Нег: 4.[39-51].
Қос: 11. [21-27], 12. [14-17]
Бақылау сұрақтары:
1. Жоба алды өңдеулер немен қорытындыланады?
2. Аудандық жерге орналастыру схемасының қысқаша мазмұны және оны жобалау
барысында өңдеу.
3. Жерге орналастыру жобаларын топтастыру, түрлі топтар мен топшалардың түрлі ерекшелігі.
4. Жерге орналастыруды жобалау кезеңдерін атаңыз және сипаттама беріңіз.
5. Жобалық мәселелерді шешу әдістері, оларды жеке қолдану жағдайы.
6. Жоба варианттарын талдау жәнебағалау үшін қандай технико-экономикалық және экономикалық көрсеткіштер қолданылады?
Дәріс №3. ШАРУАШЫЛЫҚ АРАЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жер кодексі бойынша республикалық жер қоры мақсатына қарай 7 санатқа бөлінеді. Жердің тікелей пайдалануын нақты жер пайдаланушылар мен жер иеленушілер жүзеге асырады. Басқаша айтқанда - мемлекетік, кооперативтік, қоғамдық, жеке меншік кәсіпорындары мен ұйымдары. Осы шаруашылық субъектілерге иеленуге берілген жер үлестерін жер иелігі, ал пайдалануға берілген жер үлестерін жер пайдаланулар деп аталады. Жер иелігі (жерпайдалану) - бұл шаруашылыққа, кәсіпорынына немесе басқа заңдық құқық иесіне нақты мақсатпен берілген орны, көлемі және нақты мәселелері белгіленген территория.
Жер иелігінің жер пайдалануға қарағанда бір өте маңызды ерекшілігі бар. Егерде, жер пайдаланылуы белгілі бір мерзімге және нақты мақсатпен берілсе, жер иеленілуі мерзімсіз, иеленушілік мақсатына сай беріледі.
Қазақстан Республикасында ауылшарушылық өндірісте пайдаланылатын жерлердің жалпы территориялық көлеміндегі үлес салмағы 75%-дай (бұрынғы одақ бойынша-47%), соның ішінде жыртылған жерлер-15%. ТМД-ның басқа аймақтарына қарағанда бұл өте төмен көрсеткіш. Мысалы, Россияның Орталық қаратопырақ аймағында оның деңғейі 80% жетеді.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жер пайдалануы (жер иелігі) қоғамдық немесе жеке меншік болуы мумкін. Біріншісіне көптеген ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер пайдаланулары жатады. Жеке меншік жер иеленуі республикада жаңа бой алып келе жатқан жер пайдалану формаларының 6ipi. Бұларға алдымен шаруа қожалықтарының жер иеліктері жатады. Келешекте тағы да осы жер пайдалану формасында негізделген, көптеген жер иеленулердің түрлері пайда болуы мүмкін. Осымен қатар жер пайдаланулар мен жер иеліктері мақсатына қарай ауылшарушылық және ауылшаруашылық еместерге бөлінеді. Біріншілеріне ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың жер иеліктері мен жер пайдаланулары жатады. Ал, ауылшаруашылық еместері транспорт, өнеркісіп, елді мекендер, орман, су шаруашылықтары мен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын қамтиды. Сонымен 6ipгe бip категорияға тарихи-мәдени және рекреация мақсатындағы жерлер жатады.
Уақыт аспектісінде жер пайдаланушылықтардың мерзімсіз және уақытша түрлері болады. Соңғысы ұзақ мерзімді мен қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Жер иеліктері мен жер пайдалануларды құру және өзгерту, халықшаруашылық салаларының мұқтаждықтарына сай жерді бөлу және қайта бөлу, шаруааралық жерге орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың осы ic-қимылдарына қарай жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері және осы арқылы жер пайдалану жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастары белгіленеді.
Сонымен қатар шаруашылық жүргізу жағдайлары өзгеріп отырады. Демек, шаруашылық аралық жерге орналастыру - техникалық және құқықтық ic-қимылдар арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.
Учаске мекемелерінің өзгеруі, оған иеленуге (пайдалануға) құқықтық тууы, қағида бойынша, шаруашылық аралық жерге орналастырудың нәтижесі болып табылады. Бұл құқық кеңістік аспектісіне шаруааралық жерге орналастыру арқылы белгіленген мекемелермен шектеледі. Бірақта, шаруашылық аралық жерге орналастырудың мәні тек мәселерді жүрізуге емес. Жалпы алғанда оның мағынасы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер иеленулерін (жер пайдалануларын) құруды, реттестіруді немесе өзгертуін, оларды экономикалық жағынан тиімді түрде орналастыруды, қолайлы құрылымдарын белгілеуді қамтиды.
Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жүзеге асыра отырып 6ip қатар принциптерді нұсқау ретінде қолдану қажет. Соның ішінде:
-
республиканың жер туралы заңдарын қатал ескеру, жер пайдаланушылықтар, жер иеленушіліктердің мәселелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
-
жердің ысырапсыз және тиімді, ғылыми тұрғыдан негізделген пайдалуын, ауыл шаруашылығының жерге деген приоритетін қамтамасыз ету;
-
әрбір жер пайдаланушыға өзінің міндеттерін ойдағыдай атқаруға, өндірісінің тиімділігін арттыруға қолайлы кеңістік жағдайлар жасау;
-
жер мен басқа табиғи ресурстарды қорғауға жан-жақты мүмкіншілік жасау.
Жер пайдаланулар мен жер иеліктерінің жүйесі шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісі болып табылады. Бұл қағида бойынша әкімшілік аудан немесе бip топ қатар орналасқан жер пайдаланулар мен жер иеліктер.
Шаруашылық аралық жерге орналстырудың міндет-мақсаттары сан алуан. Дегенмен, оларды екі топқа түйістіруге болады:
- жердің ысырапсыз пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру; өндірісті территория жағынан ұйымдастыру.
Осылармен бipгe шаруашылық арлық жерге орналастыру арқылы жердің негізгі мақсаттық қызметі белгіленеді, халықшаруашылық салалары мен жеке пайдаланушыларға (иеленушілерге) жер үлестері бөлінеді және соңғылардың дұрыс орналасуы анықталады.
Сонымен қатар шаруаралық жерге орналастыруға жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктерді өндірістің талаптарына қарай үнемі жетілдіріп отыру міндеті жүктеледі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру екі түрлі тармаққа бөлінеді:
Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жобалау жолдары:
- жер иеліктері мен жер пайдалануларының қaзіргі күні зерттеліп жерге орналастыру қажеттілігін тудырған себептер анықталады және сол себептерді жою жолдары белгіленеді;
-
мүдделі жер иелері мен жер пайдаланулардың талаптары айқындалады, оларды қанағаттандыру мүмкіншілктері қарастырылады;
-
жобалау тапсырмасы жасалып, қарастырылады және бектіледі.
Жалпы алғанда дайындық жұмыстар камералдық дайындау мен далалық зерттеуден тұрады. Камералдық жерге орналастырулық дайындалудың мақсаты жан-жақты негізделген жобаның жасалуын қамтамасыз ету. Бұл жұмыс жерге орналастыру процесіне қатысушыларды анықтаумен олардың тізімін жасаудан басталады. Содан кейін мынандай материалдар мен құжатар жиналып зерттеледі:
-
жерге орналастыру жөніндегі өтініштер, шешімдер, каулылар;
-
жерге орналастыру процесінде қатысатын шаруашылықтар мен кәсіпорындардың мақсат-міндеттері мен даму перспективалары жөніндегі мағлұматтар;
-
аудандық және облыстық жерге орналстыру схемалары;
-
жерді пайдалануға құқық беретін кұжаттар;
жерді есепке алу және бағалау жөніндегі қадастрлық мәліметтер;
-
жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың қолайлы масштабтағы жеке және жалпы пландары;
-
бұрыңғы жүргізілген жерге орналстыру материалдары;
-
топырақ, геоботаника, мелиорация, су шаруашылығы және басқалары жөніндегі зерттеу-іздестіру материалдары;
-
мелиорация, суландыру және сол тәріздес жобалар;
- жерге орналастыруға тартылған кесіпорындардың өндірістік нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер;
- шаруашылық орталықтар, соларда тұратын жұрт және өндірістік құрылыстар тұралы мағлұматтар.
Әрине, бұл құжаттардан тізімі жобаның түрі мен міндет-мақстатарына қарай өзгеріп отыруы мүмкін.
Камералдык дайындаудың нәтижелеріне қарай далалық зерттеу жұмыстарының келемі белгшенеді. Олардың макеты жетіспейтін материалдардың орнын толықтыру. Зерттеу жұмыстарын жерге орналастыру женіндегі жобалау институттарының мамандары мен шаруашылық өкілдері жүргізеді. Керекті жағдайларда бұған басқа да мамандар қатысуы мүмкін.
Далалық зерттеу арқылы жиналған материалдардың натураға сәйкестігі айкындалады. Бұнда да жұмыстардың келемі мен тізімі жобаның алдына койылған мақсат-міндеттеріне байланысты.
Далалық зерттеу нетижелері бойынша арнайы далалық; зерттеу актісі мен сызбасы жасалады. Біріншісінде цифрлік мәліметтер, ал екіншісінде жер иеленушілік пен жер пайдаланушылықтардың жер үлестері мен өндірістік бөлімшелердің мәжелері, елді мекендер, магистральдық жолдар, мал айдау трассалары, су кездері және көптеген басқа мағлұматтар көрсетіледі. Содан кейін камералдық дайындалу және далалық зерттеу арқылы жиналған материалдардың негізінде жобалау тапсырмасы жасалады. Бұл құжатта мынандай мәліметтер қамтылады:
- жобалау объектісі;
- жобалаудың кезендері мен мерзімдері;
- қажетті шаралар жуйесі;
- жерге орналстыруға дейінгі және содан кейінгі алаптардың құрамы (жобалық экспликация);
- жерлерді игеру және жақсарту жөніндегі шаралар жуйесі;
- ауылшаруашылық өндірісітің негізгі көрсеткіштері;
- ауылшаруашылық өндірістің орналасуы және мамандандырылғандығы;
Жалпы алғанда шаруашылық аралық жерге орналастырудың мазмұны мынандай ic- әрекеттерді қамтиды:
-
ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер иеленушіліктерін құру;
-
жер иеленушіліктер мен жер пайдаланашулырды үнемі реттестіріп отыру;
-
ауылшаруашылық және халықшаруашылық мұқтаждықтарға игеру үшін жаңа жерлерді іздестіру;
-
жерді белгі беру және алып қою арқылы ауылшаруашылық емес жер пайдаланушыларды құру;
-
елді мекендердің шектерін белгілеу және өзгерту.
Қойылған мақсат-міндеттеріне, жобалау объектісіне, аймактық табиғи ерекшеліктерге қарай шаруашылық аралық жерге орналастырудың маңызы, жүзеге асыру реттілігі, әдістемесі өзгеріп отырады. Осыған орай оның мынандай типтерін белгілеуге болады:
-
ауылшаруашылық жер иеліктерін құру;
-
ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеленушілктерінің кемшіліктерін жою арқылы жетілдіру;
-
суармалы егіншілікке игерілген жерлерде жаңа жер иеліктерді құру;
-
игеруге іздестірілген жаңа жерлерде ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеліктерін құру;
-
шаруааралық өндірістің бірліктердің жер массивтерін құру;
-
тау, шел басқа маусымдың жайылымдарды қайта бөлу;
-
ipi гидротехникалық құрылыстарға жер бөлініп беру және осыған байланысты жер иеліктердің (жер пайдаланулардың) өзгерілуін реттестіру;
-
шағын ауылшаруашылық емес жер пайдалануларды құру;
-
сызықты құрылыстарға (темір және автомобиль жолдары, тоқтасымалдау және байланыс жүйелері, каналдар мен құбырлар) жер бөліп беру;
-
елді мекендердің шектерін белгілеу және өзгерту.
Атап өткен типтер шаруашылық аралық жерге орналастырудың мақсат-міндеттерінің, мазмұнының күрделігінің белгісі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру ici маңызды себептен ғана қозғалады. Жаңа жер пайдалануларды немесе жер иеліктерін құру басты себептердің бipi болып табылады. Шаруашылық аралық жерге орналастыруды себептейтін факторларға мынандайлары жатады:
-
Жер иеленулер мен жер пайдаланулардың кемшіліктерінің бар болуы;
-
Жер иеленулердің (жер пайдаланулардың) аудандары мен құрамдарының шаруашылықтың өндірістік мақсаттарына сай болмауы;
-
Өндірістің көлемінің, шоғырлануының, мамандығының өзгеруі;
-
Жаңа шаруашылық формалардың, соның ішінде шаруа шаруашылықтарының пайда болуы;
-
Шаруашылық аралық кооперацияның дамуы;
-
Жерді және қоршаған ортаның басқа элементтерін қорғау қажеттілігі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру процессі бірнеше кезеңдерден тұрады:
1) Жобаны жасаудың алдынан дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай бip қатар ic-қимылдар енеді:
-
жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамы анықталады;
-
жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат-материалдар (құқықтық, план- картографиялық, іздестіру, экономикалық т.б.) жиналады;
кәсіпорындардың шаруааралық байланыстары;
-
инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;
-
жер мен табиғатты коргау женшдеп талаптар;
-
жобалық құжаттардың құрамы;
-
жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.
Жобалау тапсырмасы және далалық зерттеу актісі мен сызбасы дайьндық жұмыстардың қорытындысы болып табылады.
2) Дайындық жұмыстардан кейінгі кезең - жобалау. Бұл жерге орналастыру процесінің ең жауапты және күрделі құрамдас бөлігі. Оның нәтижесінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты негізделген жоба жасалуға тиісті.
Соңғысының мазмұны мен құрамы шаруашылық аралық жерге орналастырудың типіне, алдына қойылған мақсат-міндеттеріне тікелей байланысты. Сондықтан жеке жобалардың арасындағы айырмашылықтар да елеулі. Дегенмен, жобалардың қайсысы болса да графикалық белгілі (жобалық план мен баска қажетті сызбалар) мен түсініктемеден тұрады. Соңғысы жобаны экономикалық және құқықтық тұрғыдан негіздеу материалдарын қамтиды. Жалпы алғанда, жобада қағида бойынша мынандай мәселелер қарастырылады: жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың аудандарын белгілеу, оларды орналастыру және межелерін жобалау, алаптардың аудандары мен құрамын қалыптастыру.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы экономикалық тұрғыдан жан-жақты негізделуге тиісті. Қабылданған жобалық шешімдер нақты есептермен дәлелденеді. Осы мақсатпен бip қатар экономикалық және техника-экономикалық көрсеткіштер есептеледі. Жасалған жобаның бірнеше нұсқаларынан бұл көрсеткіштер салыстырыла отырып ең тиімдісі тандалады.
3) Үшінші кезең шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуді оны қарап талқылау мен бекітуді қамтиды.
Алдынан жоба әрбір жерге орналастыруға тартылған шаруашылықтарда өндірістік кеңесте (немесе өкілдер жиналысында) қаралады. Сонан соң ол аудандық әкімшілігіне бекітілуге жіберіледі. Егерде бұл органның өкілеттілігі жеткіліксіз болса, жоба жоғарғы инстанцияларда бекітіледі.
4) Бекітілген жоба жер бетіне шығарылады. Бұл кезенің мәні жер пайдаланулар мен жер иеліктерінің жобалық мәндерін нақты мәндеріне шығарып, арнайы белгілермен бекіту. Соңғылары темірбетон, ағаш немесе басқа материалдардан жасалуы мүмкін. Белгілердің ара қашықтықтары 2000м аспауға тиісті. Ашық жерлерге меже жалпақтығы 20см-ден арықтармен көрсетіледі. Жобаны нақты мәніне шығару үшін жұмыс сызбасы жасалады. Жер иеленулердің (жер пайдаланулардың) межелері мемлекеттік геодезиялық торабымен байланыстырылады. Жобаны нақты мәніне шығару шаруашылық өкілдерінің қатысуымен жобалау институтының мамандары орындайды. Бұның нәтижесінде межелерді сипаттайтын хаттама мен сызба жасалады.
Соңында шаруашылықка (кәсіпорынына) жерді иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін мемлекетік акт тапсырылады.
Нег: 1. [64-72], 2. [77-84].
Бақылау сұрақтары:
1) Шаруашылық аралық жерге орналастыруға түсінік бер.
2). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісін ата?
3). Қазіргі кездегі шаруашылық аралық жерге орналастыру қандай іс-әрекеттерден тұрады?
4). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың эконмикалық мәні неде?
5). Жер иелену және жер пайдалану жүйесіне анықтама бер.
Дәріс№4. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ ЖЕР ПАЙДАЛАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Аграрлық реформаға байланысты бұрыңғы мемлекеттік шаруашылықтар мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, әртүрлі шаруашылықтың серіктілерге, кооперативтерге ауысқан.
Жаңа агро-құрылымдардың жер пайдалануын ұйымдастыру үшін орналаскан жерімен, топырағымен, жер бедерімен, табиғи өсімдіктерімен, көлемімен және компактілігімен, гидрогеологиялық және басқа жағдайларымен ауылшаруашылық дақылдарын, көп жылдық жеміс-жидек өсімдіктерін және өндірістердің мал өcipyгe жарамды, продуктивті жер массивтері белгілі болады. Бұл жерлер ауыл шаруашылық технологияларын, механизмдерін пайдалануға және басқаруға ыңғайлы болуы керек. Жер пайдалануды ұйымдастыру шаруашылық орталықтарын және жолдарды орналастырумен тығыз байланысты.
Жолдар, ауылшаруашылық өнімдерін және керекті техниканы, материалдарды, өндіріс құралдарын тасуға ыңғайлы болуы керек.
Орналасқан аймағына, шаруашылықтың мамандығына, оның жер пайдалануының құрам бөлігі сәйкес болуы керек. Мысалы қой шаруашылығьның жерінің құрамында шабындық пен жайылым көп, ал егістік шаруашығьнда- жер көп болуға тиісті.
Жаңа жер пайдаланулар қайтадан құрылған шаруашылықтардың орнында пайда болған, сондықтан жерге орналастыру жұмыстары көп пайдаланушылардың қызығушылығына тиеді. Осыған байланысты олардың әр қайсысының территориясьна ұйымдастыру бөлек шешілуге тиісті.
Алдын-ала жасалған ауданды жерге орналастыру схемасын негіздей отырып, бұндай шаруашылықтарда, шаруашылық аралық жерді үйлестіру жұмысын жүргізу тиімді.
Агро-құрылымдардың жер пайдалануларын ұйымдастырғанда шаруашылық аралық жерге үйлестірудің жалпы принциптеріне сүйену керек:
-
тұрғындардың өмір сүру және еңбек ету жағдайларын әрқашан жақсарту;
-
өндірістің тиімділігінің әрдайым көтерілуін, салалардьң рентабельдігінің тұрақты болуын, жобаланатын шаралардың экономикалық және қоғамдық тиімділіктерінің биік болулығын қамтамасыз ететін;
-
капиталдық бip уақыттың шығьнның неғұрлым аз болуы және тез қайтарылуы;
-
заңдық және нормативтік актілерді қатал орындауды.
Қабылданатын шешімдер ғылыми ic жүзіндегі жетістіліктерге және шаруашьшық аралық жерге үйлестірудің жеке принциптеріне сүйенуі керек.
Тиімді ұйымдастырылған жер пайдаланулар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
-
әр жер пайдалануды орналастырғанда осы территорияда орналасқан әр жер пайдаланушының қызығушылығын есепке алу;
-
жер пайдаланудың мөлшерін зоналық жағдайға, мамандыққа, келешекте шығарылатын өнімнің көлеміне сәйкес келтіру
-
әр шаруашылықтың мамандығына байланысты жерді тиімді пайдалану үшін жер пайдалану құрамына тиісті ауыл шаруашылық алқалтарының түрлері енгізіледі, ара қатынастары және мөлшерлері анықталады;
-
экологиялық талаптардың сақталуы;
-
жер пайдаланудың компактілігінің, конфигурациясының және шегарасының өндірісті және территориясын ұйымдастыруда ыңғайлы болуьн қамтамасыз ету;
-
жер пайдалануда шаруашылық орталықтарының дұрыс орналасуы, олардың ауылшаруашылық алқаптарымен, өзара және сырттық экономикалық және әкімшіліктік орталықтармен ыңғайлы қатынасы.
4.1 Ауылшаруашылық мекемесінің жер пайдалануын құру жобасының мазмұны, әдістемесі
Жер пайдалануды құру дегеніміз - жерге орналастыру жобасын құру арқылы ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын агро-құрылымға өндірісін жүргізу үшін
территориялық жағдай жасау.
Жер пайдаланудың көлемі мен шаруашылықтың мөлшері - әр түрлі түсініктер.
Жайылымы үлкен қой шаруашылығының көп жері құнарсыз, соған байланысты шаруашылылықтың мөлшері кіші көлемі аз, бірақ жері аз жүзімдіктер мен жеміс жидекпен айналысатын шаруашылықтардың жалпы алатын өнімі жоғары.
Жер пайдаланудың мөлшері, орналасуы, компактілігі алынатын өнімнің тек қана көлеміне әсерін тигізіп қоймай, әртүрлі шығындардың көлеміне, өндірісті басқаруға әсерін тигізеді. Сондықтан жер пайдалануды құру – негізгі мәселелердің бірі. Ол экономикалық және экологиялық негізделген жобаны құру арқылы шешіледі.
Жер пайдалануды құру жобасыньң құрам бөліктері:
-
жер пайдаланудың мөлшерін анықтау
-
жер пайдалануды орналастыру және құру;
3 орталықтарын орналастыру (жаңа шаруашылық құрылғанда);
-
жер пайдаланудың шекараларын орналастыру;
-
жер пайдаланудың құрамындағы ауылшаруашылық алқаптардың түрлерін, аудандарын, өзара қатынастарын белгілеу;
-
террииторияларын ішкі шаруашылықтық орналастыру схемасын жасау.
Жобалау жүргізуде дайындық жұмыстарының материалдары, жобалауға тапсырма, аудан және облыстық жерге орналастыру схемасы және басқа жоба алды ұсыныстар қаралу керек.
Жобалау есептеулері бір-бірімен территориялық және экономикалық өзара тығыз байланысты шаруашылықтар немесе әкімшілік аудан шаруашылықтары бойынша бойынша жүргізіледі.
Жер пайдаланудың параметрлері және орналасуы олармен тығыз байланысты шаруашылық өндірісінің әрі қарай даму жолдарына, орналасуына, мамандығына сәйкес болулары керек және агроөндірістік кешеннің басқа элементтерімен тығыз байланыста шешілулері керек.
4.2 Жер пайдаланудың ауданын анықтау.
Жер пайдаланудың мөлшері шаруашылық өндірістік қуатына және мамандығына байланысты анықталады. Жобаланған мөлшері тиімді болу керек.
Тиімді мөлшер дегеніміз – басқаруға ыңғайлы, өндірістің әр саласының жақсы дамуына қажеттілі алқаптардың құрамы және мөлшерлері.
Жер пайдаланудың мөлшеріне келесі факторлар әсерін тигізеді (кейбіреулері үлкейтеді, кейбіреулері керісінше - кішірейтеді:
-
мамандығы;
-
өндірістіктің қарқындылық деңгейі;
-
қолданылатын байланыс және транспорт түрлері;
-
жолдардың жағдайы;
- ауыл шаруашылық алқаптарының құрамы, сапасы, контурларының жер бедері;
- жер массивтерінің конфигурациясы;
- елді мекендердің орналасуы;
- сумен қамтамасыздығы.
4.3 Жер пайдалануды орналастыру
Жер пайдаланулардың әрқайсысын орналастырғанда:
-
территорияның жағдайы және қалыптасқан ұйымдастырылуы есепке алынады.
-
Бұрынғы енгізілген капиталды неғұрлым толық пайдалануға тырысу кажет;
-
өндіріс орталықтарының ыңғайлы орналасуы;
-
компакті массив ретінде;
-
тегіс жерлерде квадратка немесе тікбұрышты төртбұрышқа ұқсас жасау;
-
бірнеше учаскеден тұрганда - олар бір-біріне жақын, байланысы ыңғайлы болуы керек.
-
әрі қарай территорияны үйлестіруге ыңғайлы.
Жер иеленушілік талапқа сай болу үшін мынандай бip қатар принциптерді нұсқау ету қажетті:
-
Жеке жер иеленушіліктердің орналасуы ауыл шаруашылығының әлеуметтік- экономикалық мүдделіктеріне, басқа осы территорияда орналасқан жер иеленушіліктердің мүдделеріне де өзара сәйкесті болуға тиісті;
-
Жер иеленушіліктің ауданы, біріншіден, шаруашылык өндірістің көлеміне, мамандандырылғандығына, екіншіден, аймақтық табиғи ерекшеліктерге сай болуға қажетті;
-
Жер иеленушіліктің құрамына жердің ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін жер шаруашылыктың мамандандырылғандғына сай алаптардың аудандары мен түрлерін енгізу керек;
-
Жер иеленушіліктің кескін үйлесімі (конфигурациясы) әртұтас және өндіріс пен территорияны ұйымдастыруға ыңғайлы болуға тиісті;
-
Жер иеленуіліктің территориясындағы шаруашылық орталықтардың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, олардың өзара және алаптар мен сырттағы өндірістік орталықтарымен транспорттық байланыстарын қолайлыландыру қажетті. Ауылшаруашылық жер иеленуіліктерге қандай өзгерістер болса да осы принциптердің негізінде енгізілуге тиісті.
4.4 Ауылшаруашылық кәсіпорындары жер пайдалануын құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу.
1. Жобаларды экономикалық тұрғыдан дәлелдеудің мазмұны;
2. Жобаның тиімділігі туралы ұғым және оның көрсеткіштері.
Жобаны экономикалық тұрғыдан негіздеу әрбір жер иеленушілік бойынша жобамен бipre жасалады. Бұл жөніндегі есептер екі мерзімге жасалады:
а) жобаны жасағанға дейін;
ә) жоба бойынша.
Жобаны дәлелдеудің мазмұны жалпы алғанда төмендегіге келеді:
-
жобалық жерге орналастыру есептері;
-
жобаны ұйымдастыру шаруашылық тұрғыдан негіздеу;
3) варианттарды салыстыру (жобаның ең қолайлы нұскасын таңдап алу).
Жобалық варианттар мен шешімдерді бағалау және экономикалық тұрғыдан негіздеу жобаның ең күрделі және көлемді құрам бөлшегі болып саналады. Бұл тапсырма мынандай бip қатар жұмыстарды қамтиды.
-
Варианттар бойынша күрделі қаржылардың көлемін есептеу. Соның ішінде тұрғын үй кұрылысының, мал қоралары мен кешендерді қосалқы өндірістік орталықтар мен секторлардың (машина-транспорттық, кұрылыс, қойма т.б.), елді мекендер арасындағы коммуникациялар мен территорияны инженерлік жағынан жабдықтаудың кұндарын анықтау.
-
Әрбір вариант бойынша жыл сайынғы шығындардың көлемін белгілеу. Бұнда транспорттық және эксплуатацияльқ (пайдалану) шығындарды, аммортизацияльқ жарна мен әкімшілік аппаратқа жұмсалған каржыларды есептеу кіреді.
-
Келтірілген шығындардың көлемін анықтау, яғни бip жылдық мерзімге келтірлген күрделі каржылар мен жыл сайынғы шығындардың қосындысын табу.
-
Күрделі қаржылардың қайтарылу мерзімін есептеу, яғни неше жылдың ішінде жұмсалған каржылардың орны толатынын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |