғана іске асырылады.
Жер асты өндірулерінде бұрғылау балғаларын жуу және тазарту жанбайтын материалдардан жасалған тіреуішпен бекітілген, металл есіктермен жабдықталған және өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етілген камераларда жүргізіледі.
Майлау, сүрту материалдары және керосин жабылатын металл ыдыстарда (бөшке, бидон, жәшік) әр материалдың тәулікте қолданатын мөлшерінен артық емес мөлшерде сақталады.
Майлау жұмыстары жүргізілетін ғимарттар едені жанбайтын материалдан жасалады және ластануына қарай жиналатын және ауыстырылатын құммен себеленеді.
Қолданылған сүргі материалдары жабылатын металл жәшіктерге немесе шелектерге салынады және сонымен шахтадан шығарылады.
1566. Жер асты өндірулерде газды емес шахталар және шахта үстіндегі ғимараттарда дәнекерлеу және газжанатын жұмыстарды өндіру, дәнекерлеуші лампаларды қолдану наряд - жіберу арқылы іске асырылады. Қатып қалған трубақұбырларын жылыту үшін шүберектер мен сүргі материалдарын жағуға болмайды, өндірулерді, люктер мен бункерлерді, оларға жандырылған жанатын материалдарды тастап, қарауға болмайды.
1567. Өртке қарсы материалдарды, қондырғылар мен құралдарды сақтау үшін шахта үстіндегі ғимараттан, штолен және автокөлік еңкіштері ауыздарынан 100 м қашықтықта орналасқан және соңғы рельстік жолмен немесе автожолмен байланысты шахталардың өндірістік аумақтарында қоймалар ұйымдастырылады.
өртке қарсы материалдар, қондырғылар мен құралдар қоймасынан шығатын рельстік жолдар қоймада сақталатын материалдарды тасымалдауға арналмаған жылжымалы құрамнан үнемі бос болады.
Өртке қарсы қондырғылар мен материалдар қоймасын жинақталған темірбетоннан жасалған шахта үстіндегі оқшауланған ғимаратқа орналастыруға болады.
1568. Жер асты және жер үстіндегі өртке қарсы қоймалардағы материалдардың болуын және оның сапасын шахта бастығы қамтамасыз етеді.
1569. Өртке қарсы қоймадағы материалдарды аварияны жоюмен байланысты емес қажеттілікке пайдалануға болмайды. Өртті және апатты жою кезінде шығындалған материалдар тәулік бойында толықтырылады.
1570. Өртке қарсы барлық қоймалар құлыппен жабылып, пломбаланады. Өртке қарсы материалдар қоймасының (жер асты, жер үсті) кілттері техникалық басшы мен шахта диспечерінде болады.
1571. Сыртқы өрт су ағыны жоқ шахталар үстінде жылытылған өртке қарсы су айдындары ыдыстары жасалып, толтырылады, оның сыйымдылығы жобаның «Өртке қарсы қорғаныс» бөлімшесімен анықталады.
Су айдындары шахталармен диаметрі 100 м – ден кем емес трубалармен жасақталған өртке қарсы суқұбырымен қосылады. Су айдыны маңында өнімділігі мен қысымы жобаның «Өртке қарсы қорғаныс» бөлімшесі мен анықталатын насостар (жұмысшы және резервті) орнатылады. Насостарға арналған ғимарттар қыс уақытында жылытылады.
1572. Штолен аузындағы кіріс ағыны бар өндірулерде және баған маңындағы аулаға жақын горизонттардың барлығында жанбайтын материалдан жасалған ауа ағынына қарай жеңіл жабылатын екі қабат есік орнатылады. Есіктерді орнату орны есіктер арасындағы арақашықтық 10 м – ден кем емес, жобамен анықталады.
1573. Аварияларды жою жоспарында көзделген орындарды алдын - ала осы Ереже талап ететін алшақтық және бос тесіктер шамаларын қамтамасыз ететін тас және бетонды тесігі бар ұстағыштар орнатылады.
Ұстауыштарды орнату орыны мен мерзімі және олардың саны техникалық басшысымен бекітіледі және АСС келісіледі.
Әрбір ұстағыштың тұсында сырт жағынан учаскеге қатысты оқшаулау қажет болғанда кірпіш, құм, саз және қажетті мөлшердегі ағаш сақталатын тиісті мөлшердегі қуыстар (апаттық камера) орнатылады.
1574. Өзіндік жануға бейім рудаларды қазу кезінде эндогенді жер асты өрттерінің пайда болу қауіптілігін жоятын шаралар жобамен көзделеді.
1575. Өзіндік жануға бейім рудаларды қазу кезінде КСРО Мемтаутехқадағалау бекіткен 29.05.84 «КСРО түсті металлургия минстрлігінің тау - кен кәсіпорындарында жер асты эндогенді өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі Нұсқаулықпен» көзделген шаралар орындалады.
1576. Өзіндік жануға бейім кендері немесе сыйымды жыныстары бар кен орындарын өңдейтін шахталарда барлық жұмысшылар өзінше жанатын кендер мен сыйымды жыныстарын анықтау әдістерімен, өздігінен тұтану өрттерімен күресу және өрт кезінде өзін құтқару әдістерімен таныстырылады.
1577. Забойлардағы мүмкін өрттердің алдын алу мақсатында күкірт кен орындарында аттыру жұмыстарынан кейін және желдетілгеннен кейін аттырылған рудаларын бақылау тұлғалары тексереді.
1578. Желдеткіштер тоқтатылған немесе желдеткіштің орнатылған редиі бұзылған кезде өрт ошақтары болатын шахталарда тау өндірулерінде жұмыс істейтін адамдар жедел үстіне шығарылады. Желдеткішті қосқаннан немесе желдеткіш режимі қалпына келтірілгеннен кейін шахта желдетіліп, бақылаушы тұлға қарап, анализбен ауа құрамы тексеріледі. Тек оң нәтиже алған уақытта ғана жұмысшылар тау өндірулеріне жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |