Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


бөлімше. Жерасты лифтілік қондырғылары



бет19/25
Дата24.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#14056
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

6 бөлімше. Жерасты лифтілік қондырғылары
1370. Жерасты лифтілік қондырғылары аттестатталған ұйымның дайындаған жобасы бойынша құрастырылады және қолданыстағы «Лифтілердің құрылысы мен қауіпсіз қолданылу талабына», осы Талапқа сәйкес келеді.

1371. Жерасты қазбаларында жолаушылық және жүк тасу лифтілік қондырғыларын пайдалануға болады. Қолданылатын лифтілер ортаның пайдалану шарттарына сәйкес келеді (ылғалдылық, жарылыс қауіптілігі, агрессивтілік). Лифтінің кабинасында шахта диспетчері мен машиналық бөліммен байланыс телефоны немесе басқалай екі жақты байланыс, ал жүк тасу қондырғыларында – қабылдау орынжайлары бар байланыс орнатылады.

Лифтінің электр жабдықтары пайдалану шарттарына сәйкес болатындай болады.

1372. Жерасты лифтілік қондырғылары тіркеуге алынбайды.

Лифтінің дайындалуын, қайта жөндеуден өткізілуін, жөндеуден өтуін, лифті қондырғысының жобасын, монтаждалуын, қалпына келтіру жұмыстары мен жерасты лифтілерін пайдалануды уәкілетті органда аттестатталған ұйымдар жүргізеді.

1373. Құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстары, лифтіні статикалық және динамикалық сынақтау жүргізіледі. Сынақтаудың оң нәтижелері кезінде лифтінің техникалық дайындығы туралы акт рәсімделеді.

Актіге қосымша ретінде мыналар беріледі:

1) қорғаушы мен блокировканы тексеру хаттамасы;

2) жерлестіруді тексеру хаттамасы;

3) күш беретін жабдықтардың оқшаулануын тексеру хаттамасы;

4) электр жабдықталуы мен лифт жетегін басқарудың принципиалды схемасы;

5) лифтінің техникалық және пайдалану құжаттамалары;

6) тұйықталған жұмыстар актілері.

Лифтінің иесі лифтінің пайдалануға қабылдануы бойынша комиссия ұйымдастырады.

Комиссия құрамына мыналар кіреді:

1) өкіл – лифтінің иесі – комиссия төрағасы;

2) құрылыс, монтаждау және жөндеу ұйымының өкілдері;

3) лифтілердің техникалық жағдайын қарау адамы;

4) уәкілетті органның өкілі.

Лифт иесі лифтіні пайдалануға қабылдау комиссиясына мыналарды ұсынады:

1) сынақтау актілері, қосымшаларымен;

2) лифтінің пайдалану - техникалық құжаттамалары;

3) лифтілердің жұмыс жағдайына жарамдылығын, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізетін, қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық.

Лифтіні пайдалануға қабылдау комиссиясы оны қарап, техникалық куәландырады және лифтіні қабылдау актісін құрастырады. Лифтінің қалыпты жұмысына кедергі келтіретін ақауларды анықтаған жағдайда, комиссия олардың себептерін көрсете отырып акт құрастырады да, лифт иесіне өткізеді.

Лифтінің техникалық дайындығы мен пайдаланылуы туралы актінің негізінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны пайдалануға рұқсат береді, бұл туралы мәлімет лифтінің төлқұжатында жазылады.

1374. Лифтілік қондырғылардың кабинасында бір мезгілде адамдар мен жүктерді тасымалдауға болмайды. Рельсті жолдармен жабдықталмаған лифтінің кабинасында дөңгелек сырғымалы вагоншаларды (платформаларды) түсіруге және көтеруге жол берілмейді. Рельсті жолдары бар кабиналарда вагоншаларға арналған бекітіп ұстау құрылғылары болады. Бекітіп ұстау құрылғыларының конструкциясы мен олардың орнатылуы лифтіні дайындаушы зауытта қарастырылады.

1375. Рельсті жолдармен жабдықталған кабинаның орнатылуы дәлдігі, отырғызу орындарының болмаған жағдайында 15 мм шамасында, ал рельсті жолдармен жабдықталмаған кезде 50 мм болады.

1376. Дөңгелек сырғымалы вагоншаларды (платформаларды) тасымалдауға арналған лифтілердің алдындағы горизонттарда тежелу стопорлары орнатылады. Стопорларды орнату кезінде, горизонтта кабина болмаған кезде олардың ашылып кетуінен сақтайтын блокировка жасалады.

1377. Жолаушылық, жүк тасу лифті қондырғыларының электрлік жабдықталуы екі кабельдік линиямен жасалады, олардың біреуі орталықтандырылған жерасты немесе телімдік подстанцияның әртүрлі секцияларынан болып, резервте тұрады.

Лифтілік қондырғының машиналық бөлімшесінде тікелей кіреберістің жанында қондырғыға толықтай кернеу берілуді тоқтататын ажыратқыш аппарат орнатылады.

1378. Оқпанда (шахтада) басқыштық бөлімше болады. Оқпанда электр энергиясының кірісі тәуелсіз болатын кемінде екі лифт орнатылған кезде басқыштық бөлімшенің болмауына рұқсат етіледі.

1379. Лифті кабинасы отқа төзімді материалдардан дайындалады. Кабинаның төбесінде, кабинаның оқпанда тіреліп қалу жағдайында адамдардың шығуы үшін қарастырылған шығу тесігі мен басқыш орнатылады.

1380. Барлық горизонттардағы лифтілі көтергіштің оқпанында қазбаның бойымен металл қоршау болады.

Қоршауды ұяшықтары 20 х 20 мм аспайтын және диаметрі 1,2 мм кем емес металл сым тордан немесе қалыңдығы 1,2 мм кем емес болат қаңылтырдан дайындауға болады.

1381. Кабина, қарсы салмақ пен шахты элементтерінің арасындағы саңылаулар «Лифтілердің құрылғысы мен қауіпсіз қолданылу ережелерінің» талаптарына сәйкес болады.

1382. Горизонтқа қарай тік және көлбеу жүріс жолдары, машиналық бөлімшенің орналасуы басқыштық бөліммен және жабдықтарды көтеруге арналған монтаждау тесігімен жабдықталады.

Машиналық орынжайдың биіктігі 2000 мм кем емес, жабдықтардың монтаждалуы мен оларға қызмет көрсетілуіне арналған өту орындары 0,8 м кем емес, камераның қабырғасы жағынан монтаждау өту жерлері – 0,5 кем болмайды.

Лифтінің машиналық бөлімшесінде жүк көтеру құралын асып қоюға арналған құрылғы қарастырылады.

1383. Кабинаның қайта көтерілуінің (қарсы салмағының) биіктігі, кабинаның қозғалыс жылдамдығына сәйкес және кабинаның төбесіндегі қызмет көрсету персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты, жобада анықталады.

Лифті шахтасының биіктігі, оның бос кабинасы (қарсы салмағы) соңғы ажыратқыш іске қосылғанда шахтаның жоғарғы жағында тоқтаған кезде кабина (қарсы салмақ) жоғары қарай, шахта мен арматурлау элементтерін қарау кезінде персоналды құлап түсетін заттардан қорғау үшін, кабина үстінде орналасқан зонттан бастап есептегенде, 200 мм кем емес қашықтыққа еркін жүре алатындай болады.

1384. Мамандандырылған бригада жылына бір рет дайындаушы-зауыттың пайдалану бойынша үлгі нұсқауымен қарастырылған көлемде лифтілік қондырғының ревизиясы мен жөндеуін жүргізеді. Ревизия мен жөндеуден кейін шахта механигі, жөндеу бригадасы ұйымының өкілдері бақылау сынақтарын өткізеді.

Бақылау сынақтарын жүргізу туралы ұйымның бас механигі бекітетін хаттама құрастырылады. Сынақтау нәтижелерін қондырғының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін адам лифтінің төлқұжатына жазады.

Лифті қондырғысын ревизия мен жөндеуден өткізген кезде кәсіпорынның маркшейдерлік қызметі оқпан қабырғасының, бағыттаушы жолсеріктер мен ток келтіруші шкивтердің кескіндеулерін жүргізеді. Тексеру нәтижелері «Лифт қондырғысын тексеру журналына» (25 қосымша) жазылады.

Ревизия мен жөндеуден 6 ай өткеннен кейін, элементтерді (арқандар, кабиналар, қарсы салмақ, электр двигателі, шығырлар, тежегіштер мен қауіпсіздік элементтері) ауыстырғаннан кейін лифтілік қондырғыны шахтаның бас механигі мен ұйымның өкілдерінің қатысуымен техникалық қараудан өткізеді.

Техникалық қарау мен сынақтау көлемі технологиялық регламентте көрсетіледі.

Өткізілген қарау мен сынақтау туралы акт құрастырылып, оны ұйымның бас механигі бекітеді.

1385. Жылдамдығы 0,3 м / сек асатын лифтіні басқару үшін оқпанды тесеру кезінде кабинаның төбесінде арнайы пульт орнатылады.

1386. Тәулігіне бір рет, тағайындалған адамдар мыналарды қарап, тексереді:

1) кабинаның, шахтаның және шахта есігінің алдындағы орынжайлардың жарықтандырылуы мен оның жеткіліктілігі;

2) шахта мен кабинаның қоршалуының жағдайы;

3) шахта есіктері құлыптарының ақаусыз болуы;

4) шахта есігі мен кабина контактісінің ақаусыз болуы;

5) жылжымалы еденнің ақаусыз болуы;

6) кабинаның қабаттарда дәл тоқтауы;

7) «Тоқта» түймешесінің, «Бос емес» жарықтық белгісінің, дыбыстық сигнализацияның, екіжақтылық байланыстың, байланыс сигналдарының және диспетчер пультіндегі сигналдардың ақаусыз болуы.

Тексеру мен сыннан өткізу нәтижелері «Лифтілік қондырғыны қарау журналына» жазылады.

Адамдарды электро тогымен зақымданудан қорғау үшін қорғаушы жерлестіру және қозғалыс циклі аяқталғаннан кейін тізбектің ақауы бар учаскесін автоматты түрде ажырататын, ток кетуден қорғау аппараттары қарастырылады.

1387. Лифтілік қондырғы, кабинаның төменге қарай қалыпты жылдамдықтан 15 % асатын жылдамдықпен қозғалысы кезінде лифт кабинасының (клеттің) баяу тоқтауына арналған ұстағыштармен жабдықталады.

Жарты жылда бір рет ұстағыш пайдаланылудың зауыттық үлгі нұсқауына сәйкестігі жағынан динамикалық сынақтаудан өткізіледі.

1388. Лифтілік қондырғылардың профилактикалық қызметінің қауіпсіз жүргізілуі үшін мынадай технологиялық регламент дайындалады:

1) лифтілік қондырғының қорғаушысы мен блокировкасын тексеру бойынша;

2) лифтілік қондырғының профилактикалық қызмет көрсетілуінің тәртібі мен көлемі туралы.

1389. Лифтілік қондырғылардың іске жарамды жағдайы мен қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ету арнайы таукентехникалық білімі бар және «Лифтілік қондырғылардың құрылғысы мен қауіпсіз қолданылуы туралы ереже» бойынша білімін тексеруден өткен инженер-техникалық қызметкерге жүктеледі.

Лифтілердің іске жарамдылығын тексеретін, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу жұмыстарын ұйымдастыратын, қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін адам демалыста, іссапарда болғанда, ауырған кезеңінде және басқа да жағдайларында, оның міндетін атқару басқа қызметкерге жүктеледі.

1390. Лифтілердің профилактикалық тексерілуі мен жөндеуден өткізілуі «Лифтілік қондырғылардың құрылғысы мен қауіпсіз қолданылуы туралы ереженің» талаптарына сәйкес жүргізіледі.


9 бөлім. Электр қондырғылары

1 бөлімше Жалпы талаптар
1391. Жер бетіндегі шахталық электртехникалық қондырғыларға қолданыстағы «Электр қондырғыларының құрылымының ережелері, «Тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылу ережелері» және «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдаланылу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерінің» талаптары таралады. Көрсетілген ережелер осы Ережеге қайшы келмейтін тұстарында жерасты электртехникалық қондырғылары үшін де міндетті.

Газ бойынша қауіпті шахталарда, электр қондырғыларының құрылымы мен пайдаланылуы олардың уәкілетті органмен келісілген қауіпсіз пайдаланылу бойынша іс-шараларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

1392. Шахталарда, электровоздық тасымалдың контактілі торлары үшін түрлендіргіш құрылғыларды қоректендіруге арналған арнайы тарнсформаторларды есепке алмағанда, бейтараптаушысы тұйық жерлестірілген трансформаторларды пайдалануға болмайды. Мұндай трансформаторлар мен олардан тұтынатын тармақтарға басқа тұтынушылар мен құрылғыларды қосуға, осы Ережемен қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайда, жол берілмейді.

1393. Адамдарды электр тогы әсерінен жарақат алудан сақтау үшін қорғаушы жерлестіру, ал жерасты электр қондырғыларында кернеуі

1140 Вольтқа дейін болатын, ақауы бар торларды автоматты түрде ажырататын, токтың кетуінен сақтайтын қорғаушы аппарат қолданылады. Ақауы бар торды ажыратудың жалпы уақыты 0,2 с, ал 1140 В кернеу бар кезде – 0,12 с аспайды.

1394. Әрбір шахтада жерасты электр қондырғыларының схемасы, Таукен қазбаларының жобасына түсірілген контактілі желі схемасы қарастырылады. Схемада электр қондырғыларының орналасу орындары, оның типтері, кабельдердің ұзындығы мен қимасы, әрбір қондырғының кернеуі мен қуаты, негізгі жерлестірушілердің орналасу орны, максимальді токтың релесінің орналасуы, күш және жарық беретін тармақтардың аппараттарындағы сақтандырғыштардың балқымалы қосымшаларындағы қалыпты токтың шамалары, қорғалатын магистраль немесе тармақтың ең алыс орналасқан нүктелеріндегі қысқа тұйықталу токтарының шамалары көрсетіледі.

Таукен қазбалары тармақталған және электр жабдықтары көп болатын шахталарда принципиалды схеманы кернеуі 1000 В асатын кабельдік желіні және кернеуі 1140 В дейінгі және одан жоғары болатын стационар қондырғыларды, оған қоса, учаскелік трансформатор подстанцияларын, кернеуі 1140 В дейінгі кабельдік желі мен әрбір учаскенің (горизонттың, блоктың) электр қондырғыларын түсіре отырып, жекеленген схемалардан құрауға болады.

Электр қондырғыларында болатын барлық өзгерістерді шахтаның бас энергетигі келесі күннен қалдырмай схемаға түсіреді. Шахтаның бас энергетигінің рұқсатын алмай, жерасты электр қондырғыларының электрмен жабдықталуы бойынша техникалық құжаттамаларға өзгерістер енгізуге болмайды.

Мердігерлік ұйымдардың құзырындағы жерасты электр қондырғыларының электрмен жабдықталу схемалары қолданыстағы шахталар үшін қарастырылған тәртіп бойынша келісіліп, бекітіледі.

1395. Әрбір іске қосу аппаратына, оның іске қосатын қондырғысы немесе учаскесі туралы, максимальді токтың немесе балқымалы сақтандырғыштағы қалыпты ток релесінің іске қосылу шамасын көрсететін нақты жазба түсіріледі.

1396. Газ бойынша қауіпті шахталардың тұйықталған қазбаларында электр жабдықтарын монтаждау мен жөндеуін жүргізу кезінде, жұмыс орнындағы кеніштік атмосферада жанғыш газдардың құрамына жүйелі түрде бақылау жасалады. Тұйықталған қазбаларда жанғыш газдардың шамасы рұқсат етілетін ең көп шамаға тең немесе одан асқанда, электр жабдықтарын монтаждау және жөндеу бойынша жұмыстар тоқтатылады.

1397. Мыналарға рұқсат етілмейді:

1) кернеуі 1140 В асатын электр жабдықтарына қорғаушы құралдарсыз (диэлектрлі қолғап, аяқ киім немесе оқшаулаушы төсеме) жедел түрде қызмет көрсетуге;

2) кернеуі 1140 В дейінгі, ток кетуден қорғау аппараттарымен қорғалмаған электр қондырғыларын диэлектрлік қолғапсыз (кернеуі 42 В және одан төмен электр жабдықтарын есепке алмағанда), ұшқындау қаупі бар тізбекті электр жабдықтары мен телефон байланысының аппаратураларына шұғыл түрде қызмет көрсетуге және басқаруға;

3) кернеуі бар электр жабдықтары мен кабельдердің бөліктерін жөндеуге, газ бен шаң қауіпсіз шахталарда ұшқынқауіпті электр жабдықтары мен кернеуі бар электрлі өлшеу аспаптарын (кернеуі 42 В және одан төмен электр жабдықтарын есепке алмағанда), газ бен шаң қауіпті шахталарда – ұшқынқауіпті тармағы бар құрылғыларды қосуға және ажыратуға;

4) электр жабдықтарын жарылыстан қорғаушының, блокировканың, жерлестірудің, қорғау аппараттарының құралдары істен шыққан кезінде, басқару мен қорғаушының схемасының бұзылуы, кабельде ақаулардың болуы кезінде пайдалануға болмайды;

5) қолданылмайтын электр тораптарын кернеуде ұстау, резервтілерді есепке алмағанда;

6) газды шахталарда алдын ала қабықша бөлімшесінен кернеуді ажыратпай және метан концентрациясын өлшемей жарылысқауіпті электр жабдықтарының қабықшасының қақпағын ашуға;

7) шахтада электр жабдықтарының зауыттық конструкциясы мен схемасын, басқару аппаратурасының, қорғаушы мен бақылаудың схемасын өзгертуге, қорғаушы құрылғылардың градуирлеуге, егер бұл дайындаушы-зауытпен келісілген болмаса;

8) аппараттардан белгілерді, жазуларды, пломбаларды оларды алып тастауға құқылы емес адамдардың алуы.

1398. Жерасты қазбалары мен шахта үстіндегі имараттарда электр доғалы дәнекерлеу рұқсат - тапсырма бойынша жүргізіледі. Бұл кезде айнымалы токтың дәнекерлеу қондырғысында, бос жүрісті кернеуді автоматты түрде ажырататын немесе 0,5 с уақыт аралығында оның кернеуін 12 В дейін шектейтін құрылғысы болады.

Тұрақты токтың дәнекерлеу қондырғылары қолданылған кезде электр доғалы дәнекерлеуді көрсетілген құрылғыларсыз жүргізуге болады.

1399. Орталық жерасты подстанциялары (ОЖП), адамдық және жүк-адамдық шахталық көтеру құрылғылары, бас желдетіс желдеткіштері, қазандықтардың желілік және қоректендіру насостары жер бетіндегі подстанциялардың біріндегі әртүрлі секциялардан екі кабельдік линиямен, ал негізгі сутөкпе қондырғылары – ОЖП жабдықталады.

2 бөлімше. Электр желілері

1 тарау. Жалпы талаптар
1400. Электр энергиясын беру және тарату үшін жерасты қазбаларында жануды таратпайтын, қабықшасы немесе қорғаушы қабығы бар кабельдер қолданылады:

1) горизонталь немесе көлбеу (45 ° дейін) қазбалар бойынша стационар төсем үшін - қорғасын, поливинилхлоридті немесе алюминий қабықшасы бар броняланған кабельдер.

МСТ - мен қарастырылған жағдайда немесе аттестаттацияланған ұйымның қорытындысы негізінде алюминий қабықшада, бірегей поливинилхлоридті құбырда, қағазбен оқшауланған броняланбаған кабельді қолдануға болады.

Тік және көлбеу (45° асатын) қазбалар бойымен жаңадан төсеу үшін желілік бронясы қорғасыннан, алюминийден немесе поливинилхлорид қабықшадан жасалған, поливинилхлоридті, резеңке немесе қағазбен оқшауланған (өткізбейтін сіңіруі бар) күш беретін және бақылау кабельдері қолданылады.

Кабельді жаңадан ілген кезде құрылыс ұзындығының жоғарғы және төменгі жақтары арасындағы биіктіктерінің ауысуы МСТ (ТШ) сәйкес болады. Қазбаларда алюминийге қатысты химиялық активті ортаның болуы кезінде алюминий қабықшалы кабельдерде зауытта дайындалатын күшейтілген коррозияға қарсы жабындысы болады.

Стационарлы түрде орнатылған, кіріспе құрылғылары бар және тек қана жұмсақ кабельдің енуіне арналған электр двигательдерін іске қосу аппараттарына жұмсақ резеңке немесе жанбайтын пластмасса кабелімен қосуға болады;

2) тазарту блоктарында қозғалмалы машиналар мен механизмдерді, электр қондырғыларын қоректендіру үшін, кернеуі 380 - 660 Вольт тармақтарда – жұмсақ экрандалған кабельдер қолданылады.

Экрандалған кабельдердің сериялық өндірісін игергенге дейін, уақытша, кернеуі 380 В аспайтын қозғалмалы машиналар мен механизмдер, электр қондырғылары үшін жұмсақ экрандалмаған кабельдерді қолдануға болады;

3) қозғалмалы участелік подстанцияларды біріктіру үшін – желілік немесе ленталық бронясы бар броняланған кабельдер қолданылады;

4) газды емес шахталарда жарықтандыру желілері үшін – броняланған, МСТ қарастырылған немесе аттестатталған ұйымның қорытындысы негізінде жұмсақ резеңке кабельдер, поливинилхлоридті, тұтастай поливинилхлоридті құбырда алюминий қабықшасы бар броняланбаған кабельдер қолданылады.

Газ және шаң қауіпті емес шахталардың тазарту кенжарларын жарықтандыру үшін сызықтық кернеу 24 В аспайтын жағдайда оқшауланған тіректерде ашық желілерді, және сызықтық кернеу 36 В аспайтын кезде қазбалар мен кенжарларды жарықтандыру үшін – поливинилхлоридті қабықшасы бар желілерді қолдануға болады. Трансформатордың кернеуі 24 В жағынан шығысы жұмсақ резеңке кабельмен орындалады және жарықтандыру трансформаторларының обмоткалары бірінен бірі жекеленіп, оларда электр байланысы болмайды.

1401. Күш беретін кабельдерді таза ауа беретін, рельсті көлікпен жабыдқталған, көлбеу оқпандар мен еңістер арқылы, бекінісі ағаштан жасалатын тік оқпан арқылы жүргізуге болмайды.

1402. Бақылау тізбектері мен басқару тізбектері үшін тік немесе көлбеулігі 45 ° болатын қазбаларда төсем салу кезінде броняланған кабельдер қолданылады; көлденең қазбаларда – ленталық бронясы бар бақылау кабельдері, жұмсақ бақылау және күш бері кабельдері қолданылады. Жылжымалы машиналар үшін жұмсақ кабельдер немесе күш беретін жұмсақ кабелдердің қосымша желілері қолданылады.

1403. Газ немесе шаң бойынша қауіпті шахталарда алюминий желісі бар немесе алюминийден жасалған қабыршағы бар кабельдерді қолдануға болмайды.

1404. Бақылау тізбектерін броняланған кабельдермен бірге төсеу кезінде, көлбеулігі 45° дейінгі қазбаларда МемСТ қарастырылған немесе аттестатталған ұйымның қорытындысы негізінде жұмсақ резеңке кабельдерді, бронясыз поливинилхлоридті қабықшасы бар кабельдерді, бірыңғай поливинилхлоридті шлангідегі алюминий қабықшасы бар кабельдерді қолдануға болады.

1405. Өндірістік автоматикалық, диспетчерлік және авариялық телефонның байланысы, көтергіш қондырғылардың тікелей телефондық байланыс линиясы үшін қолданыстағы техникалық шарттарға (МемСТ) сәйкес пайдаланылатын саласына қарай, төсем салудың нақты бір шарттары (тік, көлбеу, көлденең қазбалар) және қолдану мақсаты негізінде (магистральді, таратушы, абоненттік) шахталық телефон кабельдері қолданылады.

Газ немесе шаң бойынша қауіпті емес шахталарда 24 В асатын кернеумен қоректенетін сигнализация мен байланыс қондырғылары үшін, сигнализация мен байланыс линияларын ашық далалық өткізгіштермен орындауға болады.

Жергілікті байланыс линиялары үшін кенжарда жұмсақ бақылау кабельдерін, қосымша желілерді және жұмсақ экрандалған кабельдерді қолдануға болады.

1406. Кернеуі 1140 В дейін болатын, тұтынушылар жүктемесінің қосынды тогы өтетін, қоректендіруші кабельдік линиялар үшін, бір қималы кабельдер қолданылады. Бұл линиялар үшін әртүрлі қимадағы кабельдерді пайдалану үшін линияның барлық учаскелерінде қысқа тұйықталу тоғынан қорғаушы болуы шарт.

Кабель желісінің қимасы азаятын магистральді қоректендіру линиясының тармақталу жерінде тармақталуды қысқа тұйықталу тогынан қорғаушы аппарат орнатылады. Магистральді линия қысқа тұйықталу тогынан қорғалатын болса, қоректендіру тогынан 20 м дейінгі ұзындықта тармақтар жіберуге болады.

Қорғаушы аппараттың электр двигателінің тармақтарына орнатпай таратушы қораптарды пайдалану көп двигательді жетектер үшін қолданылады, бұл кезде әрбір тармақтың кабелі топтық қорғау аппараты арқылы қысқа тұйықталу тогынан қорғалуы шарт.

1407. Қолданыстағы шахталар мен горизонттарда олардың сырты джутты (жанатын) жабындылы броняланған кабельдерден ауыстыруға дейін соңғысы камераларға енгізілген кабель учаскелерінен шешіледі, ал броня оны коррозиядан сақтайтын арнайы лакпен жабылады.



2 тарау. Көлденең қазбаларда немесе көлбеулік бұрышы 45 ° дейінгі қазбаларда кабельдерді төсеу
1408. Кабельдер кабельдік конструкциялар бойынша төселеді және транспорт арқылы бүлінуден сақталатын биіктікке орнатылады, бұл кезде конструкциядан кабельді үзіп түсіру мүмкіндігі болмайды.

Жекеленген кабельдерді төсеу кезінде оларды қапсырмаларға, ағаш шанышқыларға, брезент ленталарға, бекіністің металл элементтеріне ілуге болады.

Кабельдердің іліну нүктелерінің арасы 3 м аспайтын, ал кабельдердің ара қашықтығы 5 см кем болмайды.

1409. Қазбалардың жекеленген учаскелерінде, кабельді жерге төсеу қажеттілігіне қарай, кабель механикалық бүлінуден жанбайтын материалдардан жасалған берік қоршаулармен қорғалады. Кабельді желдетіс бөгеттері мен өртке қарсы есіктер арқылы төсеу кезінде, кабельдердің электрлі машина камералары мен подстанцияларға кірістері және олардың шығарылуы түтік (металл, бетон және тағы басқалар) арқылы жүзеге асырылады. Ішінде кабелі бар түтіктердің саңылаулары сазбалшықпен тығыздалады.

Бір тұтқаға екі немесе одан да көп кабельді төсеуге болмайды.

1410. Шахталарда байланыс пен сигнализация кабельдерін, сондай-ақ ашық сымдарды төсеу, қазбаның күш беретін кабельдерден бос жағында жасалады, ал бұл талапты орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда күш беретін кабельдерден 0,2 м қашықтықта жүзеге асырылады.

Ашық сымдар оқшауландырғыштарда төселеді.

3 тарау. Иілу бұрышы 45° өндірулерде кабель төсеу
1411. Кабельдерді ілу кабельдердің өзінің салмағынан разгружающих құрылғылардың көмегімен жүргізіледі. Иілгіш өндірулерде кабельдерді бекіту орындарының арақашықтығы 5 м артық емес, ал тікелей өндірулерде – 7 м. Кабельдер арасындағы арақашықтық 5 см кем емес.

Бекітуге арналған құрал конструкциясы кабельдің және оның бронының зақымдану қауіптілігін жояды.

1412. Кабельді ұңғымада төсеу кезінде ол болат троста мықты бекітіледі. Тұрақты емес жыныста бұрғыланған ұңғыма жағалай орналасқан трубаларға бекітіледі.

1413. Ленталық бронды кабельдерді монтаждау кезінде оны тұрақты бекіткенге дейін ол кабельдің өз салмағынан созылмауы үшін болат тросқа бекітіледі.



4 тарау. Иілгіш резиналық кабельдерді төсеу
1414. Иілгіш кабельдер 1408-тармағында көрсетілген талаптар сақтала отырып, қатты емес бекітіледі.

1415. Кернеуліктегі иілгіш кабельдер созылған және ілінген.

Иілгіш кабельдерді «бухт» және «сегіз» түріндегі кернеулікте ұстауға жол берілмейді.

Бұл талаптар тау жұмыстарын жүргізу және машина конструкциясы (кабельді электровоздар, ілмелі насостар және тағы басқалар.) шарттарымен кернеуліктегі арнайы барабан немесе тележкадағы иілгіш кабель қоры көзделетін жағдайға таратылмайды.

Кабельдерді төсеу және желдеткіш резина трубаларды бірге салуға жол берілмейді. Соңғысы өндірудің қарсы жағында орналасады.

1416. Иілгіш кабельдің жылжымалы механизмдерін қоректендіретін машинаға жақын орналасқан бөлігі на өндірудің почвасы бойынша 30 м – ден артық емес қашықтықта жер арқылы орналастырылған, осыған қарамастан кабель оны қозғайтын машинаның зақымдану қауіптілігін жою мақсатында салынады.

Өзі жүретін қондырғыны қоректендіретін 30 м артық емес қашықтықта өндіру жері бойынша салуға болады, егер машина конструкциясы және тау жұмыстарының шарты бойынша кабельдің жақын орналасқан бөлігін машинаға ілу қажеттілігі болмаса.

Арнайы кабельді барабандары бар (кабель салушы) челнокты сызбасы бойынша жұмыс істейтін самоходный машиналар үшін, иілгіш кабелдерді почва бойынша жүргізуге болады.

1417. Жылжымалы механизмдердің жұмысы аяқталғаннан кейін иілгіш кабель жақын орналасқан тарату пунктінде сөндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет