Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет39/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54
235556 (1)

жоқ. 
55. Өзге елден келіп (саудамен, молдалықпен, хатшылықпен) қазақ арасына сіңген адам-
шалақазақ атанады. 
56. Шалақазақтың хақысын сол ру қорғайды. Егер ол ұрлық жасап, есе бермесе, даугер жақ сол 
рудың ақсақалы, биінің малын қуып алуға хақылы. 
57. Ру қорғамаған, немесе "жан беретін" адам табылмаған жағдайда шалақазақтың өмірін
қалай шешуді даугер жақ өзі біледі. 
Қарым-қатынас: 
1. Егер ұлыс сұлтанын қара қазақ сөзбен жəбірлесе - бір тоғыз (сұлтанның беделіне қарай: құл 
бастатқан немесе түйе бастатқан, немесе ат бастатқан).
2. Егер ұлыс сұлтанына қара қазақ қамшы көтерсе "үйірмен үш тоғыз" айып салынады. 
3. Сұлтандардың өз ішінде үлкенін жəбірлесе, "ат тон" айыппен шешіледі. 
4. Егер сұлтан биді сөзбен жəбірлесе, ел алдында кешу өтінеді, ал қамшы көтерсе қолындағы 
қамшысын береді.
5.Егер биді қара қазақ баласы жəбірлесе -бір тоғыз, қамшы жұмсаса - екі тоғыз айып салынады 
6. Əлеуметтік жағдайы қатар адамдар бір - бірін ренжітсе ел алдында кешірім сұрап бітіседі. 
Егер ел алдына шыққысы келмесе ғана би кішісіне бір тоғыз немесе ат тон айып кеседі. 
7. Егер күштінің бірі нашар адамды ренжітсе би алдында “азусыз ат, жиексіз тон” береді /яғни 
бір қой, бір байлам мата /. 
8. Əйел адамды ренжіткені үшін /сөзбен, қолмен/ əлеуметтік дəрежесіне қарай айып төленеді / 
ат тон - үйірімен үш тоғыз/. 
9. Əйел адамның немесе баланың үстінен айтылған арызды би қабылдамайды / дұрыс еркек 
əйелмен, баламен байланыспайды/ . 
10. Егер екі адамның арасындағы жанжалда бір жағы жарақаттанса, оның емге кеткен 
шығынын кінəлі жақ өтейді. Оған қоса айыбын береді. 
11. Сырттан айтылған сөз үшін билер ешкімді айыптамайды /хан сыртынан жұдырық /. 
12. Ата-анасына, ауылдың үлкеніне (сыйлы) қарсы келгендерді қара сиырға теріс мінгізеді де, 
ауыл аралатады. 
13. Елді басына көтеріп аттандаған жəне жалған хабар таратқан адамдарды /өрт, қасқыр, су 
тасыды т.б./ жұрт алдында қамшымен сабайды жəне өтірікші атайды.
14. Жиын -той, ас беру кезінде елдің шырқын бұзған адамды ас немесе той иесінің пайдасына деп


қылмысына қарай айып /ат-тон/ тартқызады. Ондай адамдарды “жиын бұзған тентек” дейді. 
15. Ауылға жайшылық уақытта ат қойып келген адамды “ауылға ат жүгірту” ат-тон айыпқа 
тартады жəне сабайды. 
16. Ауыл көшіп келе жатқан уақытта көшке қарай ат қою үлкен қылмыс болып
табылады /көшке тию/. Егер оны көш үстіндегі жауынгерлердің бірі атып түсірсе құн
төлемейді. “Көшке тиюші” аман қалса ат-тон айыбын төлейді.
17. Қаралы көшке ат қою үлкен бейбастақтық болып табылады жəне кінəлі бір тоғыз айып
тартады. Рудың үлкендеріне абырой əпермейтін іс саналады. 
18. Ауылға қарай ат қоюға тек сол ауылда адам өлсе ғана рұқсат, адам өлімінің белгісі қаралы 
үйде жалаулы найза /ақ жалау-кəрі, қара жалау-орта жас, қызыл жалау-жас адам/ көтеріледі. 
Ат қойғандар “бауырымдап” жылап, ат жалына еңкейіп ауылға шабады. 
19. Егер ойын-той кезінде немесе аңшылықта кездейсоқ өлім болса, кінəлі адам тарапынан өлімді 
жөнелтуге көмек көрсетіледі (“ас-атау көр-кебін”), құн тартпайды. 
20. Егер де адамды не малды бура шайнап өлтірген болса (үйірге түскен кезде бура өте ашулы 
болады) би бірнеше жағдайға көңіл бөлуі қажет : а/ егер бураның мінезі бұрыннан белгілі болса, 
оны арқандап, не тұсап отырмаған үшін иесі өлген адамға құн төлейді /сүйек құн мен қырық 
байтал қосылмайды/, өлген малдың басын қайтарады; ə/ егер бура бұрын мінез көрсетпесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет