4.5 Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануын құру
Шаруа қожалығының ауданы алаптардың құрамына, сапасына, табиғи, экономикалық және әлеуметтік жағдайларна қарай анықталады.
Шаруа қожалығының жерлер көлемі мен сапасы орналасқан аймақтың табиғи жағдайларымен тығыз байланысты болады. Мысалы, оның мамандандырылғандығы, демек бүкіл өндірістік құрамы, осы жағдайлармен себептеледі. Егер де шаруашылық шөл, шөлейт аймақгарында оның негізгіөндірістік бағыты қой, түйе немесе жылқы шаруашылығы болуы ықтимал. Ал мамандандырылғандығына қарай шаруашылықтық жер иеленушіліктік жалпы ауданы, алаптарының арақатынастары, үлес салмақтары тағы да осы тәріздес параметрлері қалыптастырылады.
Сонымен бipre шаруа қожалығының көрсеткіштері бip қатар әлеуметтік экономикалық факторлармен байланысты. Солардың ішінде: елді мекендердің түрлерімен орналасуы ерекшеліктері халықтың саны мен қоныстану тығыздығы, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның сипаттамасы және т.б. Мысал шаруа шаруашылығы туралы Заң бойынша совхоздар мен колхоздарды жер иеленуілігінің жалпы ауданы еңбекке жарамды мүшелерінің санына бөле отырып әр адамға қатысты жер үлесінің мөлшері белгіленеді.
Хуторлық форма қағида бойынша халықтың шоғырлана орналасқан аймағына тең. Ол әрбір жанұяға ауыл маңына жер бөліп беруге мүмкіншіліктің жоқтығы есебінен себептеледі.
Жер кодексі, шаруа қожалығы және жекешелендіру заңдары бойынша шаруа қожалығын екі жолмен құруға болады. Бірінші жол - әрбір жұмысшыға тиісті жер негізінде. Бұл әдістің мағынасы мынаған жатады. Ауылшаруашылық кәсіпорында (совхоздармен колхоздар да т.б.) жұмыс істеп жүрген және бұрын осыған өткен адамдарға сол кәсіпорын жерінің құрамы мен ауданына қарай, жер үлесін береді Оның ауданы бip жағынан сондай адамдардың санына, екінші жағынан жер иeлeнyшiлiктiң жалпы ауданына байланысты, өйткені жер үлeciнiң мал бағу үшін иеленушіліктің (жер алаптарының түлерібойынша) сондағы азаматтардың санына бөлінеді, шаруа шаруашылыгының жер иеленушіліктері арнайы жасаған жер қоры құрылады. Демек, алдымен сондай жер қорын жасау кажетті. Шаруа қожалығы туралы заң бойынша ондай қор әрбір мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынның жер иеленушіліктері есебінен жасалуға тиісті. Ол үшін кәсіпорын иеленетін жерлер мұқият тексеріп, арасындағы сондай табиғи-экономикалықщ зона бой ы орташа деңгейден төмен тиімділікпен пайдаланылып жүрген алаптар алынып, арнайы ,жер құрамына енгізіледі. Бұл жұмыстарды жергілікті атқару комитетінің шешімі бойынша аудандықщ жерге орналастыру комиссиясы жүргізеді. Сонан соң тілек білдірген азаматтарға шаруа қожалығын құру мақсатына осы қордан жер үлесі бөлініп беріледі.
Бірінші әдіс, қағида бойынша, совхоз-колхоздардан бөлінген, екіншісі – сырттан келген адамдардың ауылшаруашылық мақсатындағы қожалықтарын ұйымдастырғанда. Шаруа қожалығының жер иеленушілігін құрудың осы екі жолы оныңәртүрлі әдістемелік жүйелікте орындалуын себептейді. Бірінші жағдайда бүкіл жобалау және жоспарлау процесі берілген жер үлесінің мөлшерімен байланыстырылады және содан тәуелді, өйткені малдың саны егістердің аудандары жалпы алғанда өндірістің көлемі мен параметрлері де осымен себептеледі. Әрине, жетіспеген жер алқаптарын қожалық басқа шаруашылықтардан жалға алуы мүмкін. Бірақга болашақта ауылшаруашылық жүргізудің бұл формалары кең бой алғанда, бұндай мүмкіншіліктері болуы бірталай.
Шаруа қожалығы арнайы қорда құрылғанда оның жер иеленушілігінің ауданы шектелмейді делінген. Егерде солай болса, ал бұл өзі біраз күдік тудырып отыр, онда жоғарыда атап өткен есептер мен ic-әрекеттер жоспарланған өндірістің көлемдеріне (мал басы, eгістеp т.б.) негізделеді. Демек, орындау жұмыстардың әдістемелік жүйелі түрде болуғатиісті.
Енді шаруа қожалығының жер иеленушілігін құру жөніндегі ic-қимылдардың әдістемелік жүйелілігін қаралық.
Жер үлесі арқылы құрылатын шаруа қожалығының жер иеленушілігі мынандай жүйелікте құрылады:
а) Жер алуға құқығы бар азаматтардың саны мен алаптардың аудандарына қарай әpбip адамға тиісті жер үлесі есептеледі
Р =
бұнда, Р– бip адамға тиісті жер үлесі, га;
Рп- алаптардың аудандары, га;
А - жер алуға құқығы бар адамдардың саны;
ә) Шаруа шаруашылығының жер иеленушілігінің алғашқы (бipінші жуықтаудағы) ауданын анықтау:
Рш = Р х п
бұнда, Рш - жер иеленушіліктің алғашқы ауданы, га;
п - елдегі жерді алуға құқығы бар мүшелердің саны.
б) Жер иеленушіліктің алғашқы шамамен орналасатын жерін белгілеу;
в) Жердің сапасын ескеретін коэффициентті есептеу.
Кс = Борт
Бш.ш
бұнда, Борт – шаруашылық бойынша бонитеттің орташа балы;
Бш.ш. - сол көрсеткіш шаруа шаруашылығы бойынша.
Бұл коэффициент алаптардың түрлері бойынша есептеледі (жыртылған жер, шабындық, жайылым).
г) Жер иеленушіліктің ауданын жердің сапасын ескеретін коэффициенті арқылы нақтылау:
Рш.ш. = Рш. х Кс
бұнда, Рш.ш. - жер иеленушіліктің соңғы ауданы, га;
Рш - алаптардың шаруа шаруашылығы бойынша аудандары, га;
Кс - жердің сапасын ескеретін коэффициент;
д) Жер салығын есептеу:
С = Рш.ш. х Ц
бұнда, С - жер салығының көлемі, теңге;
Ц - 1 га жер үшін төлем (бонитет бойына қарай алынады), теңге;
е) Есептелген жер ауданынан шығатын өнімдердің мөлшерін анықтау.
ж) Осыған және шаруашылықтық жоспарланған мамандандырылғандығына қарай мал басын айқындау;
з) Малдың басы мен оларға қажетті жем-шөп мөлшерін есептеу арқылы жыртылған жерді пайдалану құрамын белгілеу;
и) Осы өндіріс көлемі жөніндегі мағлұматтарды пайдалана отырып еңбек ресурстарының керектігін есептеу және өндіріс көлемін соңғылармен сәйкестіру;
к) Күрделі қаржылар, жалпы өнім және таза табыстың көлемдерін, сонымен бipre болжау негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу;
л) Шаруа қожалығын рәсімдеу.
Нег.: 1. [71-73], 2. [84-92].
Қос.: 2. [92-94].
Бақылау сұрақтары:
-
Ауылшаруашылық жер иеленуліктерді құру жобасының құрам бөлшектерін ата.
-
Жер иеленушіліктің ауданын анықтау тәртібі.
-
Орталық мекендерді орналастыру қалай жүргізіледі?
-
Шаруа қожалығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер әсер етеді?
Дәріс №5. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖЕР ПАЙДАЛАНУЛАРЫ МЕН ЖЕР ИЕЛЕНУЛЕРІНІҢ КЕМІСТІКТЕРІН ЖОЮ
Жер пайдаланудың кемістіктері дегеніміз ауылшаруашылық мекемелерінінің жер пайдалануындағы өндірістің экономикасына, ұйымдастыруына және жерді пайдалануда кері әсерін тигізетін қолайсыздықтар. Бұл қолайсыздықтарға жер пайданаланудың өте үлкен немесе өте кіші мөлшерлері, ыңғайсыз орналасуы және шекарасындағы кемістіктер жатады. Осы кемістіктерді жоюға бағытталған жерге орналастыру жұмыстары жер пайдалануды жетілдіру деп аталады. Кемістіктер:
1. Жер пайдаланудың тиімсіз мөлшері – оның ауылшаруашылық мекемесінің мамандығына, аймақтық тиімді мөлшерлерге сәйкес келмеуі. Мысалы, солтүстік аудандарда: қой шаруашылықтарының мөлшері өте үлкен болуы мүмкін, ол шаруашылық экономикасына, немесе ұйымдастыруына кері әсерін тигізбейді. Ал егер оңтүстік аудандарда орналасқан жеміс-жидек немесе көкөніс өсірумен айналысатын шаруашылықтардың мөлшері жоғарыда айтылған солтүстік ауданда орналасқан қой шаруашылығының мөлшеріндей болса, бұл өте қолайсыз және тиімсіз мөлшер болады. Өйткені бұл шаруашылықтарда жұмыс қолы өте көп пайдаланылады. Сондықтан, осыншама көлемдегі жерді игеру үшін өте көп адам керек болады. Екіншіден, бұл өнімдер өте тез бұзылатын, алыс жерге тасымалдауға келмейтін болғандықтан олардан алынатын түсімдер шығындардан асып кетуі мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайда жер пайдаланудың ықшам ауданы және қалаға немесе басқа үлкен елді мекенге, яғни, сол өнімдерді сату мүмкіншілігі жоғары, елді мекендерге жақын орналасқаны тиімді.
Сонымен, ауылшаруашылық мекемесінің тиімді мөлшері деп, шаруашылықтың мамандығына, оның орналасқан аймағына сәйкес көлемді шаруашылық мөлшерін атайды. Мысалы, мал шаруашылығы бойынша шаруашылықтар жерлерінің тиімді мөлшері бірдей болуы мүмкін емес. Қойды алысқа айдауға болады, ал сиырды оның ішінде – сүтті сиырды өте алыс айдауға болмайды. Мысалы, шошқа бір орында тұрып өсіріледі және бордақыланады. Сондықтан қой шаруашылығының мөлшері 20-50 мың га, ІҚМ шаруашылығының мөлшері –16-18 мың га, шошқа шаруашылығы 1-5-7 мың га а/ш алқаптарына сәйкес болулары керек. Бұл шаруашылық мөлшерлері салыстыру үшін берілген. Қазіргі кезде, ауылшарушылық құрылымдарының мөлшерлерінің айырмашылықтары өте үлкен болғандықтан олардың оптимальды мөлшерлерін атау қиын.
2. Жер пайдаланудың кемістіктерінің бірі - жер пайдаланудағы ауыл шаруашылық пайдаланулардың тиімсіз құрамы мен үлесі. Яғни, ауылшаруашылық алқаптарының құрамы мен үлесінің а/ш кәсіпорнының мамандығына және оның құрамындағы салаларға сәкес келмеуі. Мысалы, мал шаруашылығымен айналысқан кәсіпорынның жер пайдалануының үлесінде шабындық пен жайылым көп болуы керек, ал егістік пен шошқа шаруашылықтарының үлесінде егістік алқаптары көбірек болу керек.
3. Жер пайдаланудың әр учаскесінің басқа жер пайдаланулармен жолақтана орналасуы. Мысалы, шаруа қожалығына берілген жер пайдалану бірнеше учаскеден тұрады: шабындық бір жерде, жайылым бір жерде. Бұл жағдай транспорттық шығын көбейеді; басқару қиындайды, басқа жер пайдалануды басып өту қажеттілігі туады.
4. Бір жер пайдалануда екінші жер пайдаланудың жер учаскесінің орналасуы. Бұл жағдайда транспорттық шығын ұлғаяды, қолайсыздық туады.
5. Алыс жерлік - жер пайдаланудың кейбір учаскелері елді мекеннен алыс орналасқан. Бұл жағдай экономикалық және шаруашылықтық кері әсерін тигізеді. Транспорттық шығын ұлғаяды, ұйымдастыру күрделіленеді.
6. Жер пайдалану шекарасының ирелек болуы. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарын күрделілендіреді жене жер пайдаланудың конфигурациясын қолайсыздандырады.
7. Топографиялық жолақтана орналасуы. Жер пайдаланудың бір бөлігінің томардың, өзеннің, көлдің басқа бетінде қалуы.
Жер пайдаланудың кемістіктері олардың көп жылдар бойы күрделі қалыптасу жолында пайда болған. Кемістіктерді анықтау және оларды жою белгісі ретінде жер пайдаланудың сыртқы пішіні емес, оның шаруашылықтың экономикасына, оны ұйымдастыруына тиетін кері әсері қаралады. Кейбір жағдайларда бұл кемістіктері жою мүмкіндігі болмайды.
Кемістіктерді жою жобасы бірнеше қатар орналасқан жер пайдалануларды қамтиды. Кемістіктерді жою жобасы шаруашылықтардың экономикалық, шаруашылық, жер пайдалану жағдайларына өте үлкен өзгерістер енгізеді, кей жағдайда шаруашылықтың мамандығын өзгертуде алынатын жалпы өнімінің мөлшері өзгеруі мүмкін. Сондықтан, кемістіктерді түзетуге арналған жерге орналастыру жобасы ғылыми және экономикалық негізделуі тиіс. Жерді пайдалану тиімді, алынатын өнімнің нәтижесі жоғары болуы керек.
Кемістіктерді жою жобасы келесі кезеңдерде орындалады:
-аудан, немесе, бірнеше шаруашылықты қамтитын территорияда орналасқан шаруашылықтардың жер пайдаланулары зерттеліп, олардың кемістіктері мен оларға байланысты жер пайдалануды ұйымдастыру жұмыстарында болатын кедергі және кемістіктерді жою жолдары анықталады;
-жобаны құру;
-жобаны негіздеу (экономикалық есептеулер арқылы жер пайдалануда болған өзгерістердің, олардың үлкейуіне немесе кішірейуіне байланысты өзгерістер қандай экономикалық кіріс әкелді);
-жобаны қарау, бекіту, жер бетіне шығару.
Кемістіктерді жою келесі жолдармен шешіледі:
-шаруашылықтардың арасында мөлшерлері және сапасы біркелкі жер бөліктерін өзара айырбастау арқылы (кейде республикалар арасында да кездесетін жағдай);
-сапасы мен мөлшері біркелкі емес жер бөліктерімен айырбастау арқылы;
-жер пайдалануды қайтадан ұйымдастыру арқылы.
Әр жағдайда жер пайдаланушылар мен мүдделі мекемелер мен шаруашылықтардың тілегі есепке алынады.
Жер пайдаланулардың сапалары әртүрлі болған жағдайда жер бөліктерін айырбастау келесі жолмен орындалады: мысалы бір шаруашылық екінші шаруашылыққа 130 га егіс (Е 1) береді, оның б.б. (Б 1) 70, сол жер үшін екінші шаруашылық біріншіге бонитет баллы (б.б.) 65 жер учаскесін береді. Бұл учаскенің ауданы келесідей анықталады:
, яғни, 10 га жер көбірек беру керек.
Қазіргі нарық кезінде осы проблемаларды жер бөліктерін айырбастамай, сату-сатып алу арқылы да шешуге болады. (Орналасқан зонасындағы жердің құны бойынша).
Жоғарыда айтылған, кемістіктерді жою тәсілдері әрі қарай ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарында жалғастыруға болады: (а-ш алқаптарды трансформациялау, кәсіпорынның мамандығын өзгерту арқылы тиімділігі жоғары ауыспалы егіс енгізу арқылы).
Жер пайдалануды өндіріске енгізгенде келесі ережелер орындалуы тиіс:
-қалыптасқан жер пайдалануда, өндірісті ұйымдастыруда, жерді пайдалануда өзгерістер неғұрлым аз болуы керек;
-бір жер пайдалануды жақсарту екінші жер пайдаланудың кемістігін туғызбауы тиіс;
-кейбір жер бөлшегін басқа пайдаланушыға тегін бергенде жер пайдалануды ұйымдастыру және жерді пайдалану жағдайы қиындалмауы керек;
-бір жер пайдаланудан екінші жер пайдалануға жер бергенде тұтас бір массивтер нмесе тұтас бөлімшелер берілуі керек.
Жобаның экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштермен есептелінеді:
-траснпорттық шығын;
-учаскелердің өнімділігінің жоғарылауы және төмендеуі;
-техниканы тиімсіз пайдалануға шығатын шығындар. (ішкі шаруашылық ұйымдастыру жақсарғанға байланысты);
Бұл экономикалық көрсеткіште жердің жобаға дейінгі және жоба бойынша жағдайлары салыстырыла отырылып тарылады.
Нег.: 4. [72-79]
Бақылау сұрақтары:
-
Жер пайдаланудың кемістіктері жайында айтып беріңіз.
-
Жер пайдаланудың кемістіктері қалай түзетіледі?
-
Шаруа шаруашылығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер әсер етеді?
-
Кемістіктерді жою жобасы қандай кезеңдерде орындалады?
Дәріс№6. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ЖЕР ПАЙДАЛАНУ-ЛАРДЫ ҚҰРУ
Республика территориясының басым бөлігінде ауылшаруашылық өндіріспен айналысатын кәсіпорындар орналасқан. Сондықтан әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық мұқтаждықтарға қажетті жер уческелері ауылшаруашылық мекемелерінің үлесінен бөлінеді. Бөлінген жерлер құқықтық жағынан мүлде басқа юридикалық мәнге ие болады. Енді бұлар жер иеленушілік қалпынан жер пайдаланушылық статусына ауысады. Осыған байланысты жерге орналастыру процесі экономикалық және техникалық мәселелермен қатар жаңадан құрылған жер пайдаланушылықтарды құқықтық тұрғыдан рәсімдеу ic-әрекеттерін қамтиды. Демек, жерге орналастыру процесіне жобаны жасау және дәлелдеумен бipre жер уческесін белгі беру, соңғысының межелерін жер бетіне түcipy және жер пайдаланушыға пайдалануға құқық беретін құжаттарды тапсыру жөніндегі мемлекеттік органдардың тиісті шешімі қабылдау жатады.
Әртүрлі өнеркәсіптік, транспорттық және басқа ауылшаруашылық емес объекттерің орналасуы өндіргіш күштерді орналастыру принциптерінің негізінде халықшаруашылық салалардың экономикалық даму жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. Бұл жерге орналастырудың міндеті емес. Бірақта, ауылшарушылық емес жер пайдаланушылықтарың нақты орны, аудандары, межелері және кескін үйлесімдіктері жерге орналастыру арқылы анықталады. Бұндай жағдайда шаруааралық жерге орналастыру салааралық сипатқа ие болады, өйткені жердің бip саладан екіншісіне, бip категориядан басқасына ауыстырьшуы орын алады.
Ауылшаруашылық емес объектілер түрлі-түрлі болады. Бұл қазып шығару және өңдеу өнеркәсіптерінің кәсіпорындары, энергетика, транспортты байланыс және басқа көптеген (денсаулық сақтау, табиғат қорғау т.б.) салаларға жататын құрылыстар мен объектірлер, мекемелер мен ұйымдар. Осымен қатар бұлардың жер пайдаланушылықтарының аудандары мен орналасуы да әртүрлі болады.
Уақыт аспектісінде жер пайдалануға тұрақты түрде немесе уақытша берілуі мүмкін.
Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтар жерді пайдалану ерекшеліктеріне, территория реттілігі мен қоршаған ортаға әсер етуіне қарай мынандай бірқатар түрлерге топтастыруға болады:
- қалыптасқан өндіріс пен территориялық реттілігін бұзбайтын шағын ауданды жер учаскелері;
-
табиғат пен межелес территорияға зор әсер тигізетін (жер, су және атмосфералық ластануы, халықтың көшірілуі, ғимараттар мен өндірістік құрылыстардың жойылуы т.с.с.) ipi кәсіпорындарға берілген кең ауданды жер массивтері;
-
сызықтық объекілерге (жолдарға, электр жүйелеріне, құбырларға, каналдарға т.с.с.) бөлінген ұзын пішінді жер уческелері;
-
су қоймаларының астына бөлінген ipi жер массивтері;
-
пайдалы кеңдерді өндіретін кәсіпорындарға бөлінген жер.
Жер заңдары бойынша ауылшаруашьшық емес жер пайдаланушыларға учаске бөлініп берілгенде ауыл шаруашылықтың жерге деген приоритеті ескерілуге тиісті. Бұл принципті жүзеге асыру үшін мынандай бip қатар шарттарды орындап отыру қажетті:
а) ауыл шаруашылығын жүpгiзyгe жарамды жерлер, бірінші кезекте, осы мақсатқа берілуге тиісті;
е) ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға ауылшаруашылық өндіріске жарамсыз немесе сапасы өте төмен жер танаптарын белгі беру қажетті;
б) бұндай объектілерге ауылшарушылық мақсаттағы жерлер ерекше жағдайларда Министрлер кабинетінің Қаулысы мен жер иеленушілердің кeлiciмi бойынша ғана беріледі;
в) ауылшарушылық өндірістің шығындарьн жер алған кәсіпорындар мiндeттi түрде өтеуге тиісті;
г) сонымен қатар олар берілген учаскенің топырағының құнарлы қабатын алып басқа жерлерді жақсарту мақсатымен қолдануға міндетті, ал уақытша бepiлгeн жерлерді пайдалану мерзімі өткеннен кейін бұрыңғы қалпына келтіруге тиісті.
Сонымен, шаруааралық жерге орналастырудың міндеті тек жер иеленушіліктер мен жер пайдалнушылықтарды тиімді түрде ысырапты жұмсауды камтуға тиісті.
Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды құру жөніндегі жүгізілетін шаруашылық аралық жерге орналстыру мынандай талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті:
-
Берілген учаске мақсатына сай және басқа жер иеленушілер мен жер пайдаланушырдың мүдделері ескеріле отырып орналастырылады;
-
Учаскеің ауданы, пішін кескіндігі қойылған талаптарға сай, пайдалануға ыңғайлы түрде жобаланады;
-
Берілген жердің тиімді пайдалануы, айнала ортаның ластанбауы қамтамасыз етіледі;
-
Ауыл шаруашылығының жерге деген приоритеті сақталады. Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушыларды құру процесі үш стадиядан тұрады.
Бірінші кезең — объектінің орны мен оған берілетін жер таңбаның ауданы жөніндегі алғашқы келісімді жасау. Жер алуға мүдделі кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар тиісті органдарға (әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктерге) сұрап отырған жер учаскесінің ауданы мен орны керсетілген өтініш жазады. Осы өтініш бойынша аталған органдар шешім қабылдайды. Бұл шешімді негіз етіп жобалау институттары (ҒӨO «Гипрозем») жобалау- іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жалпы бірінші стадия мынандай іс-әрекеттерді қамтиды:
-
дайындық жұмыстар;
-
жобаны жажасау;
-
жобаны қарап, тексеру және келісу.
Жер учаскесін бөліп беру екінші стадияда жүзеге асырылады. Жоба бекітілгеннен кейін оған қосымша тағы да бip қатар құжаттар дайындалады. Бұлар: жерді рекультивациялау (пайдаланып болғаннан кейін жерді алғашкы қалпына келтіру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану) жөніндегі жобаларды жасау, аудандық әкімшіліктің жер беру туралы шешімі және т.б. Соңында бірінші стадияда жасалған жобалык ұсыныстар нақтыланып толықтырылады.
Үшінші стадия - жер пайдаланушылықты рәсімдеу. Жер учаскесін беру туралы шешім кабылданғаннан кейін жоба (учаскенің межелері) жер бетіне түсіріледі. Жер пайдаланушыға куәлік ретінде (егерде учаске тұрақты пайдалануға берілсе) мемлекеттік акт тапсырылады..
Жалпы түрінде ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы осындай құрам бөлшектерден тұрады:
а) берілетін жер учаскесінің (жер пайдаланушылықтың) ауданын анықтау және негіздеу;
ә) берілетін уческені орналастыру;
б) алынатын жердің алқаптық құрамы мен құндылығын анықтау және осында орналастырылатын объектінің қоршаған орта мен шектес өндірістерге теріс әсер етуін айқындап, оған қарсы шараларды белгілеу;
в) ауылшаруашылық өндірістің шығындарын анықтау және оларды өтеу жолдарын белгілеу;
г) жер иеленушілер шеккен залалдардың түрлері мен мөлшерлерін анықтап, оларды өтеу жолдарын іздестіру;
д) топырақтың құнарлы қабатын алып пайдалану жөніндегі техникалық шарттарды дайындау;
е) рекультивациялдау жөніндегі техникалық шарттарды дайындау;
ж) берілген жерді пайдалану жөніндегі негізгі шарттарды анықтау;
з) межелес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды қайта құру, реттестіру, керекті жағдайларда өндірістерін өзгерту, жұртты көшіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Енді әpбip құрам бөлшегін нақты түрде қаралық.
6.1 Берілетін жер учаскесінің ауданын анықтау және негіздеу.
Объектінің бас планы мен орналасу схемасына қарай және әртүрлі мақсаттарға арналған жер белгі беру нормалары мен құрылысты салу тығыздығы ескеріле отырып берілетін жердің бірінші жуықтаудағы ауданы есептеледі.
Берілетін учаскенің орналасуы бірнеше варианттарда қаралады. Соңғыларға мынандай бірқатар талаптар қойылады.
Біріншіден, учаске запастағы ауылшаруашылық өндіріске жарамсыз немесе сапасы өте төмен жерлердің құрамынан бөлінуге тиісті.
Екіншіден, бұл ic-әрекет межелес орналасқан жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың территориялық тұтастығын, ішкі шаруашылық реттілігін бұзбауға тиісті.
Үшіншіден, уческенің қоршаған ортаға теріс әсер (эрозияның өршуі, топырақтың батпақтануы және ластануы т.с.с) етпеуге тиісті. Осы талаптарға сай вариант ең тиімді болып саналады.
Жер yчacкeлepiнiң аудандарына қарай межелері әртүрлі масштабы пландарға түсіріледі. Көбінесе бұл 1:10000 масштаб, бірақта бұдан да ұсақ масштабты пландар қолдануы мүмкін.
Алынатын жердің алаптық құрамы мен құндылығын анықтау. Бөлінген жердің ауданымен 6ipгe оның алтаптық құрамы анықталады. Бұл жөніндегі мағлуматтар жобалық экспликацияға 0,1 га дәлдікпен жазып толтырылады. Учаскенің құрамы алаптардың пайдалануға берілген мерзімі (тұрақты түрде, ұзақ және қысқа мерзімді) бойынша да есептеледі.
Ауылшаруашылық өндірістің шығынын анықтау мақсатымен берілген жердің сапалық құрамы (құндылығы) табылады. Ол ушін топырақты зерттеу, бонитировка және жерді экономикалық тұрғыдан бағалауа қатысты материалдар қолданылады.
Ауылшаруашылық өндірістін шығынын анықтау және өтеу. Жердің ауылшаруашылық айналымның тұрақты немесе уақытша тиіс қалуы ауылшаруашылық өндірісті белгілі бip мөлшерде шығынға өкеліп соғады. Заң бойынша бұл шығындар өтелуге тиісті. Олардың келемі жер қоныстары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті дайындайтын нормативтер арқылы анықталады. Осы Қаулы бойынша шығындардың мөлшері алынған жердің ауданына теқ жаңа жер учаскелерін игеруге қажетті қаржының көлемінде белгіленеді. Мысалы, топырақтың бонитет балына қарай оның шамасы әрбір гектарга 66,8 мың теңгеден 806,6 мың теңгеге дейін барады (1994ж. бағасымен).
Жер иеленушілерге келтірілген залалдарды анықтау және өтеу. Жердің ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға алғанның салдарынан жер иеленушілер бip қатар залалдарға ұшырайды. Олар: алынған жерде орналасқан ғимараттар мен құрылыстар немесе учаскеден тиіс орналасқан, бірақта пайдалануға келмей қалған осындай тәріздес объектілер; жеміс-жидек және басқа көпжылдық көшеттер; аяқталмаған өндіріс (жерді өңдеуге, тыңайтқышқа, тұқым себуге және басқа технологиялык картамен қамтылған жұмыстарға жұмсалған шығындар); алынбай калған өнім және т.с.с.
Топырақтың құнарлы қабатын (ТҚҚ) алу және пайдалану жөніндегі техникалық шарттарды дайындау. Бұл мәселе жерге орналастыру жобасының құрамында бөлек жұмысшы жобаны жасауға арналған тапсырма ретінде қаралады. Техникалық шарттарда ТҚҚ алынатын учаскелердің аудандары, құнарлы қабатының қалындығы, оны пайдалану жолдары, уақьпша 1 үйінділердің орналасуы, жақсартылуға жататын алаптардың аудандары, онда төселетін ТҚҚ қалындығы және бұл жерлерді пайдалану жөніндегі талаптар белгіленеді. Қосымша тиісті сызбалар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |