«жерге орналастыру және жер мониторингі»


Ауыспалы егістікті жобалау кезегі



бет7/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#133133
1   2   3   4   5   6   7

13.2 Ауыспалы егістікті жобалау кезегі

Белгіленген жалпы және тауарлық өнімнің, мал басының, мал азығының мөлшеріне байланысты егістіктің ауданы есептелінеді.

Шаруашылықтың жалпы экономикалық көрсеткіштеріне, таңдалып алынған агротехникалық, малдың жайылуына, қыстық бағылуына жұмыстың перспективалық үйымдастыруына, энергетикалық қамтамасыздығына, алдыңғы жерге орналастыру жұмыстарындағы жер пайдалану шегараларын сақтап қалу жолдарына байланысты зерттене отырып, ауыспалы егіс массивінің танабының мөлшері, типі, түрі белгіленеді.

Ауыспалы егістіктің түрі типтік ауыспалы егістіктерден зонаға байланысты таңдап алынады. Зоналық ұсыныстарға байланысты таңдалады.

Ауыспалы егістіктің массивтері экономикалық бағалау және топырақ бонитировкалау баллына байланысты біріңғай болулары керек. Ауыспалы егістіктің миссивтері компактілі, ыңғайына қарай ұзындығы ықшам, табиғи жағдайы біркелкі болуы керек. Ауыспалы егістіктің құрамына кіретін дақылдардың өсуіне жарамды болуы керек. Ауыспалы егіс массиві біртұтас немесе бірнеше жақын, ыңғайлы орналасқан жер бөліктерінде орналасуы мүмкін. Кейде үлкен бір жер массивінің бөлігі ретінде орналасады, шегаралары иреклектенбей, танаптарға бөлуге ыңғайлы болуы керек.

Топырақ қорғау ауыспалы егістігінің екі түрі бар: бір жылдық немесе көпжылдық ауылшаруашылық дақылдарын пормен жолақтаса орналастыру және шабынды – жайымлымдық онда танаптың бір бөлігінде көпжылдық шөп, ал екінші бөлігінде біржылдық ауылшаруашылық дақылы орналасқан. Бұл ауыспалы егістіктер су және жел эрозиясы басқан жерлерде ұйымдастырылады.

Мал азықтық ауыспалы егістер неғұрлым малдың тұратын жеріне жақын болса транспорттық шығын азайды, сондықтан олар ферма қасындағы, лагерь қасындағы және шабындық-жайылымдық болып бөлінеді. Ферма қасындағы ауыспалы егістер көбінесе қыстық (сочных) азықтыққа ауылшаруашылық өсімдіктері отырғызылады. Лагерь қасындағы жаздық жасыл шөпті өсіру үшін. Шабындықтық-жайылымдық – шөп өсіруге ұйымдастырылады.

Арнайы ауыспалы егістерде топыраққа рельефке, су режиміне жоғары талап және өсіру технологиясы қиыу, ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі мысалы көкөніс, темекі, дәрі- дәрмектік өсімдіктері көкөніс елді мекенге жақын отырғызылады.

Алқаптық ауыспалы егістерді жобалауға мына факторлар әсер етеді: топырақ жағдайы, елді мекендердің орналасуы жыртылған жер массивінің мөлшері, дақылдардың түрлері, шаруашылық кішкентай болса 1 ауыспалы егіс ұйымдастырған жөн. Ал үлкен массивтердің топырағы біркелкі болмаса, бірнеше ауыспалы егіс орналастырылады. Егер ж/ж массиві созылған ұзын, ал елді мекен бір шетінде орналаса, бұндай жерде 2 ауыспалы егіс, біріншіліінде – еңбекті көп талғайтып ауыспалы егіс, ал екіншісінде бидай немесе басқа өсімдіктер.

Ауыспалы егіс схемасын таңдағанда нарық сұраныста, танаптардың жағдайына, топырақтың өсетін өсімдікке жарамдылығына байланысты шешіледі.

Ауыспалы егістерге кірмейтін учаскелер. Бұл учаскелерде дақылдар уақыт бойынша ғана кезектеседі немесе дақылдың бір-ақ түрі жыл сайын отырғызылады. Мысалы: мал фермасына жақын жерлерде жүгері, шөп өсіру; жайылым немесе басқа массивтерде орналасқан, топырақ жағдайымен немесе басқа көрсеткіштерімен өзгеше, кішкене егістік алқаптарында ауыспалы егіске кірмейтін егіс егу.

Ауыспалы егістерді жобалағанда әртүрлі варианттарды салыстыру керек.


14 Дәріс. АУЫСПАЛЫ ЕГІС АЛҚАБЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

14.1 Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру

Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру дегеніміз, ол: ауыспалы егіс танаптарын; жұмыс учаскелерін; егістікті қорғау орман жолақтарын; дала жолдарын; дала қостарын; авиа алаңдарды; дала су көздерін орналастыру.

Әр табиғи-шаруашылықтық жағдайда бұл жұмыстардың мағнасы, қажеттілігі әртүрлі. Сондықтан бұл жұмыстардың белгілі жағдайдағы нәтижелілігіне, маңыздылығына байланысты жұмысты орындау кезегі және олардың құрамы әртүрлі болады.

Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру келесі талаптарға сәйкес болулары керек:

1) топырақтың сапасын әрдайым жоғарылатуға, эрозиялық апаттан сақтауға, эрозия қалдығын жоюға жағдай жасау, дифференциалды агротехника қарастыру;

2) техниканы және техника құралдарын тиімді пайдалануға және далалық жұмыстарды ұйымдастыруға оптимальды территориялық жағдай жасау;

3) Ауыспалы егіс айналымының әр жылында негізгі дақыл бойынша жалпы өнімнің мөлшерінің бір қалыпта болуын қамтамасыз ету;

4) Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыруға байланысты капиталдық (бір уақыттық) және әр жылдық шығындардың мөлшерінің неғұрлым аз болуын қамтамасыз ету.



Ауыспалы егіс танаптарын және жұмыс учаскелерді орналастыру. Танаптар, өсімдіктерді кезектестіре отырғызуға арналған, мөлшерлері бірдей, ауыспалы егіс массивінің бөліктері. Кейде танап ішін орналастыру жұмыстары жүргізіледі: жұмыс учаскелерін белгілеу, танаптарды өсімдіктерді отырғызу жолақтарына бөлу.

Жер бедеріне байланысты танаптарды жобалау. Егістік жұмыстарын тиімді ұйымдастыруда жер бедері өте көп әсерін тигізеді. Әсіресе беткейдің экспозициясын және еңістігін жерге орналастыруды жобалауда міндетті түрде есепке алу қажет. Әр танап бір экспозициялық бетте орналасуы тиіс. Бұл топырақтың егіс егуге бір уақытта дайын болуын, ауылшаруашылық өсімдіктерінің пісу уақытының біріңғай болуын қамтамасыз етеді. Дақылдарды бір уақытта егуге, күтуге және жинауға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Ал егер танапты беткейдің бір бетіне орналастыру мүмкіндігі болмаса, онда танап агротехникалық біріңғай жұмыс учаскелеріне бөледі.

Бедерлі жерлерде танапты орналастырудың ең негізгі шарты – танаптың ұзын қабырғасы беткейге көлденең, яғни беткейде горизонтальдарға параллель болып орналасуы керек. Өйткені танапты бойлай жасалатын негізгі жұмыстар горизонтальдар бағытында жасалады, сондықтан беткейді бойлай ағатын суларға кедергі жасалып, олардың ағыны бәсеңдеуге байланысты, танаптарға сіңіп, жерге қосымша ылғал болады.

Машина-тракторлық агрегаттарды пайдалануда рельеф, олардың тиімді пайдалануына әсерін тигізеді. Тік беткейлерде техника жоғары өрлегенде қосымша күш керек болады. Агрегаттың жұмыс жасау өнімділігі азаяды.

Танаптарды рельефке байланысты орналастыру бойынша жоба шешімдерін бағалау үшін келесі формулалар қолданылады:


іжум = Н1 - Н2 ; іжум = Lr * ћ і * Sіn γ

L P


онда: і – орташа бойлық еңістік;

Н1, Н2 – нүктерлердің биіктігі;

Н1- Н2 – өзара биіктік;

L – горизонталь салындының ұзындығы (м);

hі – горизонтальдардың арасындағы өзара биіктік;

Р – танап көлемі, м2;

Lr – танап ішіндегі барлық горизонтальдардың ұзындығы;

γ – танапты өңдеу бағыты мен горизонтальдардың негізі бағыты арасындағы бұрыш.

Күрделі рельефте Чешихин Г.В. палеткасы пайдаланылады.

Танап бойынша анықталған еңістік орташа алқап бойынша еңістікпен салыстырылады:

іжалпы = Lr – ћ і

Р

онда: іжалпы – жергілікті жердің жалпы еңістігі, %;



Р – танаптың ауданы, м2;

Lr – жергілікті жердегі горизонтальдардың жалпы ұзындығы, м.



Топырақ құрамына байланысты танаптарды жобалау. Ауыспалы егіс танаптары шамаға қарай біріңғай сапалы болулары керек. Бір танапқа тек қана сапасы төмен жерлерді жобалауға болмайды. Өйткені ол ауыспалы егістіктегі талабы жоғары дақылдарға мүлдем жарамсыз болуы мүмкін, немесе негізгі дақылдың жыл сайынғы шығымы бірдей болмайды.

Танаптың топырағы біркелкі болса, онда дақылды себу, күту, жинауды ең жақсы агротехникалық мерзімдерде орындауға болады.

Топырақтың динамикалық (жылжу) қасиеті танаптарды жобалауда есепке алынады, өйткені әртүрлі механикалық құрамдағы топырақ тракторлық агрегатқа әртүрлі қарсылық әсерін тигізеді, сондықтан әр жағдайда техниканың жұмысының нәтижелігі өзгереді.

Механикалық құрамы әртүрлі танапқа агрегат дайындағанда ең жоғары қарсылық көрсететін топыраққа байланысты дайындалады, сондықтан топырақтың қарсыласуы төмен жерлерде агрегат түгел күшімен жұмыс істемейді. Кейде танапта топырақ жағдайына қарай жұмыс учаскелері жобаланады.

Танап жұмыс учаскелерінен құралғанда, олар компактілі орналасып, өзара транспорттық қатынасы жақсы болуы керек.

Танаптың ұзындығы, ені, формасы және олардың өндірістік мәні. Танаптардың ұзындығы, ені, формасы оларда жүргізілетін өндірістік процесстердің талабына байланысты анықталады. Әр танапта бір ғана өсімдік түрі өсіріледі.

Танаптың ең ыңғайлы формасы – тік бұрышты төртбұрыш. Ұзындығы мен ені қолданылатын техникаға байланысты анықталады. Танаптың ұзын қабырғасы техниканың жұмыс жолына сәйкес болғаны жөн.



Ауыспалы егіс танабының мөлшерін анықтау. Танаптың мөлшеріне келесі көрсерткіштер әсерін тигізеді:

1. егістік массивінің мөлшері және аймақта орналасуы;

2. топырақ түрлерінің біріңғайлылығы;

3. эрозияға шалыну дәрежесі;

4. жер бедерінің мінездемесі;

5. аймақтың табиғи және жасанды (каналдармен, жолдармен) объектілермен тілінуі;

6. егістікте қолданылатын технология;

7. машина-тракторлық агрегаттардың жұмыстарының ұйымдастырылуы;

8. орналасу зонасы.

Машина-тракторлық агрегаттардың жұмысының тиімділігінің жұмыс жолының ұзындығына байланысты екендігі келесі формулалармен мінездемеленеді:



  1. Жолды пайдалану коэффициенті:

К жп = Lж _

Lж* Р + Lх



Бос жүру, айналып бағытын өзгерту жолының проценттік үлесі:

f х = Lх * 100

Lж + Lх

Lж – жұмыс жолы;



Lх – бір жұмыс жолына келетін бос жүріс. Бос жүру проценті ірі тракторларға және қысқа жүрістерге көбірек келеді.

Танаптардың ұзындығы, ені, конфигурациясы ауыспалы егістіктің түріне байланысты болады. Мысалы: отамалы ауыспалы егістіктерде жерді өңдеу жұмыстарында, көлденең өңдеу, бойлы өңдеумен бірдей сондықтан танаптың ені де ұзын болуы керек. Кейбір күрделі өңдеу жұмыстары жүргізілетін ауыл шаруашылық өсімдіктері кішкене танаптарда орналастырылады. Кішкене тракторлар үлкен танаптарды талап етпейді.

Лагерь қасындағы (шабындықтық-жайылымдық) ауыспалы егістіктердің ұзындығын мал бағу әдісіне байланысты анықталады: сүйір бұрышсыз, қабырғалары түзу, қысқа қабырғалары мал айдау жолдарына шығатындай етіп жасалынады.

Танаптың орташа ұзындығы есептеу арқылы әртүрлі формулалармен табылады.

Көбінесе жер массивтерінің конфигурациясы өте күрделі. Оларды танаптарға бөліп, әрқайсысының орташа жұмыс жолын анықтау үшін, өңдеу жолына параллель бағытта геометриялық фигураларға бөлінеді де, олардың әрқайсысы бойынша орташа жұмыс жолы есептептелінеді.

Ауыспалы егіс танаптарының теңдігі. Жыл сайын жоспарланған өнім алу және техниканы толық пайдалану керек, сондықтан танаптардың көлемдері бірдей болуы керек. Қалыптасқан жағдайға қарай олардың мөлшерлері белгілі шепте ауытқуы мүмкін.

Ауыспалы егістік жылдық жинайтын жалпы өнімнің мөлшері әр жылда бірдей болуын, техниканы, адамдардың еңбегін жыл сайын бірдей пайдалануды қамтамасыз ету керек. Сондықтан ауыспалы егіс танаптарының мөлшері бірдей болуы керек.

Бірақ ондай жағдайлар әрқашан бола бермейді. Бір жердің топырағы құнарлы, ал басқа жердің топырағы құнарсыз. Ќұнарлы топырақтан көп өнім алынады. Құнарыз топырақтан – аз алынады. Сондықтан мына формуланы пайдалана отырып шартты көлемді есептейміз:

Ршартты = Рф – б

100

онда: Рф – фактілі аудан;



б – бағалау баллы.

Үшінші танаптан басқа танаптардың ротация бойынша әр жылдық беретін өнімдерінің мөлшері 5%-тен аспайды. Ол әсерін тигізбейтін көрсеткіш.

Танаптардың біркелкі болулары өсірілетін дақылдардың түрлеріне де байланысты болады. Мысалы: қызылшалық ауыспалы егісте, көп танапты а/егістікте 1-2 танап қызылша. Егер танаптар әртүрлі көлемді болса, өнім де әртүрлі болады.

Ал 5-танапты егістіктік ауыспалы егісте 4 танабы – бидай, ал 1-танабы пар болса – онда жалпы өнімнің мөлшеріне өте көп әсерін тигізбейді.

Қалыптасқан территорияны неғұрлым сақтап қалу:

1. Негізгі жолдарды.

2. Орман жолақтарын.

3. Игерілген ауыспалы егістердің танаптарының шегараларын және т.б…

Әр өзгерістің тиімдігін жобада дәлелдеу керек.

Жобаланған танаптардың технологиялық сипаттамасы жасалады: танап нөмірі; ауданы; топырақ құрамы; жұмыс жолы; ені; эрозияға шалыну, шайылу категориялары бойынша топырақ құрамы; жұмыс еңістігі; тасшылық коэффициенті; кадастрлық көрсеткіштері (т.б. және экономикалық бағалау).


14.2 Егістікті қорғау орман жолақтарын орналастыру. Олар мақсатына және территорияда орналастыруына байланысты:

1. су айырықтық;

2. жел қайтару;

3. су ағысын реттеу болып бөлінеді.

Орман жолақтары конструкциясына, егіне ағаштар мен талдардың құрамына байланысты бөлінеді.

Тегіс далаларда желдің жерін азайту үшін және қардың жер бетінде тегіс жайылуын қамтамасыз ету үшін орман жолақтары отырғызылады. Микроклиматтық жағдай туады: ылғал аз кебеді, ауаның құрғаќтығы төмендейді, топырақ онша көп тереңдікте қатпайды, яғни дақылдардың өнімділігі көбейеді. Бірақ а/ш жерлерде көп орын алады. Кейбір жерлерде ағаш өсіру қиын, қосымша көп қаражат керек. Техникалы тиімді пайдалануға кедергі. Сондықтан әр жағдайда тиімділігіне байланысты отырғызылады.

Орман жолақтарын жобалауда:

1. жолақтар бағыты;

2. ені және конструкциясы;

3. жолақтар аралықтарының мөлшері анықталады.

Жел қайтару. Жел тоқтату орман жолағының бағыты соғатын желге перпендикуляр болуы керек және ажурлы, жел өткізетін конструкциялар қолданылады. Желге перпендикуляр ажурлы, жел өтетіндей 3-4-5 ряд (жол) ағаш ені 9-11-13м.

Қорғау ені: В = Н * Кл.п * Ка орташа

Н - орман жол орташа биіктігі;

Кл.п – орман жолақтарының аралығы (кратность);

Ка – қорғау коэф-ті орташа;

Ка орт = Ка1* fв1 + Ка2* fв1 = Kafв

1 + fв2 100

1 - төрт бағытта қайталануы

С + О, СВ + ОШ;

Смал. Бойынша желдің соғу бұрышы: Ка1… Ка4

Қорғалатын алқап:

Р = ΣL11 + ΣL2* В2 – Пуч.В1В2

онда: ΣL1 - бойлай орман жолақтардың ұзындығы;

ΣL2 - ендік орман жолақтардың жалпы ұзындығы;

В1В2 - қорғау енімен ұзындығы;

Пуч – тік бұрышты учаскелер.

Күрделі рельефте су айырық және суды реттеу орман жолақтары отырғызылады. Суды реттеу – горизонтальдарды бойлай отырғызылады. Ені 10-12м.
14.3 Дала жолдарын жобалау

Жобаланатын ауылды жердің жолдары үш түрге бөлінеді:

1. Дала магистралдары;

2. Машина-тракторлық агрегаттар жүру жолдары;

3. Қосымша жолдар.

Олар келесі талаптарға сәйкес болулары керек: неғұрлым қысқа; түзу; шаруашылықта пайдалануға ыңғайлы; техникалық талаптарға сәйкес (еңістігі, бұрылу бұрыштары); орман жолақтарымен үйлестіріне орналстыру; өзгертуге кететін шығынның аз болуы.

Жыртылған массивтер аралығындағы және олармен елді мекендер аралығындағы қатынастарды қамтамасы етулері тиіс. Негізгі тасымал бойынша екі бағытта өте көп қытымал жасалғанда егістік массиві үлкен болса, жолдың ені - 8-10м, ал кіші болса жолдың ені 6-8м болады.

Танаптардың қысқа қабырғаларын бойлай орналасқан көмекші жолдар, техникаға қызмет көрсету үшін қолданылады, олардың ені - 6-10м.

Дала қостарын және су көздерін жобалау. Дала қостары келесі түрлерге бөлінеді: тұрақты, уақытша, жылжымалы. Оларды орналастыру жайында сұрақтар өндіріс орталықтарын орналастырғанда шешіледі. Олардың түбегейлі шешімі ауыспалы егіс территориясын ұйымдастырғанда жасалады. Орналасқан орны, ауданы, шегарасы белгіленеді. Дала қостары және су көздері ауыспалы егіс массивінің ортасында, суға жақын орналасуы керек. Оларға жетуге ыңғайлы жол болуы керек, жақсы санитарлық – гигиеналық жағдайда, рельеф бойынша жоғары жерде орналасуы керек.

Нег.: 1. [44-52];

Қос.:5 [23-32]

Бақылау сұрақтары:


  1. Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру әдісі.

  2. Күрделі рельефте танаптарды және учаскелерді орналастыру ерекшеліктері.

  3. Топырақты өндеу бағытын контурлы жобалаудың әдісі қандай.

  4. Ауыспалы егіс танаптары неге біркелкі болады, ал біркелкі болмаған жағдайда олардың орташа мөлшерден ауытқуы неге байланысты болады.

  5. Орман жолақтарының орналасу бағыты.

  6. Орман жолақтарының ені және конструкциясы;

  7. Орман жолақтарының аралықтары қалай анықталады?


Дәріс№15. МАЛ АЗЫҚТЫҚ АЛҚАПТАРДЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

15.1 Жайылымның территориясын ұйымдастыру

Табиғи шабындық пен жайылымның жер отының өнімділігі мен сапасы климаттық жағдайға, әсіресе ылғалдыққа, су мен қамтамасыздығына байланысты болады. Ауыл шаруашылық пайдаланымдардың құрамында табиғи мал азықтың алқаптарының үлесі солтүстіктен оңтүстікке қарай өседі; орман-далалы (лесостепная), запада – 44%, құрғақ далалы (сухостепная) – 57%, шөлейт (полупустынной зоне) – 82%.

Шөлейт және шөлді (батыс және оңтүстік аудандар). Табиғи жер оты өте сирек (беден), көбінесе эфимерлер. Өнімділігі 1.5-3 ц/га құрғақ, қарсыз мерзімі 250-280 күн, сондықтан жер отын қой мен жылқы бағуға жыл бойы пайдалануға болады.

Жайылымды ұйымдастыру мына қажеттіктерді шешу үшін жасалады:

1. малды далада жою мерзімінде үзбей көк шөппен қамтамасыз ету үшін;

2. жайылым жүйесінде әрқашан өзінің өнімділігін орнына келтіріп, жақсарту үшін;

3. малды алысқа айдамауды, мал азығын, өкімін тасу және адамдарды тасымалдау трнаспорттық шығынын азайту үшін;

4. малды семірту, өнімділігін жақсарту үшін.

Жайылымды ұйымдастыруды жобалау үшін өте көп деректерді жинау, оларды талдау керек. Мысалы геоботаникалық, су шаруашылықтың, агроклиматтық, гидротехникалық, гидрогеологиялық жағдайларын (вегетациялық уақытта жауын қей кезде жүі немесе аз жауады, жер асты суларының орналасу тереңдігі) және басқа өсімдіктердің өсуіне, өнуіле әсер ететін факторларда.

Жайылымның территориясын ұйымдастыру дегеніміз:

- жайылымды мал тобына бекіту;

- отарлар мен табындарды, жазғы лагерлерді, мал суаратын орындарды орналастыру;

- ауыспалы жайылым жүйесін орналастыру және оның территориясын ұйымдастыру;

- кезегімен малды жаю, загондарға бөлу, мал айдау жолдарын орналастыру;

Жайылатын мал түріне, жасына қарай топтанауы және олардың түрлеріне қарай оптималдық мөлшері белгіленеді. Бір табынға тиісті жердің көлемі (Р), га

Р = Г·Н·К·Д

У

Г – бір топтағы мал басы, бас;



Н – бір бас малға бір күнде тиісті жасыл шөп, ц;

К – ауыспалы жайылым коэффициенті (мал жайылатын танаптың жалпы ауыспалы жайылым бойынша талаптардың санына қатынасы);

Д – жайылу мерзімі, кџн;

У – жайыдымының өнімділігі, ц/га.

Жайылымды және шабындықты тиімді пайдалану үшін олардың территориясында ауыспалы жайылым жүйесі енгізіледі.

Жайылым типіне және шөптің өсіп шығу тездігіне қарай керекті жайылым және ауыспалы алқаптар схемалары таңдалып алынады. Мысалы әр зонада жайылым мерзімінде шөп бір-екі-үш рет өсіп шығып үлгереді. Сондықтан кейбір жерде жайылым мерзімінде мал бір-екі-үш рет жайылады.

Шөл және шөлейттік жайылымды жыл бойы қой жаю үшін төрт танапты ауыспалы жайылым ұсынылады:




Танап нөмірлері

1

2

3

4

Пайдалану мерзімі

Көктемде

жазда

күзде

қыста

Шөп тобы бір рет қана оталады. Ол үшін жайылымның танаптары загондарға бөлінеді.

Кұрғақ дала жайылымында үш танапты ауыспалы жайылым орташа екі рет оталады (жайылады).






Танап өнімері

1

2

3

Жайылым

мерзімі


3 рет

көктемде


2 рет

жазда


1 рет

күзде


Ауыспалы жайылымның әр танабы мал жайыларда загондарға бөлінеді.

Суландырылатын жерлерде көпжылдық мәдени жайылым 5-6 рет оталады және 3-5 жылда бір дем алынады.

Жайылымды ауыспалы жайылым жүйесінде пайдалану оның жер отының ботаникалық құрамын және табиғи өнімділігін сақтауға әсер етеді.

Жайылым территориясын ұйымдастыру загонның қолайлы көлемі мен санын, мал айдайтын жерлерді, суаратын және дем алдыратын орындарды анықтауға байланысты жасалады. Загонның қажетті көлемін есептеу үшін (бір отар қойға, гектар есебімен, мыналарды білу керек:

1. Мал жейтін азық массасының қоры (ц/га) және оның керектілігі;

2. Бір қойға және барлық отарға тәулігінде қажетті азық мөлшері;

3. Бір загонда жаю ұзақтығы.

«Қазақ шабындық және жайылым шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша ауыспалы жайылым жүйесіндегі жусан-эфимер типіндегі жайылымды пайдалану кезінде оның орташа көпжылдық шығымдылығы гектарына:



  • көктемде – 5.1 ц;

  • жазда – 5.6 ц;

  • күзде – 4.5 ц.

Бір қойдың жайылым шөбіне тәуліктік қажеттілігі:

  • көктемде – 4.5 кг;

  • жазда – 3.1 кг;

  • күзде – 3.3 кг.

Ал азық өлшемі тиісінше:

  • көктемде – 1.12;

  • жазда – 1.24;

  • күзде – 1.20.

Жыл маусымдарына қарай жою ұзақтылығы мынадай:

  • көктемде – 60 күн;

  • жазда – 90 күн;

  • күзде – 90 күн,

барлығы 240 күн (Алматы облысы бойынша).

Бір загонда қой 6 күннен артық ұсталмайды.

Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып бір загонның көлемін мына формула бойынша анықтауға болады:

П = А·Б·В ,

Г·К

П – загонның көлемі (га);



А – бір қойға қажетті жайылымдық азықтың тәуліктік нормасы, кг;

Б – малдың жалпы саны;

В – малды загонда жою ұзақтығы, күн;

Г – жегізу кезеңіндегі жайылым шөбінің шығымы (га, ц);

К – орташа дәрежеде жегізуге сәйкес алынған К- 0.6 түзету коэффициенті.

Сонда 300 қойдан тұратын отарды загонда алты күн жаятын болса, оның ауданы (П) мынадай болады.

Көктемде: П = 4.5·700·6 = 61 га,

510·0.6


Жазда: П = 3.1кг·700бас ќой·6кџн = 40 га,

560 кг/га·0.6

Күзде: П = 3.3·700·6 = 51 га.

450·0.6


Маусымдағы жайылым кезенінің ұзақтығы, отардың загонда болу мерзімі, отардағы малдың саны туралы мәліметтерге сүйене отырып маусымға қарай загонның санын және тұтастай алғанда ауыспалы жайылым бойынша оңай есептеп шығаруға болады. Мысалы, көктемдегі маусымның ұзақтығы 60 күн және бір отардың загонда болу ұзақтығы 6 күн болғанда көктемде жайғанда көлемі 61 гектардан 10 загон, жазда жайғанда 40 гектардан 15 загон және күзде жайғанда 51 гектардан 15 загон қажет болады.

Сөйтіп ауыспалы жайылым жыл маусымдарына қарай шығымдылығы мен шөбінің желінгіштігіне байланысты көлемі әр түрлі (61, 40,51) 40 загоннан тұрады. Загонның орташа мөлшері 50га.

Загонның тік бұрышты болғаны жақсы, мұндай загонның ұзындығы көлденеуінен бір жарым – екі есе үлкен болады. Жайлымдардың әртџрлі типінде загонның ұзындығы мен кљлденењі бірдей емес. Біздің жағдайымызда 700 қойдан құралған отар үшін орташа загонның көлемі 1000х500м (50 га) болуы керек. Загонның пішіні, оның көлемі мен орналасуы қойды жайылымнан суатқа, тынықтыратын орынға айдап әкелудегі артық жүрісті болдырмауы, сондай-ақ жайылымдық жерді пайдалануға байланысты қолданылатын техниканы тасуѓа ыңғайлы болуы қажет. Жан-жағы қоршалған жайылымдарда суат көздері ашық сулар, шахталы және титікті құдық, ал мүмкіндігіне қарай арнайы су құбырлары болуы тиіс. Қой бір күнгі жайылым кезінде орта есеппен 4-5 литр су қажет етеді. 300 қойдан құралған отарға бір күнде 1200-1500 литр су керек. Жайылымда тұрақты су көздері болмаған жағдайда мұндай мөлшердегі су тасып беру арќылы ќамтамасыз етіледі.

Қойды суаруға арналған астаудың алып жүруге ыңғайлы болғаны дұрыс. Оларды загонның шетіне, яғни оның бір жағы мал жүріп өтетін жаққа қаратылып орнатылады.

Жайылымды қойды тынықтыратын орын бөлінуі тиіс және негізгі мал өтетін территория қалқан мен қоршалуы керек. Қоршау жайылым территориясын тиімді пайдалануға жағдай жасайды, табиғи және екпелі шөптердің шығымдылығын, 1 гектардан түсетін өнім мөлшерін көбейтеді, сөйтіп, шопанның еңбек өнімділігін арттырып, еңбегін түбелікті өзгертіп, жақсартады. Қоршау құрылысын Жерге орн-ру Мем.ҒЗО институты жасаған «Мәдени жайылымдарда арналған қоршау құрылысын салу элементінің жобасына» сәйкес салу қажет.
15.2 Қоршалған жайылымдарды пайдалану.

Малды жайылымға шығармастан бұрын жайылымдарды пайдалану графигі жасалу тиіс, онда барлық жайылым кезеңінің ішінде ауыспалы жайылым жүйесінде загондарды пайдалану кезектілігі, отарды әр загонға әкелу мерзімі шамамен көрсетілуі керек. «Көктем» учаскесінің загонына көктемгі жаюды шөп өсе бастағаннан кейін 12-15 күн өткен соң оның негізгі массасы түптену – бүршіктену кезеңіне жеткенде, яғни шөп 10-12 сантиметр өскенде, ал шөл және шөлейт жайылымда 7-8 сантиметр болғанда бастаған жөн. Ерте жайғанда шөл жағдайына шығындылығы жайылым массасының 2-2.5 ц. аспайды. Бұл кезде мал негізінен өткен жылғы жусан мен сораңның қалдықтарын жейді.

Күн жылынып, тұрақты температура орныққанша шөптін нашар өсіуіне байланысты бір загонда малды екі күннен көп жаюға болмайды. Одан әрі температураның артыуына қарай жайылым шөбі қаулап шығатындықтан, оныда төрт күннен пайдалануға болмайды.

«Жаз» және «Күз» учаскелеріне малды графикке, сондай-ақ жыл маусымдары бойынша жасалған жайылым күннің тәртібіне сәйкес күннен жаю қажет.

Ауыспалы жайылым жүйесі бойынша қой жайғанда шөл және шөлейт жайылымдарды пайдаланудың тиімділігі артады. Жайылымның биологиялық тұрақты шығымдылығы мен мәдени жайылымдардың ұзақ жылдық өнімділігі қамтамасыз етіледі.

Нег.: 1. [44-52];

Қос.:5 [23-32]

Бақылау сұрақтары:


  1. Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды анықтау қандай жүйелікте анықталады?

  2. Жер жүзінде егіншілікке жарамды жерлердің үлес салмағын көрсет?

  3. Жерді қорғау жөніндегі шаралардың маңыздылығын ата.


3 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖӘНЕ Зертханалық сабақтар
Сабақ тақырыбы 1. Қазақстан Республикасының территориясын аудандастыру.

ҚР картасын облыстарға бөлу.

Сабақ тақырыбы 2. Жерді пайдалануды тіркеу. Жер бөлігінің кадастрлік нөмірін құру.

№ 1 жұмысты жалғастыру, кадастрлік нөмірлер беру.

Сабақ тақырыбы 3. Жерді сандық және сапалық ескеру.

Сабақ тақырыбы 4. Жер фондының категориялары.

Сабақ тақырыбы 5. Ауыл шаруашылық жер пайдаланудың түрлері және түсінігі.

Сабақ тақырыбы 6. Жер пайдалану бойынша ҚР нормативтік және құқықтық актілері.

Сабақ тақырыбы 7. Социалды-экономикалық жағдайы, қоршаған ортаның экологиялық жағдайының бағасы бойынша жер мониторингін орындау әдістері мен тәсілдерін тағайындау.

Сабақ тақырыбы 8. Жер орналастыруды оындайтын органдар.

Сабақ тақырыбы 9. Жер орналастыру процестерінің кезеңдері.

Сабақ тақырыбы 10. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу.

Сабақ тақырыбы 11. Жер жерге орналастыру объектісі ретінде

Сабақ тақырыбы 12. Жерге орналастырудың түрлері

Сабақ тақырыбы 13. Топырақты бонитировкалау. ТМД елдерінің топырақтарын бонитировкалау әдістері

Сабақ тақырыбы 14. Жер кадастрі және дерге орналастыру үшін пландық-картографиялық негізді дайындау және құру.

Сабақ тақырыбы 15. Жер орналастыру бойынша геодезиялық жұмыстар.
4. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

5.1. Жерге орналастыру ғылымының даму тарихы (1861-1917, (1917-1991)ж.ж.)

5.2. Жерді ұтымды пайдалану мәселесі және оның мәні.

5.3. шет елдік Жерге орналастыру ғылымы (1991-2000ж.ж.)

5.4. жалпы – экономикалық форманы құрайтын негізгі жердің орналасу жүйесі.

5.5. Участкелік жерге орналастырудың теориялық негізі

5.6. Участкелік жерге орналастырудың методологиялық негізі.

5.7. Қ.Р. жер реформасы

5.8. Қазақстанда жерді пайдалану және жеке меншікке аудару. Нормативті актілер.

5.9. Жерге орналастыру қандай мақсатта жүргізіледі?

5.10. Жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыру қандай жобаларды өңдеумен қамтамасыз етіледі?

5.11. Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы.

5.12. Жерге орналастыру ғылымы мен тәжірибесіндегі бағыты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет