Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет47/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
235556 (1)

§ 4. Барымта 
Барымта-қылмысқа қарсы қолданылатын ұжымдық шара. Егер қылмыс жасаған жақ би үкіміне 


көнбесе немесе кешіктірсе даугер жақ өз тарапынан барымта ұйымдастырады. Барымта-ең 
алдымен малды айдап алу, оның талабы- белгіленген көлемнен /бидің алдында кесілген/ шықпау. 
Осы тұрғыдан барымта қоғамдық қатынастардағы реттегіш деп есептеуге болады. 
“Жарғы” бойынша егер қылмыскер би үкімін орындамаса, туыстары қорғап, өз тарапынан 
айыбын тартпаса, ауыл болып дауды шешуден бас тартса зəбір шегуші жақ барымтаға барады.
Зəбір шегіуші жақ ең алдымен ақсақал, билердің алдынан өтіп, ал малды айдап келгеннен кейін 
қанша мал əкелгенін баяндайды.
Айдап əкелінген мал үкіммен берілген айыпқа немесе құнға сəйкес келуі керек.
Барымта ашық түрде жасалады. Барымтаға қатысқан адам жорықта өлетін болса зəбір
шеккен жақ құн төлеуді талап етуге хақылы. Барымтаға түскен малды билер айтып қайтара
алмайды.
Барымтаның түрлері -ұрлық жасалып, ұры малды сіңіріп алса, біреудің кісісі өліп өлтіруші жақ 
тез арада алты жақсысын алып алдарына жығылмаса, біреудің қорық жеріне өзгенің малы 
жайылып, істен шығарса. Сонымен қатар неке мен отбасы мəселелерінен өрбитін; қалың малын 
төлемей қыз алып қашу, біреудің заңды некесін бұзу, ортаға түскен олжадан сыбаға бермеу, 
қонағасы дəстүрін бұзу т.б. 
Даугер өздерінің барымтаға шығатынын алдын ала хабарлайды. 
§ 5. Өлім жазасы 
Қазақ əдет-ғұрып заңдары бойынша өлім жазасына адам өлтірген, ұрлық жасаған, ел тонаған, 
əйел зорлаған, ойнас қылғандар кесіледі. Сонымен бірге өлім жазасына жеті ата дəстүрін
бұзған, туыстың арасын ашып, қан араластырған/жақын туыстар арасындағы неке/ адамдар 
немесе некесіз туған баласын жұрттың сөзінен арланып өлтірген əйелдер кесіледі. Зорлау кісі 
өліміне тең, кінəлі кісі өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болып зорлаушы қалың
малын төлеп үйленсе, онда қыздың туыстарының шешімі, келісімі арқылы құн төлеуден де, 
өлімнен де босатылады. 
Əйелін ойнас ұстаған күйеу, осы сəтте өлтіруге жəне жазасыз қалуға мүмкіндігі бар. Егер 
қылмыс дəлелденген /4 куə/ жағдайда көзіне шөп салғаны үшін əйелі мен ойнасын билер кеңесінің 
өлім жазасына кесуге хақы бар. Өзгенің əйелін келісімсіз алып қашқанда өлім жазасына, не құн 
төлеуге кеседі. Егер əйел өз еркімен қашса, оны алып қашқан адам қалыңмалын қайтарып, үстіне 
қыз қосып береді. Кей жағдайда ел арасындағы ұрлығы үшін өлім жазасына кесілетін де жолы
болады. 
Құдайға тіл тигізген адамдар, жеті кісі куəлік етсе, таспен ұрып өлтірілуі керек. 
Егер кімде-кім бөтен дініне көшсе, оның туыстары, не кез-келген қазақ мал-мүлкін талап алуға, 
қатын - баласын алып кетуге ерікті, құны сұраусыз. 
Қазақтың дəстүрлі қоғамы əлеуметтік жағынан күрделі сатыланған қоғам, оның өз билеушілері 
мен бағыныштылары бар. Бағыныштылардың ең сорлысы, əрине күңдер мен құлдар. 
Күңдер мен құлдардың тағдыры толықтай иелерінің қолында болады, олардың өз иесінің үстінен 
берген арызын ешкім қабылдамайды. Қазақтың не иті, не бүркіті өлетін болса, иесі оның орнына 
құл мен күң кінəлі деп талап етуге хақы бар. 
Өзіне-өзі қол көтергендер ортақ қорымға қойылмай, жеке жерленеді жəне жаназасын 
шығармайды. 


Өлім жазасы 13 жастан асқандарға қолданылған, себебі “он үште отау иесі” деп, балалар үлкен 
қатарына қосылады. Он үшке толмағандар “сəби” саналып жазаға тартылған жоқ. Немесе кей 
жағдайда баланың ақыл - есі дұрыс еместігі анықталса, ата-анасына салмақ түседі. 
Мысалы: Ертеде бір ханды өз інісі өлтіріп, хан болып сайланыпты, ал ағасының баласын бала 
қылып асырап алады. Сонан бір ойын үстінде бала пышақпен ағасын жаралап тастайды. Ағасы 
баланы өлім жазасына кесуді өтінеді. Баланың шешесі, бұл шешімге келіспей, ол бала əдейі емес, 
байқамай ойын үстінде тығып алды, - деп қарсы шығады. Сонан би жиналған жұрттың алдында 
баланың істегені əдейі ме, əлде байқамай істеген іс пе тексеру үшін пышақтың ұшын жоғары
қаратып қойып, балаға кеудеңмен пышаққа құла дейді. Бала пышаққа кеудесімен құлап, бірақ 
күшті бір жақ иығына сала жығылып ешқай жерін жарақаттамай тұрады. Міне, осыны көріп 
тұрған билер алқасы, көріп тұрған халық баланың əдейі істемегеніне көздері жетіп, оны өлім 
жазасына кеспейді. Сол сияқты өлім жазасын жеңілдетуге жастығынан басқа, ақыл-есі, 
психологиялық жағдайы, оқиғаның кездейсоқтығы т.б. жағдайлар əсер етеді. 
Айта кететін бір нəрсе, егер қылмыс біреудің азғыруымен істелсе, мысалы өлім, азғырушы құн 
төлеумен құтылып, өлім жазасына қару жұмсаған адам бұйырылады. Мұны қазақ "ұр дегенге 
зор келмес, ұрғанға зор келер" дейді.
Билердің не хандардың ұйғарымы, халықтың келісімі бойынша өлім жазасының бірнеше түрі
қолданылған. Мысалы: ат құйрығына байлау, таспен ұру, асу, буындыру. Айталық шариғат 
заңын бұзғандарға көбінесе таспен ұрып өлтіру қолданылған. Бұл нағыз азапты өлім, себебі 
ұзақты күн жұрттың бəрі бір-бір тас лақтырмайынша, қылмыскер жер қойнына берілмейді. 
Ертеде өлімге кесілген адамды ат құйрығына байламас бұрын, буындыратын 
болған.Қылмыскерді ақсақалдар, ру басшылары мен басқа халық жиналған алаңға алып келіп, 
мойнына тұзақ салып, екі ұшынан екі адам ұстап тұрады. Осыдан кейін жиналыс басшысы 
қолымен белгі береді, сол белгі бойынша орындаушылар тұзақты екі жаққа бар күшімен тартып
буындырып тастайды.Ең соңында оны шу асау жылқының құйрығына байлап жібереді, тұяқ 
тиіп, қараған, томар, тасқа соғылып, арқаннан басталған бұл шаруа аяқталады. 
Кей-кейде қылмыскердің денесін бірнеше жерден терең тіліп, сол тіліктерден қыл шылбырмен он 
жылқының құйрығына байлап, асау жылқыларды қамшының астына алып, жан-жаққа 
тартқызады. 
Ал енді асып өлтіргенде қазақтар көбінесе ағашқа, не зор түйеге асады. Асып өлтіру көбінесе 
зорлықтар мен ойнаста қолға түскендерге қолданылады. Бұлардың ішінде кінəліні қыл 
шылбырмен буындырып, суға салып өлтіретін де жағдайлар бар. 
Ең ауыр өлім кісі өлтірушіге қолданылады, егер билер кеңесі қылмыскерді өлген кісінің
туысқандарының қолына берсе, сонда оны былай өлтіретін болған:Ең əуелі қылмыстының негізгі 
тамырларын қиып жіберіп, өлгеннен кейін бүкіл дене мүшелерін бөлектеп тастайды. Кей кезде 
қарнын жарып, ішіне бөлек-бөлек шабылған қол-аяқты, басты салады. Осы қалпында денені 
туыстарының қолына тапсырады, ал іздеушісі болмаса өздері көмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет