9 бөлімше. Жерге қосу
1 тарау. Жалпы талаптар
1468. Электр құрылғылары мен сымдары бар өндірулердегі электртехникалық құрылғылар мен қондырғылардың кернеулік дұрыс берілмейтін, бірақ оқшаулау зақымданған кезде кернеулікте болатын (трубалар, сигналды тростар, металл скреперлік полкілер және тағы басқалар) металл бөлігі жерге қосуға жатады.
Осы параграфтың талаптары металл тіреуіштерге, ток жүрмейтін рельстерге, электровозды контактілі тасып шығарудың сорушы кабельдерінің қабықшасына, кабелді ілуге арналған металл құрылғыларға таратылмайды.
1469. Шахталардың жер асты өндірулерінде барлық жерге қосуға жататын объектілер, бас және жергілікті жерге қосушылар қосылатын жерге қосудың жалпы желісі орнатылады.
Жоғары жеке кедергімен шахталардың жер асты өндірулерінде жерге қосу құрылғыларын өкілеттік органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша техникалық жетекшімен бекітілген шараларға сәйкес орындауға болады.
1470. Жерге қосудың жалпы желісі барлық металл қабықшалар мен кернеулік шамасына қарамастан жерге қосушы түбекшелерді, оларды бас және жергілікті жерге қосушыларды қоса отырып, үздіксіз электр қосулар арқылы іске асырылады.
Электровозды контактілі тасып шығарудың тартқыш кіші станциясында жерге қосушылардың жалпы желісіне контактілі желінің кері сымы ретінде пайдаланылатын ток жүргізетін рельстері қосылады.
1471. Шахтада бірнеше горизонт болған жағдайда әрбір горизонттың жерге қосу құрылғысы жерге қосушымен зумпта және су жинағышта қосылады.
1472. Шахталарда бас жерге қосу құрылғылары үшін зумплар мен су жинағыштарда жасанды жерге қосушылар жасалынады. Жергілікті жерге қосу құрылғысы үшін штректі сутартқыш арналары мен осы мақсатта пайдалануға болатын басқа орындарда жасанды жерге қосушылар жасалынады.
Кен орындарын штолдармен ашу және кен орындарын су ағынынсыз өңдеу кезінде, бағандар қою кезінде салынып жатқан шахталар үшін жер үстінде 1476 - тармағының талаптарын сақтау шартында электрқұрылғыларын орнату Ережесіне сәйкес жасанды жерге қосуларды салуға болады.
1473. Кабельдерді ұңғымаларға салу кезінде бас жерге қосулар жер үстінде немесе шахтаның су жинағыштарының бірінде орнатылады.
Ұңғымалар бекітілген жағалық трубаларды басты жерге қосу ретінде орнатылып пайдалануға болады.
1474. Шахтада жөндеу, біреуін тазартқан кезде бір - бірін алмастыратын екіден кем емес жерге қосу (зумпфада және су жинағышта) орнатылады.
1475. Забой маңындағы кеңістікте орналасқан жылжымалы машиналар, забойлық конвейерлер корпустарын, аппараттарды және иілгіш кабельдермен желіге қосылған шырақтарды, рельс бойынша қозғалатын (жылжымалы кіші станциялардан басқа) платформаларда орнатылған электрқондырғыларды жерге қосу оларды қоректендіруші кабельдердің жерге қосатын түтікшелері арқылы жалпы желіге қосу арқылы іске асырылады.
Жерге қосатын түтікше екі жағынан кабельді муфта мен енгізу құрылғыларына ішкі жерге қосу қысқыштарымен қосылады.
1476. Зумпфадан алыс орналасқан жерге қосушылардан өлшеніп алынған, жерге қосылатын құрылғының жалпы ауыспалы кедергісі кез - келген жерге қосушылардағы сияқты 2 Ом - нан аспайды.
1477. Күштік брондалған кабельдер үшін әрбір кабелдік муфтаның жергілікті жерге қосуы және шахтаның жерге қосуының жалпы желісімен қосылуы болады.
Стационарлық жарықтандыру желісі үшін әрбір муфтаға емес, ал кабельдік желінің әрбір 100 сайын жергілікті жерге қосуының құрылғысына жол беріледі.
1478. Бронсыз кабельдермен орындалған телефон желісі учаскесіндегі телефон байланысының аппаратуралары мен кабельдік муфталары үшін жалпы жерге қосуға қосылмаған жергілікті жерге қосуды пайдалануға болады.
1479. Құрылғының бірнеше жерге қосылатын бөлігін жерге қосу өткізгіштеріне тізбектей қосуға болмайды.
1480. Рельстерден тікелей жақын орналасқан тұрақты ток электрқондырғыларды жерге қосу электровоздармен контактілі тасып шығару кезінде кері өткізгіш ретінде пайдаланылатын рельстерге жерге қосылатын конструкцияларды мықты қосу арқылы іске асырылады.
1481. Құрылғыларды жерге қосу мен жерге қосылатын сымдардан құрылған жерге қосылатын құрылғылар арқылы іске асырылады.
1482. Жерге қосылулар бас және жергілікті болып екіге бөлінеді.
1483. Бас жерге қосушылар зумпфаларда, шахтаның су жинағыштарында орнатылады. Жергілікті жерге қосушылар штректі ағынды арналарда немесе осы мақсатқа жарамды орындарда орнатылады.
1484. шахталарда екіден кем емес жерге қосушылар (зумпфада және су жинағышта) орнатылады, оның біреуі жөндеу немесе екіншісін тазарту уақытында резервте болады.
Бас жерге қосушыла қимасы 100 мм - тан кем емес болат полоса арқылы (трос) электромашиналық камералардың баған маңындағы және орталық жер асты кіші станцияның жерге қосушылар контурмен (жинақталған жерге қосушы шиналармен) қосылады. Жерге қосушы контур қимасы 100 мм 2 – ден кем емес болат полосадан жасалады.
1485. Жергілікті жерге қосушылар келесі пункттерде орналастырылады:
1) жерге қосылатын контурлары бас жерге қосулардың жерге қосушы өткізгіштерімен қосылған орталық жер асты кіші станция және баған маңындағы электромашина камераларынан басқа, әрбір таратушы немесе трансформаторлық кіші станцияларда, электромашина камераларында;
2) әрбір стационардық немесе жылжымалы таратушы пунктте;
3) әрбір жеке орналастырылған ажыратқыш немесе таратушы құрылғыларда;
4) әрбір кабельдік муфта жанында. Стационарлық жарықтандырудың желісі үшін жерге қосуды әрбір муфта немесе шырақ үшін емес, әрбір 100 м кабельдік желі арқылы жергілікті жерге қосуды орнатуға болады;
5) жеке орналасқан машиналар маңында.
1486. Бір жерге қосушыны жерге қосылатын объектілер тобына орнату кезінде ең төменгі қимасы сәйкесінше 50 немесе 25 мм 2 болатын болаттан немесе мыстан жасалынатын жерге қосушы өткізгіштер (шиналар) қолданылады. Жинақтаушы шиналар жергілікті жерге қосушыға полоса (трос) арқылы қосылады. Материалға және полоса қимасына қойылатын талаптар жинақтаушы шиналарға қойылатын талаптармен бірдей.
1487. Жерге қосуға тиісті әрбір объект жинақтаушы жерге қосушы өткізгіштерге (шиналарға) немесе жерге қосушыға қимасы 50 мм - ден кем емес болаттан немесе қимасы 25 мм - ден кем емес мыстан жасалған жеке ажырату арқылы қосылады.
Байланыс құрылғылары үшін аппаратураны қимасы сәйкесінше 12 және
6 мм болатын болаттан немесе мыс сымнан жасалынған жерге қосушыға қосуға болады.
Жерге қосу жекелеген аппараттар мен машиналарды жерге қосудан ажырату кезінде басқа қондырғылардың жерге қосылуы бұзылмайтындай болып жасалады.
Жерге қосылатын объектілерді, стационарлық жарықтандыру желідегі кабельді муфталар мен шырақтардан басқа, жинақтаушы жерге қосатын өткізгіштерге немесе жерге қосушыға тізбектей қосуға болмайды.
1488. Жергілікті және бас жерге қосушыны байланыстыратын өткізгіштер ретінде болат бронь мен брондалған кабельдердің қорғасын қабықшалары немесе басқа өткізгіштер пайдаланылады.
Жергілікті жерге қосудан басқа, барлық электр машиналары мен аппараттар, муфталар мен броньды кабельдер қосылған басқа да кабельдік арматура қорғасын қабықша мен 1 - суретте көрсетілген брондалған кабельдердің жекелеген бөліктердің үздіксіз тізбегі іске асырылатын қимасы
50 мм - ден кем емес болат немесе қимасы 25 мм - ден кем емес мыстан жасалынатын ұстағыштармен қамтамасыз етіледі.
1 - сурет. 1. Шахтадағы жерге қосушы желінің принципиальді сызбасы:
1 – тарату құрылғысының жиынтығы (ТҚЖ); 2 - насос электродвигательдері; 3 – су жинағыштағы бас жерге қосушы; 4 – реле кемуінің қосымша жерге қосушысы; 5 – жергілікті жерге қосушылар; 6 – кему релесі; 7 – автоматты ажыратқыш; 8 - трансформатор; 9 – кабельді муфта; 10 – зумпфадағы бас жерге қосушы; 11 - комбайн; 12 – магнитті іске қосушы
Жерге қосушы түтікшелері бар кабельдерді қолдану кезінде жерге қосушы түтікшелерді қосу арқылы үздіксіз тізбек пайда болады. Егер кабельдердің металл қабықшалары және броны болса, бұл жағдайда ұстағыштың болуы міндетті.
1489. Жерге қосу тізбектерінде электр контактілерінің сенімділігін және жерге қосушы сымдардың механикалық мықтылығын қамтамасыз ету үшін келесі талаптар орындалады:
1) жерге қосушы өткізгіштерді жерге қосушыға қосу жер үстінде орындалатын дәнекерлеу арқылы жүргізіледі;
2) жерге қосушы өткізгіштерді пайдалану барысында ауыстыруға, алмастыруға, және тағы басқа жасалынатын машиналар корпустарына және аппараттарға және әртүрлі конструкцияларға жалғау электрқондырғылары мен конструкциялар корпустарына осы мақсатта көзделген жерге қосушы қысқыштар арқылы (болт, шпилка) орындалады;
3) жерге қосылатын өткізгіштерді жерге қосылатын шинаға қосу диаметрі 10 мм – ден кем емес (2 және 3 - сурет) болт арқылы немесе басқа осы теңдес әдістермен дәнекерлеу арқылы жүргізіледі. Мысалы: жерге қосылатын тростың екі бөлікті қосу 4 - суретте көрсетілген.
2 - сурет. Болат полосты жергеқосушы сымдарды магистральға қосу:
1 - болт; 2 - сым; 3 - магистраль; 4 - гайка; 5 - шайба
3 - сурет. Тростан жасалған жерге қосушы өткізгіштерді магистральға қосу:
1 - болт; 2 - трос; 3 - магистраль; 4 - гайка; 5 - шайба; 6 – ұштық
4 - сурет. Жерге қосу тростарының екі бөлігін қосу сызбасы
4) машина камералары мен бетон тіреуіші бар басқа да өндірулерде жерге қосу контурлар мен сымдар арнайы штырлармен немесе қапсырма шегелермен бекітіледі. (5 - сурет).
5 - сурет. Бетон тіреуіші бар камерада жерге қосылатын өткізгішті бекіту:
1 – жалпақ шиналарды бекітуге арналған қысқаш; 2 - тросты бекітуге арналған қысқаш; 3 - трос; 4 - шина
5) ағаш тіреуіші бар өндіруде жерге қосылатын өткізгіштер болат қапсырма шегелермен бекітіледі. (6 - сурет).
6 - сурет. Ағаш тіреуіші бар өндірулерде жерге қосылатын өткізгішті бекіту:
1 – болат қапсырма шеге; 2 – жерге қосылатын өткізгіш
1490. Жергеқосылатын өткізгішті болттық қосу келесі талаптарға жауап береді:
1) қысқыштың диаметрі 8 мм – ден кем емес;
2) қабылданған болтқа арналған контактілі бет шайба көлемінен кем емес және жарқырағанға дейін тазартылады;
3) болттар мен гайкалар серпілмелі шайбалармен немесе контргайкалармен қамтамасыз етіледі.
1491. Жерге қосылатын өткізгіштер және оларды қосу орындары қарауға арналған орындарда жасалады.
1492. Тау өндірулерде жергілікті жерге қосушылар ретінде металл тіреуіштерді пайдалануға болады.
2 тарау. Жерге қосушылар құрылғысы
1493. Зупфадағы немесе су жиналатын жерге қосушылар үшін аумағы 0,75 м - тан, кем емес, қалыңдығы 5 мм – ден кем емес және ұзындығы 2,5 м – ден кем емес болат полосалар қолданылады.
Ағынды арналардағы жерге қосушылар үшін аумағы 0,6 м - ден, кем емес, қалыңдығы 3 мм – ден кем емес және ұзындығы 2,5 м – ден кем емес болат полосалар қолданылады.
Жерге қосушы көлденең бағытта ағынды арнаның тереңдетілген жерінде қалыңдығы 50 мм – ден кем емес құмнан немесе жыныстардың майда бөліктерінен жасалған «жастыққа» салынып, үстінен қалыңдығы 150 мм осындай материалдан жасалған қабатпен жабылады. (7 - сурет).
7 - сурет. Жерге қосушының ағынды арнада орналасуы:
1 – жерге қосушы электрод; 2 - өткізгіш
1494. Ағынды арналары жоқ өндірулердегі жерге қосушылар үшін диаметрі 30 мм –ден кем емес және ұзындығы 1,5 м – ден кем емес болат трубалар қолданылады. Әртүрлі биіктікте трубалардың қабырғаларында диаметрі 5 мм – ден кем емес 20 – дан кем емес саңылаулары болады.
Труба алдын ала 1,4 м – ден кем емес тереңдікке ұңғыланған шпурға салынады.
8 - сурет. Трубаның көмегімен жерге қосу құрылғысы
Қажет болғанда бірнеше жерге қосулар орнатылады. Труба, сыртқы қабырға мен шпур қабырғасы арасында кеңістік гигроскопиялық материал қоспасымен (құм, күл және тағы басқа) толтырылады.
Труба арқылы тұрақты және жеткілікті ылғалдылықты сақтау үшін ас тұзының су ерітіндісімен құйылады.
1495. Бұрғылау ұңғымалары бойынша кабельдер салу кезінде бас жерге қосу жер бетінде немесе сужинағышта орналастырылады. Бұл жағдайда екіден кем емес, бір - бірін резервтейтін бас жерге қосу орнатылады. Егер ұңғыма жағалай орналасқан трубалармен бекітілген болса, олар басты жерге қосушылардың бірі ретінде пайдаланылады.
3 тарау. Стационарлық электрқондырғыларын жерге орналастыру. Машиналар мен аппараттар
1496. Трансформаторлар, таратушы және қайтаөзгерту кіші станцияларда орнатылған электр қондырғылардың металл қабықшалар, ауыспалы және тұрақты ток кабельдері және жерге қосуға жататын конструкцияларды жерге қосудың барлық жерге қосу объектілерін (ток тегіне қарамастан) кіші станцияда жабдықталған және жергілікті, жалпы шахталық жерге қосу желісіне қосылған жерге қосудың жалпы контурымен қосу арқылы іске асырылады.
Контактілі тасып шығару электровозының күштік кіші станциясының камерасында жерге қосушы контур контактілік желінің кері өткізгіші ретінде пайдаланылатын ток жеткізуші рельстерге немесе рельстермен қосылған тұрақты ток көзінің теріс полюсіне қосылады.
1497. Электрқондырғылары корпустарын жерге қосу, жерге қосу желісінің өткізгішіне қосылатын сыртқы жерге қосу қысқышы арқылы іске асырылады. Электрқондырғыларының жерге қосуының жекелеген түрлерін жерге қосудың мысалдары 9, 10, 11 - суреттерде көрсетілген.
9 – сурет.Трансформаторды жерге қосу құрылғысы:
1 – кабель броны; 2 – жерге қосушы қысқыш; 3 - хомут; 4 - ұстатқыш;
5 – жерге қосушы өткізгіштер; 6 – жергілікті жерге қосушы
10 - сурет. Жылжымалы трансформаторлық кіші станцияны жерге қосу сызбасы:
1 – кабель броны; 2 - хомут; 3 –сыртқы жерге қосушы қысқыш;
4 – иілгіш кабельдің жерге қосушы түтікшесі; 5 – ішкі жерге қосушы қысқыш; 6 – қоса салынған реле кемуінің қосымша жерге қосушысы;
7 – жерге қосушы өткізгіштер; 8 – жергілікті жерге қосушысы; 9 – ұстатқыш
11 - сурет. Жеке орналасқан аппараттарды жерге қосудың үлгі сызбасы
а – брондалған кабельдерді қосу кезінде, б – иілгіш кабельдерді қосу кезінде; в – брондалған және иілгіш кабельдерді қосу; 1 – жерге қосушы өткізгіштер; 2 – ұстатқыштар; 3 - хомуттар; 4 – кабель броны; 5 – сыртқы жерге қосушы қысқыштар; 6 – иілгіш кабельдердің жерге қосу түтікшелері; 7 – ішкі жерге қосушы қысқыштар; 8 – жергілікті жерге қосушы;
1498. Қырғыштар мен ленталық конвейерлерде, артық жүк тиеушілер мен электр қондырғыларымен тікелей металл арққылы қосылатын осыған ұқсас мысалы, қозғалтқыш электрдвигателі бар, қондырғыларда, электр қондырғыларына ғана арналған жерге қосуларды шығаруға болады.
1499. Электрқондырғылардың қабықшаларын, кабельдер мен контактілі күштік желіге арналған тұрақты токтың кабельдік арматурасын жерге қосу көрсетілген желінің кері өткізгіші ретінде қолданылатын рельстерге жерге қосылатын қабықшаларды қосу арқылы іске асырылады.
Осылайша электровозды контактілі тасып шығарудың (мысалы, ауыспалы ток электрдвигателі бар стрелкалық ауыстырудың көтерме тартпасы) ток жеткізетін рельстерімен металл арқылы байланысатын ауыспалы ток электрқондырғыларының корпустарын жерге қосу осылайша жүргізіледі. Бұл жағдайда корпустарды жалпы жерге қосу желісімен қосуға болмайды, ал осындай электрқондырғыға қабықшаның брондалған қоректендіруші кабельдерін және бронды қолданған жағдайда соңғылары корпустан, металл конструкциясынан және ток жеткізетін рельстерден оқшауланады. Осындай кабельдерді және олардың арматураларын қоректендіру көздері жағындағы арматураларды жерге қосу жерге қосудың жалпы шахталық желісіне қосу арқылы іске асырылады.
1500. Жерге қосылатын өткізгіштерді рельстерге қосу арнайы қысқыштар (12 - сурет) немесе дәнекерлеу арқылы іске асырылады.
12 - сурет. Жерге қосушы өткізгішті рельске қосу сызбасы:
а – пулькамен; б - башмакпен; в – мыс шайбамен және гайкамен
1501. Ток жүргізетін рельстерге труба құбырларын, ток жүргізбейтін және басқа да металл заттар мен конструкцияларды қосуға болмайды.
4 тарау. Кабельдік муфталар
1502. Жерге қосушы өткізгіштер, кабельдік муфталарға оның корпусындағы жерге қосушы қысқыш арқылы, ал қорғасын қабықшасы мен кабельдің болат бронына - болат хомут арқылы қосылады. (13 - сурет).
13 - сурет. Қорғасын қабықшасы мен кабельдің болат бронына
жерге қосу өткізгішін қосуға арналған болат хомут
1503. Қорғасын қабықшасы мен болат броны бар кабельді жерге қосу үшін, оны бөлу кезінде қорғасын қабықшаны кабельдің ұзына бойына екі жағынан кесуге болады, пайда болған лентаны 180 ° - қа бүктеп және оны қорғасын лента, брон және хомуттың біріккен жерін алдын ала тазалап, кабельдің болат бронынан тығыздап салынады.
14 - сурет. Қорғасын қабықшаны жерге қосу үшін бұзу
1504. Муфтаны кабельдік массамен толырғаннан кейін, муфтадан шыққан қорғасын лентаға ені 25 мм – ден кем емес, жерге қосушы өткізгішпен қосылған болат хомут кигізіледі. Қосу муфтасының екі жағында орналасқан екі қиынды кабель хомуттарының, өзара және қимасы 50 мм - ден кем емес болат ұстатқыш немесе қимасы 25 мм - ден кем емес мыс ұстатқыш арқылы қосылатын муфта корпусының арасында қосылуы болады.
Жарықтандырушы қосылу муфталары, бақылау кабельдері мен телефон аппараттарының қосылу муфталары үшін болаттан қимасы 12 мм 2 болаттан, немесе 6 мм мыстан жасалған ұстатқыштарды қолдануға болады.
1505. Қосылу муфтасына және кабель муфталарымен қабықшаларға қосылатын жерге қосу өткізгішін қосу 15 - суретте көрсетілген, жерге қосу өткізгішін босатылған муфтаға және кабель қабықшаларына қосу 16 - суретте көрсетілген.
15 - сурет. Қосу муфтасын жерге қосу сызбасы:
1 – қорғасын қабықша; 2 –қорғаныс жабынды; 3 – болат брон; 4 - ұстатқыш
(тұтас өткізгішпен орындалады)
16 - сурет. Босатылған (үштік) муфтаны жерге қосу сызбасы:
1 – қорғасын қабықша; 2 –қорғаныс жабынды; 3 – болат брон; 4 - ұстатқыш
1506. Қорғасын қабықшалы бақылау брондалған кабельді жерге қосу кезінде (17 – сурет ) ішкі енгізу муфтасында орналасқан кабельдің қорғасын қабықшасы муфтаға қапсырма шегелермен қосылады. Болат брон муфтаның корпусына хомут арқылы қосылады.
Қорғасын қабықшасының контактілі беті және брондар жарқырағанға дейін тазартылады.
17 - сурет. Қорғасын қабықшалы бақылау кабельін жерге қосу сызбасы:
1 – болат қабықша; 2 –хомут; 3 – ұстатқыш; 4 – қапсырма шеге; 5- қорғасын қабықша
1507. Пластмасса қабықшасы және болат броны бар бақылау кабельін жерге қосу кезінде соңғысы муфтаның корпусына 1504 тармағының талаптарына сәйкес қосылады.
Жерге қосу тізбегінің өткізгіштігін арттыру үшін бұл жағдайда жалпы қимасы 1 мм - ден кем емес бір немесе бірнеше кабель түтікшелерін (18 - сурет) пайдаланылады.
18 – сурет. Пластмасса қабықшасы бақылау кабельін жерге қосу сызбасы:
1 – болат бронь; 2 - хомут; 3 - ұстатқыш; 4 – қапсырма шеге; 5 – кабельдік пластмасса қабықшасы; 6 – жерге қосуға арналған түтікшелер
5 тарау. Жылжымалы және қозғалмалы электрқондырғыларды жерге қосу
1508. Жылжымалы және қозғалмалы электрқондырғыларын жерге қосу оның корпусын жерге қосудың жалпы шахталық желісімен жерге қосу кабельдер түтікшелері арқылы іске асырылады. Кабельдердің жерге қосу түтікшелері ішкі жерге қосылатын кабельдің осы электрқондырғысында көзделген және іске қосушы аппаратурасына сәйкес келетін кірістер қысқыштарына қосылады.
1509. Жылжымалы машиналар мен механизмдер үшін арнайы құрылғы (мысалы, 19 - суретті қараңыз) арқылы басқару тізбегіндегі кабельдің жерге қосу түтікшесі арқылы жерге қосудың үздіксіз автоматты бақылауы қамтамасыз етіледі.
19 - сурет. Басқару пульті шығарылған жылжымалы машинаның жерге қосылуын автоматты бақылаудың үлгі сызбасы:
1 – басқару тізбегінің трансформаторы; 2 – аралық реле; 3 – іске қосушының блок-контактісі; 4 – «Жүру» бастырмасы; 5- «Тоқта» бастырмасы; 6 – басқару диоды; 7 – нольдік қорғаныс кедергісі; 8 – ішкі жерге қосу қысқыштары
Екі немесе одан да көп қозғалтқышы бар, электродвигательдерін жерге қосу кемінде екі әртүрлі күштік кабель түтікшелерімен іске асырылатын жылжымалы машиналар мен механизмдері үшін жерге қосуды автоматты бақылауды қарастырмауға болады.
6 тарау. Трубақұбырларын жерге қосу
1510. Металл трубақұбырларды жерге қосу үшін электрқұрылғыларының жергілікті жерге қосулары қолданылады. Бұл жағдайда жерге қосылатын өткізгіш трубақұбырға болат хомут арқылы қосылады (20 - сурет ).
20 - сурет. Жерге қосу орнын хомут арқылы трубақұбырға қосу сызбасы:
1 - хомут 1,9 х 30 (хомуттың ішкі диаметрі трубақұбырының сыртқы диаметріне сәйкес келеді); 2 – жерге қосу орны 2,2 х 25; 3 - болт; 4 - шайба; 5 -
гайка; 6 - трубақұбыры
Трубақұбырмен хомуттың контактілік беті жарқырағанға дейін тазартылады. Жерге қосу өткізгіштерін қосу үшін трубақұбырлар мен басқа да конструкцияларды бекіту болттарын пайдалануға болады.
1511. Металл желдеткіш трубалар мен электр қуаты пайдаланылмайтын өндірулердегі сығымдалған ауа труба құбырларын жерге қосу жергілікті жерге қосушылар арқылы ауақұбырының басымен соңында іске асырылады.
1512. Иілгіш желдеткіш трубалардағы ауақұбырларының конструкциясында көзделген металл детальдарды (ілмек, сақина, ілгіш, спираль және тағы басқа.) жерге қосу оларды екі жағынан жерге қосылған металл тросқа немесе диаметрі 5 мм – ден кем емес сымға ілу арқылы іске асырылады. (21 - сурет ).
21 - сурет. Иілгіш желдеткіш трубалардағы металл детальдарды жерге қосудың үлгі сызбасы:
а – М типті (резиналы); б - ТВ типті (металл спиралы бар резиналы); в – К типті (капронды)
1513. Параллель, қиылысатын немесе жақындатылған ауақұбырларын жерге қосу үшін жалпы жерге қосулар мен жалпы магистральды сымдарды қолдануға болады. Ауақұбырынан 100 м – ден артық емес қашықтықта металл конструкциялары болса, онда олар ауақұбырының жерге қосылуына қосылады.
1514. Жерге қосушы тізбектің кедергісі, 100 Ом - нан артық емес статикалық электрден қорғау үшін ғана көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: |